Б.қ.: н.т.
1 – мұрын арқылы дем алады (шуылмен).
2 – демін 1-2 секунд іште ұстайды.
3 – еріндерін дөңгелектеп, сол арқылы демін «у-у-у» дыбысымен сыртқа шығарады (демін
сыртқа созып шығару).
4.
«Дауылпаз».
Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын белге қойып тұрады.
1 – отырады, тізесін шапалақтайды (демін сыртқа шығару).
2 – Б.қ. «Бам-бам-бам» деп қайталайды (дем алу).
5.
«Сырнайшы».
Б.қ.: н.т., қолдарын алға қойып, жұдырықтарын «түтікше» сияқты етіп ұстайды.
1 – дем алу.
2 – «пф» дыбысын қатты дауыстап айтып, демін ақырын сыртқа шығарады.
6.
«Ұшақ».
Б.қ.: етпетінен жатып, білегін тірейді.
1 – басын, иығын көтеріп, бүгіледі, аяғын тік ұстайды, қолдарын қапталға созады (дем
алу).
2 – Б.қ., (демін сыртқа шығару)
7.
«Секіру».
Б.қ.: н.т., қолын белге қояды.
1 – 4 – бір орында қос аяқтап секіріп, оңға-солға бұрылады. Жүреді. Екі жаттығуды
кезекпен жасайды.
209
8.
«Ақырын, еркін дем аламыз». Б.қ.: н.т.
Мұрын арқылы ақырын дем алады. Кеуде қуысы кеңейіп бастаған кезде дем алуды
тоқтатып, үзіліс жасайды. Содан соң мұрын арқылы демін сыртқа ақырын шығарады.