Дєрістер (ќысќаша конспект)



бет21/27
Дата06.02.2022
өлшемі3,94 Mb.
#78625
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Практикалық сабақтар


Практикалық сабақ 1, 2 – Мұнай мен мұнай өнімдірінің тығыздығын анықтау
Жұмыс мақсаты: Мұнай мен мұнай өнімдерінің тығыздығын ареометрмен, пикнометрмен анықтау
Жұмыстың барысы: Тығыздықты ареометрмен анықтау. Анықтау үшін нефтеденсиметрлер (ареометрлер), ареометрлерге арналған шыны немесе металл цилиндрлер, өлшеу интервалы - 200С-тан + 500С-қа дейін және шкала бірлігі 10C болатын шыны сынапты термометр қажет.
Тығыздығын анықтамас бұрын зерттелетін мұнай өнімін бөлме температурасына жеткізіп алу керек.
Ареометрге арналған цилиндрдге абайлап зерттелетін мұнай өнімін құяды, температурсы бөлме температурасынан 10С-тан артық емес өзгеше болуы мүмкін.
Таза және құрғақ ареометрді баяу және абайлап, жоғарғы шетінен ұстап тұрып, мұнай өнімі бар цилиндрге салады. Ареометр батып, тербелуі тоқтағаннан кейін жоғары менискі бойынша (ашық та, қою да мұнай өнімдері үшін) көрсеткішті жазып алады. Температурасын нефтеденсиметормен немесе қосымша термометрмен өлшейді.
Ареометр шкаласындағы көрсеткіш өлшеу температурасындағы тығыздықты көрсетеді. Бұл тығыздықты 200С-тағы тығыздыққа келтіру үшін мына формуланы пайдаланады: Р4 20 = P4 t y (t-20)
р4t - өлшеу температурасындағы тығыздық, у - тығыздықтың орташа температуралық түзетуі, ол қосымшадағы таблицадан алынады: t — өлшеу температурасы, 0С.
Тығыздықты пикнометрмен анықтау. Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрмен тек 20 0С температурада анықтау керек.
Анықтауды жүргізу үшін: а) белгісі және тығынында капиллярлы тесігі бар көлемдері 5,10 және 25 мл болатын пикнометрлер.
б) температураны +200С деңгейінде 0,10С дәлдікпен тұрақты етіп сақтай алатын термостат немесе су моншасы (көлемі 1 литрден кем болмайтын араластырғышы бар химиялық стакан пайдалануға болады);
в) өлшенетін температура интервалы О0 С-тен +300С-қа дейін, ал шкала бірлігі 0,10С болатын шыны сынапты термометр;
г) капилляры бар пипетка;
Пикнометрді жуу және таралау үшін келесі реактивтер қолданалады; а) хром қоспасы б) этил спирті ректификат в) димтильденген су.
Тығыздығын анықтамас бұрын тұтқыр мұнай өнімдерін судан және механикалық қоспаларынан тазарту қажет. 15-250С температурада қатты күйде болатын мұнай өнімдерін ұнтақтау қажет.
Мұнай өнімінің тығыздығын пикнометрмен анықтау үшін оның «су санын», яғни е пикнометр көлеміндегі +200С-тағы су массасын анықтау қажет.
Ол үшін пикнометрді мұқият хром қоспасымен, спиртпен, дистильденген сумен жуып, кептіріп, 0,0002 г дәлдікпен массасын өлшейді. Сонан соң пикнометрді пипетка көмегімен дистильденген жаңадан қайнатылған және 18-20°С-қа шейін суытылған су толтырып, оны термостатқа немесе моншаға салып, температурасын 200С-қа жеткізеді.
Пикнометрді 200С-та 30 мин ұстайды. Пикнометр мойнында су деңгейі тұрақтанған соң, судың артық мөлшерін пипеткамен немесе фильтр қағазыменалады, ал пикнометр мойнын ішінен фильтр қағазымен кептіреді. Су деңгеін жоғарғы мениск бойынша қарайды.
Капиллярлы пикнометрлерде су капиллярдан шығып тұрады, судың артық мөлшерін фильтр қағазымен құрғатады.
200С-тағы сумен толтырылған пикнометрді сыртынан мұқият сүртіп, 0,0002 г дәлдікпен массасын өлшейді.
Пикнометрдің су санын (m) мына формуламен есептейді:
m= m2 – m1
мұндағы m2 – суы бар пикнометрдің өлшенген массасы, г; m1 – бос пикнометрдің өлшенген массасы, г.
Табылған су санын мұнай өнімдерінің тығыздығын әрбір 20 рет анықтаудан кейін тексеріп отыру қажет.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтауы қандай физика заңына негізделген?

  2. Неліктен пикнометр көмегімен анықталған тығыздық мәні ареометрмен салыстырғанда жоғары болады?

  3. Неге мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау кезінде оның температурасы сыртқы температураға тең болу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет