Бұл сабақ типтерінің бір-бірінен айырмашылығы мақаланы не әңгімені түсіндіруге кіріспе және мақала не әңгіменің мазмұнында болып келеді. Бақылау негізінде түсіндіріп оқыту. Мұғалім оқушыларға табиғаттан немесе күнделікті тұрмыстан кез-келген бір құбылысты бақылауды тапсырады. Сонан соң бала бақылаған обьектісі не құбылысы жайлы ойланады және оның себеп-салдарын түсінуге, түсіндіруге тырысады. Бұл баланы түрлі ұғымдарды ұғынуға, логикалық талдай білуге машықтандырады. Бақылау негізінде түсіндіріп оқыту оқушылардың білімін кеңейтеді және тұрмыстық тәжірибе қалыптасады.