Дќрiстi жзЋргiзу жоспары



бет3/3
Дата30.10.2022
өлшемі271 Kb.
#155703
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 тақырып

Заттардың жіктелуі.
Химиялық элемент деп белгілі бір қасиеттер жиынтығымен сипатталатын атомдардың түрін айтады. Химиялық элементтер бір-бірімен әрекеттесіп әр түрлі қосылыстар түзеді. Бұл қосылыстарды құрамына қарай жай және күрделі заттар деп бөледі. Жай заттар бір элементтің атомынан түзіледі. Күрделі заттар әр түрлі элементтердің атомдарынан тұрады.

Әрбір элемент ең болмағанда бір жай зат түзеді. Кейбір элементтер бір емес, екі немесе бірнеше жай заттарды түзуі мүмкін. Бұл құбылысты аллотропия деп атайды.


Аллотропия – ол бір элементтің бірнеше қарапайым зат түзу құбылысы. Бір химиялық элементтен түзілетін бірнеше жай заттарды аллотропиялық түр өзгерістер дейді.
Мысалы, көміртегі химиялық элементі алмаз, графит, карбин деп аталатын үш жай зат түзеді. Алмаз - мөлдір, өте қатты, графит – сұр түсті, үйкегенде із қалдыратын жұмсақ, ал карбин – аморфты күйе тәрізді заттар. Үшеуі де көміртегінен тұратын бұл жай заттардың физикалық қасиетіндегі айырмашылықтар, олардағы көміртегі атомдарының орналасу ретіне байланысты.

5. Сабақты бекіту, қорытындылау


Химияда қарастырылған шамалардан басқа ерекше физикалық шама – зат мөлшері пайдаланылады. Ол осы заттың құрылымдық бөлшектері (атомдар, молекулалар немесе басқа бөлшектер) санымен анықталады. Зат мөлшері (яғни моль саны) латын әрпі n немесе грек әрпі v (ню) арқылы белгіленеді. Ал зат мөлшерін моль бірлігімен өлшейді.

Пән оқытушысы ___________ Э.А.Байбазарова


Әдіскер ___________ А.Шапазылова



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет