Дєрістер (ќысќаша конспект)



бет7/27
Дата06.02.2022
өлшемі3,94 Mb.
#78625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Ұшқындану, тұтану және өздігінен тұтану температуралары. Ұшқындану температурасы мұнай өнімі мен ауа қоспасын сырттан тұтану көзін енгізгенде (ұшқын, жалын) ұшқындану пайда болатын минимальді температура. Ұшқындану әлсіз қопарылыс. Тұтану температурасы мұнай өнімінің буына сырттан тұтану көзін енгізгенде тұрақты өшпейтін жалын түзілетін минимальді температура. Ол ұшқындану температурасынан бірнеше оңдыққа артық болады. Өздігінен тұтану температурасы мұнай өнімінің буы ауамен сыртқы тұтану көзінсіз өзінен өзі тұтанатын минимальді температура. Бұл ұшқындану температурасынан бірнеше 100 жоғары болады. Ұшқындану температура қайнау температурасына тәуелді:   (9), k=0,736. Бұл формула жеке көмірсутектерге арналған.
4. Тұтқырлық қозғалтқыштар, машиналар мен механизмдерді пайдаланған жағдайда мұнай өнімдерінің қозғалғыштығын анықтайды, тасымалдағанда, сүзгілегенде, араластырғанда энергия шығынына елеулі әсер етеді. Динамикалық (), кинематикалық () және шартты (ВУ) тұтқырлыққа бөлінеді.
Шартты тұтқырлық дегеніміз вискозиметрден сынақ температурасында 200 мл сыналатын мұнай өнімінің ағып өту уақытының 20С-да 200 мл дистилденген судың ағып шығу уақытына қатынасын айтады. Шартты тұтқырлық – бұл салыстырмалы, өлшемсіз шама және шартты градуспен өрнектеледі.
Динамикалық тұтқырлық сұйықтықтың физикалық қасиеттеріне тәуелді. Мұнай өңдеуде сан түрінде мұнай өнімінің динамикалық тұтқырлығының оның тығыздығына қатынасына тең =/ кинематикалық тұтқырлық кеңінен қолданылады. Динамикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі – Пуаз (П) немесе СИ - Пас, мұндағы с – секунд түріндегі уақыт, Па – Паскаль (Па = н/м2, мұндағы н – Ньютон, м2 – прибор капиллярының қимасы). Олардың арасындағы қатынас: 1 П = 10-1 Пас. Кинематикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі – стокс (Ст) немесе СИ жүйесінде – м2/с. Олардың арасындағы қатынас: 1 Ст = 10-4 м2/с.
Шартты (ВУ) және кинематикалық тұтқырлық () шамалары арасында келесі эмпирикалық тәуелділік бар:
Кинематикалық тұтқырлық 1 ден 120 сСт болатындар үшін:
17,24ВУ1 -
ал кинематикалық тұтқырлық 120 сСт дан жоғары болатындар үшін:
17,24ВУ немесе ВУ10,1351
мұндағы t – мұнай өнімдерін сынау температурасы, 0С; 1 – мұнай өнімдерін сынау температурасындағы кинематикалық тұтқырлық, сСт (1 сСт  10-2 Ст).
Күрделі қоспалар болып келетін мұнай және мұнай өнімдері үшін тұтқырлық олардың химиялық құрамының, молекулалық массасының функциясы болып табылады, және молекулааралық әрекеттесу күшімен анықталады. Мұнай фракцияларының қайнау температуралары неғұрлым жоғары болатын болса, соғұрлым тұтқырлығы жоғары болады. Бензиндер үшін кинематикалық тұтқырлық 200С температурада 0,6 сСт құрайды, ауыр майлар үшін 300-400 сСт арасында болады. Әртүрлі кен орындарынан алынған мұнайлар кинематикалық тұтқырлықтары 2 ден 300 сСт дейінгі аралықта болады, және көпшілік мұнайлар үшін 40-60 сСт аспайды.
Жоғары молекулалық көмірсутектердің тұтқырлықтарын анықтау бойынша әртүрлі зерттеулер мәліметтерін талқылай отырып келесі қорытындыларды жасауға болады:

  • молекуланың бірдей құрылымдарында нафтенді сақиналардың болуы көпшілік жағдайда (және кейде едәуір шамада) ароматты сақиналармен салыстырғанда (50 – мұнай өнімдерін 500С, сП І сП 10-2 П сынау температурасындағы динамикалық тұтқырлық) тұтқырлықты жоғарылатады;

  • молекуладағы циклдар саны жоғары болған сайын, тұтқырлық жоғары болады;

  • күрделі көмірсутектердің молекулаларында бірдей сақина санында бүйірлік парафиндік тізбектер саны жоғары болған сайын тұтқырлық жоғары болады;

  • бүйірлік тізбектердің тармақталуы өз кезегінде тұтқырлықты арттырады.

Тұтқырлық температураға тәуелді болады, сондықтан әруақта температура көрсетіледі. Мұнай өнімдері үшін жасалған техникалық талаптарда тұтқырлық әдетте негізінен 50 және 1000С температураларда нормаланады.
Мұнай майларының тұтқырлықты-температуралық қасиеттерін бағалау үшін тұтқырлық индексі ұсынылған: 500 және 1000С температуралардағы тұтқырлық қатынасы ( ) және т.б. Тұтқырлық индексі (ТИ) – шартты көрсеткіш, ол сыналушы май және эталондық май салыстырмалы сипаттамасы болып табылады. Тұтқырлық индексі мәні майлар 50 және 100 мәндері негізінде құрастырылған арнайы кесте бойынша есептеледі. Температура өзгерген сайын тұтқырлық мәні аз өзгеретін болса, солғұрлым оның ТИ жоғары болады. Тұтқырлық индексі майдың химиялық құрамына және көмірсутектердің құрылымына байланысты екендігі анықталған. Тұтқырлық индексінің ең жоғарғы мәніне парафинді көмірсутектер ие, ал төменгі мәніне бүйірлік тізбектері қысқа полициклді ароматты көмірсутектер ие.
Тұтқырлық аддитивті емес қасиет және мұнай дистиляттары қоспасы немесе майлар үшін экспериментальды немесе арнайы номограммалар бойынша анықталады.
5. Мұнайдың физика-механикалық қасиеттерін анықтау үшін арналған талдаулардың химиялық әдістеріне қосымша түсі, сыну көрсеткіші, оптикалық активтілігі сияқты оптикалық қасиеттерді пайдаланады. Бұл көрсеткіштер кейбір мұнай өнімдері үшін жасалған ГОСТ-ға енгізілген. Одан басқа, оптикалық көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің тазалану тереңдігі, мұнайдың жасы және табиғаты туралы білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет