Дөңгелек үстел тақырыбы: "Мемлекеттік тіл –ортақ қазына" /10 сынып оқущылары



Дата02.07.2018
өлшемі137,12 Kb.
#45444
№63 мектеп-гимназия

Дөңгелек үстел тақырыбы:

"Мемлекеттік тіл –ортақ қазына"

/10 сынып оқущылары/

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Булекпасова Б.Ш

Астана -2015ж
Тақырыбы: "Мемлекеттік тіл –ортақ қазына"»
Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу


Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары, баспасөз материалдары, слайдтар
Түрі: дөңгелек үстел

Эпиграф


«Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі».

(Н. Назарбаев)
«Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл».

(Әбіш Кекілбаев)
«Қазақ тілі - қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы».

(Асылы Осман)
«Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы».(Ш. Айтматов)

Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дүбірлетсін өңірді,


Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашуға рұқсат етіңіздер.Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді.Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!

Қуан далам, қуанатын күн бүгін,


Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,


«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл бағы,- дегендей, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған "Мемлекеттік тіл –ортақ қазына"» аттыдөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Ей, тәкаппар дүние,


Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтарымен таныстырып өтемін.

Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын "Тілім менің ғасырлардан аманат" тақырыбына арналған слайд - шоуға назар аударайық.

Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?
2. Тілдің үш тұғырлығы
3. Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?

Әр сұрақтан кейін оқушылардың жауаптары, пікірлері тыңдалады.

Жас ұрпақты мемлекеттік тілде мәртебесін көтеруде, оқытуда қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу барысында өзге ұлт өкілдерінің арасында өтетін "Абай оқулары", «Тіл - дарын», «Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі» атты сан - алуан сайыстар мен додаларға қатысып, республикалық, облыстық деңгейде жүлделі орындарға ие болып, мақтанышымызға айналған оқушылар да бар. Солардың бірі Верещягина Алина Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін қабыл алыңыздар.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" демекші, біздің ана тіліміз – атадан-балаға мирас боп жеткен асыл қазына. Қазақ тілін сүю, қадірлеу – ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз. Мағжан Жұмабаевтың "Қазақ тілі" өлеңін Беликова Карина оқиды. 

Оқушы ортаға шығады:

Күш кеміді, айбынды ту құлады, 
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады. 
Қыран құстың кос қанаты кьірқылды, 
Күндей күшті күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! 
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! 
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 
Таралған түрік балаларын бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!

Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік. 

 Мақал - мәтел оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аудару сайысы:



1 топ оқушылары. 
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ). 
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ). 
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең). 

2-топ оқушылары. 
1. Бал тамған тілден ... (у тамған). 
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 
5. Тіл қылыштан ... (өткір). 
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді). 
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді). 
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың). 
9. Тілден артық ... (қазына жоқ). 
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес). 

Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік. 

Викториналық сұрақтар: 
1-топ оқушылары
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным). 
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш). 
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат). 
6. Үстеудің неше түрі бар? (7). 
7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин). 
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы). 
9. «Орфография» қай елдің сөзі? (герк). 
10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 

2-топ оқушылары
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 
2. Абайдың туған жылы? (1845). 
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан). 
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл). 
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.). 
7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде). 
8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай). 
9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»). 
10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.). 


Қорытынды сөз: Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге - шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет