ДшжС-212топ Абулхасенова Назерке Спорт психологиясы психология ғылымының қолданбалы тармағы ретінде



бет1/3
Дата27.10.2023
өлшемі17,45 Kb.
#188855
  1   2   3
Байланысты:
ДШЖСП 1 (1)
631616f3cc491, дооккумкнт, Lab 3

ДШжС-212топ
Абулхасенова Назерке

Спорт психологиясы психология ғылымының қолданбалы тармағы ретінде


Спорт психологиясы жаттығу және жарыс жағдайларындағы жеке адамдар мен ұжымның психикалық қызметтерінің заңдылықтарын зерттейді.
Спорттық қызмет өте ерекше: ол басқа қызмет түрлерінен, 1-ден, алға қойған мақсатымен, 2-ден, мақсатқа жетудің тәсілдерімен ерекшеленеді.
Спортттық қызметтің аймағы – бұл жарыстарға дайындақ (жаттығулар) және оған қатысу. Бұның бәрі спортшыдан арнайы сапаларды, дағдыларды, білім мен іскерлікті, рухани және дене күшінің жеткілікті шидамдылығын талап етеді.
Спортшылар командалары мен топтарының ішіндегі қарым-қатынас та өте ерекше, сол себепті оларды басқару арнайы білім мен іскерлікті талап етеді. Сондықтан да, спорт психологиясы өзіндік зерттеу нәтижелерін негізінде ала отырып, жалпы психологияның қағидаларына сүйенеді.
Спорт психологиясының ішінде психология мынадай бөлімдерге бөлінеді:
1. Спортқа тәрбиелеу және оқыту.
2. Спортшылардың физикалық, техникалық күнделікті дайындығы.
3. Спорттық психогигиена, психодиагностика, спорттық ұжымның психологиясы, жеке спортшының, жаттықтырушының, спорттық командалардың жетекшілерінің психикалық ерекшедіктері.
Спорт практикасында жеке спорт түрлерінің ерекшеліктері мен оқылатын бөлімдерінің маңызы өте зор. (жүзу психологиясы, оқпен ату психологиясы, футбол, шахмат т.б.) спорт психологиясына жеке спорт түрлері бойынша жарыс уақытында болатын проблемаларды шешу ерекше орын алады.
Спорт психологиясы ерекше жағдайларда жаттығулар мен жарыстарда жаттықтырушы мен спортшылардың психикалық ерекшеліктерінің заңдылықтарын ашуға бағытталған. Мұнда әртүрлі арнайы психилогиялық әдістер мент тәсілдердің көмегімен жарысқа дайындық кездерінде және сайысқа қатысуда спортшының белсенділігі мен өнімді нәтиже беруіне жәрдемдесіп, психикасына әсер етеді.
Спорт психологиясы ғылымның ең жас тармағы болса да, өзіндік даму тарихи бар ғылым.
1) Дамудың бірінші кезеңі – дүниеге келу кезеңі. Спорт психологиясы бұл кезеңде негізінен спорттық қызметтің психологиялық көрінісін суреттейтін танымдық-бейнелік пән ретінде көрінді. Бұл кезең танымдық бағытта болды. Алғашында, физикалық жаттығулармен шұғылданудың адам психикасына тигізетін әсері жайлы қарастырылды. Кейін келе бұл ғылымның зерттеу аясы кеңи түсті.
Бұл кезеңде спорт қызметіндегі танымның рөліне, спорттық қозғалыс дағдының, танымдық, эмоциональдық және күш-қуаттық қасиеттердің ерекшеліктеріне, осы аталғандардың спорттағы алатын орнына және де жарыс алдындағы және жарыстағы психикалық қалыпты зерттеуге ерекше көңіл бөлінді.
Спорт психологиясының дүниеге келуі негізінен екі мектеппен байланысты:
1) Москва қаласындағы В.И.Ленин орденінің иегері Мемлекеттік орталық дене мәдениеті Институтымен (жетекшісі профессор П.А.Рудин)№
2) Ленинград қаласындағы екі мәрте орденмен марапатталған П.Ф.Лесгафта атындағы Мемлекеттік дене мәдениеті институтымен (жетекшісі профессор А.Ц.Пуни).


2. Екінші кезең – құрылу кезеңі. Бұл кезеңде спорт психологиясы ғылымның қосымша тармағы ретінде, профессиональды бағытта дами бастады. Осылайша, практикалық мәселелерді шешуге қажетті теориылық аспектілер мен спорттық әдістемелік жағына қатысты еңбектердің рөлі арта түсті.
Осы кезеңде спорт психологиясы, негізінен, біртіндеп спорттың әдістемесі мен оның теориялық жағына сүйене бастады.
Ең алдымен, күш-қуаттық қасиеттердің дамуы мен қалыптасуына аса көп көңіл бөлінді. Содан кейін барып спортшының психологиялық дайындығы жайлы ой қалыптасты.
Спорттық ұжымның қалыптасуы мен спортшылардың жеке қасиеттерінің тәрбиелеу жайлы сұрақтарға және де техникалық, физикалық ерекшеліктерді қамтитын жалпы психологиялық дайындықтың мәселелерін шешу үшін жұмыстар атқарылды.
Психилогиялық ерекшеліктер аймағын зерттеуде «спорттық қалып» ерекше орын алады.


3. Қазіргі кезең. Бұл кезеңде спорт психологиясының танымдық-психологиялық пән ретінде қалытасуы. Бұл спорт туралы психология ғылымның даму кезеңі, бұрынғы жұмыс бағытың сақтай келе және спорт психологиясының қазіргі кездегі проблемаларын есепке ала отырып, зерттеу ісіне спортта жетістікке жетуде кездесетін қиыншылықтарды қатыстыра отырып зерттеумен ерекшеленеді.
Қазіргі спорт тәжірибесі, оның қарқынды дамуы – спорттық қызметті ұйымдастыру мен оны басқарудың жан-жақты формаларын, әдістері мен құралдарын ойластыруды мақсат етеді. Дайын жетілген физикалық, психикалық жүктемелер спортшының психологиялық дайындығын арттыру үшін, спортта жаңа әрі тиімді әдістер мен құралдарды енгізуді талап етеді.
Сонымен, спорт психологиясы – бұл спортпен шұғылданатын адамның психологиясы туралы ғылым.
Адам туралы ғылымдар жүйесінде спорт психологиясының алатын орны қандай?
Психология философиялық негіздері – спорт психологиясының жалпы теориялық негіздемесі болып табылады. әлеуметтік негіздер оған әлеуметтік көзқарастарды береді, ал жаратылыс ғылымдары – спорт психологиясының материалдық негізін құрай отырып, спорттағы субъектінің табиғи ұйымдасқанын көрсетеді.
өз кезегігде, барлық спорттық ғылымның негіздері спорт психологиясымен байланысты.
Философия негіздері философиялық тұжырымдарға қажетті материалды спорт психологиясынан алады.
- әлеуметтік ғылымдарда спорттың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін, психологиялық зерттеудің нәтижелерін пайдпаланады.
- Ал жаратылыс ғылымдарында, спорт аумағындағы адам ағзасының маңызды жақтарын бөліп көрсету үшін, адамның спорт қызметіндегі психологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктерін есепке алады.
- Еске алатын бір нәрсе, ол спорт психологиясы ғылымының атауы психология және спорт деген екі ғылыми терминнің бірігуінен жасалған. Осы екеуі сопрт психологиямының негізін қалайды және оның «теориялық негізі» болып табылады.
Өзімізге белгілі болғандай спорттық ғылымдар адамның спорт аймағындағы теориялық білімдер сферасын қалыптастыруға бағытталған. Олар спортшының жарыстарға жеке және ұжымдық дайындығы мен жарысқа белсенді қатысуына жағдайлар туғызу үшін физикалық, техникалық бірізді дайындықтар негізін жасауға бағытталған. Егер спортшының жарысқа дайындығын психологиялық негізі туралы айтсақ, психология ғылым ретінде толығымен адамның тәртібі, жағдайы мен қызметінің заңдылықтарын зерттейді. Көптеген ғылыми зерттеулер адамның спорттық қызметі, қалпы көбінесе психологиялық факторлар мен процестегі қатысты болатынын дәлелдеді. Ондай психологиялық факторлар мен процестерге: адамның мотивациялық және эмоциялық аймағы, жеке қасиеттері мінез бітістері мен темпераменті, күш-қуат сапалары және зейін, ес, ойлаудың ерекше қызметтері жатады.
Қорыта келгенде, спорт психологиясының жеке ғылым ретінде бөлінуі тек емес. Ол спорт адамның психикасын терең, ерекше түрде зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет