Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет496/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

4-кешен 
1. 
«Таңданамыз». 
 
Б.қ.: иықтарын түсіріп тік тұрады және еркін дем алады. 
1 – иықтарын ақырын көтеріп, демін сыртқа шығарады. 
2 – Б.қ. 
 
2. 
«Иық».  
Б.қ.: н.т. 
1 – қолдарын түсіріп, иықтарын алға шығарып тұрады, қолдарын ақырындап айқастырады 
және еркін дем алады. 
2  –  иықтарын  ақырындап  артқа  жіберіп,  жауырындарын  бір-біріне  жақындатады  және 
демін сыртқа шығарады. 
 
3. 
«Тіл». 
 
Б.қ.: н.т. Еріндерін «о» дыбысын айтқандағы сияқты етіп «дөңгелектейді», тілін шығарады 
және «дөңгелектейді». 
1  –  «дөңгелек»  тіл  арқылы  ақырын  дем  алады,  кеудесін  ауаға  толтырады,  ішін 
қампайтады. 


207 
 
2  –  дем  алып  болғаннан  кейін  аузын  жабады.  Басын  ақырын  түсіріп,  иегін  кеудесіне 
тигізеді. 3-4 секунд үзіліс жасайды. 
3 – басын жоғары көтереді және демін мұрын арқылы ақырын шығарады. 
 
4. 
«Тербелеміз». 
 
Б.қ.: н.т. 
1 – алға қарай ақырын еңкейеді, омыртқаның кеуде тұсындағы бөлігін бүгеді және демін 
сыртқа шығарады. 
2 – бойын ақырын тіктейді, дем алады. 
 
5. 
«Бұрылыс». 
 
Б.қ.: н.т. 
1 – дем алады. 
2 – демін сыртқа шығарған кезде бұрылады – бір қолын арқасына жібереді, екіншісін алға 
қояды. 
3 –  Б.қ. Жаттығуды екінші жағымен қайталайды. 
 
6. 
«Бүйіріңді сипа».
 
Б.қ.:  аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 
1 – оң қолын ақырын көтеріп, денесін бойлай жүргізеді және иығын көтереді (дем алу). 
2  –  қолы  мен  иығын  түсіреді  (демін  сыртқа  шығару).  Жаттығуды  сол  жағымен 
қайталайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет