Дұрыс тамақтану дегеніміз не: заманауи көзқарас



бет3/8
Дата08.09.2022
өлшемі170,93 Kb.
#148967
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Материалы (копия)


Бірінші функциясы – энергиялық. Тамақ - адам үшін энергияның жалғыз көзі, ол тіпті толық тыныштық жағдайында да айтарлықтай мөлшерде жұмсайды. Қоректік заттардың алуан түрінен тек нәруыздар (аз дәрежеде), майлар және көмірсулар ғана энергия тасымалдаушылары болып табылады.


Тағамның екінші функциясы - пластикалық. Тірі организмде өзара байланысты екі: ассимиляция және диссимиляция процесстері жүреді. Ассимиляция организмді пластикалық заттармен (көп мөлшерде-нәруыздар, аз мөлшерде-минералдар, майлар және көмірсулар) қамтамасыз еткенде ғана жүзеге асады.
Үшінші функциясы - биореттеуші. Тамақ құрамында тіндердегі заттек алмасудың биологиялық реттегіштері – ферменттер мен гормондарды түзетін заттар бар. Ферменттер мен гормондардың түзілуінде нәруыздар мен дәрумендердің рөлі ерекше. Организмнің өмірлік маңызды көріністерінің негізі ретінде нәруыздардың ферментативті белсенділігі маңызды болып саналады. Дәрумендер метаболизмге тек ферменттердің бөлігі ретінде ғана емес, сонымен қатар дербес қатысады.
Төртінші функциясы - бейімделу – реттеуші. Әрбір қоректік зат организмнің әртүрлі жүйелерінің бейімделу-реттеу қызметінде ерекше рөл атқарады, олардың ең маңыздылары ас қорыту аппараты, шығару және термореттеуші жүйелері. Мысалы, тағамдық талшықтар (клетчатка, пектин және т.б.) ас қорыту жолдары қызметінің негізгі реттеушісі, нәжістің организмнен шығарылуын қамтамасыз ететін функционалды жүйе қызметін атқарады.
Бесінші функциясы - қорғаныс және қалпына келтіру. Организмнің инфекцияларға және басқа да зиянды әсерлерге төзімділігі тамақтану сапасына, әсіресе оның нәруыздық және дәрумендік құрамына байланысты. Науқастарды тиімді сауықтыру (денсаулығын қалпына келтіру) үшін тамақтану негізгі фон болып табылады. Бұл бұзылған метаболизмді қалыпқа келтіруге, тіндерді қалпына келтіруге, сауығуды жылдамдатуға, рецидивтердің алдын алуға және аурудың жітіден созылмалыға өтуіне ықпал етеді.
Тағамның алтыншы функциясы - сигналдық-мотивациялық. Тағамдық мотивация (тамақ ішуге құштарлық) хош иістендіргіш заттар мен ащы көкөністерді тұтынғанда күшейеді. Олар тағам орталығындағы тағамдық қанығу жүйесінің буындарын қоздырады. Сырттай бұл тәбеттің ашылуымен сипатталады.
Азық-түліктің энергиялық функциясын негізінен нан, қант, май және т.б., пластикалық – ет, балық, сүт, жұмыртқа және т.б., биореттеуші, бейімделу-реттеуші, қорғаныс және қалпына келтіру функциясын – көкөністер, жемістер, жидектер, жануарлар мен балықтың бауыры, ал сигналдық-мотивациялық - хош иістендіргіш заттар, пияз, сарымсақ, ақжелкен және басқа да ащы көкөністер қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет