Дулат Қожахметов
Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды
Облыс орталыгында Кэкімбек Салықовтың өмірі мен шыгармашылыгына арналган іс-шаралар өтті. Оган келген меймандар ең алдымен облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қабылдауында болды. Кездесу кезінде өңір басшысы, ақынның зайыбы Мәриям апай мен оны жақсы танитын адамдар қаламы қарымды каламгер туралы естеліктер айтты. Содан кейін олар қазақ халқының ақиық ақыны Магжан Жүмабаевтың ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды.
Сонымен "бірге, дәл сол күні өңіріміздегі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың мәжіліс залында «Кәкімбек Салықов - қазақ поэзиясының жезкиігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция үйымдастырылғанды. Жаңағы шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың көрнекті ақыны Кәкімбек Салықовтың жары Мәриям апай, балалары, отандық ғалымдар, облыстың зиялы қауым және қоғамдық үйымдардың өкілдері қатысты.
Конференция басталмас бұрын Ерік Хамзаұлы және меймандар екі жыл бұрын дүниеден озған Кәкімбек Салықұлының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрме және бейнефильмді көріп тамашалады ең алғашқы болып сөз сөйлеген облыс әкімі Ерік Сұлтанов жыр жез сол киігі болып саналатын жерлес ақынымыздың өмірбаяны, еңбек жолы және таланты туралы барынша тоқталды. Табиғатынан ерекше туған дарын иесінің қаламынан 30-ға жуық өлең жинағы және орыс поэзиясы аударманың үш кітабы шыққан еді.
Бұдан соң Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы терағасының бірінші орынбасары, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, атақты жазушы, драматург Медеу Сәрсеке, Қазақстан Жазушылар одағы өңірлік филиалының директоры, «Мағжан» журналы және «Солтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Жарасбай Сүлейменов пен басқа да адамдар баяндама жасады. Олар көрнекті ақынның өмірі мен шығармашылығы турасында сөз қозғады.
Бұл жиын барысында Ғалым Жайлыбай жырдың жезкиігі болып саналатын қаламгердің еңбекеткен қалалардағы негізгі көшелеріне ақынның есімін беру және ескерткіштерді орнату қажеттілігі жайлы айтты. Сонымен қатар, ол Кәкімбек окулары, күндері және әндерінің фестивалін еткізудің маңыздылығын тілге тиек етті.
Талай саңлақтарды дүниеге әкелген ерке Есіл өңірінің киелі топырағында туған Кәкімбек Салықов ел көшін алға сүйреген ер тулғалы азаматтардың бірегейі. Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте депутат болып сайланған. Ағамыздың еңбегі елеусіз болған емес. Ол Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Парасат» және Халықтар достығы ордендерімен және көптеген медальдармен марапат-талған. Н.Островский атындағы Бүкілодақгық әдебиет сыйлығының лауреаты Кәкеңнің асқақталант иесі екені белгілі. Қарымды қаламынан төгілген «Дала», «Жезкиік», «Домбыра», «Мағжанға тағзым», «Аққу әні», «Сағыныш», «Көкшетау», «Бір ауыз сөз» сияқты бірқатар туындылары көпшіліктің жүрегінен орынтапты. Бір атап өтерлігі, ол Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев және өзге де бірнеше композитордың әндеріне мәтіндерді жазып, нәтижесінде олар халықтық деген атауларға ие болды. Оның туған жеріне деген ерекше махаббатын өлеңдерінен байқауға болады. Дарынды жанның артында қалған асыл мұрасын халық әрқашан бағалайды. Жерлес қаламгеріміздің ғибратты ғұмыры жас толқынға өнеге болыптабылады.
«Кәкімбек Салықов - қазақ поэзиясының жезкиігі» атты гылыми-тәжірибелік конференциядан кейін Н.Погодин атындағы орыс драма театрында квркем аударманың шебері, қазақ поэзиясында взіндік қолтаңба қалдырган ақынды еске алуға арналган ән кеші өткізілді. Концерт аясында елімізге танымал Кәкеңнің әндерін орындап, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.
// Молодежная-Жастар. - 2015. - 29 желтоқсан
Достарыңызбен бөлісу: |