Дүниетану сабақтарының типтері және олардың құрылымы



бет8/9
Дата06.02.2022
өлшемі128,67 Kb.
#63191
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ташимбаева Ұлбосын 5.3

Заттық сабақтар. Заттық сабақбалалардың танып білетін заттың суреті немесе модель түрінде немесе тікелей өзімен жүргізетін сабақты айтады.
Заттық сабақтар- оқушылардың айналасындағы материалдық дүниені құрайтын кез келген жеке бір зат не болмаса дене туралы сабақ оған табиғаттың алуан түрлі заттары –минералдар, өсімдіктер, жануарлар, табиғи материалдардан жасалған әр түрлі заттар жатады.
Заттық сабақтар оқушыларға дүниетануының алғашқы сатысы-нақты қабылдаумен қатар айналадағы дүниенің формасы мен құбылыстары туралы айқын материалистік ұғымдардың жинақталуын қамтамасыз етеді. Балалардың заттармен- материалдық дүние бөліктерімен тікелей танысуы нәтижесінде игерген өмір тәжірибесі негізінде оны дүние көрінісі жайындағы ұғымы тереңдеп, кеңейеді және адамның тұрмыстық тәжірибесі қалыптасады.
Заттық сабақтар заттармен алғашқы рет түйсік арқылы танысуға мүмкіндік беру керек. Танып біліп отырған затымыз біздің сезім мтүшелерімізге әсер ететін болса, онда таныс емес затымызды білетін болып шығамыз.
Заттық сабақтарда оқылатын заттар өте алуан түрлі: табиғаттың тірі обьектілері –жануарлар мен өсімдіктер; көмірдің жеке кесектері, шымтезек, саз балшықтар; қар және мұз; компас, термометр, флюгер және т.б. заттар болуы мүмкін
Заттық сабақтар өндіріске және табиғатқа экскурсия жасағаннан кейін жиі өткізіледі. Мысалы, кірпіш зауытына экскурсия жасалғаннан кейін оқушылар арнайы заттық сабақта саз балшықтың қасиетімен, өртенген және өртенбеген кірпішпене толық танысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет