Дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл



Дата23.01.2022
өлшемі14,76 Kb.
#129668
Байланысты:
зәр


Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.

Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.[1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей).

Зәр  — ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді.

Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары:  нефрит,  пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит  (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.



 
1.Зәр шығару мүшелерін ата. 

бүйрек, несепағар, қуық, зәр шығару өзегі.
2.Адамның бүйрегі қайда орналасқан, салмағы қанша, пішіні қандай? 

бүйрек құрсақ қуысында орналасқан, салмағы 150 г, үрмебұршақ пішінді жұп мүше.
3.Бүйрек арқылы бір тәулікте қанша қан ағады?  

Бүйректен тәулігіне1500 – 1700 л қан өтеді. Яғни әр 5 минут сайын ағзадағы қан бүйрек арқылы өтеді.
4.Қуық қандай қызмет атқарады? Сыйымдылығы қанша?

Құрамында зиянды заттары бар су бүйрек астауына, несепағар арқылы қуыққа жиналады. Қуықтың сыйымдылығы 400-500 мл.болады.
5.Зәр шығару жүйесі ауруларын зерттейтін ғылымды ата.

Зәр шыңару жүйесі ауруларын зерттейтін ғылым урология деп аталады. Емдейтін адам уролог деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет