Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері


Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз



бет8/20
Дата31.12.2019
өлшемі3,03 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз.


  1. Қарамен берілген сөздердің аудармасын жазыңыз.




  1. Сөздердің антонимін (-) және синонимін (,) жазыңыз.




Отандық нарық –

Ең төмен баға –

Көтерме баға –

Сенім –

Қазақстандық нарық,

Өсіру –

Өсіру,

Сатып алу –

Ең дұрыс –

Ұзақ мерзімді келісім-шарт –

Қосымша шығын –

Жауап –



Уәде,




  1. Керекті тілдік бірліктерді қойып, оқыңыз.

1. Сіздердің талаптарыңыз... таныстық. 2) Сіздің компания... серіктес болу біз үшін үлкен мәртебе. 3) Сіздің компаниямен ұзақ мерзімді келісім-шарт.... отырғымыз келеді. 4) Тауарларыңызды сыртқы нарық..... шығаруға мол мүмкіндік бар. 5) Қазақстандық нарық... сіздің бәсекелестеріңіз аз емес екенін білеміз. 6) Біздің болашақ... жоспарларымыз өте көп. 7) Мен бұған қатысты шешім... қазір айта алмаймын. 8) Біздің компанияның атақ-беделі сіздің отандық нарықтағы имидж....... көтере түсетіні анық. 9) Екі жаққа да ұтымды шешім...... келетіндеріңізге сенемін. 10) Бізге жауаптарыңыз..... тез арада берсеңіздер екен.


  1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.




  1. біз / серіктес / мәртебе / болу / Сіздің / үшін / үлкен /компаниямен.

  2. біз / тапсырысымызды / Бірақ / үш / есеге / келеді / көлемнен / көбейткіміз / келісілген.

  3. серіктес / Бізбен / болсаңыздар.

  4. шешімге / сенемін / келетіндеріңізге / ұтымды.

  5. Біздің / деген / рахмет / үшін / сенімдеріңіз / көп / компанияға.


5) Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.


  1. Қабылдау принимать

  2. Қарастыру рассматривать

  3. Ұсыну предлогать

  4. Жауабын беру дать ответ

  5. Бас тарту отказаться

  6. Келісімге келу прийти к соглашению

  7. Келіссөздер жүргізу вести переговоры

  8. Тырысу стараться

  9. Ескеру учитывать

  10. Хабарлау известить, сообщить




  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Келіссөзді жүргізуде екі тарап та дұрыс тактика ұстанды ма? Сөздерінде қателіктер болды ма? Сөздеріне қандай ерекшелік тән болды?

    2. Екі тараптың екеуі де сөз қисындылығы талаптарын орындай алды ма?

    3. Келіссөз жүргізудегі мақсат не? Келіссөзде қандай қателіктер жібермеу керек деп ойлайсыз?

    4. Қалай ойлайсыздар, кімнің сөзі орынды шықты? Екі тарап қандай келісімге келеді?


7) Сөйлем үлгілерін қандай мақсатта айтуға болатынын анықтаңыз.



Сөйлем үлгілері

Эмоциялық

реңк беру

Ашық қарым-қатынасқа ниет таныту

Әңгімені нақтылап, дамыту

Иә, иә...

Иә, тыңдап тұрмын.

Әрине!

Рас па?










Өз ойыңызды айтыңызшы;

Ол туралы не ойлайсыз?

Сонда ол не дегені?










Уақытыңызды жақсы өткіздіңіз бе?

Уайымдай бастаған сияқтысыз?











8) Сөздеріне қарап, келіссөзге қатысушы тыңдаушылардың қандай адамдар екенін анықтаңыз.


Тыңдаушылар:

Ықыласты

Жаны ашығыш

Талдағыш

Турашыл

Байыбына барғыш

-Бұл – дұрыс емес; бұл – өте дұрыс; Бірден іске көшейік!
















-Оның не үшін олай істегені маған енді түсінікті болды;

-Мені кінәлі сезіндіру үшін айтып тұрсыз ба?
















-Сіз өте дұрыс айтасыз;

-Қандай өкінішті!
















-Қашан?

-Нақты мысал келтіріңізші;
















-Әлбетте.

-Солай екені рас.

-Оқасы жоқ.

















9) Кейіпкерлердің келесі келіссөздерінің жалғасын жазыңыз.
Келіссөз жүргізу
Келіссөз жүргізу нақты бір нәтижеге жетуге бағытталып, мақсаты алдын-ала белгіленетін және диалог арқылы жүзегі асырылатын іскерлік қарым-қатынастың бір түрі.

Келіссөздер келесі жағдайларда жүргізіледі:



-нақты бір себептер бойынша (мысалы, отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсететеін Орталық құруға қатысты т.б.);

-нақты бір жағдайларға байланысты (мысалы, екі тараптың мүдделері үйлеспеген кезде);

-нақты бір мақсат бойынша (мысалы, келісім-шарт жасасу);

-нақты мәселелер бойынша (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселерге байланысты).

Келіссөздердің тақырыбы сан алуан болғанмен, барлығының құрылымы бір болып келеді:




1

Қарастырылатын мәселеге ену

КІРІСПЕ

2

  1. Келіссөздер барысында қарастырылатын мәселеге, ұсынысқа сипаттама беру

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Өз көзқарас, ұстанымын баяндау

Келіссөздің дамуы

  1. Диалогты жүргізу

Келіссөздің шарықтау шегі

  1. Мәселенің шешімі

Келіссөздің шешімі

3

Соңы

ҚОРЫТЫНДЫ

Келіссөздер қиын немесе жеңіл жүруі мүмкін. Серіктестер оңай немесе қиын тіл табысуы мүмкін, болмаса тіпті ортақ келісімге келе алмаулары мүмкін. Бұл ретте субъективтік факторларды да естен шығармау керек: серіктестердің қабілеті, білігі, келіссө жүргізу шеберлгігі. Келіссөз үстелінде іскерлік, кәсіби, коммуникативтік тәжірибесі әр түрлі адамдар жолығуы да мүмкін. Олардың темпераменті, қарым-қатынас жасау стилі, білімдері де әр түрлі болады.

Келіссөздерді жүргізуге алдын-ала үлкен дайындық керек. Келіссөздерді жүргізуде мынадай кемшіліктер жиі кездеседі:

-«Немқұрайдылық» («Холодный запуск»): келіссөздің мақсаты мен маңызын, қиыншылығы мен салдарын терең түсінбеу. Бұл жағдайда келсіссөзді қарсылас басқарып кетеді де, сіз тек мақұлдаушы не тыңдаушы тарап болып қаласыз.

-«Алдын-ала жоспардың, бағдарламаның болмауы» («Отсутствие программы») : Қойылуы мүмкін максималды, минималды талаптарға дайын болмау. Келіссөзде ойыңызды алдын-ала жүйелеп алған дұрыс, болмаса оны қағазға түсірген жөн.

-«Ең бастысы өз пайдам!» («Главное, чтобы меня устраивало!»): тараптардың бірінің өз мүддесін барлығынан жоғары қойып, басқа тараптар үшін келетін пайданың қызықсыз болып қалуы. Өзімшілдік салдарынан тараптардың мүдделерінің тоғыспауы серіктестің келісім жүргізуге деген ынтасын түсіреді.

-«Бәрін өз бетімен жіберу» (Пускать все на самотек): серіктестің өзіне не керек, неге керек, қандай талаптар керектігін және қарсы тараптан күтілетін нәтижені болжай алмауы. Мұндай жағдайда келіссөз жүргізу тиімді болмайды.

-«Тіл табыса алмау» («Коммуникативные заморыши»): тараптардың бірінің дөрекілік, әдепсіздік танытуынан келіссөздің өз мақсатына жетпеуі. Мысалы: серіктестің сөзін тыңдамау (немесе тыңдай алмау); диалогқа түспей, монолог сөзбен сөйлеу; -іскерлік ұстамдылық таныта алмай, сабырсыздыққа бой алдыру, сезімге берілу; өзінің сөзін дәлелдемей, тек көзқарасының дұрыстығын өзінше алға тарту; хабарының болмауы, яғни жаңа деректер мен ұсыныстар ұсынбай, тек мәселені шешуге кедергі кетіретін бұрыннан мәлім көзқарастан аса алмау; екі жаққа да ортақ мүддені, пайданы ескермеу;

Жағдаяттық тапсырма!


  1. Сіз келіссөздесіз. Серіктесіңіздің ойларымен келісетініңізді қалай білдірер едіңіз? Сөздердің қатарын толықтырыңыз.




Иә, әрине...

__________

__________

__________

__________

__________

__________

__________

__________





  1. Сіз келіссөздесіз. Серіктесіңіз сіздің айтқан ұсыныстарыңызға келіспей жатыр. Өзіңізге сендіру үшін сөзіңізді қалай бастайсыз? Сөздердің қатарын толықтырыңыз.


Жақсы, мәселеге басқа қырынан келейік...

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________


  1. Келесі жағдайларда серіктеске қандай сөз айтар едіңіз?

Серіктес өзгелердің өзін маман ретінде бағалағанын қалайды –

_____________________________________________________________________________

Серіктесіңізді жақсы түсінгеніңізге көз жеткізгіңіз келді –

_____________________________________________________________________________

Серіктесіңіздің тәжірибесін бағалайтыныңызды білдіргіңіз келді –

_____________________________________________________________________________

Серіктесіңізге ойлануға уақыт бергіңіз келді –

_____________________________________________________________________________
7-тапсырма. Сіз келіссөздесіз. Тауарды жеткізу туралы келісім жасасып жатсыздар. Қарсы жаққа қандай сұрақ және қандай формада қояр едіңіз? Кем дегенде 3 сұрақты түрлендіріп қойыңыз.
8-тапсырма. Д.Карнеги іскерлік кездесуде ескеру керек 6 ережені ұсынады. Мәтінді оқып, қазақшаға аударыңыз. Пікір алысыңыз.
Правило первое: искренне интересуйтесь другими людьми.

Правило второе: улыбайтесь!

Правило третье: помните, что на любом языке имя человека – это самый сладостный и самый важный для него звук!

Правило четвертое: будьте хорошим слушателем. Поощряйте других говорить о себе.

Правило пятое: говорите о том, что интересует вашего собеседника.

Правило шестое: внушайте собеседнику сознание его значимости и делайте это искренне!

-Бұл ережелер бүгінгі таңда қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?

-Тағы да қандай ереже ұсынар едіңіз? (2-3 ереже жазыңыз)
9-тапсырма. Өзіңізді іскер адамның орнына қойыңыз. Берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беріп, қаншалықты тіл табысқыш адам екеніңізді анықтаңыз.
1. Сіздің әдеттегідей іскерлік кездесуіңіз болады. Кездесу жайын уайымдар ма едіңіз?

2. Сіз дәрігерге көрінуге жағдайыңыз ауырламайынша бармайсыз ба?

3. Мәжілісте, жиында немесе басқа шараларда баяндама оқуға, ақпарат туралы мәлімдеуге шығу туралы нұсқау сізді тығырыққа тірер ме еді?

4. Сіз өзіңіз бұрын-соңды болмаған, көрмеген қалаға іс сапарға шығу керек. Бұл іссапардан бас тарту үшін бар күшіңізді салар ма едіңіз?

5. Өз ойларыңызбен біреумен бөліскенді жақсы көресіз бе?

6. Көшеде біреу сізден өтінсе (жол көрсету, айтып жіберу, сағатты сұрау т.б.), ашуланар ма едіңіз?

7. «Әкелер мен балалардың» арасында проблемалардың барына, әр жастағы ұрпақтың бірін-бірі түсінуі қиын екеніне сенесіз бе?

8. Танысыңыз сізден бірнеше ай бұрын сұрап алған 1000 теңгені қайтаруға ұмытып кеткенін есіне салуға қысылар ма едіңіз?

9. Мейрамханада немесе асханада сізге сапасы сенімсіз тағам әкеліп берді делік – сіз тәрелкені ашумен ысырып қана қойып, үндемес пе едіңіз?

10. Бейтаныс адаммен жалғыз қалсаңыз, ол бірінші бастамайынша сөйлеспейсіз. Ол бірінші бастап сізбен сөйлессе де сіз қысылып, ұяласыз. Бұл рас па?

11. Сіз ұзыннан ұзақ кезекте тұрғанды ұнатпайсыз (дүкенде, кітапханада, әуежайдың кассасында). Өз ойыңыздан бас тартпай, өз кезегіңізді шыдамдылықпен күтесіз бе?

12. Тартысты жағдайларға қатысты комиссияның жұмысына қатысудан қорқасыз ба?

13. Көркем шығарманы, өнерді, мәдениетті бағалауда өзіңіздің жеке пікіріңіз бар және басқалардың пікірі сіз үшін еш маңызды емес. Солай ма?

14. Сіз өте жақсы білетін мәселеге қатысты бөтен жерде жаңсақ көзқараспен айтылған сөзді естідіңіз. Сөз таластырмай, пікірталастан қалыс қаласыз ба?

15. Жұмысқа, сабаққа қатысты мәселеде көмек көрсету туралы біреулердің өтініші сізді ренжітеді ме?

16. Сіз өз пікіріңізді ауызшадан гөрі, жазбаша түрде жақсы жеткізесіз бе?


-сабақтың соңында берілген жауаптарды оқып, өзіңіздің қандай адамның типіне жататыныңызды анықтаңыз.

-тіл табысқыш қасиеттер әр түрлі тағы да қандай адамдар болады? Жауаптарды оқып, пікір алысыңыз:

-тіл табысқыш және көпшіл қасиеттің арасында айырмашылық бар ма?

-Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Айналаңызда тіл табысқыш қабілеті күшті адамдар көп пе? Олар қандай?

2. Айналаңызда көпшіл адамдар көп пе? Олар қандай?

3. Айналаңызда тіл табысқыш, бірақ ашуланшақ, шыдамсыз адамдар бар ма? Оны бұл мінезін қалай білдіңіз?

4. Сіз білетін тіл табысқыш адам қандай адам?

5. Адамның тіл табысқыш, көпшіл қасиеті іскерлік кездесулерде қаншалықты көмектеседі?

Ойын ойнайық!


  1. Бір адам теріс қарап тұрады, қалған адам орындарын ауыстырады. Бір адам дауысын өзгертіп түрлі эмоциялық реңкте бір сөз айтады. Теріс қарап тұрған адам кімнің даусы, қандай мағынада айтқанын табады.

  2. Бір адам теріс қарап тұрады, басқа адамдардың бірі түрлі адамдардың жүрісін салады. Теріс қарап тұрған адам оның жүріс дыбысына қарап, қандай адамды бейнеленіп тұрғанын табады (Мысалы, жеңілтек адамның жүрісі, сенімді, сенімсіз адамның жүрісі т.б.). Кино кейіпкерлерінің жүрісін салуға да болады.


Глоссарий
Сақтандыру компаниясы – сақтандырушы рөлін атқаратын, яғни сақтандыру жағдайы болғанда залалды өтеу міндетін мойнына алушы ұйым. Сақтандыру компанияларының негізгі нысандары – акционерлік, қарыз беру, Ллойд компаниялары.

Сақтандыру тарифтері – белгілі бір кезең үшін сақтандыру сомасының өлшемімен есептелетін сақтандыру жөніндегі төлемдердің мөлшерлемесі.

Көтерме баға – мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар өздері өндірген өнімді халыққа емес, басқа кәсіпорындарға және ұйымдарға өткізетін баға.

Тапсырыс – фирмалар мен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жүзеге асыру мен реттеудің ұйымдық-экономикалық және құқылық түрі. Тапсырыстың аса маңызды түрі – өнімді өндіру мен беру, соның ішінде экспортқа шығару жөніндегі мемлекеттік тапсырыс.

Келісімшарт – тараптар арасында қандай да бір байланыстардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.

Нарық – экономика саласы, тауардың ақшаға айналу және керісінше ақшаның тауарға айналу процесі жасалады. Экономиканың әртүрлі саласында өндірілген тауарларды сатып алу-сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.

Бәсеке – өнім өндіру мен өткізудің жақсы, экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы бәсеке.
Тест сұрақтары
1. Келіссөздер қай стильде жүргізіледі:

А. Ресми іс қағаздар стилінде

В. Көркем публицистика стилінде

С. Публицистикалық стильде

Д. Ауызекі сөйлеу стилінде

Е. Әдеби стильде

2. Сөздің қисындылығы:

А. Өз ана тіліңнің ішкі мүмкіншілігін сарқа пайдалана алу.

В. Жеке сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық тұлғаны сөйлеу жағдайына сай, орынды қолдану.

С. Өзге тілдегі сөздерді қолданбау, тілді шұбарламау.

Д. Әдеби тіл нормасынан ауытқымау.

Е. Барлық жауаптар дұрыс

3. Сөз қисындылығы сақталмаған сөз қолданысы:

А. Кеше Алматыда грек-рим күресінен Азия чемпионаты ойындары басталып та кетті.

В. Ресейлік қонақтар біздерді ілтипатпен қарсы алды.

С. Жер тарпыған құлындай бұрын-соңды сынға түсіп үлгермеген 6 сазгер күміс жүлде мен Болгарияға курортқа путевканы жеңіп алып, саңлақ атанды.

Д. Мені кезекті демалысқа жіберуіңізді сұраймын.

Е. Барлық жауаптар дұрыс емес.

4. Берілген етістік синонимдердің қатарындағы келіссөздерде жұмсалатындары:

А. Қызығу, әуестену, құмарту;

В. Қыдыру, сенделу, шарлау;

С. Зерттелді, дәлелденді, негізделді;

Д. Қорытындылау, бітіру, аяқтау;

Е. Ғалым, оқымысты, көріпкел

5. Келіссөз жүргізуде қолданылатын қатар:

А. мәселе көтеру; талқылау; қайта қарау;

В. пәрменді қимыл; күш көрсету; бай мазмұн;

С. дәрежеге жету; жедел қарқын;

Д. көркемдік деталь; қарар қабылдау;

Е. келістік; бәрекелді; оқасы жоқ;

6. «Қоқан-лоқы, байбалам, құр сес» мағынасындағы сөз:

А. Бопса

В. Жаза

С. Қылмыс



Д. Қасірет

Е. Қаһар


7. «Бірігіп, тату болу» мағынасындағы фразеологизм:

А. Түтіп жеу

В. Түтін түтету

С. Түтіні түзу ұшу

Д. Түтін басы

Е. Түтіндеу

8. «Әлденді, қатайды, есейді, өзіне-өзі келді, күш жинады» мағынасындағы фразеологизм:

А. Буынына түсті

В. Буыны босады

С. Буына мас болды

Д. Буыны бекіді

Е. Буынын басып көрді

9. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді –

А. Құжат

В. Келісімшарт

С.Шарт


Д.Міндет

Е. Шара


10. Артық сөз:

А. Отандық нарық

В. Қазақстандық нарық

С. Ішкі нарық

Д. Қазақ нарығы

Е. Қазақстандағы нарық

11. Артық сөз:

А. Тиінді

В. Тиімді

С. Көлемді

Д. Өзекті

Е. Желекті

12. Келісімшарт... отыру :

А. -а


В. -ға

С. -та


Д. -қа

Е. -ты


13. Артығы: Келісімшарт...

А. –қа отыру

В. – жасасу

С. – ты талқылау

Д. – ты орындау

Е. – пен тиісу

14. Артығы:

А. Ұлғайту

В. Арттыру

С. Көбейту

Д. Ұзарту

Е. Өсіру


15. Сіздің компаниямен серіктес болу біз үшін үлкен –

А. Қуаныш

В. Мәртебе

С. Тиімді

Д. Пайдалы

Е. Сый


16. Артығы: Имидж –

А. –ді көтеру

В. –ді қалыптастыру

С. –ін түсіру

Д. –ін үйрету

Е. –жасақтау

17. Ең төменгі баға –

А. Көтерме баға

В. Бөлшек баға

С. Жеңілдетілген баға

Д. Арзан баға

Е. Тұрақты баға

18. Артығы: Қосымша...

А. Баға

В. Шығын

С. Шығыс

Д. Кіріс

Е. Салық


19. Келіссөздерде белсенді қолданылатын жақ көрсеткіші:

А. Мен


В. Ол

С. Біз


Д. Олар

Е. Сендер

20. Етістік тұлғасы: Тапсырысты көбейткіміз келеді –

А. Тәуелдік тұлға

В. Қалау рай

С. Бұйрық рай

Д. Өздік етіс

Е. Ортақ етіс



Бақылау сұрақтары


  1. Сөздің қисындылығы дегеніміз не?

  2. Сөз қисындылығына қандай талаптар қойылады?

  3. Сөздің стильдік, ситуативтік-контекстік, жеке тұлғалық-психологиялық қисындылыққа сипаттама беріңіз.

  4. Іскерлік қарым-қатынаста сөз қисындылығы қандай болуы керек?

  5. Келіссөз жүргізуде сөз қисынын қалай келтіруге болады? Келіссөзде сөздерді қалай қолдананорынды?

9-тапсырма бойынша қорсымша мәтін.



Жауаптары:

«Иә» - 2 ұпай, «кейде» - 1, «жоқ» - 0. Жауаптарыңыздан ұпай санын қосып, төмендегі адамдардың қайсысына жататыныңызды анықтаңыз.



30-32 ұпай. Сіздің адамдармен тіл табыса алмайтыныңыз айдан анық және бұл үлкен қасірет, себебі одан бәрінен бұрын өзіңіз көп жапа шегесіз. Жақын адамдарыңызға да оңай емес. Ұжыммен орындалатын істі сізге тапсыру қиын. Ашық болуға, өзіңізді өзіңіз бақылауға тырысыңыз.

25-29 ұпай. Сіз тұйық, сөзге кедей адамсыз. Жалғзыдыққа бейімсіз, сондықтан достарыңыз да аз. Жаңа жұмыс, жаңа қарым-қатынас сізге жағымсыз әсер етеді. Өзіңіздің бұл қасиетіңізді білесіз, сондықтан өзіңізге риза емессіз. Бірақ салыңыз суға түспесін, мінезіңіздегі бұл кемшілікті жою өз қолыңызда. Кейде сізді бір нәрсе қатты қызықтырса, «кенеттен» сөзшең болып кететініңіз бар емес пе? Тек кішкене сергектік қажет.

19-24 ұпай. Сіз белгілі бір деңгейде тіл табыса аласыз, бейтаныс ортада да өзіңізді еркін сезінесіз. Жаңа қиындықтардан қорықпайсыз.Сонда да жаңа адамдарға сақтықпен қарайсыз, айтыс-тартысқа құлықсызсыз. Кейде сөздеріңізде ащы қалжыңның көп болуы негізсіз. Бұл кемшіліктерді жою мүмкін екені кәміл.

14-18 ұпай. Сіз тіл табыса аласыз. Ізденімпазсыз, қызық тақырыпта сөйлесетін әңгімешіл адамды ден қойып тыңдайсыз. Қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз көзқарасыңызды еш қызбалыққа салынбай-ақ дәлелдей аласыз. Жаңа адамдармен кездесуге еш қиналмай барасыз. Сонымен қатар аса шулы ортаны да жақсы көрмейсіз. Шектен тыс нәрселер, дөрекілік, көп сөз сіз үшін жиіркенішті.

9-13 ұпай. Сіз көпшілсіз, әуесшілсіз, сөзшең адамсыз. Түрлі тақырыпта өз ойыңызды айтуға дайынсыз, ал бұл басқа адамдарға ұнамайды. Жаңа адамдармен тез танысасыз. Көпшіліктің ортасында болғанды ұнатасыз. Кейде орындай алмасаңыз да өзгелердің өтініші қайтармайсыз. Кейде тез ашуланасыз, бірақ қайтуыңыз тез. Бірақ қиын мәселелерге тап болғаныңызда сізге жетіспейтіні – тыңғылықтылық, шыдамдылық және батылдық. Егер шын ниеттенсеңіз, батылдық та көрсете алатыныңызға сеніңіз.

4-8 ұпай. Сіздің көпшіл адам болғаныңыз соншалық, әрдайым барлық нәрседен хабардарсыз. Басты қатыратын қандай қиын тақырыпта болмасын, айтыс-тартысқа түсуден бас тартпайсыз. Кез келген мәселеге біліміңіз тайыз болса да, өзіңіздің пікіріңізді білдіресіз. Орта талғамайсыз. Кез келген іске бел шешіп кірісесіз, бірақ оны әрдайым соңына дейін сәтті жеткізе алмайсыз. Сол себепті де әріптестеріңіз бен бастықтарыңыз сізге сақтықпен қарайды. Бұл ойландыратын жағдай емес пе!

3 ұпай және одан аз. Сіздің тіл табысқыштығыңыз сіздің басты кемшілігіңіз. Көп сөйлейсіз, сізге еш қатысы жоқ әңгімеге, кіріспейтін жерге килігесіз. Өзіңіз еш нәрсе білмейтін мәселелерді ойланбастан талқылайсыз. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да өз ортаңыздағы кикілжіңдердің басты себепкері өзіңізсіз. Ашуланшақсыз, өкпелегішсіз, көп жағдайда объективті емессіз. Салмақты, жауапты жұмыс сізге арналмаған. Жұмыста да, үйде де, барлық жерде де сізбен бірге болу адамдар үшін өте қиын. Өзіңіздің мінезіңізді қолға алыңыз! Өзіңізді ең алдымен шыдамдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеңіз, адамдарға сыйластықпен қарауға үйреніңіз. Әрине, өзіңіздің денсаулығыңызды ойлаңыз – бұлайша өмір сүрудің салдары қиын болады.
СОӨЖ тапсырмасы

Келіссөз жүргізуге қажетті нұсқаулық жазыңыз. Келіссөзді дұрыс жүргізуге қажетті ақыл-кеңес беріңіз.



СӨЖ тапсырмасы

Келіссөз жүргізу шеберлігі тақырыбында интернет көздеріне шолу жасап, келіссөз жүргізудің әмбебап жолын ұсыныңыз.


Қолданылған әдебиеттер

1. С.Бөрібаева. Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу. Оқу құралы. А: «Қазақ университеті», 2011. 321б.

2. Л.Дүйсембекова. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу. Оқу құралы. А: «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС, 2011. -400б.

3. М.Балақаев, М.Серғалиев. Қазақ тілінің мәдениеті. А: «Зият Пресс», 2004. -140б.

4. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. А: Мұраттас, 2005.-795б.

5. Фразеологиялық сөздік. А: Арыс, 2007. 800б.

6. http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/priodicals.


Құрастырушы: п.ғ.к., доцент м.а. Ж.М.Бектұрғанова
6-сабақ. Дипломатиялық әдеп және оны рәсімдеу.

Халықаралық қатынастағы іскерлік мәдениет.
Тірек сөздер: Халықаралық қатынас, жаһандану, дипломатиялық протокол, дипломатиялық нота, сенім грамотасы, құттықтау нотасы, дипломатиялық келісім, елші, төтенше, өкілетті, үкімет, сыртқы істер, дипломатиялық хат алмасу, жаһандық мәселелер, ынтымақтастық, әріптестік қарым-қатынас, жауапкершілік, тұғырнама, төзімділік, бас қосу, ортаға салу, бетін алу, қауіпсіздік, адам құқығы, уағдаластық


Халықаралық қарым-қатынаста әр халық дипломатиялық протоколда көрсетілген дипломатиялық әдеп ережелерін ұстанады. Дипломатиылқ протокол дегеніміз халықаралық қатынаста мемлекет және үкімет, Сыртқы істер ведомстволдарының басшылары, дипломатиялық өкілдіктер, ресми тұлғалар ұстануы тиіс жалпы қабылданған ережелердің, дәстүрлер мен шарттылықтардың жиынтығы. Дипломатиялық протокол ХІХ ғасырда Вена конгресінде ресми түрде бекітілді.

Дипломатиялық әдеп Ережесі – үндеудің, хат алмасудың, сондай-ақ ресми іссапармен келудің, кездесулер мен сұхбаттар, дипломатиялық қабылдаулардың және т.б. белгілі бір нысанын құрайды. Олар дипломаттың, мемлекеттік қызметкердің, бизнесменнің сыртқы келбетіне, олардың киіміне, мәнеріне, мінез-құлығына, ресми іс-шараларға және т.б. қатаң талаптар қояды.

Қазіргі заманға сәйкес дипломатиялық және іскерлік протоколдың Ережелерін, нормаларын сауатты меңгеру – қарым-қатынастың қолайлы климатын жасайды, дипломатиялық немесе экономикалық ведомствоның, сонымен бірге жалпы мемлекеттің беделін арттырады.
Халықаралық қарым-қатынас –

Дипломатиялық әдеп –

Үкімет –

Дипломатиялық өкілдіктер –

Ресми тұлғалар –

Жиынтық –

Ресми түрде –

Нысан –

Сауатты меңгеру –

Қолайлы –




ЕСІҢІЗГЕ САҚТАҢЫЗ!!!

Сөздердің орысша аудармасын



немесе мағынасын жазып алыңыз.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Құрметті медиа форум меймандары!

Ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді бүгінгі ҮІ Еуразиялық медиафорумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Еуразияның кіндігіндегі Алматыда әлемдік деңгейдегі қоғамдық ой-сана өкілдері мен майталман журналистердің жиналғандарына қуаныштымын. Жаһандық көкейкесті мәселелерді ортаға салып, оларды бірлесіп талқылап, ортақ шешімге келу үшін Сіздердің осылайша бас қосуларыңыз игі дәстүрге айналды.

Қазақстан Шығыспен Батыстың, Терістік пен Күнгейдің геосаяси векторлары мен мәдени ареалдары қиылысқан тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сол себепті де біздің стратегиямыз ұлттық және халықаралық процестердің өзара байланысына негізделген.

ХХІ ғасырдың ақиқаты шиеленіссіз келешек жөніндегі романтикалық қиялды жоққа шығарды. Халықаралық қатынастар жүйесі үдей түскен ғаламдық және аймақтық сипаттағы қауіп-қатер алдында әлсіз болып шықты. ...Бүгінгі әлемде жаһандық түйіндерді шешудің қарапайым жолы жоқ. Озбырлық тек зорлық-зомбылық туғызады. Ксенофобия, күдікшілдік және қорқыныш ХХІ ғасырдың жаңа обасына айналып келеді.



Жаһандық кеселдердің бетін қандай оң әрекеттер қайтара алуы мүмкін? Басы ашық нәрсе – әлемдік саясатта аса елеулі жаңарулар жүзеге асуы тиіс, халықаралық қатынастар мен халықаралық қауіпсіздік жүйесін қозғайтын жаһандық тетіктер өзгеруі тиіс.

Біріншіден, қазіргі дүниені біртұтас жанды организм деп ұғыну халықаралық саясатта жаһандық бәсеке парадигмасынан жаһандық жауапкершілік парадигмасына тұғырнамалық ауысуды талап етеді. «Жаһандық пайымды ой» мен «жаппай жауапкершілік» қағидаттарымен қаруланатын кез келді.

Екіншіден, мен халықаралық қатынастарда көпкіндіктілік ұғымын қайта қарап, оған сапалық жаңа реңк беру керек деп есептеймін. Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты негізгі ықпал ету кіндіктерінің бәрімен – Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, ЕО-мен, Үндістанмен, Араб елдерімен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

Халықаралық сахнада өзін ұстаудың үшінші қағидатының маңыздылығын мен текетірес моделінен қағидаттық түрде бас тарту және сенім мен стратегиялық үнқатысу режімін белсенді түрде қалыптастыру дер едім.

Төртіншіден, әлем қазіргі халықаралық қатынастардағы элитарлықтан эгалитарлық сипатқа қарай бет алуы тиіс деген терең сенімдемін.

Сөзімді қорытындылай келе, біз осынау Форумға адал болып отырғандарыңыз үшін сіздерге ризашылықтамыз. Осында әлемнің саясатшылары, әлемнің танымал журналистері жиналуының өзі Қазақстанға деген сенімді көрсетеді. Барлық талқылаулар бір-бірімізге деген төзімділік аясында өтеді және бұл біздің бәріміз үшін зор пайда әкеледі деген сенімдемін.

Ықыластарыңызға рахмет. Сіздерге зор табыстар және мықты денсаулық тілеймін.
Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз.


  1. Сөздерді аудармаларымен сәйкестендіріңіз.

Үнқатысу тотальная ответственность

Текетірес моделі бесконфликтное будущее

Қағидаттық глобальная ответственность

Ықпал ету кіндіктері многополярность

Көпкіндіктілік толерантность

Жаһандық пайымды ой романтические грезы

Жаппай жауапкершілік страх

Жаһандық бәсеке серьезнейшие трансформации

Жаһандық кесел чума

Жаһандық жауапкершілік принципиально

Тұғырнамалық ауысу глобальная конкуренция

Шиеленіссіз келешек конфронтационный модель

Романтикалық қиял глобальные механизмы

Әлсіз полюса влияния

Озбырлық, зорлық-зомбылық глобальная болезнь

Күдікшілдік насилие

Қорқыныш диалог

Оба уязвимый

Елеулі жаңарулар концептуальный переход

Жаһандық тетіктер глобальное здравомыслие

Төзімділік подозрительность



  1. Сөздік қорымызға сөз қосайық!


Мәтіннен келесі мағынадағы сөздерді табыңыз.


    1. Білім-ғылымнан жан-жақты біліктілік, білімділік _______________________

    2. Өз ісінің асқан шебері _______________________

    3. Баса-көктеп жәбір көрсетушілік, зұлымдық _______________________

    4. Заттар мен құбылыстардың практикада тексерілген анық бейнесі; 2) шындық, дұрыстық __________________________________

    5. Ауру, сырқат, дерт; 2) ұнамсыз дағды, жаман әдет; 3) қайғы-қасірет, мұң _______________________________________

    6. Техникалық механизмді жүргізіп, басқарып тұратын бөлшек, құрал, аспап; 2) түйінді мәселе, негізгі ой ___________________________

    7. Түр-түс, келбет, әр, өң; 2) мағыналық ерекшелік, сәл ғана өзгешелік _________

    8. Белгілі бір мүдделерді қорғауға бағышталған, ел бюасқарудағы ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың әрекеті, ұстаған бағыты ________________________

    9. Әдетке айналған салт-сана, ғұрып ________________________

    10. Жақсы, ізгі; 2) қайырымды, адал, таза ________________________

    11. Адамның ойлау жүйесіне ғана тән психикалық процесс; 2) орындалуы қиын, шындыққа жанаспайтын арман, мақсат, тілек _____________________

    12. Бір нәрсенің түйіліп, шиеленісіп байланып қалған жері; 2) қорытынды, байлам ______________________________

    13. Көзге түсерліктей, көрнекті, белгілі; 2) айтарлықтай, үлкен, ірі; 3) қадірлі

    14. сыйлы, құрметті, қалаулы ______________________________

    15. Бөлшектенбейтін, жымдасып кеткен; бір түтін, ажырамас ___________________




  1. Келесі фразеологизмдерді мағыналарымен жұптастырыңыз.




Көптің енші-үлесіне айналдырды

бетін қайтарды

1) Бір жерге жиналды, мәжіліс құрып, кеңесті; 2) бірігіп тұрмыс құрды, үйлі-боранды болды

бет алды

Сан жолдың түйіскен, көп жолдың ұласып, тоғысқан жері

басы ашық

Қарқынын басты, алған бетінен тайдырды; жолына тосқауыл болды; жігерін құм қылды; қолын қақты, меселін қайтарды

ортаға салды

1) Ап-айқын, даусыз, ешкімнің таласы жоқ; 2) бос; ешкімнің ортақтығы жоқ, қолы тимеген

тоғыз жолдың торабы

Бағыт алды, кірісті, ыңғайланды; көңіл берді, жүзін көрсетті

бас қосты




  1. Келесі сөздерді етістіктерге айналдырыңыз.




Талқы______

Қиылыс______

Негіз_______

Сипат______

Түйін______

Жаңа______

Қару_______

Есеп_______

Бағыт______

Қалып______

Қорытынды_____

Пайда______

Жоқ__ _______

Ықпал ______

Қарым-қатынас _______

Сенім __________

Пайда _________





  1. Келесі сөздердің қарама-қарсы мағыналарын жазыңыз.




Шиеленіссіз -

Әлсіз -

Бүгінгі -

Үдеу -


Қарапайым -

Жаңа -


Елеулі -

Сыртқы -

Терең -

Танымал -






  1. Келесі сөздерден зат есімдер (З.е.) мен сын есімдер (С.е) жасаңыз, мағыналарындағы айырмашылықтарды ажыратыңыз.




Жаһан_____

Күдікшіл_____

Озбыр_____

Зор_____

Әлем_____

Халықара_____

Қауіпсіз_____

Жауапкерші_____

Тұғырнама______

Көпкіндікті______

Сапа_______

Әріптес_____

Маңызды_____

Қағидат______

Стратегия______

Элитар______

Эгитар______

Ризашы_____

Төзімді______

Денсау______






  1. Мәтін бойынша келесі тіркестерді жұптастырыңыз.




  1. қоғамдық

а) деңгей

  1. Еуразияның

ә) қиял

  1. майталман

б) сахна

  1. көкейкесті

в) келешек

5) игі

г) елеулі

6) геосаяси

ғ) ареал

7) мәдени

д) вектор

  1. аса

е) ой-сана

  1. жанды

ж) сыртқы саясат

  1. жаппай

з) жүйесі

  1. романтикалық

и) кіндігі

  1. шиеленіссіз

к) организм

13) әлемдік

қ) дәстүр

14) қауіпсіздік

л) жауапкершілік

15) көпвекторлы

м) мәселелер

16) Халықаралық

н) журналистер

8) Мәтін бойынша келесі сөздермен жасалған тіркестерді жазыңыз және толықтырыңыз.



А) В)

9) Келесі сұрақтар бойынша пікір алысыңыз.

-Халықаралық қатынасқа қандай ерекшеліктер тән?

-Халықаралық қатынас тілінде қандай сөздер белсенді түрде жұмсалады?

-Халықаралық қатынаста сөйлеуші қандай мақсатты ұстанады?

-Халықаралық қатынас мәдениетін білу қаншалықты маңызды?



Доцент ж.ш.әбіш
Современная экономическая терминология
Мына сөз орамдарын қолдану тиімсіз:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет