Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері



бет6/20
Дата31.12.2019
өлшемі3,03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

15-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Мейрамханадағы іскерлік кездесуге байланысты әріптесіңізбен сұхбат құрыңыз.

Біле жүріңіз....

  1. Іскерлік кездесуге мейрамханаға ешқашан аш келмеңіз. Дұрысы, алдын ала бір жерден тамақтанып алу керек. Сіз мейрамханаға тамақ ішу үшін емес, іскерлік байланыс орнатуға және қызмет бабындағы мәселелерді талқылауға бара жатырсыз.

  2. Дастарқан басында өзіңіздің диеталық талғамыңыз бен денсаулығыңыздың ақаулары туралы айтуға болмайды. Егер ұсынылған тағамды жегіңіз келмесе, аллергияңыздың бар екенін немесе асқазаныңызға жақпайтынын түсіндіріп жатпай-ақ, тағамды ысырып қоя салыңыз.

  3. Қол алысқанда іскерлік серіктесіңіздің қолын қатты қысуға болмайды, бірақ қол алысу жігерлі нығыз болуы тиіс. Қол алғанда қолды екіден артық сілкілемеу керек. Кездесушіге мұздай суық қолды ұсына салу да ағаттық. Егер күн суық болса, қолыңызға қолғап киіп жүріңіз.


16-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыз.

жауапкершілік – ответственность

дөрекілік – грубость

кепілақы – задаток

мөр, мөртабан – печать

сөз мәдениеті – культура речи


17-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. Көп нүктенің орнына керекті сөз және сөз тіркесін тауып қойыңыздар.

2-топ. Берілген мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің «Сөйлеу әдебі» тақырыбымен қандай байланысы бар? Өз түсініктеріңді ауызша баяндаңдар.

3-топ. Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, бір қанатты сөзді тақырып етіп шағын шығарма жазыңдар.

1.Тіл – адам ойының ... 2. Аңдамай сөйлеген ... ... 3. Ойнап сөйлесең де, ... ... 4. Тисе терекке, тимесе ... 5. Айтылған сөз - ... оқпен тең. 6. Бал тамған тілден ... тамар. 7. Көп сөз - ... 8. Көп сөз – күміс, аз сөз ... 9. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде ... ... 10. Таза сөйлеу – биік ... 11. Көңілсіз ... – ойға олақ.



Керекті сөздер: 1.Құлақ. 2. Мылжың боласың. 3. Мәдениеттілік. 4. У. 5. Атылған. 6. Бос сөз. 7. Айнасы. 8. Ауырмай өледі. 9. Ойлап сөйле. 10. Алтын. 11. Бұтаққа.
18-тапсырма. Мағынасы берілген сұрақтарға сәйкес келетін тұрақты тіркесті табыңыз.
1. Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі тік сөйлейді. Әдеппен сөйлеуді білмейді. Ондай баланың сөзі қандай?

2. Сабақ сұрағанда кейбір балалар айтайын деген ойын толық айтып аяқтамай, аяғын қайтеді?

3. Бір сөзге келмей жылап қоя беретін ерке, шолжаң балалар да болады. Оны қалай дейді?

4. Оқуға да, жұмысқа да пысық болмай, бос, болбыр болса, оны қалай дейді?

5. Жолдастарының да, басқаның да айтқан ақыл, кеңестерін мақұлдамай, өзінше жүретін болса, оны қалай дейді?

6. Ешкімді аямайтын, аяушылық дегенді білмейтін болса ше?

7. Еңбек етпей, ұрлық, бұзықтық жолымен мал тауып, күн көруді ойлайтын оңбағандарды қалай дейді?

К е р е к т і т ұ р а қ т ы т і р к е с т е р: шыбық тимес шыңқ етер,сөзінің аяғын жұтып қояды, оңай олжа табу, арам тамақ, сөзі түйеден түскендей, қоян жүрек, босбелбеу, адамға жаны ашымайды, ешкіммен санаспайды, бетімен кеткен. («Қызықты грамматика»кітабынан)
19-тапсырма. Тіл сөзімен жасалатын тұрақты тіркестердің баламасын табыңыз.


Тіл қысқа. Тілі мірдің оғындай.

Тілге жүйрік. Тіл мен жағына сүйенді. Тілдесе алмады.

Тілдің майын тамызады.

Тіліңді тарт.

Тілі ащы.

Тілі өтті.

Тілге (біреудің) ерді.


Біреудің ықпалында болды.

Сөйлеудің реті келмеді.

Ойындағысын жеткізіп айтып бере алмады. Мылжыңдап бос сөз айтты.

Көз тиді.

Сөзге шешен, өткір тілді, ділмар.

Сөзін тигізіп сөйлейді.

Шағып сөйлейтін адам.

Тыңдаушысын ұйыта сөйледі.




Бақылау сұрақтары
1.Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің?

2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?

3. Іскерлік қарым-қатынас деген не?

4.Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?

6. Сөз байлығы дегеніміз не? Тілдің лексикасын қандай сөздер байытады?

7. Тіл тазалығы дегеніміз не? Оның шарттары қандай?

8. Орфоэпиядеп нені айтамыз? Оның орфографиядан айырмашылығы неде?

9.Орфэпия нормасы деген не? Орфоэпия нормаларын білу қандай мәселелерді білумен тығыз байланысты? Мысал келтір.


Тест сұрақтары


  1. Әдеп деген не?

А) нормадан ауытқудың өлшемі

В) қарым-қатынастың құралы

С) сөйлеудегі мәдениет тірегі

Д) адамдардың өзара тілдесуі

Е) адамдардың өзара келісуі


  1. Қарым-қатынас деген сөз қандай ұғымды білдіреді?

А) екі адамның бетпе-бет тілдесуі

В) адамның өз ортасымен жанды байланысы

С) көпшіліктің ортақ пікірі

Д) халықтың дәстүрдің көрінісі

Е) көпшілікпен кездесу

3. Іскерлік қарым-қатынасқа тән белгіні көрсетіңіз.

А. Дос-жаранмен сыйластық

В. Отбасындағы қатынас

С. Қызмет бойынша қатынас

Д. Қоғамдық көліктегі сөйлесу

Е. Аудиториядағы сөйлесу

4. Бөлім бастығы сейсенбі... мәжіліс өткізеді.

А) –да

В) –де

С) –та

Д) –те


Е) - ке

5. Іскер адамдар ... ұтымды пайдалануға тырысады.

А) –уақытты

В) –мәселені

С) –еңбекті

Д) –ақшаны

Е) –айлықты

6. Сізбен кездесіп жоспардың кейбір мәселелерін анықта... деп едім.

А) –ейін

В) –айын

С) –йын

Д) –айық

Е) - аңыз

7. Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз.

А. Көңіл аудару

В. Көңүл гүйү

С. Көлік

Д. Күйдіргі

Е. Көркем

8. Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз

А. Өзін-өзі

В. Өзінше

С. Өйткені

Д. Құбұжұқ

Е. Қызғылт

9.Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз

А. Күлдүргі

В. Күлдіргі

С. Күлдүргү

Д. Күлдіргы

Е. Құлдырғы

10.Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз

А. Тияды

В. Тыяды


С. Тыйады

Д. Тыйяды

Е.Тийады

11. Іскерлік қарым-қатынастың сапасына оң әсер ететін факторды атаңдар.

А. Шешен сөйлей білу

В. Ресми сөйлесу әдебін білу

С. Дауыс ырғағын сақтап сөйлеу

Д. Асықпай сөйлеу

Е. Ойланып сөйлеу

12. Адам бойындағы қандай қасиет іскерлік қарым-қатынастың тиімділігін төмендетеді?

А. Ұялшақтық

В. Алғырлық

С. Шешендік

Д. Әріптестерін сынау

Е. Қарсы пікірге келу

13. Адамдармен қарым-қатынас орнатуға ...........................бар.

А) бейімділік

В) бейімі

С) бейім

Д) бейімді

Е) бейімсіз

14. Мақалдың түсірілген бөлігін орнына қойыңыз:Адам ....... көрікті.

А) ақылымен

В) шашымен

С) сөзімен

Д) әдебімен

Е) күлкісімен

15. Мәдениетті адам сөйлесу кезінде қандай ережелерді орындайды?

А) бұрылады, шыдамсызданады

В) сағатқа қарайды, асығады

С) дөрекі сөздерді қолданады

Д) өз ойын дұрыс грамматикалық нормада жеткізеді

Е) ұялы телефонға жауап береді

16. Орфографиялық нормаға сай сөз қайсы?

А) қыйын

В) тиым


С) сиық

Д) сыйлық

Е) жиын

17. Орофоэпиялық нормаға сай сөз қайсы?



А) өлең

В) құндұз

С) жұлдыз

Д) көпір


Е) лақ

18. Қарағым, айналайын, балақай деген сөздердің кімге айтылатынын көрсетіңдер.

А) үлкен кісілерге, апайларға

В) әжелер мен аталарға

С) кішкентай балаларға

Д) тек қана қыз балаларға

Е) тек қана ұл балаларға

19. Ресми ортада қолданылатын сөз орамдары:

А) ағай, апай, тәте, әжей.

В) ханым, мырза, бикеш.

С) қарындас, інім, қалқам.

Д) айналайын, шырағым

Е) балапаным, қарағым

20. Мәнді сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңіз:

А) өз сөзіңді мойындата білу.

В) тыңдаушының ойынан шығу.

С) тіл тазалығын сақтау.

Д) оқшау сөздерді қолданбау.

Е) оқшау сөздерді қолдану.
Глоссарий
Әдеп – адамның жылдар бойы қалыптасқан өзіндік жақсы мінез-құлқы мен қасиеттерінің қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасында көрініс табуы.

Мінез-құлық – адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет.

Мәдениет – адамзаттың өндірістік, қоғамдық және ақыл-ой жетістігінің жиынтығы.

Іскерлік қатынас – адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында , мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынас түрі.

Серіктестік – екі немесе оданда көп адам бірлесіп айналысатын бизнес.

Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.

Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормаларының жиынтығы.
Бақылау сұрақтары
1. Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің?

2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?

3. Іскерлік қарым-қатынас деген не?

4. Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?
СОӨЖ тапсырмасы
1. «Іскерлік - бүгінгі заман адамына қажетті басты қасиет» атты пікірталас ұйымдастырыңыздар.

2. Іскерлік қарым-қатынас пен жеке адамның арасындағы қарым-қатынастың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айқындаңдар. Екеуін салыстыра отырып, оны кесте түрінде көрсетіңдер.

3. «Адам әдебімен көрікті» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.

СӨЖ тапсырма
1. Мақалдарды жаттаңыз.

Тәкаппар адам ұшпаққа шықпас. (Ж.Баласағұн)

Тәкәппардың құты қашады. (А.Иүгінеки)

Көкірекшіл – тақсірет тартады. (М.Қашқари)

Менмендікті тәңір де сүймес. (Қорқыт)

Құрмет ақымақты тәкаппар етеді. (Ж.Баласағұн)

Әдепті келіп сұраған кісінің ісі алға озады. (С.Барайн)

Өтінішті білгеннің өрісі бар. (Б.Алақұс)

Сөз білгенге патша тағы тиеді,

Көп сөз басты жерге әкеліп иеді. (Ж.Баласағұн)

Әдептің басы - байқап сөйлеу. (А.Иүгінеки)
2. Мақал-мәтелдерді пайдаланып «Кішіпейілдің абыройы асады»

тақырыбына эссе жазыңыз.


Пайдаланған әдебиеттер


  1. Сәбден О. Бәсекелестік экономика Алматы 2007 ж.

  2. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. « Кәсіби экономика тілі». Астана, «ТАНЫМ». 2003 ж.

  3. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. «Қазақ тілі». Алматы, «ЭКОНОМИКА». 2001 ж.

  4. Оразақынова Н., Әміреев Н. «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті». Алматы, «Мектеп». 2010 ж

Абдрахманова Қ.Ж., Дәркенбаева Г. Қ.


8-тақырып. Құжатты рәсімдеу. Фирма жарғысы және оны рәсімдеу.

Жұмысқа қабылдау.
Тірек сөздер: құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу, бақылау, жүйелеу, орындау, мұрағат, мұрағатқа тапсыру, түпнұсқа, көшірме, көшірме нұсқа.
Құжаттарды рәсімдеу

Құжаттармен жұмыс істеуді үйрететін ғылым: іс қағаздарын дұрыс жасау, толтыру және рәсімдеу, сондай- ақ олардың қозғалысын, есепке алуды орындауды, сақтауды ұйымдастыруды бақылайтын ғылым. Қазір бір де бір мекеме, ұйым іс жүргізусіз жұмыс істемейді. Құжатты рәсімдеу мекеменің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді және табысқа жету жолында тиімді құрал болып саналады. Іс қағаздарын рәсімдеу үдерісі - құжаттау болып саналады. Құжаттарды рәсімдеу - басқару іс қимылдары үдерісінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қамтитын қызмет. Ол құжаттарды жасау және рәсімдеу бойынша барлық операцияларды да , құжаттармен жұмыстың барлық кешенін де құрайды (хат алмасуды жүргізу, орындау және орындауды бақылау, құжаттарды есепке алу, оларды жүйелендіру, сақтау, пайдалану, мұрағатқа тапсыру тәртібі және т.б.). Белгіленген тәртіпте жасалған және рәсімделген құжат - ресми (басқару) құжат деп аталады. Құжат - ақпараты бар материалық объект, оны құзырлы тұлға құрастырады және өкілетті орган бекітеді. Әрбір құжаттың құрамына бірқатар элементтер (реквизиттер) кіреді: мәтін, құжат түрінің атауы, авторы, адресаты, күні, қолы және т.б. Құжаттың негізгі реквизиті болып оның мәтіні саналады. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай жай және күрделі , шығарылымына қарай түпнұсқа және көшірме болып бөлінеді. Құжатты рәсімдеуді зерделеудің негізі - құжат, сондай-ақ олармен жұмыс істеу үдерісі болып саналады.

Рәсімделетін құжаттың негізгі бір түрі - Жарғы. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы.

Мемлекеттік стандартқа сай үлгіде жазылатын ресми құжаттың бірі - Жарғы. Қандай мекеме болмасын өзінің басты қызметін Жарғыға сәйкес жүргізеді. Жарғы мекеме, ұйым, кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында, жалпы мәжілісінде немесе Ғылыми Кеңесінде бекітіліп, қабылданады.

Жарғының деректемелері:

1.Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.

2.Мемлекеттік тіркеу белгісі.

3. Мәтіннің атауы.

4. Жарғының мәтіні.

5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.

Жарғының негізгі деректемесі – мәтін, ол санымен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мәтінде келесі мәліметтер беріледі:

Жалпы ережелер



Қызметінің мақсаты мен мәні

Серіктестік қатысушыларының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі

Мүлкі, қорлары, табысы

Басқару және бақылау органдары

Жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер

Есепке алу және есеп беру

Дауларды шешу

Қызметін тоқтату

Жарғы мәліметтерін негізге ала отырып, құжат заңды түрде рәсімделеді.



2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Құжаттарды рәсімдеу дегеніміз не?

2. Құжаттарды рәсімдеу кешеніне нелер жатады?

3. Құжат реквизиттерін атаңыз.

4. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?

5. Жарғы дегеніміз не?

6. Жарғының деректемелерін ата.

3-тапсырма. Тапсырмаларды орындаңыз.

1. Құжаттарды рәсімдеудің кезеңдерін оқыңыз.

2. Құжаттарды рәсімдеудің қолдану аясын, қызметін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.


Мәселелерді шешу тәртібін анықтайтын нормативтік–әдістемелік құжаттардың заңдық базаларын зерттеу.



Құжаттарды рәсімдеу кезеңдері

Құжатты рәсімдеуге әзірлеуде мұның алдындағы құжаттарды, осыған ұқсас мәселелер бойынша құжаттар мен шешімдерді зерттеу болып табылады.



Бұл кезеңде нақтылы жағдаяттар бойынша деректер жиналады ( кәсіпорындар мен ұйымдардың тізілімдері, белгілі бір өнімді өндіретін кәсіпорындардың анықтамалары.).



4-тапсырма. Үлгі-сұхбатты оқыңыз. Өз фирмаңыздың құжаттарын рәсімдеуге байланысты сұхбат құрыңыз.

– Сәлеметсіз бе, кіруге бола ма?



  • Кіріңіз, отырыңыз.

  • Қандай шаруамен келдіңіз?

  • Біз «Дәулет Бекет» атты өзіміздің Жеке Шаруашылық Серіктестігін (ЖШС) құрмақ едік. Соның жеке Жарғысын рәсімдеуіміз керек. Біздің өтінішімізді орындауға көмектессеңіздер екен.

  • Сіздер өз шаруашылықтарыңыздың құжатын заңды түрде рәсімдеу үшін қандай талаптарды орындау керегін білесіздер ме? Құжатты рәсімдеу заңдылықтарымен таныс шығарсыздар?

  • Иә, Жарғының деректемелері бізге таныс. Сол талаптар негізінде жасалған Жарғы үлгісін ұсынып отырмыз. Олар:

1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.

2. Мемлекеттік тіркеу белгісі.

3. Мәтіннің атауы.

4. Жарғының мәтіні.

5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.

– Онда Құжаттарыңызды кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында қарау үшін қабылдауымымызға болады.



  • Өтінішімізді қабыл алғандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз.

  • Сіздерге де рақмет.

  • Сау болыңыздар!


5-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.

Құжат


Рәсімдеу

Іс жүргізу

Ресми құжат

Мұрағат


Көшірме

Түпнұсқа


Жарғы

Деректеме

Өтініш

Жалақы


Әлеуметтік кепілдік

Мүлік


Қор

6-тапсырма. Мәтінді орысшаға аударыңыз.
Жеті Жарғы

1680 жылы Қазақ хандығының басына Жәңгірдің баласы Тәуке хан келді. Тәуке хан өз дәуіріндегі көрнекті қолбасшы, мәмілегер және ұлтының бірлігі мен тұтастығын сақтауға күш салған ірі мемлекет қайраткері болған.

Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтек би «Жеті жарғыны» қабылдады. Ол қазақ халқына «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» атты әдетғұрып ережелері негізінде жасалды. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұратын негізгі заңдар жиынтығы. Онда қазақ өмірінің бастыбасты мәселелері қамтылған. Олар:

1. Жер дауы.

2. Отбасындағы қарым–қатынасқа байланысты құқық ережелері.

3. Ұрлыққа, барымтаға кедергі қою, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар.

4. Ел бірлігін сақтауға, Отанды қорғауға, сыртқы жауға тойтарыс беруге, жасақ құруға бағытайтын баптар.

5. Ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы жанжалдарды әділдікпен шешу туралы ережелер.

6. Құн дауы.

7. Құн мен жесір дауы.


7-тапсырма. Мәтінді қазақшаға аударыңыз.
Устав

Устав – это свод правил, с помощью которого регулируются отношения между организациями, учреждениями, предприятиями и физическими лицами, а также устанавливаются права, обязанности физических и юридических лиц.

Устав – это один из официальных документов, который пшетсяпо государственному стандарту. Любое предприятие выполнят свою работу согласно уставу. Устав принимается и утверждается на учредительном, общем собрании организации, учреждения, предприятия или же на Совете Ученых. Юридическое лицо подлежит государственной регистрации в органах Юстиции РК.


Есіңізде сақтаңыз!



Тәртіпсіз ел болмайды,

Тә ртіпке бағынған құл болмайды.

Б. Момышұлы.

Соломон

.



Тәртіп адам баласына ауа сияқты қажет. К.Е.Ворошилов.

Соломон

.



Халық заңды өзінің тірегі, өзін қорғайтын қабырға, дуал деп қарауға тиіс. Гераклит

Соломон

.



Елді заңсыздық жайласа, бас- басына би болар. Соломон

Соломон

.



Заңды сақтамайтын адамнан асқан зиянды хайуан жоқ.

Д. Сабонарал.

.



Біз отбасында да, жұмыста да жақсы, қатаң тәртіп болуын тілейміз. Тәртіп дегеніміз - нәтиже. Біз әрбір істен нәтиже шығару үшін күресіп жүрген адамдармыз. А.С.Макаренко.

.


8-тапсырма. Керекті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

1680 жылы Қазақ хандығының басына Жәңгірдің баласы ... келді. Тәуке хан өз дәуіріндегі көрнекті ... және ұлтының бірлігі мен тұтастығын сақтауға күш салған ірі мемлекет қайраткері болған.

Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтек би ... қабылдады. Ол қазақ халқына «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» атты ... ережелері негізінде жасалды. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұратын негізгі ... жиынтығы. Онда ... бастыбасты мәселелері қамтылған.

Керекті сөздер: қолбасшы, мәмілегер,Тәуке хан, «Жеті жарғыны», қазақ өмірінің, әдетғұрып, заңдар.

9-тапсырма. Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрыңыз.

Құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу,

бақылау, жүйелеу, орындау, түпнұсқа,

көшірме, көшірме нұсқа, жарғы, дау.



10-тапсырма. Тілдік бірліктерді сәйкестендіріңіз.

Рәсімдеу устав

Құжат делопроизводство

іс жүргізу документ

есепке алу контролировать

бақылау систематизировать

жүйелеу выполнять

орындау копия

түпнұсқа оформить

көшірме подлинник, оригинал

жарғы спор

дау взять на учет

еңбек шарты удостоверение личности

жеке куәлік трудовой договор


11-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша өзара сұхбаттасыңыз. Сұхбат жұмысқа орналасу туралы болу керек.
.
Басшы

Үміткер





Амандасу

Амандасу, өзін таныстыру

Мақсатын айту

Өзін таныстыру, мақсатын сұрау

Өзі туралы мәлімет беру

Талап түрлерімен таныстыру

Мамандығы туралы айту

Қоштасу

Құжат түрлерін сұрау

Құжаттарын конкурсқа тапсыруын сұрау

Еңбек өтілі туралы сұрау

Алғыс білдіру, қоштасу

Жауап беру

Жауап беру

Тілдерді білуі туралы сұрау

Негізгі мамандығын сұрау


Жағдаяттық тапсырма


Сіз бір үлкен мекеме басшысысыз. Сізге жұмысқа тұру жөнінде ұсыныс жасап келген үміткерлерді жұмысқа қабылдауыңыз керек. Сіз үміткерлердің қандай сапалық белгісіне ерекше көңіл бөлер едіңіз?


12-тапсырма. Жұмысқа тұру үшін қажетті негізгі құжаттың бірі өзіңіздің түйіндемеңізді жазып көрсетіңіз.

13-тапсырма. Төмендегі үлгіге қарап, өзіңіз бір ресми құжатты толтырыңыз. Ол құжат жұмысқа қабылдау туралы болсын.

Үлгі.

Жұмысқа қабылдау туралы
(аты - жөні) экономист мамандығы міндетін уақытша атқаруға Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 15 – бабының 1- тармағына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14- бабының 8- тармағына сәйкес 2012 жылдың 10 қаңтарынан бастап арнайы тексеруден өткенге дейін үш айлық сынақ мерзімімен қабылдансын.

Төлем қолданылып жүрген еңбек заңына сәйкес жүргізілсін.
Негіздеме: конкурстық комиссияның 2012 жылғы 5 қаңтарындағы шешімі, жеке еңбек келісім-шарты.
Директор қолы аты-жөні
Өлең жаттайық!

Жетісу

Отанымның орнығып кең төріне,

Айналасын ақ таулар көмкеруде.

Жаралғандай Жетісу ертегіден,

Еркелейді Жетісу ерке күнге.

Еркелейді,

Еркелейді,

Еркелейді Жетісу ерке күнге.


Ұясынан ұшырған балапаны,

Даңқын елге жетісу таратады.

Болашағы баламның Жетісуым,

Әлпештеген анамның алақаны.

Әлпештеген

Әлпештеген

Әлпештеген анамның алақаны.
Күншығыстан алаулап таң атарда,

Қасиеттеп қарайьын жан отанға.

Сәлем берем бас иіп Жетісуға,

Сәлем берем бас иіп Алатауға.

Сәлем берем,

Сәлем берем,

Сәлем берем бас иіп, Алатауға!

Сәлем берем бас иіп Алатауға!

Сәлем берем бас иіп Алатауға!
14-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, оны жаттап алыңыз.

Туған жер, Отан туралы өз ойыңызды, отансүйгіштік сезіміңізді білдіріңіз.

СОӨЖ тапсырмалары

1. «Жұмысқа орналасу» деген тақырып бойынша өзара сұхбаттасыңыздар.

2. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз.

3. Өз шаруашылықтарыңыздың құжатын заңды түрде рәсімдеу үшін қандай талаптарды орындау керегін атаңыз.



СӨЖ тапсырмалары

Құжатты рәсімдеу заңдылықтары туралы реферат жазыңыз.


Тест сұрақтары

1 .Іс қағаздарын рәсімдеу үдерісі ... болып саналады

А. құжаттау-

В. сұрау

С. есептеу

Д. реттеу

Е. санау


2. Белгіленген тәртіпте жасалған және рәсімделген құжат ...

А. ресми құжат -

В. Заңды құжат

С. көшірме құжат

Д. ақпараттық құжат

Е. есеп беру құжаты



3. Құжаттың негізгі реквизиті не?

А. адресат

В. құжат атауы

С. уақыты

Д. авторы

Е. Мәтін


4. Құжат әзірлеу неше кезеңнен тұрады?

А. 1


В. 2

С. 3


Д. 4

Е. 5


5. Рәсімдеу сөзінің орысша баламасын табыңыз.

А. оформить

В. контролировать

С. систематизировать

Д. выполнять

Е. назначить



6. «Жеті Жарғыны» Заңы қай ханның тұсында қабылданды?

А. Абылайхан

В. Қасым

С. Тәуке


Д. Жәңгір

Е. Әбілқайыр



7. «Жеті жарғы» неше бөліктен тұрады?

А. 7


В. 6

С. 9


Д. 4

Е. 3


8. Устав сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

А. құқық

В. үкім

С. жарғы


Д. шешім

Е. қаулы


9. Мазмұнына қарай құжаттардың атауын табыңыз.

А. жай және күрделі-

В. ішкі және сыртқы

С. заңды, заңсыз

Д. құпия, құпия емес

Е. жеке, жалпы



10. Құжаттар шығарылымына қарай қалай аталады?

А. түпнұсқа және көшірме -

В. жай және күрделі

С. қолжазба

Д. заңды, заңсыз

Е. ескі, жаңа



11. Жарғы дегеніміз не?

А. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемемен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы. -



В. қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім

С. жазба құжатқа қатысты ақпараттық элемент.

Д. құжаттарды сақтаудың белгіленген тәртібі.

Е. жиналыс, конференция т.б. талқыланған мәселе бойынша қабылданған шешім.



12. Өз ... жұмыстан босатуыңызды сұраймын.

А. еркіммен-

В. ойыммен

С. шешіміммен

Д. ретіммен

Е. пікіріммен



13. Сөйлемді толықтырыңыз. Мені жұмысқа қабылдау... сұраймын.

А. - ыңызда

В. - ға

С. - мен



Д. - ыңызды

Е. – ды


14. Мақалды толықтырыңыз. Тәртіпсіз ел болмайды,...

А. Тәртіпке бағынған ел болмайды.

В. Тәртіпке бағынған ер болмайды.

С. Тәртіпке бағынған құл болмайды. -

Д. Тәртіпке бағынған бай болмайды.

Е. Тәртіпке бағынған қорқақ болмайды.



15. Жұмыс істейтін адам мен оны жұмысқа қабылдаған мекеме арасында жасалған шарт қалай аталады?

А. еңбек келісімі -

В. еңбек жолы

С. еңбек өтілі

Д. еңбек арнасы

Е. еңбек майданы



16. Сөйлемді қазақшаға аударыңыз. Прошу меня принять на работу.

А. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтіндім.

В. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтініп жүрмін.

С. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтінемін.-

Д. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтінермін.

Е. Мені жұмысқа қабылдауыңызды өтінгенмін.

17. «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ... жолы»

А. тар


В. кең

С. түзу


Д. дұрыс

Е. ескі


18. «Жеті жарғы» нешінші ғасырда қабылданды?

А. ХІІІ ғасыр

В. ХІІ ғасыр

С. ХV


Д. ХV

Е. ХVІІ


19. Құжатты рәсімдеу мекеменің үздіксіз жұмыс істеуіне және табысқа жетуіне ...

А. көмектеседі

В. ықпал етеді-

С. кері әсер етеді

Д. қажет болады

Е. зиянын тигізеді



20. Қандай мекеме болмасын өзінің басты қызметін ... сәйкес жүргізеді.

А. жарғыға

В. қаулыға

С. өтінішке

Д. сұранысқа

Е. табысқа


Глоссарий

  1. Құжаттарды рәсімдеу - басқару іс қимылдары үдерісінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қамтитын қызмет. Ол құжаттарды жасау және рәсімдеу бойынша барлық операцияларды да , құжаттармен жұмыстың барлық кешенін де құрайды (хат алмасуды жүргізу, орындау және орындауды бақылау, құжаттарды есепке алу, оларды жүйелендіру, сақтау, пайдалану, мұрағатқа тапсыру тәртібі және т.б.

  2. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы.

  3. Құжат – заңды күші бар материалдық ақпарат.

  4. Іс қағаздарын жүргізу – кеңсе істерін жүргізу, мекеменің қызметін құжаттандыру және онда құжаттарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың жиынтығы.

  5. Дубликат – түпнұсқаның орнына жасалған құжат, заңды күші түпнұсқамен бірдей болады.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б.Хасанұлы. Іс жүргізу әлемі мемлекеттік тіл қолданысының ауқымды арнасы.оқу құралы .А: 2011.

2. К. Тышқанбайұлы. Тәрбиелік, даналық сөздер. Қызылорда. 2006.

3. Г.О.Байжанова,Г.А.Маймақова . Ісжүргізу. Астана. 2007.Фолиант.

4. М. Мақатаев. Аққудың қанатына жазылған жыр. Алматы. 2001. Шартарап.

5. С. Бөрібаева. Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу. Оқу құралы.Алматы. «Қазақ университеті» 2011.



Құрастырушы: п.ғ.к., доцент м.а. Ж.М.Бектұрғанова
Келіссөз жүргізу әдебі. Сөздің қисындылығы.

Тірек сөздер: Келіссөз жүргізу, шарт, талап, келісім-шарт, тасымалдау, баға, ішкі/сыртқа нарық, мүмкіндік, тапсырыс, атақ-бедел, шығын, жоспар, шешім, төлемақы, есеп-шот, қарастыру, қабылдау, ескеру, бас тарту, ұсыну, келісімге келу, келісімге отыру, бизнесмен, кәсіпкер

Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық тұлғалардың қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне және сөйлеушінің ойды жеткізу стилі мен жанрына, автор мен адресаттың даралық ерекшеліктеріне сай өз орнында қолданылуын айтады.

Қисындылық сөздің: 1) стиліне 2) контекстегі жағдаятына 3) сөйлеушінің және тыңдаушының жеке тұлғалық, психологиялық ерекшеліктеріне байлаулы болады.




Сөздің қисындылығы




Стильдік қисындылығы

Әдеп-ережелермен қисындылығы



Контекстің қисынына сай қолданылуы

«Он жеті мен он сегіз жас аралығындағы төбе көрсетіп үлгермеген талант – сазгерлердің республикалық «Үкілі үміт» байқауы үкісін желбіретіп өтті».

Мұндағы асты сызылған салтанатты мазмұнды сөздер қысқаша хабарлама мәтінінде орынсыз болады.



Өтіңіз», «кешіріңіз», «кіріңіз» деген сөздерді қатаң дауыспен, ашумен және тым баяу, сосын тез айтып, мағынасын ажыратып көріңіз. Сол сияқты үстелдің басында әдепсіздік танытып, адамның тамаққа деген тәбетін қашыратын сөздерді, әңгімелерді айту, келіссөзде немесе іскерлік тамақасыда дастарқан иелерінің көңіліне тиетін сөздер айту үлкен әбестік, орынсыз болады.



«Осы жағдайды пайдала отырып, Жоғары мәртебеңізге зор ықыласымды білдіруге рұқсат етіңіз». Бұл сөздерді күнелікті тұрмыста айту ерсі, бірақ дипломатиялық қарым-қатынас жағдайында орынды болып есептеледі. Осы сияқты іскерлік келіссөз жүргізу барысында «Өлә!», «Масқара!», «неғып», «шіли» сияқты сөздерді айту орынсыз әрі артық болады.


Сөздің стильдік қисындылығы

Сөздің стильдік қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына тікелей байланысты болып келеді. Айталық, студенттерге арналған лекцияны балабақшада оқу ақылға сыйымсыз. Сол сияқты келіссөзде қарсы тарап түсінбейтін тілде, тым ғылыми тілде немесе тым жабайы тілде сөйлеу қисынсыз. Ол екі тараптың өзара келісімге келуіне кедергі болады. Олай болса, сіздің кездесуіңіз құрдымға кетті дей беріңіз. Сол сияқты шетелдіктермен іскерлік кездесуде халықаралық іскерлік мәдениетін, ресми стиль мәдениетін білмесеңіз, ол сіздің ісіңізге бөгет болуы мүмкін. Сондай-ақ, бөтен ортада өзіңізді және өзіңіздің халқыңыздың данышпандығын көрсететін орынды айтылған ой мен сөз, сый-құрмет сізге сәттілік әкелуі мүмкін. Ол сіздің көпшілік алдындағы беделіңізді өсіреді, сіз арқылы халқыңыздың мерейі үстем болады. Әр істің қисынын келтіру сіздің қисынды айтылған сөзіңіз бен орындаған әрекетіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз. Сөзді терең талғаммен таңдап, мағынасын ақылмен салмақтап барып жұмсаңыз. Сөзге сақ болыңыз, сөз өшіреді де, өсіреді де.




Сөздің контекстегі жағдаятпен қисындылығы

Сөзді қарым-қатынас жағдайына сай бұрмалап қолданып жатамыз. Кейде ол сәтті, ал кейде сәтсіз шығып жатады. Бұл жағдайда сөздің қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне қызмет етуі басты талап. Сөздің контекстік қисындылығының болуы стильдік қисындылықпен тығыз байланысты. Кейде контексті, стильді ескермей, сөздің қисынын кетіріп жататын кездеріміз де болады.


Әдеп-ережелермен қисындылығы

Сөзді қиыстырып, орнымен қолдана білу тек лингвистикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мәнге ие. Сөз тек ақпаратты жеткізіп қана қоймайды, сөйлеушінің қоршаған ортаға, өзге адамдарға деген қарым-қатынасын да білдіреді. Сол себепті де сөйлеуші өз сөзінің адамдарға қалайша әсер ететіні туралы ойлануы керек. Кей кезде орынсыз ойланбай айтқан сөзімізбен біреудің жанын жаралап, байқаусызда ар-намысына тиіп, кейін бармағымызды тістеп жатамыз. Кейде сөзіміздің тым дөрекі әрі жасанды шыққанын байқап, өзімізден-өзіміз қуыстанып жатамыз. Сондықтан сөздің тұлғалық-психологиялық орнықтылығы дегенде адамның ішкі мәдениеті мен парасатын, өзге адамдармен қарым-қатынасын, сыпайылығын, тіл табыса білу қабілетін, өзге адамдармен қарым-қатынас орната алу қабілетін айтамыз. Дұрыс айтылған сөз сізге сәттілік әкеліп қана қоймайды, моральдық және физикалық саулығыңыздың да кепілі болады.



Ақылға сыймау – Бұрмалау-

Бөгет болу – Әлеуметтік мәнге ие -

Сый-құрмет – Жанын жаралау -

Сәттілік – Бармағын тістеу -

Беделін өсіру – Қуыстану -

Мерейі үстем болу – Ішкі мәдениет -

Талғам – Парасат -

Ақылмен салмақтау – Көңіліне тию –

Әбестік – Жасанды –





ЕСІҢІЗГЕ САҚТАҢЫЗ!!!

Сөздердің орысша аудармасын



немесе мағынасын жазып алыңыз.

1-тапсырма. Мәтіннің сөз қисындылығы талаптарына сай немесе қайшы жазылғанын дәлелдеңіз.
«Мен әулие емеспін. Сәуегейлік жасағым да келмейді. Бопсаға да жоқпын. Бірақ туған елімнің түтіні түзу ұшса, туы желбіресе, абыройы асып, адамдары бақытты ғұмыр кешсе деген білек үстіндегі жанның бірімін. Мен осы топырақта туып-өскен, тұрып жатқан қай ұлт, қай ұлысқа да игі ниетімді арнаймын. Алаламаймын. Қазақстанға не білесем, Ресейге, тарихи тағдыры бір бауырлас елдердің барлығына соны білеймін және Олардың болашағына кәміл сенемін, айрықша үмітпен қараймын. Оған күн сайын буыны қатайып, беделі өсіп келе жатан жас мемлекетіміздің бейбітшілікті нығайтуға күш салып, ұлтаралық қатынасты тұрақты сақтауы бұлтартпас дәлел, басты кепіл. Осыған сайып айтарым: ең алдымен, үйдей үрейден аулақ болсақ. Ертеңге деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік! Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе бекем бол! Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!» (Д.Қонаев. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы: Санат, 1994. 507-508бб.).



Сөздік қорымызға сөз қосайық!



-Мәтіннен келесі мағынадағы сөздерді тауып, жазыңыз.


  1. Қоқан-лоқы, байбалам, құр сес _________________

  2. «Әулиелік ету», білгірсу _____________________

  3. Бірігу, тату болу _______________________

  4. Сый-құрметке ие болу _________________________

  5. Күмәнсіз, айқын ________________________

  6. Әлденді, қатайды, есейді, өзіне-өзі келді, күш жинады ____________________

  7. Ыңғайы, реті, сәті түспеу ______________________

  8. Ауыртпалық зардабы, азап, қиыншылық __________________________

  9. Берік, мықты, мығым болу ___________________________


2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз. Өлеңдегі кейіпкердің және автордың сөзінің қисындылығына баға беріңіз. Кейіпкердің сөз саптауында қандай кемшіліктер бар және оған қандай ақыл-кеңестер берер едіңіз? Пікір алысыңыз.


Жолдастар! ...ім...ім....ім...

Жолдастар! Сендердің бүгінгі

Жиылыстарыңды өзімше...

Жүрегім бір түрлі неткен соң,

Әлбетте сендердің алдыңда...

Бұлайша азырақ айтып:

Әм және ... өзімнің

Бір түрлі қуанған,

Бір түрлі неткен мақсұтты сөзімді

Айтпақшы мақсұтым болған соң,

Бүйтіп сендердің неғылып

Жатқандарыңды нетіп...

Қарсы алып құттықтамақшы боламын...

Әлбетте... бұлайша қарсы алып...

Сендерге нетіп тұрғандықтан....

Һәм және бір түрлі өзімше...

Мақсұтты сөзімді айтып...

Сендердің бұлайша жиналып...

Бір түрлі қуанып неткендіктен...

Һәм тағы өзіміз не қылсақ,

Жүзеге асар деп сенемін...

Сондықтан бүгінгі қуаныш,

Мәжілісті өзімізше қарсы алып,

Сендердің алдыңда кішкене,

Мақсұтты сөзімді аңғартып,
... Және келешек күнде де,

Бұлайша неғылып трғанда...

Әлбетте, жүде, олай болғанмен,

Жүзеге асар деп сенемін.

Әрине, біздерге бұлайша нетуге...

Һәм және мақсұтқа жетуге болғанмен,

Бір түрлі бұлайша кірісіп...

Жұмыла нетпесе болмайды...

Сонда да біздерге жиналып...

Былайша бір түрлі неғылсақ...

Негізінде жүзеге шығады деп ойлап,

Жалпы айтқанда, бәріміз де...

Мақсатымыз осы ғой деп ойлаймын.

Ал енді жолдастар!

Табыс жағына келейін,

Анық есебін білмеймін...

Әрине, уақыт болса, болып қалды.

Сондықтан мен немді көп созбайым,

Бағанадан жасасынға жете алмай тұр едім.

Енді жеттім - бәрі жасасын,

Осы борышымды өтейміз деп...

Иманымыз кәміл.... (Қ.Қуанышбаев. «Шаншарлар»).





  1. Мәтіндегі кейіпкердің тіліндегі қате және қажетсіз сөздердің астын сызып шығыңыз.

  2. Өздеріңіздің тілдеріңізде жиі қолданылатын сөздерді жазыңыз. Олар тыңдаушыға қалай әсер етеді? Пікір алысыңыз.



Доцент ж.ш.әбіш
Современная экономическая терминология
Мына сөз орамдарын қолдану тиімсіз:
Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет