«Домбыра үйрену әдістемесі» (әдістемелік нұсқаулық)



бет4/4
Дата28.09.2019
өлшемі0,54 Mb.
#48945
1   2   3   4
Байланысты:
«Домбыра йрену дістемесі» ( дістемелік н с аулы )


Музыкалық қабілеттер

Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиеті. Бір сөзбен айтқанда, қабілет дегеніміз – ұғымталдық, зеректік, алғырлық, қағілездік, сезімталдық, байыптылық, табандылық, адалдық, еңбекқорлық және т.б. қасиеттердің белгілі деңгейде жетілген жиынтығы. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын бар қабілет жиынтығы дарыған оқушыны – дарынды, талант дейміз. Нышандардың жинағын дарындылық деп атайды. Бұл туа бітетін қасиет. Кейбір балалар оқуға түспей тұрып та қабілеттіліктерін танытады. Тек қана дарындылық жалғыз өзі уақытта дами алады. Қабілеттілік – шеберлікті тез игеруге алғышарт болса, шеберлік жолындағы еңбек талантының ұшталуына, жетілуіне, іске асуына көмектеседі. «Еңбек бәріне жеңбек» деген халық мәтелі әр уақыт асқан талантты деген домбырашының жадында болғаны дұрыс. П.И. Чайковский айтқан екен «Адам неғұрлым талантты болса, соғұрлым еңбекқор болуы керек», - деп.

Шеберлік дегеніміз білімнің еңбек арқылы іске асуы, өнердің қорытындысы. Болмаса естуі өткір адам музыкант болады деу өте қате пікір. Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысуын талант деп атаймыз. Музыка маманына керекті есту, есте сақтау, ырғақ қабілеттері бәріне жеткілікті дәрежеде болмайды. Осы үш қабілеттің ішінде ішкі сезімталдық естуі басым болса құба-құп. Барлық қасиетті де дамытуға болады, өте жақсы деген деңгейге де жетеді. Бірақ табиғаттан қанға беріліп, ана сүтімен дарығанға не жетсін. Музыкалық талант – музыкалық қабілеттердің ең биік шыңы. Ол - әсер, ес, ақыл, сезім, есту, ырғақ, есте сақтау. Жан танымдық зерттеулерге көңіл бөлсек, қабілеттер дегеннің өзі сыртқы әсерді қабылдап, оның жанда көрініс табуы. Бұл ми мен (нейрондар) жүйке тамырлары, талшықтары арқылы іске асады екен. Осы қабілеттердің жұмысын данышпан Абай үш топқа бөледі. Ақыл, сезім және қайрат. Осы үш топ арқылы сыртқы ортадан болған құбылысты әсер деп атайды. Бар адам баласы әсерлене алады, әсіресе құлақ нейрондары арқылы болатын, оның ішінде, дауыс, дыбыс әсері ең керекті құбылыс.

Әсерленудің жұғымды, жұғымсыз болуы әсерленудің қажыбы (тоны) деп аталады. Естуге байланысты жағымды дыбысты (консенанс), жағымсыз дыбысты (диссонанс) білеміз. М.Жұмабаев «Педагогогика еңбегінде» нейрондардың әсерді миға апарып жеткізуін, орналастыруын локолизация деп атайды. Әсерленуді туғызған себепті перцепция деп атаған. Яғни, музыкалық қабілеті жоғары адамдардың құлақ нейрондары музыкаға дыбыс арқылы локолизацияланады. Бұл әсердің музыкалық дыбыстан болғандығын анықтаймыз. Мұны перцепция деп атаған. Ал мұны бұрынғы болған тәжірибелермен толықтыру апперцепция болып табылады екен. Сыртқы сезім әсерленулерінің алты түрі бар: Көру, есту, сипау, тату, иіскеу, ет сезімі.

36

Осының бәрі түгел болғанда адам есі түгел болады: 1) есту, 2) көру сезімдері ең керекті сезімдер. Әрине мұнан басқасы керегі жоқ деген ұғым тумайды. Сипау, ет сезімдері музыка мамандары үшін қалыс қалмайтын сезімдердің бірі. Адам ән салса тамағымен (тіл), аспапта орындаушылардың барлығы үрмелі аспаптарда қол, ерін, көкірек демі, ал домбырашылар екі қол дейміз, алайда барлық дене мүшелерінің бірлікті қозғалысы арқылы жеткізетініміз кім-кімге болса да белгілі. Бірақ музыка маманы үшін есту мен көрудің өте жоғары болғаны дұрыс. Музыкалық оқу орындарына қабылдау емтихандарында жалпы музыкаға бет бұрған адамзат баласы бойынан негізгі үш қасиет іздейміз. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ол есту, есте сақтау және ырғақ. Бірақ бұл үшін қасиеттің бір баста түгел кездеспейтіндігі өте жиі кездеседі.

Ең бірінші кезекте – есту қасиеті. Есту қасиеті де негізінен табиғатынан берілген құба-құп. Бала жасынан есту қабілетін жолға қойса, нені көріп, нені есітіп өседі осы тұрғыда сезінуде дайындалады. Қазіргі заманда барша жұртшылық баласын домбыраға үйір ғып өсірмейтіні қақ. Есту арқылы жан сезіміне нерв талшықтары арқылы мида (перцепция) толқу болып, ес, ақыл арқылы шығарма мазмұнына керекті дыбыс бояуын беру үшін қимыл жасаймыз. Апперцепция құбылысы осы жерде туындайды. Бір мысал – біздің күйлерімізде табиғат, адам өмірі, жан-жануарлар бар тіршілік суреттелген дейік. Ауыл өмірінен бейхабар қала баласы сабақта отыр. «Бозшолақ», «Көкшолақ», «Нар идірген» тәрізді күйлерді білмегені былай тұрсын, елестете алмайды. Үстінде үйдің тұр еді мысық, қасына келді бір торғай ұшып, - әнін үйретіп бастайық. Күнделікті бәрімізде мысық та бар екенін ойласақ, бұл тұста да апперцепция қасиеті болмай қалады. Себебі бес онан да көп қабатты үйлерде тұратын бала бұл жағдаймен таныс емес. Әннің сөзін жаттатқызып, әуенін үйреткенмен әсерленуі, туғызған перцепция толқуы жалған, табиғи жолмен іске аспайды, қиындықпен алады. Қошақан, лақ, бота, құлын туралы әндер, күйлердің үзінділері түсініксіз. Баяғы ботаның көзіне ғашық боп, лақпен бірге құдықтың дересін тапаған, қозымен бірге ойнаған, құлынмен бірге жарысқан баланы таппақ түгілі, колледжге түсуге келгендердің өзіне ұлт өмірінің осындай ғажайып тұстары тарих болып тұр. Тіпті кейбір ұстаздарының өзіне де бұл кино арқылы таныс болуы мүмкін. Оқу құралдарынан басқа, көгілдір экран, радио, ақпарат құралдарының дұрыс жолға қойылуы да басты мәселе екені туындайды. Сонда да суретін көрсетіп, салғызып айтып беріп, орындап, тыңдатқызып апперцепция жоқ болса да, қиялымен елестете, ести алмаса да, перцепцияны қолдан жасағанның өзінде домбырашылар қауымын дайындауда көп болғанмен нағыз ауылдың иісі аңқыған қазақи, табиғи күйшілер бар. Ауылдан, қаланың және керісінше кіндігі ажырамауы күйші үшін маңызды оқиға. Өркениетті мәдениетті білу, жан-жақты білім алу басты шарт, бірақ жапырақ жайған еменнің тамыры әрі тереңдей беруі ұлт өнері үшін өте керек. Бастапқы баспалдақта балалар әсерінің перцепция, аперцепция құбылыстары әлсіз боп келеді. Өсе келе жаттығады. Сондықтан есту, көру сезімдері жақсы жолға қойылғаны абзал. Күйші алдында жағын таянып жатып күй тыңдаған баланың, кейін домбырашы болғанда табиғи күйші атына ие болып, құйма-құйма әдісіне жақын тұратыны да осыдан болса керек.

37

Мылқаудан соқыр болса да құлағы еститін адамның сезімдері, әсерленуі өте жоғары, сондықтан да ең бірінші кезекте есту қабілеті тұрады. Әр түрлі дыбыстарды адам, жан-жануар т.б. бәрі естиді. Есту қабілетін тәрбиелеуге болады, дей тұрғанмен кейде музыкалық дыбысты естіп айтқанмен, табиғатындағы бояуын, негізін, қасиетін ажырата алмайды. «Баланың есту сезімін ілгерілету үшін бесік жастан балаға музыка құралдарының үнін естірте беру керек.

Домбыраға түрлі күй тартып отырсаң, алдында отырған бала тырп етпей, шын ынтасымен тыңдап отырмай ма? Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін – бесік жыры. «Баланы қолына алған, баланың бесігі жанына келген ана үндемей отырмасын жырлай берсін. Бала сөзін ұқпаса да, күйінен әсерленеді. Жас балаға қазақтың «Әлди-әлди ақ бөпем» деп басталатын бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, әні де тәтті», - дейді М.Жұмабаев «Педагогика» деген еңбегінде. Үйде қоңыр домбыраның орнына, телевизор, магнитофон, т.б. техникалық музыка аспаптары сайрап тұрған, әлди-әлдидің орнына «баю-баюшкиге» құлағы үйренген балаларды да күйге үйретіп келеміз. Кейде бұларды асфальттың балалары деп те ұстаздардың атауына қарағанда қаланың қасаң тәртібіне түскен болашақ домбырашылар екенін білеміз. Өмір ағысымен, тынысымен тіршілік қылып домбыра өнерін оған қай бағытта, қандай деңгейде болса да, үйренуді ниет қылған шәкірттің бәріне оның бастауын ашуға тиіспіз. Жол ашар қабілеттің бірі есту арнайы жолға қойылады. Домбыраға тікелей бет бұруы мамандықтан басталады. 

Музыкалық есту қабілеті

Есту қабілеті дыбыс объектісін толық білмейінше, көзіне елестетпейінше беріле бермейтін қасиет. Дала баласының көргені, сезгені мен қала баласының таным-түйсігінде айырмашылық бар. Адам даусын, домбыраны естігенмен фортепиано дыбысын ажырата алмайтындар, болмаса керісінше жағдайлар көп. Есту қабілетінің түрлері көп. Ал, музыкалық есту дегеніміз құрамдас бөлімі өте күрделі ұғым. Мысалы, ең маңыздысы дыбыс биіктігін, мөлшерлік, есту (жоғары, төмен) ладтық, әуездік (жарқын, мұңды), оның ішінде, мақамды әуендік, көп дыбыстық, тембрлік және динамикалық есту (көптеген қалыптасқан сөздерді аудармауға тырыстық). Мұның қай-қайсы да музыка маманына өте қажетті маңызы бар. Кейде абсолюттік есту қабілеті бола ырғағы, есте сақтауы сәйкеспейтін кездер де жиі кездеседі.Сонда да мұны музыкалық дарындылығын көрсетеді деп есептейміз – ол сирек болса да бар.

Бірақ музыка мамандары арасында қалыптасқан ұғым бойынша бұл жай ғана мәдениет. Олар кейде жақсы естуі арқылы шығарманың дыбыстық қана құрамасын береді. Нағыз дыбыстық құбылыс олардан алыс нүкте-нүктемен жатады. Себебі дыбыс құдіреті жай ғана бір-бірінен кейін келетін дыбыс қатарлары емес, ол алыс аралықтарындағы тартылу заңдылықтары, олардың бір-біріне жымдасуы ең басты тіршілік осында. Сонда ғана ол ноталар тіріледі. Осылайша оқушыда абсолюттік есте болуы міндетті емес деп тұжырымдаймыз. Есту қабілетінің біз үшін тиімдісі – салыстырмалы есту. Салыстырмалы есту қабілеті бар адам – жоғарыда айтқан дыбыстың түрлерін, заңдылықтарын ажыратудың ең бір тиімді жолы.

38

Салыстырмалы естумен теңдес, бірінші, екінші деп бөлуге болмайтын қабілет іштей есту. Бұл өте-мөте музыка маманына қажетті қасиет. Іштей естудіңмаңызды екі жағы:

- есте музыкалық елестердің, бейнелердің сақталуы үшін музыканы дәл қабылдаудың мәні зор (ол жеке орындаушы ма, ансамбль ме бәрі бір). Ішкі есту қаншалықты болса, соншалықты музыкалық дыбыстың биіктік, бояулық, әуездік барлық бүге-шүгесі анық қабылданады,

- орындаушының өз орындауын анық сезінуі. Бұл – нағыз дамылсыз, ыждағаттылық, тұрақтылықпен тәрбиелеуді керек ететін қасиет. Әр уақыт шәкірттерімізге өзіңді тыңдамайсың деп реніш білдіріп жатамыз – мұның себебі – 1-ші іштей сезінбеуден, екінші естімеуден, беталды ойсыз орындаудан;

- үйретуші әр уақытта мына жерін былай орында, ал мына қағысты, дыбысты алу жолы осылай деп көрсетулерін, сөйлемді анық ойна, мына тұстан аяқта т.с.с. сияқты деген бұйрық райларды көбейткенше бірден өзін естуге, дыбыс тазалығын, мазмұнды бояуын, қағыстың ерекшеліктерін естуге баулыған дұрыс.

Дәл анық қабылдау, елестетудің санадан тыс, еріксіз жұмысын үдетеді. Сондықтан әрбір музыкамен айналысқан адамға іштей сезіну, есту, құйма-құлақтық керек.

Бұл қабілеттің де бес негізі бар:



- бір кезде естіген, бір орындаушының орындауындағы музыканы дәл еске түсіру, немесе есінде қалған бейнеден елес алу,

- өзінің соңғы ойнаған шығармаларын есіне түсіру. Бұл алға қарай жетілуге өзіндік сын, талдау болып есептелінеді;

- бұрын таныс емес шығарманың нота текстісін ойша оқудың негізінде дыбыстың болжамының қалыптасуы. Бұл өте күрдел, оңайлықпен келмейтін қабілет;

- дәл орындаушылық жүйенің қалыптасуы, шығарманың бір бөлігіне, буынына, композитор ойына шәкіртпен ұстаздың ойы қосылуы;

- орындау кезінде музыканың жандануы кейіптік нанымдылық, таңқалдыру. Бірақ та, берілген шығарманы орындап жеткізу үшін тек қана есту, мінез қазбалығы аздық етеді. Өте жақсы естуді қамтамасыз ететін шеберлік жетістігі болу керек. Сонымен қатар есту елесі өз қатарына шеберлік қажеттіліктерді шоғырландыруы керек. Ол пернелерді саусақпен басу реті, қимылдар, қағыстар, оң қолда қай саусақпен қағу, қозғалыста қолдың қай буыны басты маңызда болады, перне аралық қашықтықты мөлшерлеу, оған тірек нүктелері тағы сол сияқтылар. Есту елесінің мұндай таңқалдыратын құрамды жұмысын музыка мамандары ойлы, сезімтал, тапқыр, қағілез, ақылды тағы басқа да қасиеттермен мөлшерлейді. Егер саусақтары есепсіз жүрсе, ол орындаушыда есту қабілеті, оған керекті құрамды бөліктер қалыптаспаған деген сөз. «Әнді айта алмаған абалаған, домбыраны тарта алмаған сабалаған» деген халық сөзі осыдан қалған. Күй құдіреті Құрманғазының өзі де: «Динаның сол қолын, менің оң қолымды бір адамға берсе» деген түйінінде терең ғылым жатыр емес пе?

Бүкіл әлемдік өнер тұлғалары Бетховенді тыңдасақ: Ақылда естуден сес болмаса, саусақ дәрменсіз, ал Гофман: «Орындаушының саусақтары жайылып жүрсе, жетелеуге болмаса, еруге көнбесе ойдың піспегендігі, есту елесінен аулақ екендігін байқау қиын емес» - деген екен.

39

Орындау кезінде таңқалдыратын елес, қимылдар дыбыстармен шынында кіріге, тығыз бірлікте жүрсе – онда есту арқылы музыкалық орындаушылық мәселесінің шешілгендігі. Әрине, біздің бұл жинағанымызда айтпағымыз алғашқы кезеңдегі есту қабілетін тексеру, байқау, оны жетілдіру, жалпы жұмыс реті қақында болғандықтан тереңдеп бармай қысқаша жоғарыдағы есту қабілеттері жөнінде мәліметтермен тоқтауға тура келеді.

Есту қабілеті шамамен мына түрде тексеріледі:

- білетін әндерін айтқызу;

- қолда бар аспаппен әр түрлі деңгейдегі дыбыстарды анықтау;

- кейбіреулері аспап дауысын бірінші естігендіктен, ажырата алмай қалады. Үйреншікті дыбыс бояуымен байқау (адам дауысы, аспап);

- көп дыбыстың санын анықтау естісе бәрін, естіп алмаса, мүмкіндігінше біреуін анықтау;

- дыбыстың жоғары-төмен қозғалысын анықтату;

- мақамдық бояуды анықтау (көңілді, көңілсіз);

- белгілі бір үзіндігінің, шығарманың орындалуын естуі тағы с.с;

- дыбыс күшілік бояуды естіп мөлшерлеуі.

Алғашқы кезеңдегі есту қабілетіне берілетін бағыт бұрау тазалығына құлақ үйрету және перне басылу тазалығын үйрету. Саусақтарды пернеге қай тұстан, қалай қойғанда таза дыбыс алынады. Бұл мерзімде орындаушылық кезіндегі дыбысты есту табиғаты қақында айтуға ерте, ұстаз орындап бергеннің өзінде түсіне қоюы қиын, бейнелеп елестете алмайды, бірақ та дыбыстың бояуын, әуездік әрін есітуге үйрету басты шарт. Техникалық орындау кезінде де дыбыс бояуын есту әрқашан ұстаз назарынан тыс қалмағаны дұрыс. Әр уақыт қандай шығарма, қандай тапсырманы орындағанда да есту табиғаты осы баспалдақтан қалыптасады. Домбыра үйретуде есту қабілетін мынандай жағдайлар өсіретініне өмірде көз жеткізіп келеміз.

Құйма-құлақ

  Дәстүрлі орындаушылардың оң жақ ми жартысы жақсы дамыған деп мамандар дәлелдеді. Олар тіпті көзбен көрген, көрмейақ естіген әуендерін, күйлерін домбыраға еркін сала береді. Себебі анасының құрсағынан жерге түскеннен сол ортада өсті, құндағынан сол әуезді құлағына сіңіріп өмір жылнамасын бар болмысымен сезді.

Біздің жағдайымызда есту қабілеті әр түрлі әдістермен дамытылады:

- домбыраның әр буынында әндетіп айтқызу;

- домбыра үйренгеннен соң – дауысты үйренген әуенін пернеден іздеп тауып үйрену – есту қабілетін өсірудің бірден бір жолы;

- оқушы ойнай алмайтын кезде ұстаз өзі орындайды; 

- бастапқыда бір дыбыстан, біртіндеп көбейтіле береді;

- бұл кезде оқушылардың басым көпшілігі орта буын, үлкен кіші саға (1 октава до нотасынан 2 до, ми) жақсы естиді де, төменгі регистрді қабылдай бермейді. Осы бағытта жұмысты жандандыру керек болады. Себебі домбыраның негізгі репертуары – күй. Оның көпшілігі бас буыннан басталады.

Домбырашының құлақ құндылықтылығы осылай қалыптасады;

- төменгі және жоғарғы ішектегі әуендерді жекешелеп, бұл пернеаралық дыбыс даму байланысы жүйесіне үйрету;

40

- жай екпінде нотаны бірден оқытқызу. Перненің көтерілу, төмендеу қозғалысымен өрбиді; 



- дәлме-дәл дыбыс бояулық әрекетті іске асыру;

- буынаралық, пернеаралық байланысты сезіну. Осы арқылы пернеден дыбысты, нақышты таба біледі, сонымен қатар тез жаттайды, батылдық та осыдан пайда болады;

- әрине буынды, аудармалы есту бойынша табу – мамандық оқушыларының есту қабілетен өсірудің бірден бір жолы;

Жоғарыда аталып өткен психология ғылымы әр салаға бөлінеді. Бізге керектісі жалпыға бірдей психологияны жете меңгерумен қатар, көркем өнер психологиясы. Қазіргі заман жағдайында дәстүрлі халық педагогикасын, психологиясын сақтай отырып, дамыған орта, қоғам қағидасымен оқып, тәлім берген дұрысырақ болады деп ойлаймыз. Солай болып та келе жатыр. Нота сауаты, тағы көптеген пәндерді оқып білім алсақ – ол заман ағымы, жан-жақты білім алу қажеттілігі, терең танымды ұлағатты ұстаз дайындау қарекеті екені анық. Сонымен музыкалық орындаушылық шеберліктің ең бір керекті қабілеті – музыкалық есту мен қозғалыс бөлек-бөлек дамытылмай, бірлікте болуы шарт. Есту әр уақыт алғы шепте болғаны дұрыс. Осыған мінез қызбалығын, шынайы табиғи өмірдегі тектілікпен қосқанда ғана шығармада керекті мақсатқа жетеміз.

Ырғақтық сезімді айтпас бұрын, алдымен ырғақ жайлы толық түсініктеме жасаған жөн. Ырғақ термині өте жиі, әр салалы қолданылады. Мысалы: өлең жолының ырғағы, проза, қойылым, дем алу, адам организмінің ауысу, алмасу, ауытқу, жүрек соғуы, тіпті жыл мезгілдерінің ауысу ырғағы. Ырғақ деген түсінік көбінесе мерзім, уақыт ара қашықтығын көрсетеді, бірақ нақты жүйеленген түрде емес, астыртын, құбылмалы түсінік ретінде жиі қолданылады.
«Ырғақ – деп заңды түрде уақытқа бөлінген тітіркену процесінің тіркесуінен және олардың бір-бірімен алмасып келуінің, яғни акцентпен белгілі бір уақытта болуын атайды», - деп Б.М.Теплов тұжырымдаған. Бұл құбылысты күнделікті байқап жүрміз. Алдыңызға келген оқушының ырғағын тексеруге берілген ырғақты алақанымен немесе қарындашпен столға соғып қайталап береді.

Ырғақ табиғаты өте күрделі. Т.Л.Болтон – метроном арқылы оқушының 2/4 тактілі ырғақты естіп, табиғи түрде акцент қойып ырғақ жасағанын байқау арқылы: «Әр адам акцентті өзінше қойып, көңіл күйіне байланысты ырғақ жасайды» деп пайымдаған. Біздің даналарымыз кітапқа жазбаса да, ауызба-ауыз жеткен Дина шешейдің бір тұжырымын келтіре кетсек: «Күй – көкірек танысы, адам көңілінің айнасы» 2001 жылы Орал облысында фольклорлық іздестіру тобымен барғанымызда өз құлағымен естіген – Аманғали Оразқұлов ақсақал айтып берген еді. Ырғақтың көңіл күйге байланыстылығы шығады. Көңілсіз, қайғылы күйші қанша шалтты күйді орындағанмен жүрегі ырғағымен үндеспегендіктен сол керекті, тыңдаушыға жетер әуез болмайды. Әр орындаған сайын күйдің өзгешеліктері құлаққа келетіні сондықтан болса керек. Күйшілер кейде ұнаған тұстарын бірнеше қайталап, естігендері екпінін де қуыңқырап жіберетін тұстарын естіп жүрміз. Өте тез орындағанда ырғақ біркелкілікке ұрынады. Күйдің тынысы бұзылады. 1998 жылы мұрағаттардағы қордан компакт – диск құрастырылып, міндет маған жүктелген болатын. Халық күйі «Ақсақ құланды» тез орындалатын вариантын Қ.Медетов жеткізгенін барша қазақ біледі (аңызымен өзгеше түрін М.Өскенбаев әкелген).

41

Қ.Медетов нәубет жылдарында ерте кетіп, бізге Р.Омаров пен Н.Тілендиев орындауларымен жетті және студенттерге осы нұсқасын алға тартамыз. Арамыздағы Қ.Ахмедияровтың орындауындағы нұсқа бір төбе - өз орындаушылық қырларымен ерекшеленеді. Абай атындағы опера және балет театрында кезекті концертте 80-жылдары Қ.Тасбергеновтың керемет бір орындағаны есімде қалды. Тапсырма бойынша Р.Омаровтың орындауында алуым керек еді. 37-әр түрлі жылдарда орындалған әр түрлі нұсқаларынан мамандар Н.Тілендиевтің 1978 жылғы үнтаспасын бірнеше маман өте жақсы бағалады. Күйдің ырғағы көз алдыңызға бүкіл тарихын қойып береді. Күй концерттен жазылған. Тыңдарманның қабылдауының әсері зор. Орындаушыны көңілін көтеріп тастаса керек, екпін тез болса да ырғақ өте дәл шыққан. Күй көңілдің тынысы деген осы болса керек. Ырғақты сезіну жас шамасына, шығарма екпініне де байланысты болатынын тәжірибеден көріп жүрміз. Емтиханда міндетті түрде техникалық, жай және шертпе күйлер берілгенмен қай сахнада болса да, тез екпінді күйлер орындауға асық тұрады. Осы орайда Стенсон жай екпіндегі шығарманы орындау қиындығын, тез екпіндісін орындау оңай екенін алға тартқан. Себебі жай шығармада минутына 100-ге жетпейтін тықыл (акцент), тез шығармада 200-ге тарта тақыл болатындығында дейді. Алғашқы әзірде алып-ұшып тұратындығы да осыдан болса керек, ырғақ қалыптасу үшін санамалы жүйе тиімдірек екенін тәжірибеден көріп келеміз. Жалпы ырғақ түрлерін салыстырғанда – негізі бір қалыпсыз ырғақ – күйлерде жиі кезеседі. Бұл күй өлшем бірлігінің өн бойына өзгермелі болуынан туындайды. Өзгермелі өлшем ауытқу түгел дерлік күйлерде бар десек қателеспейміз. Бұл – күйдің табиғи құрылымдық қасиеті. Сондықтан да, күйлеріміздің тақырыбында теңдік өлшем өзгермеген жағдайда да сөйлемдер тең еместігін көру қиын емес.

Теңсіздік күйлер ырғағының негізі және табиғаты болып табылады. Осыдан бір қалыпсыз акценттік шығады. Бір қалыпсыздықта болады – суырып салмалықтан туындайды. Мұнан әр орындаушы күйде өзгерте береді, ырғақ өзгереді деген ұғым туындамайды. Орындаушының шеберлігіне байланысты техникалық әшекей өрнектік, т.б. бір қалыпсыздықта. Бұл ырғақтың бір қалыпсыздығы қазақ күйі стилінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады. 
Ырғақ – есту қабілетімен қатар қойылатын музыкалық қасиеттердің бірі. Ырғақ өлшеммен тығыз бірлікте. Күй өлшемдері ырғағы өзіндік ерекшеліктерімен әлі зерттеліп келе жатқан құбылыс. Күй ырғағы табиғаты күрделі, оны түсіну, түйсікте, бесіктен даритын, берілетін қасиет. Күйші атағын алатындар да осы күй тынысын ұққандар.

Батыс классикасы, кәсіби білім алғандар ырғағы өте дәл болады, ал нота сауаты жоқ халық орындаушылары еркін ырғақпен ойнайды деген пікірлер жиі айтылады. Еркіндік батыс, шетел музыкасында да бар. Мысалы: а) романтизм ағымына тән десек, біздің күйлеріміз романтикалық нағыз дәлелі. Шығарма мазмұнына байланысты ырғақтың ауытқушылық бір буын, сөйлем емес, бір ұяның ішінде де келеді. Музыка әлемінен енді-енді бастау алғалы тұрған балдырған ырғақ ұғымының мән-мәнісін түсіне бермейді. Қарандашпен белгілі бір ырғақтың бөлікті беру арқылы оқушы қабілеті ашылмай қалып жатады.

42

Ырғақты тәрбиелеу өте қиынға соғады деген пікірді ұстаздардың басым бөлігі алдыға қояды. Тәрбиелеуге көнбейтін қасиет жоқ. Ырғақ дүниесі шәкіртке қарапайым жүйемен басталып берілетін қасиет. Алғашқы сабақтарда жай екпінде, қарапайым өлшемдерді санатқызып үйрету арқылы қалыптасады. Осы алғашқы кезеңде дәл ырғаққа үйрету басты қажеттілік. Жекелеген әуендерді орындап, оның ырғағын қайталатқызып, дауысын келтіру, қол қимылымен, болмаса әуенге билеткізіп көрсету жолдары, жылдам, орта, жай екпінді күйлер, әуендерді орындап, қандай ырғақтық әсер алғанын байқауда ырғақ қалыптасуына жол ашады.

Алғашқы сабақ, бастапқы домбыраға үйрету мерзімінде ырғақты дәл ұстауға үйреткен жөн. Шығарма мазмұнына байланысты іске асатан ырғақтық өзгерулерге шәкірт бірте-бірте жетеді. Ырғақ қақында жазылған көп еңбектерге шолу жасасақ: Танымал музыка мамандарының ұзақ та ізденісті тәжірибелерінен, зерттеулерінен тұжырымдалған түйіндері бізге үлкен көмекші құрал. Мысалы: Н.К.Тифтикиди «Қазақ халқының домбыра музыкасы ырғағының заңдылықтары», Б.М.Теплов «Музыкалық қабілеттер психологиясы», С.Өтеғалиева «Особенности слуха исполнителей устной традиции» т.б. С.Өтеғалиева – бұл мақаласында кәсіби домбыра өнері және дәстүрлік сақталуы, күйлердің хатталуы, проблемаларын мұнан бірнеше жыл бұрын дұрыс көтерген. Қазір ол бағыттан толық дәстүрге қайта бет бұрдық деуге болады. Оған куә қазір енгізілген «Жеке күйші», «Суырып салма», Күй хаттау мамандықтары. Бұрын жылына 10-12 күй ойнаса, қазір жылына 40-тарта күй үйренеді. Дәстүр арқылы кеңістікке бет алу басым. 

Музыкалық қабілеттер жалпыға бірдей қасиет, оның әр халықта әр қалай болуы тұрмыс-салтына, жас күнінен естіген музыкасына, оның ырғағына байланысты. Сыған мен қазақты, болмаса грузин мен полякты тіпті де салыстыруға болмайды. Тікелей ырғақ қасиетіне, табиғаты жөнінде А.Жұбанов, Х.Тастанов, Қ.Мұхитов, М.Әубәкіров, Қ.Ахмедиаров, А.Жайымов еңбектеріне көз жүгіртсек: А.Жұбанов: «Әр орындаушы өз мінезін орындайды» дейді, яғни шығарма мазмұнына жақындата тұрса да, ырғаққа т.б. қасиетке орындаушы жаратылысының қатты әсері бар. Бұл домбырашылар түгел дерлік дирижерлар болғандықтан болар, орнықты, шегедей ырғақтың тәрбиеленуін алға тартады. Бірақ ырғақтың мазмұнға байланысты құбылуын жоққа шығармайды. Х.Тастанов 1-дәл, ауытқымайтын ырғақ қалыптастыруды қолдайды. Шығарма мазмұнына байланысты ырғақ табиғатына жіті тәрбиелеген шәкіртті өз-өзінен қиындықсыз келетінін түсіндіреді.

Ырғақ қақында Алексеев, Нейгауз, Цыпин т.б. атақты шетел ұстаз орындаушыларына сөз берсек:

  1. А.Д.Алексеев – бастауыш кластарда берілетін шығармалардың өзін дәл метрономдық ырғақпен орындауға болмайды, ол шығарманың өміршеңдігінен айырады десе;

  2. И.Левин – ырғақ музыканың жаны – ондағы бар тіршілік. Ырғақ бәзі біреулер ойлағандай түкке тұрмайтын нәрсе емес, кеменің қозғалтқышы сынды дүние;

  3. Цыпинның дыбыстарды уақыт бойынша ұйымдастыру бөлуді қандайда болмасын заңдылықтарымен келістіре музыка элементтерімен негіздеп, орталықтандырады.

43

  1. Ырғақ қалыптастыруы қиын қасиет болғанмен, өмірде тәрбиеге көнбейтін қасиеттер жоқ, ырғақ музыкалық сезім қабілеті, ырғақ сезімін қалыптастыратын үш құрамды бөлік бар.

Акцент, екпін, ұзақтықтардың уақыттық арақатынасы, сонымен қатар екпінді ырғақ. Екпінді ырғақ орындаушының алдына көркемдік маңыздылық және әр түрлі күрделі мақсаттарды қояды – екпінді ырғақ музыка танысы, тіршілігі – деген тұжырымын Г.Г.Нейгауз: «Музыканың танысын аңдағанда бәріне жан бітеді», - деп тереңдете түседі. Неміс психологы, теория зерттеушісі Штерн: «Ырғақтық сезім әр адамның, өзінің білетініне байланысты. Тіпті жүрек қағысының соғуы арқылы ырғақты байқауға болады», - десе, белгілі зерттеуші Т.Л.Болтон: «Әр адам акцентті өзінше қойып, өзінше ырғақ жасайды», - дейді.
Жалпы ырғақ, оны дамыту, табиғаты т.б. жай-жағдаяттарынан фортепьяно, скрипка, үрмелі аспаптар, дирижерлық мамандықтарынан өте көп жазылған. Өкінішке орай кәсіби өнерге жалпы танымдық, анықтамалық негізді осы тұжырымдардан алып, халықтық мектеп, ұлт өмір танысымен байланыстыра, біздің қанымызға біткен ырғаққа, тіршілік танысына қалам тартамыз. Сонда ұққанымыз біздің ән-күйіміздегі тіршілік тынысы ырғақтың өзіндік қасиеттері барлығы. Заманмен, өмір сүрген ортаға тығыз байланыстылығы. Өткен уақыт тілін ұқтыру, бүгінмен біріктіру, болашаққа жолдау ұстазға үлкен міндеттер, ізденістер жүктейді.

Музыкалық ырғақтың көркемдік мәні

Қазақ сайын даласында өткен заманда мәңгілік мәнді музыкалық мұра қалдырған қаншама ұлыларымыз болды. Асыл мұраның жетпегені бар екені ақиқат, бізге жетіп бүгінгі күні құндылығы былай тұрсын, ұлттық рухани биіктігімізді дәлелдеп әлемде дарынды адамзат баласы атанғанымыз да осы дараларымыздың арқасында. Рухани мұраны киіз кіпапқа жазбаса да, көкірек сарайында сақтап домбыра, қобыз, ән арқылы ұрпақтан ұрпаққа сыйлады. Дала консерваториясының әуенге хатталған саф алтындай мұрасын қалдырды. Өмірге қазақ деген ұлт пайда болғаннан бері ой-сана, салт-дәстүр, парасат пайымы, әлеуметтік өмір тынысы, наным-сенімі, діні, қайғысы, қуанышы, арқылы, фәлсафасы – мәдени мұрада табиғи ырғағымен жазылды. Ең ілгері дамыған аспаптық музыкамызды (домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер, жетіген, сырнай, ысқырық) күй деп атап, бабалар тынысын естіп, сақтауға тырысып келеді. Күй қақында алғашқы ғылыми түсінікті Қ.Жұбанов түйіндесе, қазақ кәсіби өнерінің асуы да, белесі-беделі де Ақаң есімімен байланысты. А.Жұбанов – заманды жалғастырған Алтын көпір. Ол өзінің зерттеу еңбектерінде он маман емес, бір уақытқа келмейтін қауымның игілікті ісін атқарды. Бәріміз бас қойып, бітіре алмай жүргенімізде де жасырмаған жөн. Домбыра үйрету әдісі пәнінің қай қырынан келсеңіз де, А.Жұбанов еңбектеріне үңілмей өте алмайсыз. Ырғақтың көркемдік мәніне келгенде де мына бір ойын жеткізбекшіміз: «Ақсақ киік» күйінің ырғағында үш аяқтап келе жатқан киіктің жүрісінің суреті бар. Бірақ күй тек ақсаған киіктің сырт суреті емес, жаралы жанның бәріне тән қиындық жағдайды, одан алатын ерлік, төзімділік, күрес қажеттігін суреттейтін күй, - десе, «Ақсақ құлан» күйінің бас буынында ырғағындағы баяу, бірақ нық қағыстарындағы ат тұяғының дүрсілі барын сезіндіреді.

44

Алғашқыдағы бөкен желістің ырғағында екінші дауыста өтетін тақырыптық әуен, сай-сүйегіңді сырқыратады, қандай музыка түсінбейтін керең құлақ болса да, бір трагедиалық оқиғаның барынан хабар береді. Орта буында басындағы лейтмотив құбыла, өршелендіре, жігерлендіре тартылады. Бірінші дауыста бөкен-желіс ырғағы емес, сатырлап шапқан құлан тұяғының сарыны келеді. Ал, екінші дауыстың ырғағында құланның үйірін көріп, «олжалы боламын» деген баланың ойына қарсы, «жоқ, ол ойың орындалмайды» дегендей, тағдыр тақырыбы бұрынғыдан да күшейіп, ажалдай аузын ашып, көлденең тартыла береді. Енді ең жоғары сағасында музыканың ырғағы өзгеріп, баяндау кезеңінен енді үлкен қақтығыс суреті келеді. Оның барлығы ладтық өзгеріс арқылы тыңдаушыға дәлелденеді. Қағыс та қаттыланып тасыр-тұсыр құланның сарыны бірінші дауыстың ырғағында тайға таңба басқандай анықталып естілсе, екінші дауыстың ырғағында алғашқы тақырып әуен тональдық кейпін өзгертіп, ол енді ажал аузындағы адамның жан шығар алдындағы ышқынған үнін береді, өмір мен өлімнің екі арасындағы арпалыстың суреті көз алдыңа келгендей болды. Ұйқы-тұйқы, талас-тартыстан кейін күйдің желісі сырғып, бас буынға бір-ақ шыққанда оқиғаның тоқ етері анықтала түседі. Бұрынғысындай емес, күйдің орта буынындағы қағыстар өзгеріп, біркелкі ырғақтан пунктирлі ырғаққа көшіп, лейтмотивті 2 рет қайталап барып, ең бірінші бөкен желісті ырғаққа келіп, баяулата келіп, аяңға түсіп, бірінші дауыста жүрістің бәрі тынып, тек үстіңгі ішекті түйе – талдылай қаққан дыбыс арқылы қаралы үн естілер – естілмес болып, хан баласын «о дүниеге» аттандырады» - дейді. 
Қазақ музыкасын зеттеуге біраз үлес қосқан П.Аравин «Дәулеткерей жйне XIX ғасырдағы қазақ музыкасы» деген кітабында Дәулеткерейдің «Ақжелеңінде» кездесетін кейбір «алғашқы ұялардың» Құрманғазының «Серпер», «Саранжап», Ұзақтың «Ақжелең», Түркештің «Көңіл ашар» күйлерінен кездесетін дыбыс ырғақтарын айта отырып, бірақ ондай ұқсастықтарынан шығарманы бір авторға таңдауға болмайтындығын дәлелдейді және де «Қыз Ақжелеңде» анық та айқын көңілді ырғақтың үлгілерімен келетін би сипаты белгілі орын алған. Дәулеткерейдің «Қос ішек» және «Қоңыр» күйлерінде триольді ырғақпен келетін марш екпінді кездеседі» , - деп жазды. Бағдарламалығы суырып салмалық туралы сипаттама бере келіп, ырғақтың құрылымын егжей-тегжейлі талдайды. Ол екі үлесті және төрт үлесті өлшемдердің, сол сияқты ¾ және 8/6, кей жағдайда алмасып отыратын өлшемдер жиі кездесетінін, ырғақтық формулаларды мысалға алады, дыбыстың тақ сандарға бөлінбейтіндігін (триольдан басқа) және көп ырғақтық құрылымдардың жоқтығын атап көрсетеді. 

Домбыра музыкасына теориялық талдау жасау жөнінде Н.Ф.Тифтикиди мазмұнды еңбектер жазды. Ол онда қазақ күйлерінің ырғақтық, өлшемдік және әуендік жақтарын зеттеді. Мысалы: «Қазақ халқының домбыра музыкасы ырғағының заңдылықтары» деген мақаласында домбырадағы музыкаға арналған шығармадағы ырғақ пен әуеннің байланысын ашуға тырысты. Музыка тілімен айтқанда домбырада ұзақтығы төрттен бірден артық дыбыстар ырғақ жағынан бөлшектеуді талап етеді. Күй музыкасы көптеген ырғақтық байланыстарды талдау жасау арқылы Н.Ф.Тифтикиди мынадай орынды қорытындыға келеді.

45

«Қазақ домбыра музыкасының негізгі ырғағы біркелкілік (равномерность) бұл ұзақтық қайшылығы жоқ, ең қарапайым ырғақтық сурет», - дейді және «күйдің атауына кіретін сөздер ырғағы көп жағдайда шығарманың өзіндегі бастапқы ырғақтық қозғалысқа қызмет етеді, бұл оның бағдарламасын анықтайды»,- деп жазды. Қорыта келе, жоғарыдағы келтірілген мысалдардан ырғақтың музыкадағы ең көрнекті роль атқаратынына көзіміз жетті. Кейбір күйлердің басталысындағы әуендегі кескіннің қайталанып орындалуының өзі кіріспе ролін атқарып, бара-бара шығарманың бүкіл ырғақтық негізінен құрайтын негізгі желіге айналады. Белгілі орыс ғылыми зерттеушісі Б.М. Тепловтың пікірі бойынша ырғақ музыкалық шығармадағы дыбыстардың белгілі бір уақыт аралығында алма-кезек ауысуы, музыкалық көркемдік тездету көп байқалады. Бұл әрине ырғақ желісін түсінбегендік. Ырғақсыз музыка болмайды. Ырғақ арқылы музыканың айтайын деген ойын, шығарманың негізін, тынысын бейнелейтіндігін естуге болады. Адам жүрегі бір қалыпты соғысынан қорыққанда дүрсілдейді, қуанғанда лүпілдейді, болмаса машина моторы бірқалыпты айналысынан жылдамдықты үдетсең тездейді және керісінше жарамсыз болғанда істен шығады. Шығарманың жүрегі, моторы ырғақ. Біз ғалымдардың домбыра күйлерінің ырғақ мәселесіне байланысты тұжырымдарын бекерге келтіріп отырғанымыз жоқ. 

Ырғақтың шығармадағы көркемдік мәніне қатысы бар қағидаларды айтып өтсек, күй атауының ырғақтық көрінісі: 

1. күй жанрына байланысты да ырғақтық желіс. Ақжелең, Желдірме, Қосбасар, Қоштасу, Шалқыма т.б;

2. күйге қойылған екпіндік көрсеткіш: байсалды, асықпай, жай, өте жай, орташа, тез, өте тез т.б.

Мұнда негізгі екпінді сөзге сол күй мазмұнына байланысты жақындата түсетін сын есім сөздер қолданылады. Мысалы: асықпай – мұңды, жай – ойлану; байсалды – тебіреніспен т.с.с;

3. күй бастан аяққа бір екпінде орындалмайды, әңгімені, ойды дұрыс жеткізудегі тыныс белгілері қандай роль атқарса, сол күйдің өн бойында осы құбылыс сақталуы керек. Тыныс белгілерінің орамды қолданылуы – күйдің ырғақ тұтастығымен, мазмұн тұтастығын беріп, тыңдаушыға жетеді;



4. ырғақтың көркемдік мәніне оң қол қағысының әсері жоқ емес. Күйде жалғыз немесе барлық саусақ іші-сыртымен келетін тұтпа қағыстар болады. Осы қағыстарды күй мазмұнына сәйкес ептілікпен, қимылмен алмаса, ырғақ бұзылады. Дәулеткерей «Құдаша». Кейбір домбырашылар тіпті тұтпайды, біреулері түгел жұдырық қояды. Екі жағдайда бірінші де құдаша мінезіне сәйкес емес, жалаң ырғақ, екіншісінде ауырлық, болмаса ерсілеу мінез береді. Қағысқа байланысты ырғақ шықпады, күй мазмұны орындалмады. Оң қолды жеңіл, сұқ саусақ тұсынан тұтқанда ғана межеден көрінеміз; 

5. оң қол қағысы келгенмен сол қол жауап бермесе, ешқандай ырғақ табиғатына ене алмаймыз;

6. ырғақ өлшемге байланысты да дұрыс жолға қойылмаса, күй хаттауда оның мазмұнын ашпайтын өлшемнің керегі жоқ;

46

7. ырғақтың дыбыс бояуы – динамикалық белгілерге байланыстылығы орындаушылар арасында p.mp.- белгілері келсе, ырғақты жайлату, қатайтқанда тездету көп байқалады. Бұл әрине ырғақ желісін түсінбегендік;

8. ырғақ көркемдік мәніне терең бойлау үшін сол заманның күйін, оның алған тақырыбын түсіну қажет. Осы орайда қала мен ауыл тұрмысының айырмашылығы шығады. Біздің күйіміздің басым бөлігінде дала тынысы, бұрынғы тұрмыс-тіршілігі бейнеленген. Алған біліміне, нота сауатына байланысты бәрі де орындайды. Тереңірек бойлап, сол уақытпен сырласу үшін өз жан-жақты ізденуінен басқа – басты міндет ұстазда қалады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қай мәселеде бірінші, екінші деп қойылмаса да, ырғақ-күйдің шешуші кілті. Музыка маманының күйшіге керек – маңызды қасиеті. Күй ырғағының күрделілігі соншалық – бір жинақпен қамтылмайды. Мамандардың әрдайым назарында болып, зерттеуді қажет етеді.

Ес – есте сақтау

Тіршілікте бар көрген, естіген білгенді жанның жоғалтпауы ес ес деп аталады. Осы сақталған нәрселерді бұрынғы түрімен жанның тірілтуі еске түсіру деп аталады. Ес болмаса адам өмірі мағынасыз, өмір, тіршілік алға жылжымас еді. Ес деңгейі әр адамда әр түрлі. Табиғаттан берілгенін былай қойғанда өскен ортасына, көрген тәрбиесіне тығыз байланысты. Кейбіреулер тез алып, тез ұмытады, жай алып, тез ұмытпайды, тез алады, бірақ ұмытпайды, шабан алып, тез ұмытады. Естің 2 және 3 түрінің адам үшін пайдалы айта келе ұлы М.Жұмабаев есті мынандай түрлерге бөледі. «Көру есі» және «Есту есі». Музыка мамандары үшін естің екі түрдің де маңызы зор. Кейде домбырашының қағыс, қимылы көз лдыңа елестетіп (әрине көргеніңнің) шығарманың көркемдік жағын келтіресің. Тіпті кейде көз бейнесінде қалған нотамен, 1 бет, 2 бет мына буын, кейбір дыбыс бояулық, әшекей өрнектер көз алдыңа келеді. Автобуста, дәлізде, көшеде демалып отырып, кітаптың сыртына, кез келген нәрсеге саусағымен шығарманы ойнап отырғандарды көз есіне сақтау ұмтылысы екеніне күмән жоқ. 
Есту есіне келсек – барлық музыка мамандары, музыкалық қабілеті жоғары маман емес адамдар, қарапайым адамдар ұнаған музыкасын есіне сақтайды. Ұмытылып қалғанның өзінде бірде қайтып оралады. Ішкі тыңшың қалғанның өзінде бірде қайтып оралады. Ішкі тыңшың күшті болса бір үздігі болса да қалай қайталап айтқаныңды өзің де білмей қаласың.

Күйшілік халықтық мектепте бұл екі түрдің мықты дамығандығын атап өттік. Әншінің дауысы, айту мәнерінен, күйшінің қағысы, сол қол қимылынан аты-жөнін естімей-ақ танып жататынымыз да осы есте жатталғандықтан. Есту есі – тұқым қуалайды деген пікірмен толық келісе алмаймыз. Біреуі күшті болуы мүмкін. Балалардың есі әлсіз, нәзік, әр нәрсеге қызыққыш, бірақ тез ұмытады. Сондықтан жастайынан екі қабілетті де бірдей дамытқан дұрыс. Әр үйреткен нәрсенің бала сезімін қозғайтын тұстары көп болуы керек. Домбырашы бабалар өткен мектепке көз жүгіртсек, бір-біріне домбыраны былай ұста деп үйретпеген, тіпті қарсы алдына отырғызып күй де бермеген.

Алайда таңды таңға жалғаған жыршылар, күйшілер, әншілеріміздің репертуарының молдығын еске түсірсек – мұндай ес қоры қазіргі алапат компьютерде де жоқ шығар. Жағдайы алғандары еріп жүріп ел аралаған, халықпен бірге тыңдаған, кейбір ұлыларымыз тек өзімен өзі болған.

47

Сонда да қолдары домбыраға тұра қалады және қандай әдемі. Қазір аптасына екі, одан да көп сабақпен үйретеміз, әйтсе де ортан қол домбырашы көп, көбінің қол қойылымы да дұрыс емес. Басты себеп бір жақты кеткен сыңайлымыз ба? Біздің ойлауымызша домбыра мамандығын жеткіліксіз оқытатын кейбір оқу орындарының олқылығынан. Негізгі нысана музыка факультеттері сынды жалпылама оқу орындарына түседі. Қайткен күнде де домбыраны үйрету, онда орындату мақсат болған секілді. Домбырашының бар қабілетін ашуға тырыссақ, соның бірі осы тақырыпта айтылып отырған есте сақтау қабілеті, көру есі, есту есі. Есте сақтау екі жағында бірге дамытып, көргенін орындағанда жеткізе алса, естігенін елестетіп көре алса, домбыраға сала алса, класта қойылған қалпын уйде айнаға қарап дәлдесе, бұл іспеттердің бәрі «Құйма-құлақ» әдісіне айтылды.

Есте сақтау қабілетіне мына құрамды бөліктер алға қойылса:

1) зейін;

2) байқау;

3) ойлау;

4)қимылдық;

5) орындағанын көру;

6) көргенін орындау т.б.

Музыка маманы, жалпы музыкамен айналысқан әрбір адамға есте сақтау қабілетінің, оның барлық түрлерінің маңызы зор. Есте сақтау қабілеті жақсы оқушының өнерде жолы болғандығы. Берілген шығарманы тез жаттап, өз репертуарын кеңейте түсіп, шығарма мазмұны үшін керекті басқа қажеттіліктер басқа көңіл аударады. Есте сақтаудың бар түрлері жақсы дамыған, өзара тығыз байланысты болса, қуанарлық жағдай, ал біреуі қалыс қалған кезде, екіншісі көмекке келеді. Музыкант үшін маңызды қасиеттің бірі – көз қапері. Сабақ кезінде есте сақтау қабілетін әдемі жоспармен өсіріп отырған дұрыс. Тек қана шығара жаттау үшін ғана емес, жүйелі түрде есте сақтағанды ести отыра, көкірек көзінен орын беріп жүрегінен шығарғанда ғана тыңдарманға жетеді. Сондықтан шығарманың бүге-шігесіне оқушы дендегенше құр жатқа сұрау, ұстаз тарапынан үлкен қателік болып саналады. Кейде талантты оқушылардың шығарманы тез жаттап келгені ұстазға үлкен қуаныш әкелері сөзсіз. Әрбір оқушының болашақ шығармашылық талабының, келешегінің шыңдалуы бір межеге жетуі үшін оның шарттарын белгілеп алған дұрыс. Ең маңызды факторлардың бірі - оқушыны музыкамен қызықтыра білу – ол оқушының елестерін музыка арқылы бере білуі, шығарма мазмұнын естіп, бар тебіренісімен жеткзуі. Уақыт өткен сайын, әр оқушы жұмыстың мән-мәнісін тани, оған терең үңіле өзінің кемшін тұстарын байқап, бақылауды сынауды үйренеді. Ұстаздың басты мақсаты – оқушыны өнерді түсінуге, оны игере білуге үйрету. Басқаша айтсақ оқушыға өнер әлеміне жол ашу, шығармашылыққа керекті қабілеттерін оята отырып, шеберлік шыңын ұштау, жабдықтау. Егер ұстаз шығарманы қалай орындау керек екенін көрсетумен шектелсе, оқушыны өнер әлеміне шығару қиынға түседі. Бұл жағдайда шығармамен жұмыс мақсат, мүддеден аулақтайды. Әрбір орында қойылатын талар, ойлы берілген тапсырма оқушыға қандай да болмасын бір сапалы, шешімге жетуіне жол ашқаны дұрыс. Шығармашылыққа үйретуге болмас, бірақ белгілі бір мақсатты шығармашылықты жұмыс істеуге үйретуге әбден болады.

48

Орындаушы жұмысының бұл күрделі қызметіне ұстаз жетекшілік етуге мүмкіндігі де бар және тиісті.

Ұстаздың орындап көрсетуі әр уақыт жетістіктер әкеле бермейді. Дәл көшіріп ала қою қарапайым құбылыс емес, жіті тыңдауды керек қылады. Халықтық мектеп құйма-құлақ әдісі қазіргі шәкірттер үшін қонымсыздау, себебі ауыл және қала баласы да дайын нәрсені қабылдап үйренгендер. Радио, көгілдір экран, бейне үн таспалардан тыңдай сала, көре жүре дағдыланғандықтан ешкім де жоққа шығара қоймас. Тек сырт көрініс қимыл, қағыстарын ала қалған күннің өзінде де оның түпкі мәнісіне түсіне қоймайды. Өз алдына қойған мақсатына, аспабына, үйренгелі отырған үлкен өнерінің негізіне, оқушының қиял-елесін шығарма мазмұнына сілтей алған ұстаз көрсетуі пайдалы болмақ өз күшімен, өз ізденісімен, пәрменді қызметімен жете алады. Ұстаздың бәрін дайын жеткізген сабағы оқушыны ізденіске түсірмейді. Ұстаз өнер негіздеріне үйретіп қана қоймайды, көкірек көзін ашады. Оқушының мінез-құлқы, ішкі жан дүниесі көркемдігінің жетекшісі. 

49

Қорытынды

Өнер-адамзат баласының бүгіні мен болашағы, сонау есте жоқ ескі күндерінің арасын үзіліссіз байланыстыратын күн мен түннің арақатынасы сияқты мәңгі ажырамас егізі. Кемеңгер Абайдың сөзін сабақтасақ, «туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген өмірлік қағиданың тіні тарқамақ. Өткен күндерден жеткен інжу-маржандар көне тарихтан осылайша тағлым береді.

Қазақтың сайын даласы қай кезде де өнерге кенде болмаған. Ұлан ғайыр аймақтың, әр өңірдің өзіндік ерекшелігі, белес-бедері, үні,әуезі, бояуы, екпіні бар. Әрине, өнер ауқымы кең, әрі сан-саласы екендігі де белгілі.Қазақ даласының өміршең өнерінің бірі – күй. Қатты мұңы – көктен түскен жасындай, сырлы мұңы – таудың тілсіз тасындай, ащы мұңы көздің кермек жасындай.

Қазағымның ғұмырына нәр берген де, азаптан арашалаған да, алдынан жарқыраған ай боп туып, алысқа шақырған да, асудан асырған да, жауға шапса семсеріне күш берген де арғы – бергідей бар болмысының күре тамыры – құдіретті күй. Күйде ұлттық рух бар.

Күй қазақтың өмір қазығы – ұлықты ұраны. Дарабоз дархан күйді де, күйшіні де өмірге келтірген, оған ұзақ өмір, мәңгілік мәнсап, биік тұғыр берген де халық.Сондықтан күй халқымен бірге жасап, ғасырды ғасырға жалғап, өрелі өрімдерінен болашаққа бойтұмар тағып, өзі де өзіне табынғандармен бақилық ғұмыр кешуде. Сонымен бірге, қазақ халқының күйшілік дәстүрінде, күй өнерінде тармақты күйлер айрықша орын алады.

Сондықтан бұл жұмыста күйлер туралы, домбыра үйрету әдісі, болашақ домбырашы ұстаздарды даярлау турасында арнайы сөз қозғап, ой өрбіткен жөн деп санадық. 

Қорыта келе осы құдіретті күйдің пайда болуы, дамуы мағынасы жөнінде керемет ой түйген белгілі ғалым Қ.Жұбановқа жүгіне кеткен жөн. Ол өзінің «қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы нәсілі» атты еңбегінде мынадай пікірін алға тартады «Қазақ музыкасы шығармаларының ішіндегі ең ірі жанрдың бірі-күйлер.

Композиция жағынан, музыка мәдениетінің басқа өлшеулері жағынан қарағанда да, күйлер халық музыкасының жетіскен ірі тарауы екендігінде дау болмауы керек. Қазақтың өзі де күйді ерекше бағалайды:онда айтып тұрған әңгіме,сөйлеп тұрған сөз болмаса да, күйлердің өзінің музыка тілі халыққа сондай жақын, сондай түсінікті, оны сол тілсіз түрінің өзінде жақсы таниды. Басқа халықта да күй атаулы шығармалар бар, бірақ оларда әнмен бимен араласып жүреді. Жан-жақты жетілген, дамыған күй тек қана біздің қазақ ұлтына тән өнер.

Әр аймақтың өзіне тән күй ойнау, күй шығару, таралу тәсілі бар. Сонымен де, сапасымен де көзге ұратын домбыра күйлері өзінің тақырыптық ауқымымен, сазымен, әуезімен, мазмұнымен, жетілген белгілі нысанымен ерекшеленеді. Адамзат және коғаммен күй дамуы қапталдас өрбіп отырған». Сөйтіп, тұжырымдай келе, күй – халықтың қадір-қасиетті, ділі, тілі парқымның дегендей, заманымыздың өміршең өнері бүгінгі күнге дейін сақталып, өміріміздің қазығы, ұлықты ұраны болып қала бермек. 

50

Қолданылған әдебиеттер

1.Қ.Ахмедиаров «Күй – ұран» – Алматы, 2001. – Б.336
2.С.Балмағанбетов «Қазанғап» – Ақтөбе: ЖШС «Ақжар - АБК», 2005. – Б.120
3.Б.Жүсіпов «Ж.Байсын күйлері» оқу құралы. – Алматы: «Ғылым», 2000. 
4.А.Тоқтаған «Құрманғазы» – Алматы: Білім, 2005. – Б. 216

5.А.Райымбергенов, С.Аманова «Күй қайнары» – Алматы: - Өнер, 1990. – Б. 288

6.М.Ермекбайұлы «Күй маржаны» – Павлодар. – 1999. – Б.288

7. К.Сахарбаева «Атырау ән-күй мұхиты» – Алматы: «Дайк Пресс», 2001. – Б. 21

8.К.Сахарбаева «Домбыра дастан» – Алматы: - Мектеп, 2002. Б.43

9.А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» – Астана, 2002. – Б.832

10. А.Тоқтаған «Тәттімбет және Арқа күйлері» – Алматы: Білім, 2005. – Б.184

11.К.Сахарбаева «Дәстүр ізімен» – А., 1997.

12.А.Райымбергенов «Қазанғап Ақжелең», Алма – Аты, «Өнер» 1984ж.

13.С.Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап» «Өлке» 2001ж.

14.А.Райымбергенов, С.Райымбергенова «Күй қайнары», «Өнер» 1997ж. 

15.А.Есенұлы, Г.Елеусізқызы «Күй керуені»., «Өлке», 1997.

16.Ө.Спанов. «Домбыра үйренейік»., «Әуен», 1992.

17.А.Жайымов, С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі»., «Өнер», 1992.

18.Л.Хамиди, Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі»., «Өнер», 1983

19.Қ.Дүйсембінова «Музыкалық білім беру педагогикасы» – Талдықорған,

2006.Б.86-164.

20.И.Аравин., Б.Ерзакович «Қазақстанның музыка мәдениеті» – Алматы, 1957. – Б.4 – 68 

21.Қ.Мерембаев «Домбыраға арналған хрестоматия» Қарағанды, 2003
22.У.Бекенов «Күй табиғаты»., «Өнер», 1981

23.Х.Тастанов «Домбырадан сабақ беру әдісі»., «Жазушы», 1970

24.Т.Мерғалиев «Домбыра сазы»., «Жазушы», 1972

51

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет