Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет497/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
5-кешен 
 
1. 
«Қанаттар». 
 
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 
1 – қолдарын қапталдан жоғары көтереді (дем алу). 
2 – «төменге» деген сөзді айтып, қолдарын төмен түсіреді (демін сыртқа шығару). 
 
2. 
«Аяқтың ұшымен тұрамыз». 
 
1 – аяқтың ұшымен тұрып, қолдарын жоғары көтереді және қолына қарайды (дем алу). 
2  –  ақырын  отырады  (арқасын  тіктеп),  тізелерінің  арасын  ашады,  қолдарын  алға  түсіріп, 
«ш-ш-ш» дыбысын қайталайды. 
 
3. 
«Тербелу».  
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 
1 – оңға қарай қисаяды (дем алу). 
2 – солға қарай қисаяды (демін сыртқа шығару). 
 
4. 
«Бұрылыс».  
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын белге қойып тұрады. 
1 – оңға бұрылады (дем алу). 
2 – Б.қ., (демін сыртқа шығару). 
3 – солға бұрылады (дем алу). 
4 – Б.қ., (демін сыртқа шығару). 
 
5. 
«Шапалақ». 
 
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 
1 – қолдарын жоғары көтереді (дем алу). 
2 – «шапалақ» деген сөздермен алақандарын соғады (демін сыртқа шығару). 
3 – қолдарын қапталға созады (дем алу). 


208 
 
4 – қолдарын төмен түсіреді (демін сыртқа шығару). 
 
6. 
«Аралар». 
 
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 
1 – қолдарын қапталға созады (дем алу). 
2 – «з-з-з» деген дыбыспен қолдарын төмен түсіреді (демін сыртқа шығару). 
 
7. 
«Жерге қону». 
 
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын төмен түсіріп, саусақтарын айқастырады. 
1 – қолдарын жоғары көтереді (дем алу). 
2  –  еңкейіп,  «ух»  деген  дыбыс  шығарады  және  қолдарын  төмен  түсіреді  (демін  сыртқа 
шығару).                                                           


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет