Информатика ғылымының негізгі мәселелері, зерттеу объектісі
Адамның ӛзінің іс-әрекетінде ақпарат жиымдарын пайдалануы жылдан жылға кӛбейіп келеді. Мысалы, егер 1940 жылдан 1950 жылға дейін ақпарат кӛлемі, шамамен 10 жылда екі есе кӛбейсе, қазіргі кезде осындай екі еселену 1-
2 жылда болады. Ақпаратпен жҧмыс істегенде, оны сақтаудың, жіберудің, іздеудің, ӛңдеудің қолайлы және тиімді тҥрлерімен байланысты кӛптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Бҧдан басқа, ақпараттың қҧрылымын анықтаумен байланысты мәселелер де кездеседі. Сондай-ақ ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу керек. Мҧның бәрімен информатика деп аталатын жаңа ғылым шҧғылданады.
Информатика - ақпарат алу, жіберу, ӛңдау, сақтау, ҧсыну процестерін зерттеумен, қоғам ӛмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен шҧғылданатын ғылыми-техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.
Информатика – есептеу техникасы қҧралдарының кӛмегімен мәліметтерді қабылдау, қҧру, сақтау, тҥрлендіру, ӛңдеу және жеткізу тәсілдерін жҥйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.
Информатика:
Ақпарат жинау, сақтау, жіберу, ӛңдеу және беру әдістері мен қҧралдарын зерттеумен байланысты – техникалық;
Ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зертейтін – семантикалық;
Ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын - прагматикалық;
Ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір тҥрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.
Информатиканың негізгі мәселесі – есептеу техникасының аппараттық және программалық қҧралдармен жҧмыс істеу тәсілдерін жҥйелеу болып табылады. Бҥгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінің қҧрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады:
Есептеу жҥйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты тҥрде ӛңдеуге арналған жҥйелерді қҧрудың тәсілдері мен әдістері);
Есептеу жҥйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);
Бағдарламалау (компьютерлік бағдарламаларды даярлау әдістері);
Мәліметтерді тҥрлендіру;
Ақпаратты қорғау;
Автоматтандыру;
Стандарттау (әр тҥрлі есептеу техникасы қҧралдарына сәйкес аппараттық және программалық қҧралдар арасындағы, мәліметтердің берілу пішімі арасындағы ҥйлесімділікті қамтамасыз ету).
Достарыңызбен бөлісу: |