Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет494/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

1-кешен 
1. 
«Сағаттар». 
Сағат тлі тәулік бойы тыным таппай соғады. 
Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып тұрады. 
1 – қолдарын алға қарай сермейді – «тик» (дем алады); 
2 – қолдарын артқа сермейді – «так» (демін шығарады).  
 
2. 
«Әтеш». 
Таң атпай әнге басады, әтешім ұйқы ашады. 
Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, қолдарын түсіріп тұрады. 
1 – қолдарын қапталға қарай көтереді (дем алу). 
2 – «Ку-ка-ре-ку» деген сөздермен өздерінің санын соғады (демін сыртқа шығару). 
 
3. 
«Сорғы». 
Суды толтыра сорып, гүлдерді суарамыз. 
Б.қ.: н.т. 
1 – қапталға қарай иіледі (дем алу). 
2 – қолдарын қимылдатады, «с-с-с» деп дауыстап айтады (демін сыртқа шығару). 
 
4. 
«Семафор». 
Жанып тұрса семафор, бізге қауіп төнбейді. 
Б.қ.: аяқтарын қосып отырады. 
1 – қолдарын қапталға көтереді (дем алу). 
2 – демін созып шығарып, қолдарын төмен түсіреді «с-с-с» деген дыбыс шығарады. 
 
5. 
«Тыныстау».  
Б.қ.: денесін тіктеп, бойын бос ұстайды. 
1  –  мұрнының  оң  жағын  сұқ  саусағымен  жауып,  сол  жағымен  ақырын,  ұзақ  уақыт  дем 
алады. 
2  –  дем  алып  болғаннан  кейін,  мұрынның  оң  жағын  ашып,  сол  жағын  сол  қолдың  сұқ 
саусағымен  жабады.  Мұрынның  оң  жақ  тесігі  арқылы  демін  созып,  ақырын  сыртқа 
шығарады, кеуде диафрагмасын мейлінше жоғары көтеріп, кеуде қуысын босатады. 
 
6. 
«Дем алу».  
Б.қ.: н.т. 
1  –  мұрын  арқылы  ақырын  дем  алады.  Кеуде  қуысы  кеңейе  бастаған  кезде  дем  алуды 
тоқтатады және 4 секунд үзіліс жасайды. 
2 – демін мұрын арқылы ақырын шығарады. 
 


205 
 
2-кешен 
1. 
«Кірпі». 
 
Б.қ.: н.т. 
1 – басын оңға қарай бұрады – мұрынын шуылдатып қысқа дем алады. 
2 – басын солға бұрады – мұрнын жартылай ашып, демін сыртқа шығарады. 
 
2. 
«Реттеуші». 
 
Б.қ.:  аяқтарының  арасын  ашып  тұрады.  Бір  қолды  жоғары  көтеріп,  екіншісін  қапталға 
созады. 
1 – оң қолын жоғары көтеріп, сол қолын қапталға созады (мұрынмен дем алу). 
2  –  сол  қолын  жоғары  көтеріп,  оң  қолын  төмен  түсіреді  және  «р-р-р»  деген  дыбыс 
шығарады. 
 
3.
 «Қаздар ұшып барады». 
 
Б.қ.: н.т. 
1 – қолдарын қапталға көтереді (дем алу). 
2 – «г-у-у» деген дыбыстармен қолдарын төмен түсіреді (демін сыртқа шығару). 
 
4. « 
Маятник». 
 
Б.қ.: қолын беліне қояды (дем алу). 
1 – оңға қарай иіледі (демін сыртқа шығару). 
2 – Б.қ. (Дем алу). 
3 – солға қарай иіледі (демін сыртқа шығару). 
4 – Б.қ. «Т-у-у-х» деген дыбыстармен демін сыртқа шығарады. 
 
5. 
«Кемпірқосақ».  
Б.қ.: н.т. 
1 – қолдарын қапталға созып, мұрынмен толық дем алады. 
2 – демін 3-4 секунд іште ұстайды. 
3  –  жымияды,  ауаны  ішіне  тартып,  «с»  дыбысын  шығарады.  Қолды  бірінші  алға 
шығарады,  өзін  иығынан  құшақтап  айқастырады:  бір  қолын  қолтығының  астына, 
екіншісін иығына қояды. 
 
6. 
«Үлкен болып өс». 
 
Б.қ.: н.т. 
1 – қолдарын жоғары көтеріп, аяқтың ұшына тұрады (дем алу). 
2  –  қолдарын  төмен  түсіреді,  табанын  толық  басады  (демін  сыртқа  шығару).  Дыбыс 
шығару: «у-х-х». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет