Ә. Әбдіхалықов КӘсіпорын экономикасы


Тақырып 6 ШИКІЗАТ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР



бет3/5
Дата19.02.2017
өлшемі3,34 Mb.
#10651
1   2   3   4   5

Тақырып 6

ШИКІЗАТ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР

1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады.

Қазақстанның отын – энергетикалық кешені аса ауқымды. Қазақстанда отын – энергетикалық ресурстарды өндіру және өңдеу, оларды қолдануға ыңғайлы етіп тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ететін мүмкіншілігі мол кәсіпорындар, құралдар мен құрылғылар бар.



Өндірістік шикізатты екі ішкі топқа бөлуге болады:

  • минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;

  • жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.

Әсіресе минерал тектес шикізаттардың табиғи түрлері кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен ықпалын тигізді.

Шикізат, материалдар, отын, энергия – бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық – техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының құрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.

Еңбек заты ретінде шикізат және отын – энергетикалық болып пайдаланылатын барлық материалдық ресурстар шартты түрде екіге бөлінеді.

Шикізат ресурстарды әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы түрінде болып келеді.

Өңделмеген шикізат деп жерден қазып алынған немесе өңделген және соның нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек затын айтамыз.

Шикізатқа кен өндіруші өндіріс (руда, мұнай, көмір және т.б.) пен ауыл шаруашылығының (астық, картоп, қызылша) өнімдері, ал материалдарға өңдеуші өңдірістің өнімі жатады. Материалды негізгі және көмекші деп екіге бөледі.

Негізгі материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды.

Көмекші материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақ та оның түзілуіне әсер етеді.

Отын мен энергия өзінің экономикалық ерекшелігіне байланысты көмекші материалдарға да, ресурстардың жеке тобына да жатқызылады.

Отын – энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты деп екі топқа бөлінеді.

Кең мағынада нақты отын – энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығын айтады.

1. Табиғи отын – энергетикалық ресурстар (табиғи отындар) – көмір, мұнай, табиғи жен пайдалы газ; судың, жердің табиғи механикалық энергиясы; табиғи отын көздеріне күннің, жер асты буынның күші жатады.

2. Отын реурстары - өңдеу кезіндегі пайда болған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т.б.)

3. Негізгі технологиялық үдерісте алынатын көмекші (қайталама) энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, пайдаланылған газ, өндірістегі өнімдердің жылуы және т.б.).

Экономикалық тұрғыдан қарағанда халық шаруашылығында пайдаланатын шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:

І. Өндірістік шикізат – бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады.

ІІ. Ауыл – шаруашылығының шикізаты – бұл ауыл – шаруашылығы саласында өндіріліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.

Өндірістік шикізат өз алдында екі кіші топқа бөлінеді:



  • минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;

  • жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.

сіресе минерал тектес табиғи шикізаттар түрі кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық – шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Өнеркәсіпте өндірілген өнім мен шикізаттың сапасы өндірістің экономикасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Олар төменде көрсетілгендей сараланады:



  • өндіріс үдерісінде атқаратын рөлі бойынша: негізгі, көмекші, қосымша;

  • экономикалық нышаны бойынша: еңбек заты, дайын өнімі;

  • алу әдісі бойынша: өндірістік, ауыл – шаруашылықтық;

  • шыққан тегі бойынша: мал, өсімдік, кен қазбасы;

  • өндіріс уақыты бойынша: маусымдық, маусымдық емес;

  • өндеу әдісі бойынша: алғашқы және қайталама (қалдықтыр, көмекші өнімдер).

Пайдалану дәрежесіне байланысты шикізат ресурстары негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Тамақ өнеркәсібінде негізінен ауыл – шаруашылығының шикізаты пайдаланылады. Қазақстанда әр түрлі табиғи – климаттық ерекшелікке байланысты халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге толықтай жететін бірнеше түрлі ауыл – шаруашылық өнімдері шығарылады.

Ауыл – шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудың бірден – бір шартты аймақтық мамандыру болып табылады. Елдің аймақтарына қай өсімдікті өсіруге болатынын көрсететін көрсеткіш – шығымдылық пен сапа.

Өнеркәсіптің минералдық – шикізаттық базасы – жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталған жер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары. Сайып келгенде, минералдық – шикізаттық базалардың негізгі пайдалы қазбаларды анықтау болып табылады.

Ғылым мен жаңа технологияның дамуы нәтижесінде жер қойнауынан тиімді қазып алынатын және өнеркәсіптік өндірісте пайдаланылатын өнім шығаруға жарамды минералдық – шикізаттық қорларды пайдалы қазбалар деп атайды.

Өнеркәсіпте пайдаланылатын пайдалы қазбалар келесі топтарға бөлінеді.

І. Жанатын қазбалар (көмір, жанатын тақта тастар, шымтезек, мұнай, табиғи газ).

ІІ. Минералды пайдалы қазбалар (қара, түсті, асыл және сирек металдар);

ІІІ. Металл емес пайдалы қазбалар (химиялық өнеркәсіпте пайдаланылатын шикізат, құрылыс материалдары, қара металлургия үшін металл емес шикізат).
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(6.1 және 6.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 6.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы




2

Жерден қазып алынған немесе өңделген және салық нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заты




3

Ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығы




4

Ауыл шаруашылығы саласында өндереліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінеде пайдаланылады




5

Жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталғанжер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары




6

Ғылым мен жаңа технологияның қазіргі кездегі даму сатысына байланысты тиімді түрде жер қойнауынан алынатын қорлар




7

Экономикалық тұрғыдан жер қойнауынан қазып алуға жарамсыз деп танылған қорлар




8

Теңдестік қорымен пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор




9

Бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады




10

Халық шаруашылығы мен тұрмыста өзара үйлесімді өндіріліп пайдаланылатын жылу-энергетикалық қорлардың және олардан туындаған энергия түрлерінің кешенді сипаттамасы




11

Өндірістік шикізат алдында екі кіші топқа бөлінеді




12

Дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақ та оның түзілуіне әсер етеді




13

Ғылым мен жаңа технологияның дамуы нәтижесінде жер қойнауынан тиімді қазып алынатын және өнеркәсіптік өндірісте пайдаланылатын өнім шығаруға жарамды минералдық – шикізаттық қорлар




14

Пайдалану дәрежесіне байланысты шикізат ресурстары былайша бөлінеді




15

Өнеркәсіпте пайдаланылатын пайдалы қазбалар




16

Дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды



Кесте 6.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасы

Ә

шикізат ресурстары

Б

теңдестіктен тысқары қорлар

В

өндірістік шикізат

Г

жылу-энергетикалық теңдестік

Ғ

минерал тектес шикізат, жасанды шикізат

Д

көмекші материалдар

Е

негізгі, көмекші

Ж

негізгі материалдар

З

өңделмеген шикізат

И

жанатын қазбалар, минералды қазбалар, металл емес қазбалар

К

өндірістік қорлар

Л

ауыл шаруашылығының шикізаты

М

пайдалы қазбалар

Н

нақты отын-энергетикалық ресурстар

О

теңдестік қоры


3. Иә/жоқ

Кесте 6.3






Тұжырым

Иә/жоқ

1

Шикізат ресурстары - ауыл шаруашылығы саласында өндереліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады




2

Өңделмеген шикізат- бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады




3

Нақты отын-энергетикалық ресурстар - ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығы




4

Ауыл шаруашылығының шикізаты - экономикалық тұрғыдан жер қойнауынан қазып алуға жарамсыз деп танылған қорлар




5

Өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасы - жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталғанжер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары




6

Теңдестік қоры - ғылым мен жаңа технологияның қазіргі кездегі даму сатысына байланысты тиімді түрде жер қойнауынан алынатын қорлар.




7

Теңдестіктен тысқары қорлар - ауыл шаруашылығы саласында өндереліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінеде пайдаланылады.




8

Өндірістік қорлар - теңдестік қорымен пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор.




Кесте 6.3 жалғасы

9

Өндірістік шикізат - жерден қазып алынған немесе өңделген және салық нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заты.




10

Жылу-энергетикалық теңдестік - халық шаруашылығы мен тұрмыста өзара үйлесімді өндіріліп пайдаланылатын жылу-энергетикалық қорлардың және олардан туындаған энергия түрлерінің кешенді сипаттамасы.




11

Көмекші материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін құрайды




12

Негізгі материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақ та оның түзілуіне әсер етеді




13

Өндірістік шикізатты үш ішкі топқа бөлінеді




14

Өңдеу кезіндегі пайда болған өнімдер: кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т.б.- отын ресурстары






4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
6.1 Ресурстың қосымша бірлігін пайдаланудан түсетін қосымша түсім-бұл:

A) шекті табыс

B) шекті шығын

C) шекті өнім

D) ресурстын шекті өнімінен түскен шекті түсім

E) шекті пайдалылық

6.2 Өндіріс нәтижесі болып есептелетін, адам еңбегі арқылы пайда болған өндіріс жабдықтары?

А) табиғи ресурстар

В) материалдық ресурстар

С) еңбек ресурстар

D) қаржы ресурстар

Е) дұрыс жауап жоқ.

6.3 Ресурстарды пайдаланудың тиімді комбинациясы қай нүктеде орналасқан:

A) изокванта мен изокостаның қиылысуында

В) изокванталардың координаттар осьтермен қиылысуында

C) екі көршілес изокванталардың жанасуында

D) изокванта мен изокостаның жанасуында

Е) А мен С жауаптары дұрыс.



6.4 Ресурстарды тиімді пайдаланудың қағидасы:

A) MRP < MRC;

В) MRP > MRC;

С) P = MC;

D) MRP = MRC;

Е) MR = MC.

6.5 Тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін ресурстары:

А) адами ресурстар;

В) материалдық ресурстар;

С) эконoмикалық ресурстар;

D) кәсіпкерлік;

Е) еңбек ресурстары;

6.6 Шикізат ресурстары дегеніміз не?

А) жерден қазып алынған немесе өңделген және салық нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заты;

B) әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы;

C) ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығы;

D) жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталғанжер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары;

E) теңдестік қорымен пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор.

6.7 Өндірістік шикізатты неше ішкі топқа бөлуге болады?

A) 2

В) 3


C) 4

D) 5


E) 6

6.8 Ғылым мен жаңа технологияның қазіргі кездегі даму сатысына байланысты тиімді түрде жер қойнауынан алынатын қорлар қалай аталады?

A) теңдестіктен тысқары қорлар;

B) өндірістік қорлар;

C) теңдестік қоры;

D) еңбек заты;

E) дұрыс жауабы жоқ.

6.9 Өңделген шикізат дегеніміз

A) жерден қазып алынған немесе өңделген және салық нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заты;

B) әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы;

C) ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығы;

D) жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталғанжер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары;

E) теңдестік қорымен пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор.

6.10 Нақты отын-энергетикалық ресурстар

A) жерден қазып алынған немесе өңделген және салық нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек заты;

B) әр түрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының жиынтығы;

C) ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның барлық түрінің жиынтығы;

D) жерді геологиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталғанжер қойнауларындағы минералдық шикізат қорлары;

E) теңдестік қорымен пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты алып тастағаннан кейін қалған қор.
5-6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар

1. Төмендегі кестеде (кесте 6.4) Қазақстан Ресубликасының отын-энергетикалық ресурстары жеке түрлерінің әр жылдардағы өндіріс қарқыны көрсетілген. Берілгендерді пайдалана отырып отын-энергетикалық ресурстардың жыл сайынғы өсу қарқынын абсолюттік және пайыздық шамада қаншалықты өзгеріп отырғанын есептеңіздер және қорытынды шығарыңыздар.

Кесте 6.4



ОЭР түрі

Жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

1

2

3

4

5

6


Көмір, мың тонна

73731

87907

86875

86617

87316

Электр энергиясы, млн кв/сағ

58331

63866

66942

67920

67819,1

Мұнай, мың тонна

42067

45376

50672

50870

51258,2

Газ конденсаты, мың тонна

5204

6075

8813

10616

10660,0

Табиғи газ, млн м3

14109

16597

22102

24973

25178,3

Темір рудасы, мың тонна

17675

19281

20303

19471

19445,1

Мыс рудасы, мың тонна

36703

34887

30383

34067

33740,0

Қорғасын – мырышрудасы, мың тонна

6163

6368

6327

6620

6599,7

Боксит, мың тонна

4377

4737

4705

4815

4815,3

Марганец рудасы

1835

2369

2318

2233

2207,7

Хром рудасы

2370

2928

3287

3581

3579,0

7. Ұғымдар мен терминдер

Шикізат ресурстары

Өңделмеген шикізат

Кен өндіруші өндіріс

Табиғи отын

Отын реурстары

Өндірістік шикізат

Ауыл – шаруашылығының шикізаты

Минерал тектес табиғи шикізаттар

Негізгі ресурстар

Көмекші ресурстар

Жанатын қазбалар

Қазбалар қорын барлау және зерттеу

Металл емес пайдалы қазбалар

Нақты отын-энергетикалық ресурстар

Өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасы

Өндірістік қорлар
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Ел экономикасы мен кәсіпорын жұмысындағы шикізат пен отын – энергетикалық ресурстардың атқаратын рөлі қандай?

2. Кейінгі жылдары отын – энергетикалық ресурстардың кейбір түрлерін алу мен өндірудің үрдісі қалай өзгереді, оған қандай факторлар әсер етті?

3. Материал мен отын түсінігі және олардың мәні.

4. Өндірістің минералдық – шикізаттық базасы мен пайдалы қазба дегеніміз не?

5. Пайдалы қазбаларқорын анықтау және оны экономикалық бағалау.

6. Отын – энергетикалық ресурстар дегеніміз не және оның мәні мен құрылымы?

7. Қоғам өндірісіне отын – энергетикалық теңдестіктің құрылымын жетілдіру қалай әсер етеді?

8. Отын – энергетикалық теңдестіктің құрылымын жетілдірудің қандай негізгі бағыттары бар?


Тақырып 7

КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІ

(АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТЫ)

1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Айналым қаражаты (капиталы) – бұл кәсіпорындардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте, айналым қаражаты өзінің заттай түрін өзгертіп немесе жойып, өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Өнеркәсіпте айналым қаражаты айналым қорлары және ақшалалай айналыс қорлары болып екі топқа бөлінеді.

Басқалай айтқанда,

Айналым қаражыты = айналым қоры + ақша күйіндегі айналыс қоры

Өндірістің айналым қоры өндіріс шеңберінде болып, еңбек бұйымын заттай түрде құрайды: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электроқуат, аяқталып бітпеген өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, тетіктер, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер т.б. Өндірістің айналым қоры табиғи және ақшадай көрсеткіш арқылы сипатталады.

Айналым қаражаты өндіріс саласында қызмет атқару барысында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне ауысып отырады.

Өндірістік айналым қоры үш бөліктен тұрады:



  • өндірістік қор

  • аяқталмаған өндіріс және кәсіпорынның өздері әзірлеген жартылай фабрикаттар (шалафабрикаттар)

  • келешек кезеңнің шығындары

Айналыс қорларының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп – шоттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген ақша қаражаттары жатады.

Кез келген фирманың айналым қаражаттарын жұмсау барысындағы негізгі мақсатының бірі ол - ресурстарды сақтау, үнемдеу приципын қолдана отырып, өндірісті интенсивтендіру болып табылады.

Үнемдеу тәртібін қамтамасыз ету шараларының жалпы жүйесінде еңбек заттарын үнемдеу негізгі орынды алады – оны шикізат, материал, жанармайдың өнім бірлігіне жұмсалатын шығынын, өнім сапасына, беріктігіне, ұзақ уақыт қолданылуына зиянын тигізбей қысқарту деп түсіну керек.

Айналым қорларының үнемделуінің экономикалық мәні мынада:



  • шикізаттың, материалдардың, жаңармайдың үлестік шығындарын төмендету өндіріске үлкен экономикалық пайдалықты қамтамасыз етеді.

  • материалдық ресурстарды үнемдеу, өндіріске жаңа, әрі үнемді материалдарды енгізуге мүмкіндік береді;

  • материалдық ресурстарды үнемдеуге талпыну, жаңа техниканы енгізуге, технологиялық процестерді жетілдіруге итермелейді;

  • материалдық ресурстарды тұтынудағы үнемдеу өндірістік қуаттылықтарды қолдануды жақсартуға және қоғамдағы еңбек өнімділігінің жоғарлуына себепші болады.

Айналым қорларын пайдалануды жан-жақты жақсарту - өнеркәсіптік кәсіпорындардың ең маңызды мақсаттарының бірі. Шикізат, жаңармай, көмекші материалдар неғұрлым тиімді пайдаланылса, соғұрлым олар өнімді жасауға аз мөлшерде жұмсалады деп қорытынды жасауға болады.

Бұл тұрғыда мынадай екі көрсеткішті қарастыруға болады: материалдық ресурстарды жұмсау көрсеткіштері және оларды тиімді пайдалану көрсеткіші.



Материалдық ресурстарды жұмсау – олардың өндірістік тұтынылуын көрсетеді. Өндірістегі шығындар өнімді шығару бағдарламасын орындауға кеткен материалдық ресурстардың барлық шамасын қамтиды. Материалдық ресурстарды тұтыну жалпы және үлестік шығындар бойынша сипатталады.

Бір тектес материалдық ресурстардың жалпы шығыны натуралды түрде көрсетіледі; әр түрлі материалдық ресурстардың жинақталған шығынын ақшалай түрде өрнектеп көрсету қолайлы.

Ресурстардың үлестік шығыны дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында бір өнім бірлігін өндіруге кеткен шығын. Оны табу үшін барлық шығын санын немесе оның ақшалай мөлшерін өндірілген өнім көлеміне бөлу керек.
Y=P/Ө.

Мұндағы



Y - ресурстың үлестік шығыны

P – жұмсалған барлық шығын

Ө – өндірілген өнім көлемі

Кәсіпорында барлық материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтайтын маңызды көрсеткіш - материал сиымдылығы (Мс) және оған кері көрсеткіш - өнімнің материал қайтарымдылығы (Мқ).

Материал сиымдылығы (Мс) және өнімнің материал қайтарымдылығы (Мқ) тауары өнім көлемінде (Тө) есептегенде төмендегі формуламен анықталады.

Мс = Мшө (7.1)
Мқ = Тө / Мш (7.2)
Осы екі көрсеткішті сатылатын өнім көлемімен есептейтін болсақ былайша өрнектеп көрсетуге болады:

Мс = Мшө (7.3)

Мқ = Сөш (7.4)

Кәсіпорында айналым құралдарын пайдаланудың маңызды көрсеткіштеріне келесілер жатады:



  • айналым қаражатының айналым коэффициенті;

  • айналым қаражатының жүктелу коэффициенті;

  • айналым қаражатының айналыс коэффициенті;

Айналым құралының айналым коэффициенті (Ка) –бір жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен сипатталады; яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сомасын (ай, тоқсан, бір жыл) тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым құралының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым құралының бір теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетеді:

Ка = Сө / Ақ (7.5)

мұнда Ка- айналым құралының айналым коэффициенті;

Сө - сатылатын өнім көлемі, теңге;

Ақ – айналым қорының орташа жылдық құны, теңге.

Айналым коэффициенті жоғары болғаны – айналым құралы тиімді пайдаланғанын көрсетеді.

Айналым құралын тиімді пайдалануда маңызды көрсеткіш –айналым құралын жүктеу коэффициенті болып табылады, айналым коэффициентінің өлшемінің кері қатынасын көрсетеді. Ол айналым құралының соммасына, сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бірі теңгесімен сипатталынады.


Кж = Ақ / Сө (7.6)

мұнда Кж – айналым құралының жүктеу коэффициенті .

Неғұрлым айналым құралының жүктеу коэффициенті аз болған сайын, кәсіпорында соншама айналым қаражаты тиімді пайдаланып, оның қаржылық жағдайы жақсарғанын көрсетеді.

Кәсіпорында айналым қаражатының айналымдылығы келесі факторларға байланысты болып келеді: өндіріс циклінің ұзақтығына, шығарылатын өнімнің сапасына және оның бәсекеге төтеп беруіне, өнімнің материал сиымдылығын төмендету жолдарына, жабдықтау тәсілі және өнімді өткізу әдістеріне айналым құралын тиімді пайдалану бағыттарын жетілдіруге.

Айналым құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы (Кұз) күнмен есептелінеді. Бұл көрсеткіш айналым құралым неше уақытта толық айналымнан өтетінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш өндіріс цикілінің ұзақтығын (К) айналым коэффициентіне (Ка) қатынасын көрсетеді:

Кұз = К / Ка (7.7)

мұнда К – мезгелдегі күн саны (360,90,30)


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(7.1 және 7.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 7.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі




2

Еңбек бұйымы, өндіріс цехтарының өндеу үрдісінде болған, бөлімшелерде, әртүрлі деңгейдегі дайындықта жатқан, цех қоймаларындағы бұйымдар мен бөлшектер




3

Бір жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен сипатталатын көрсеткіш




4

Кәсіпорында материалдық ресурстардың шығысын жоспарлағанда және талдағанда қолданатын мөлшерліктер мен барлық мөлшер жиынтығы




5

Өндірісте техникалық дамыту кезеңінде қолдануға жарамайтын материал бөлігі




6

Айналым құралының айналу жылдамдығы




7

Негізгі маериалдан қалған, оны өндірісте қолданып, сондай өнім өндіруден пайда болған қалдық




8

Материалдық ресурстардың қалдығы, оны кәсіпорында пайдалануға немесе оны басқа кәсіпорынға немесе халыққа сатуға болады





Кесте 7.1 жалғасы

9

Өнім өндіру үрдісінде технологиялық ерекшелігіне сәйкес қосымша материал шығынын ескеретін зат




10

Бұйымның таза массасы, яғни өнімді өндіруге жұмсалған материалдық ресурстарды пайдалы тұтыну деңгейі немесе жұмыс көлемі




11

Өнім бірлігін өндіруге (немесе жұмыс) жұмсалатын шикізатты (материалдар немесе отын т.б.) жоспардан тыс барынша шығыс көлемі




12

Өндірісте қолдануға жарамайтын қалдық, бірақ оны екінші кезектегі ресурс ретінде қолдануға болады (жаңқа, метал сынықтары, қиқым, макулатура т.б.)




13

Технологиялық үрдіске байланысты емес, басқадай себептерден туындаған материалдық ресурстардың шығыны және ұйымдастыру – техникалық қалдық шығындарға жататын бөлік




14

Айналым құралын жүктеу коэффициенті




15

Ресурстардың үлестік шығыны




16

Өзара кәсіпорындардың тәжірибе жұмыстарындағы есептері, тауарлы- материалдық құндылықтарды тасымалдау, кәсіпорындардың ұйымдастыру – техникалық даму деңгейлерінің барлық өзгеруін есепке алу



Кесте 7.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

Бірінші және негізгі элемент мөлшері

Ә

Материалдық ресурстардың мөлшер шығыны

Б

Қайтарылатын қалдық

В

Шығын мөлшері

Г

Коэффициенттік әдіс

Ғ

Кұз = К / Ка

Д

Мөлшерлік база

Е

Кж = Ақ / Сө

Ж

Аяқталмаған өндіріс

З

айналым коэффициенті

И

Y=P/Ө

К

Айналым капиталы

Л

Қайтарылмайтын қалдық

М

Шығын

Н

Қалдық

О

Екінші элемент мөлшері

3. Иә/жоқ

Кесте 7.3





Тұжырым

Иә/жоқ

1

Шығын мөлшері - бұл өндірісте техникалық дамыту кезеңінде қолдануға жарамайтын материал бөлігі




2

Бірінші және негізгі элемент мөлшері - бұйымның таза массасы, яғни өнімді өндіруге жұмсалған материалдық ресурстарды пайджалы тұтыну деңгейі немесе жұмыс көлемі




3

Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі




4

Аяқталмаған өндіріс - өнім өндіру үрдісінде технологиялық ерекшелігіне сәйкес қосымша материал шығынын ескереді




5

Қалдық - бұл негізгі маериалдан қалған, оны өндірісте қолданып, сондай өнім өндіруден пайда болған қалдық




6

Шығын - бұл элементтері бойынша мөлшер құрастырылады




7

Мөлшерлік база - кәсіпорында материалдық ресурстардың шығысын жоспарлағанда және талдағанда қолданатын мөлшерлікиер мен барлық мөлшер жиынтығы




8

Айналым құралының айналым коэффициенті (Ка) - бұл материалдық ресурстардың қалдығы, оны кәсіпорында пайдалануға немесе оны басқа кәсіпорынға немесе халыққа сатуға болады




9

Екінші элемент мөлшері - өнім өндіру үрдісінде технологиялық ерекшелігіне сәйкес қосымша материал шығынын ескереді




10

Қайтарылатын қалдық - бұл материалдық ресурстардың қалдығы, оны кәсіпорында пайдалануға немесе оны басқа кәсіпорынға немесе халыққа сатуға болады




11

Материалдық ресурстардың мөлшер шығыны - бұл өнім бірлігін өндіруге (немесе жұмыс) жұмсалатын шикізатты (материалдар немесе отын т.б.) жоспардан тыс барынша шығыс көлемі.




12

Қайтарылмайтын қалдық - өндірісте қолдануға жарамайтын қалдық, бірақ оны екінші кезектегі ресурс ретінде қолдануға болады (жаңқа, метал сынықтары, қиқым, макулатура т.б.)




13

Үшінші элемент мөлшері - технологиялық үрдіске байланысты емес, басқадай себептерден туындаған материалдық ресурстардың шығыны және ұйымдастыру – техникалық қалдық шығындары жатады




14

Талдау әдіс - өндіріс көлемінің өсуін, айналым құралдарының орташа нақты қалдық мөлшерін ескеріп, қажеттілікті анықтауды болжайды




15

Коэффициенттік әдіс - өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей тәуелді запастар мен шығындар ( шикізат, материалдар, аяқталып бітпеген өндіріс шығындары, қоймадағы дайын өнім) және оған тәуелсіз (запс бөлшектер, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, алдағы мезгілде жұмсалатын шығындар) болып бөлінеді




16

Тура есеп әдісі - өзара кәсіпорындардың тәжірибе жұмыстарындағы есептері, тауарлы- материалдық құндылықтарды тасымалдау, кәсіпорындардың ұйымдастыру – техникалық даму деңгейлерінің барлық өзгеруін есепке алу




4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
7.1. Айналым құралы – бұл:

A) Өзінің құнын біртіндеп өнімге аударатын құралдар;

B) Өндірістің бір циклінде тұтынылып, толығымен қолданылатын өндіріс қорының бір бөлігі;

C) Өзінің заттай түрін өзгертпейтін еңбек заттары;

D) Өндіріс циклінде қызмет етіп, өндіріс үрдісінде біраз қатысатын құралдар;

E) Өзінің заттай түрін өзгертпейтін, ұзақ уақыт өндірісте қызмет ететін еңбек құралы.

7.2 Төмендегілердің қайсысын ауыспалы капиталға жатқызуға болады?

A) Адамның жұмыс қолы;

B) Еңбек бұйымы;

C) Тұтынушы бұйымдар;

D) Өндіріс құралдары;

E) Қоспа заттар.

7.3 Айналым құралы айналымдық үрдісінде неше сатыдан өтеді?

A) 3;


B) 2;

C) 4;


D) 5;

E) 6.


7.4 Айналымдық қаражаттарға төмендегілердің қайсысы жатады?

А) айналым қорлары мен айналыс қорлары;

В) еңбек ресурстары және дебиторлық берешек;

С) дайын өнім және қойма үйлері;

D) ақша – қаражаттары және құрал – жабдық;

Е) компьютерлер мен бағдарламалық өнімдер;

7.5 Бір жылдағы айналымдық қаражаттардың айналымдық коэффициенті 10 айналымды құрайды, бір айналымның ұзақтығы неге тең?

А) 0,02 күн;

В) 36,5 күн;

С) 36 күн;

D) 0,03 күн;

E) 0,25 күн.

7.6 Қандай әдісте өндіріс көлемінің өсуін, айналым құралдарының орташа нақты қалдық мөлшерін ескеріп, қажеттілікті анықтауды болжайды?

А) Кері есеп әдісінде

В) Тура есеп әдісінде

С) Коэффиценттік емес әдісте

Д) Коэффицеттік әдісте

Е) Талдау әдісінде

7.7 Дайын өнім төмендегілердің қайсысына жатады?

А) аяқталмаған өндіріске;

В) айналыс қорына;

С) қарыздық айналым қаражаттарына;

D) еңбек затына;

E) еңбек құралдарына.

7.8 Материал сыйымдылығына кері көрсеткіш:

А) Қор қайтарымдылығы

В) Капитал сиымдылығы;

С) Еңбек сиымдылығы;

Д) Материал қайтарымдылығы

Е) Қор сыйымдылығы

7.9 Айналым құралының айналым коэффиценті қалай сипатталынады?

А) Сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бір теңгесімен

В) Жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен

С) Айналым құралының айналу жылдамдылығымен

Д) Мезгілдегі күн санының айналым коэфицентіне қатынасымен

Е) Өндіріс циклінің ұзақтығының айналым коэффицентіне қатынасымен.

7.10 Айналым құралын жоспарлағанда келесі үш әдісті қолданады:

А) талдау, коэффициенттік және тура есеп әдісі;

В) синтетикалық, тарифтік және жанама есеп әдісі;

С) статистикалық, талдау және ортажылдық есеп әдісі;

D) нақты мәлімет, болжамдау мәліметі және тура есеп әдісі;

Е) дұрыс жауабы жоқ.


5. Шығарылуы келтірілген есептер
7.1 Болаттан дайындалған бұйым бөлшегінің таза салмағы -96 кг., болатты жұмсау мөлшері – 108 кг . Жылына 3000 бұйым шығарылады. Болытты тоқсанда бір рет жеткізу жоспарланған. Көлік запасы – 2 күн. Болатты пайдалану коэффициентін және өндіріс запасының көлемін анықтау керек.

Шешімі:

а) Өзм = Қөтк, + Қсақ‚+ Кқол

б) Омсм.ш м) х q /Тс= 108х3000/360 = 900 кг немесе 0,9т

в) Қөтк = Oмс х Mж = 0,9 х 90 = 81 т;

г) Қсақ = 50 % х Қөтк = 50 % х 81 = 40,5 т;

д) Кқол = 0,9 х 2 = 1,8 т;

е) Өзм = 81 + 40,5 + 1,8 = 123,3 т;

ж) Kп = Бтс : Жмшм ) = 96 : 108 = 0,89.



7.2 Өткен жылы шығарылған трактордың қуаттылығы 110ат күшін құрды, ал оның салмағы 3056 т Биылғы жылы тракторды келесі көрсеткіштермен шығара бастады: қуаттылығы -150 ат күші, оның салмағы бұрынғы базалық модельмен салыстырғанда 10%- ға көбейді. Жаңа модель мен ескі трактордың салыстырмалы материал сиымдылығын анықтау керек.

Шешімі:

а)Сбс = Бтс / Мбс

б) Сб.с.(өткен жыл) = 3560/1110 = 32,364 кг/ат күш;

в) Сб.с.(биылғы жыл) = 3560 х 1,1/150 = 3916 кг/ 150 ат күш = 26,107 кг/ат күш.



7.3 Станоктың таза салмағы – 350 кг, өндеуден қолданылатын қалдықтың нақты көлемі- 92 кг. Технологияны жақсартудың нәтижесінде станокта бөлшекті дайындағанда 10%- ға қалдықты азайту жоспарланған. Технологияны өзгертудің алдыңда және одан кейінгі жұмыстарға байланысты қалдық үлесін және металды пайдалану коэффициентін анықтау керек.

Шешімі:

а) технологияны өзгертілгеннен кейінгі нақты қалдық =92·0,9=82,8 кг

б) металды пайдалану коэффициенті Кn= Б тс / Жмш;

технологияны өзгертуге дейін Кn = 350 / (350 +92) = 350/442 = 0,79

технология өзгертілгеннен кейін Кn = 350/ (350 +82,8) =350/432,8 = 0,81

в) қалдық үлесі: К = (Qc / Жмш) х 100;

технологияны өзгертуге дейін К = (92/350) х 100 = 26,3%

технология өзгертілгеннен кейін К = (82,8/350) . 100 = 23,7%


6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
7.4 Станоктың таза салмағы – 350 кг, өндеуде қолданылатын қалдықтың нақты көлемі – 92 кг. Технологияны жақсартудың нәтижесінде станокта бөлшекті дайындағанда 10%-ға қалдықты азайту жоспарланған. Технологияны өзгертудіңі алдында және одан кейінгі жұмыстарға байланысты қалдық үлесін және металды пайдалану коэффициентін анықтау керек.

7.5 Кәсіпорынның шығарған бұйымының таза салмағы – 38 кг, жылдық өнімі – 3000 дана. Қазіргі кездегі материалды пайдалану коэффициенті – 0,8, кәсіпорын оны 0,82-ге дейін өсіруді жоспарлады. 1 кг материалдың құны – 42 теңге.

Материалды жұмсау мөлшерін қазіргі және жоспарлы мезгілде, материалды пайдалану коэффициентін көтерудегі үнемді натуралды және құндай өлшеміндегісін анықтау керек.



7.6 Кәсіпорын 1 тоқсанда 250 мың теңгеге өнім сатты, осы тоқсанда айналым құралының қалдығы 25 мың теңгені құрады. Екінші тоқсанда өнімді сату көлемі 10% өсті, ал бір айналым құралының айналымдығы 1 күнге қысқарды. Анықтау керек:

а) айналым құралының айналымдылық коэффициентін және 1-ші тоқсандағы бір айналымның ұзақтығын (күн);

б) айналым құралының айналымдылық коэффициентін және 2-ші тоқсандағы абсолюттік шамасын;

в) айналым құралының бір айналым ұзақтығын қысқарту қорытындысында айналым құралының өндірістен босатылуын.



7.7 Кәсіпорында есепті жылы өнімді сату көлемі 600000 мың теңгені құрады, ал есепті жылы – 612000 мың теңгеге жетті, айналым құралының орта жылдық қалдығы тиісінше 120000 мың теңге және 110500 мың теңге. Айналым құралының айналу коэффициентін, бір айналымның ұзақтығын, айналым құралының жүктеу коэффициентін анықтау керек.

7.8 Кәсіпорының айналым құралының мөлшері – 3300 мың теңге. Өнімді сату жоспары – 19,8 млн. теңге. Анықтау керек:

а) айналым құралының айналымдылық коэффициентін (қанша рет);

б) бір айналымның ұзақтығын (күн).

7.9 Жылдық өнімді сату жоспар бойынша 17100 мың теңге. Айналым құралының мөлшері 380 мың теңге болып белгіленген. Ұйымдастыру шараларын жүргізудің арқасында бір айналымның ұзаұтығы 2 күнге қысқарған. Анықтау керек:

а) бір айналымның жоспардағы ұзақтығын (күн);

б) бір айналымның нақты ұзақтығын (күн);

7.10 Кәсіпорын үш түрлі метал өнімін өндіреді, кестеде келтірілген мәліметтерді қолдана отырып анықтау керек (кесте 7.4):

а) металды пайдаланудың жалпы коэффициентін (%)

б) метал қалдығының денгейін (%)

в) материал сиымдылығын (кг/теңге)

Кесте 7.4


Бұйымдар

Саны,дана

Бұйымның таза салмағы,кг

1т. металдың бағасы, теңге

Жалпы жұмсалатын метал, кг

Дайын өнімнің құны, теңге

А

100

0,5

1000

70

150

Б

150

0,4

1000

90

200

В

300

1,0

1000

350

650

7. Ұғымдар мен терминдер
Кәсіпорынның айналым қаражаты

Өндірістік айналым қорлары

Айналым қаражатының құрылымы

Айналым қаражатын мөлшерлеу

Айналыс қоры

Айналым қаражатының нормативі

Айналым қаражатының айналымдылығы

Айналым қаражатының қайтарымдылығы

Ақшалай қаражат айналымы

Босалқы қорлар айналымы

Төлем айналымы

Нормаланатын айналым қаражаты

Нормаланбайтын айналым қаражаты
8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Айналым қаражаттары дегеніміз не және оның мәні неде?

2. Айналым қорларының құрамына қандай ақша қаражаттары жатады?

3. Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы қалай сипатталады?

4. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын нені пайдаланады?

5.Айналым қаражатының айналымдылығын жеделдету жолдарын атаңыз

6. Қандай факторлармен айналым қаражатының қажеттілігін анықтайды?

7. Кәсіпорында айналым қаражатын тиімді пайдалануда қандай көрсеткіштермен өлшенеді?

8. Әрбір кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі неге байланысты болады?

9. Айналым құралын жоспарлағанда және оған деген қажеттілікті қандай әдістермен анықтайды?

10. Қандай факторлармен айналым қаражатының қажеттілігін анықтайды?

11. Айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздеріне тоқталыңыз

12. Айналым қаражатының айналымдылығы деңгейіне ықпал ететін факторлар туралы не білесіз?
Тақырып 8

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ


1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Кәсіпорын өндірісіндегі негізгі факторларға еңбек құралы, еңбек заты және мамандар жатады.

Еңбек – негізгі материалдық және рухани байлық көзі, ал еңбек ететін мамандар – қоғамның басты өндіргіш күші. Еңбек ететін адамдар – бұлар әртүрлі қабілеттегі, ынтадағы және талаптағы адамдар.

Еңбек ресурстары дегеніміз – халықтың еңбекке жарамды, күш жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірибесі мол бөлігі.

Қоғамдық өндірістің басты факторларының бірі – жұмыс күші. Нарықты экономикаға негізделген тауарлы өндірісте жұмыс күші – тауар. Бірақ оның басқа тауарлардан ерекшелігі:


  • ол өзінің құнынан анағұрлым артық тұратын құн құрайды;

  • онсыз кез келген кәсіпорынның әлеуетті мүмкінддіктері ешбір жүзеге аспайды;

  • барлық өндірістік және айналым қорларын пайдаланудың тиімділігі де, міне осы жұмыс күшіне тікелей байланысты.

Халықтың еңбекке жарамдылығы деген ұғым өндірістің шешуші факторы ретінде жұмыс күшін қолдану үрдісінде адамның қолданатын күш-қуат және интеллектік қабілеттердің жиынтығын білдіреді. Оның үстіне жұмыс күші тікелей адамның белгілі көлемдегі және сападағы жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімі мен қабілетін құрайды.

Кәсіпорын жағдайында жұмыс күшін мақсатқа сай жұмсау, оны тиімді пайдалану дегеніміз кадр саясатын дұрыс жүргізу деген сөз.

Оның негізгі бағыттары:


  • жұмыс күшінің саны мен сапасы, олардың негізгі және қосымша нысандары;

  • жұмыс күшін пайдалануды жетілдіру, бұл бағыттағы жұмыстардың жәйін талдау;

  • орын алған кемшіліктерді жоюды көздейтін шаралар қабылдау.

Белгілі уақыттағы еңбек ресурстарының тізімдегі құрамы – мамандардың және жұмысшылардың санын құрайды.

Тізімдегі құрамға: 1) негізгі, 2) негізгі емес етіп қызметке қабылданған – тұрақты, уақытша және маусымдық жұмысшылар саны кіреді.

Тізімдегі құрамға – барлық жұмысқа келген, сонымен бірге демалыстағы, іс-сапардағы, ауруына сәйкес жұмысқа келе алмаған, өндіріс саласындағы қызмет атқарып жүрген адамдар кіреді.

Тізім бойынша құрамдағы адамдардың орташа тізімдегі санынан айырмашылығы апта, ай, тоқсан, жыл аралықтарындағы көрсеткішпен анықталады.



Жұмыскерлердің орта тізімдегі санды – бір ай ішіндегі істеген жұмысшылар санын, бір айдағы күндерді қосып (демалыс, мейрам күндерін қоса) қосындыны ай ішіндегі күндерге бөлу арқылы анықтайды. Осы тәсілмен сол сияқты, тоқсан, жылдық орташа тізімдегі жұмысшылар санын шығарады.

Өндіріс саласында істейтін жұмысшыларды өздерінің өндіріс жұмысына қатысуына байланысты екі топқа бөлуге болады:

а) өнеркәсіп-өндіріс саласындағы қызмет істеушілер (негізгі қызмет етушілер);

б) өнеркәсіптік емес мекемелерде (негізгі емес) болып бөлінеді.

Өнеркәсіп-өндіріс саласындағы қызмет істеушілер өздерінің жұмыс қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді:

а) жұмысшылар;

б) қызметкерлер.

Жұмысшылар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Кәсіпорында бұлардың ара қатынасы талдау көрсеткішпен сипатталады.

Бөлімшелердегі, цехта, кәсіпорындағы мамандардың құрамы деп әртүрлі категориядағы, жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық жұмысшылар санына қатынасын айтамыз.

Қызметкерлердің ең негізгі және көп жақты категориясы – жұмысшылар:



  • өнім өндіруге тікелей қатысады;

  • құрал-жабдықтарды жөндейді және күтім жасайды;

  • еңбек заттарын араластыра өндіріп, даын өнім жасайды.

Кадр даярлаудағы негізгі міндеттер:

  • әрбір қызметкердің өзінің кәсіпорыны жөнінде кең түрде білуі;

  • жұмысшылардың жаңа жетілген және техника түрімен таныс болуы;

  • ұжымның қанағат сезімін күшейту, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің өз бағаларын сезінуі;

  • әрбір қызметкердің жоғары қайтарымды жұмыс атқаруы.

Кәсіпорын қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау мына нысанда жүргізіледі:

  • жұмыс орындарында;

  • жұмыс процесі кезінде қысқаша кеңестер беру;

  • белгілі бір кезеңге арнап ұйымдастырылған оқу курстары;

  • қысқа мерзімді курстар.

Кәсіп – бұл белгілі бір өндіріс саласында жұмыстар атқару үшін қажетті фактор. Мамандық – кәсіптердің іштей бөлінуі, өндіріс бөлімдерінде, бөлімшелерінде қажетті жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін қосымша дағдылар мен білімдерді талап етеді.

Жоғары деңгейдегі мамандық – бұл күрделі жұмыстард орындауға мүмкіндік беретін білімдер мен машықтанған дағдылардың жиынтығы.

Жұмысшылар біліктілігіне қарай:



  • біліксіз;

  • біліктілігі аз;

  • білікті;

  • жоғары білікті болып бөлініп, тиісті разряд бойынша анықталады.

Мамандар біліктілік категориясына қарай:

  • бірінші категориялы;

  • екінші категориялы;

  • үшінші категориялы болып табылады.

Кәсіпорын жетекшілері өндіріс құрамы және бөлімдері басқару реттеріне қарай жіктеледі. Басқару құрамы бойынша:

  • сызықтық;

  • функциялық;

Бөлімдерді басқару жүйесі бойынша:

  • жоғары топ

  • орта топ;

  • төменгі топ болып бөлінеді.

Нарықты экономикаға өтуге байланысты елімізде білікті қызметкер менеджер жаңа ұғымы пайда болды.

Бұған барлық бөлімдерді басқарушы жетекшілер, жарнама менеджерлері, өнімдерді тиімді сату қызметтеріндегі менеджер-мамандар кіреді.

Кадрларды іріктеуге қолданылатын әдістер:


  • достары мен туған-туыстары арқылы;

  • ақпарат құралдырына хабарландыру беру;

  • радио мен теледидар;

  • құлақтандырулар;

  • халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы.

Жұмысқа тілек білдірген әрбір үміткермен егжей-тегжейлі сұхбаттасу немесе жазбаша тестер жүргізіледі. Кадрларды жұмысқа қабылданғанда, олармен келісім-шарт жасалынады, онда екі жақтың құқықтары менміндеттері көрсетілуі тиіс.

Атқарушылықты бағалау, бұл жұмысшының жұмыс нәтижелері жөнінде қорытындысы. Атқарушылықты бағалауға:



  • атқарушылықты жетілдіру;

  • шешімдер қабылдау үшін ақпараттар жинау;

  • стандарттың сақталуына мүмкіндіктер жасау;

  • оқытудың және қайта оқытып тиімді жақтары;

  • келешекте атқарылатын істер жөнінде мәліметтер жинау;

  • жжеке тұлғаларды және топтарды кәсіпорынның ең негізгі мақсатына сай ынталандыру;

  • стандартты сақтаудағы негізгі бағыттар;

  • жаңа стандарт және толық атқарымдықты қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  • сапалық факторларды нығайту және басқа шаралар жатады.


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(8.1 және 8.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 8.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Негізгі материалдық және рухани байлық көзі, ал еңбек ететін мамандар – қоғамның басты өндіргіш күші




2

Өндіріс жағдайында белгілі бір нақты жұмысты орындауға жұмсалатын уақыттың жоғары деңгейін анықтау




3

Өнімді өндіруге жұмсалған еңбек мөлшерінің, өндірілген өнім көлеміне қатынасы




4

Халықтың біраз бөлігі, еңбекке жарамды, күш жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірибесі мол адамдар




5

Жан-жақты бірнеше операцияларды талдаудан өткізіп, қарап өту




6

Мұнда істелген уақыт санына байланысты сый беру және жұмысшыға басқадай ақшадай түрде, нақты атқарылған жұмысқа бекітілген тариф немесе еңбекақы бойынша төленетін жалақының бір түрі




7

Мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді




8

Бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе нақты еңбекақы – бұл көрсетілген еңбекақыға нақты заттарды «сатып алу мүмкіндігі»





Кесте 8.1 жалғасы

9

Бұл есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы




10

Жұмысшының бір сағат, бір күн немесе бір ай ішінде алатын жалақысының көлемін белгілеу




11

Мөлшерді орындағаны үшін тікелей кесімді бағалау бойынша төленетін ақы, ал егер мөлшерден тыс артық орындағаны үшін жоғарғы бағалы төлемге ие болады




12

Тікелей еңбек қорытындысына байланысты, кесімді жұмысшылардың істеген еңбегіне қарай еңбекақы көлемі белгіленеді




13

Нақты өнімді өндіру мен тікелей айналысатын жұмысшылар категриясының жұмыс уақыты




14

Жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер бағалымдарды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтайды




15

Кәсіпорында жұмысшылардың нақты еңбегі мен қабілетінің нәтижесінде, белгілі бір жұмыс уақытында саны мен сапасы жоғары өнімді өндіру деңгейін сипаттайтын маңызды экономикалық категория



Кесте 8.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

еңбек

Ә

еңбекті мөлшерлеу

Б

еңбек сыйымдылығы

В

еңбек ресурстары

Г

талдау әдісі

Ғ

мерзімді еңбекақы төлеу

Д

кесімді еңбекақы төлеу

Е

нақтылы еңбекақы

Ж

көрсетілген еңбекақы

З

тарифтік еңбекақы мөлшері

И

үдемелі-кесімді еңбекақы төлеу жүйесі

К

жанама кесімді еңбекақы төлеу түрі

Л

жанды еңбек шығыны

М

аккордты кесімді еңбекақы төлеу

Н

еңбек өнімділігі

3. Иә/жоқ

Кесте 8.3






Тұжырым

Иә/ж

1

Талдау әдісі - жан-жақты бірнеше операцияларды талдаудан өткізіп, қарап өтеді




2

Кесімді еңбекақы төлеу – еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді




3

Үдемелі-кесімді еңбекақы төлеу жүйесі дегеніміз есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы




4

Аккордты кесімді еңбекақы төлеу - жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер бағалымдарды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтайды




5

Жанама кесімді еңбекақы төлеу түрі - өндіріс жағдайында белгілі бір нақты жұмысты орындауға жұмсалатын уақыттың жоғары деңгейін анықтау




6

Жанды еңбек шығыны - нақты өнімді өндіру мен тікелей айналысатын жұмысшылар категориясының жұмыс уақыты




7

Еңбек ресурстары - халықтың біраз бөлігі, еңбекке жарамды, күш жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірибесі мол адамдар




8

Еңбек сиымдылығы - бұл есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы




9

Еңбек - жұмысшының бір сағат, бір күн немесе бір ай ішінде алатын жалақысының көлемін белгілеу




10

Еңбекті мөлшерлеу - өндіріс жағдайында белгілі бір нақты жұмысты орындауға жұмсалатын уақыттың жоғары деңгейін анықтау




11

Көрсетілген еңбекақы – бұл есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы




12

Нақтылы еңбекақы – бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе нақты еңбекақы – бұл көрсетілген еңбекақыға нақты заттарды «сатып алу мүмкіндігі»




13

Тарифтік еңбекақы мөлшері – жұмысшының бір сағат, бір күн немесе бір ай ішінде алатын жалақысының көлемін белгілеу




14

Еңбек өнімділігі – кәсіпорында жұмысшылардың нақты еңбегі мен қабілетінің нәтижесінде, белгілі бір жұмыс уақытында саны мен сапасы жоғары өнімді өндіру деңгейін сипаттайтын маңызды экономикалық категория




15

Мерзімді еңбекақы төлеу – мұнда істелген уақыт санына байланысты сый беру және жұмысшыға басқадай ақшадай түрде, нақты атқарылған жұмысқа бекітілген тариф немесе еңбекақы бойынша төленетін жалақының бір түрі




16

Талдау әдісі - жан-жақты бірнеше операцияларды талдаудан өткізіп, қарап өтеді




4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
8.1 Тауар мен қызмет өндіру үшін жұмыс күші ұсынысын қамтамасыз ететін ел халқының бір бөлігі.

A) экономикалық белсенді халық;

B) еңбекке қабілетті халық;

C) жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар саны;

D) жұмыспен қамтылғандар мен зейнеткерлер саны;

E) А және В жауаптары дұрыс.

8.2 Еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту бұл:

А) қызметті атқаруды бағалаудың мақсаты

В) еңбек нарығының негізгі міндеті

С) атқаруды бағалаудың басты әдісі

D) еңбекақыны өзгерту үшін жасалатын шара;

Е) еңбек нарығының негізгі мақсаты

8.3 Еңбек ресурстары дегеніміз не?

А) жұмыс үрдісінде пайдаланылатын зат

В) қоғамның маңызды өндіргіш күші

С) жұмыс күшін дұрыс пайдалану

D) нұсқалардың ішінде дұрыс жауабы жоқ

Е) қоғамға түскен қаржы көлемі

8.4 Жұмыссыздық дәрежесі қандай көрсеткіштер қатынасымен анықталады?

A) жұмыссыздар санының жұмыспен қамтылғандар санына;

B) жұмыссыздар санының жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санының қосындысына;

C) жұмыссыздар санының жалпы халық санына;

D) жұмыспен қамтылғандар санының жұмыссыздар санына;

E) жұмыссыздар санының еңбекке қабілетті тұрғындар санына.

8.5 Еңбек нарығында:

A) үй шаруашылықтары сұранысты қалыптастырады

B) фирмалар ұсынысты қалыптастырады

C) үй шаруашылықтары сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады

D) фирмалар сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады

Е) сұранысты фирмалар, ал ұсынысты үй шаруашылықтары қалыптастырады.

8.6 Еңбек ресурстары - бұл:

A) халықтың еңбекке қабілетті бөлігі;

B) маманы бар жұмысшылар;

C) жұмысшылардың жоғары кәсіби деңгейі;

D) жақсы маманы барлар;

E) дайындық деңгейі.

8.7 Негізгі өндірістік жұмысшыларға төмендегілердің қайсысы жатады?

А) карусель станоктарын жөндеуші;

В) электрокара жүргізушісі;

С) дайын өнім қоймасының жүк тасушысы;

D) тігін цехының тігіншісі;

Е) слесарь-сантехник.

8.8 Жұмысшылардан қосымша арнайы білім мен бейімділікті талап ететін кәсіп шеңберіндегі қызмет түрі?

A) кәсіп;

B) мамандық;

C) әмбебаптық;

D) біліктілік;

E) барлық жауаптар дұрыс.

8.9 Шығарылған өнімнің барлық номенклатурасы бойынша натурал түрде өнім бірлігін өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының шығындары не деп аталады?

A) еңбек маусымдығы;

B) өнімнің еңбек сыйымдылығы;

C) жұмыс күшін жалдау;

D) еңбек өнімділігі;

E) жұмысшыларды әмбебаптандыру.

8.10 Өнеркәсіп өндірісіндегі қызметкерлер өздерінің орындайтын қызметіне байланысты екі негізгі категорияға бөлінеді:

А) өндірістік және өндірістік емес қызметкерлер;

В) негізгі және көмекші;

С) кызметкерлер және өндірісте емес қызметкерлер;

D) жұмысшылар және қызметкерлер;

Е) маусымдық және уақытша жұмысшылар.


5. Шығарылуы келтірілген есептер

8.1 Жоспарлы жылы өнім көлемінің құны — 265 млн. теңге болды, есептік жылы — 278 млн теңге болды, Жоспарлы жылы 2 мың адам болды, ал есептік жылы 1,5%-ға кеміді. Еңбек өнімділігінің өсуін табыңыздар?

Шешімі::

265000000:2000 = 132500000 теңге / адам ;

2000 – 100 %;

х – 1,5%;

2000 – 30 =1970 адам;

теңге / адам;

141116750 – 132500000 = 8616750 теңге/адам;
8.2 Екі жылда кәсіпорын жұмысының көрсеткіштері төмендегідей:


Көрсеткіштер

Бірінші

жылы


Екінші

жылы


Ауытқуы

Өнім көлемі, мың теңге

2100

2279,1

+179,1

Өндірістік–өнеркәсіптік жұмыскерлер саны, адам

700

710

+10

Бір жұмыскердің орташа өнімділігі, теңге

3000

3210

+210

Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып анықтау керек:

1)Жұмысшылардың санын өсіру нәтижесінде өнімнің өсуін (мың теңге);

2)Еңбекөнімділігін көтеру есебінен өнімнің өсуін (мың теңге);

3) Еңбек өнімділігін көтеру есебінен өнімнің өсу үлес салмағын (мың теңге);

Шешімі:

1. +10*3000 = +30 мың теңге

2. +210*710 = +149,1 мың теңге

3. 149,1 : 179,1 = 0,832 немесе 83,2%.


8.3 Кәсіпорын жұмысы жылдың ІІІ тоқсанынды төмендегі көрсеткіштерге жетті.

Көрсеткіштер

ІІІ тоқсан

ІІ тоқсанмен салыстырған есебінде

Өнім көлемі, мың теңге

160

153,8

Жұмысшылар саны, адам

10

125,0

Орташа өнім, теңге

16

123,1

Осы көрсеткіштерді қолданып анықтау керек:

1)жұмыс істеушілердің саның өсіру нәтижесінде өнімнің өсуін (мың теңге);

2)еңбек өнімділігін (%) көтеру үлесінен өнімді өсіру үлес салмағын.



Шешімі :

ІІ тоқсандағы абсолюттік көрсеткіштер: 104; 8; 13.

Олардың ІІІ тоқсанда өзгеруі: +56; +2; +3.

Бұл көрсеткішпен :



1) 2 * 13 = 26 мың теңге

2) 
6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
8.4 Төмендегі кестеде келтірілген мәліметтерді қолданып кестенің толмаған жерін толтырып, кәсіпорын жұмысындағы жетіспеген көрсеткіштерді аяғына дейін есептеу керек:


Көрсеткіштер

Есепті жыл

Жоспарлы жыл

Бір жылдағы өсуі

Өзгеру үлесі бойынша өнімнің өсуі

%

Өлшем бірлігі

Саны

Өндіру бойынша

Тауарлы өнім көлемі, мың теңге

10000




6










Жұмыс істеушілердің саны, адам

2000
















Еңбек өнімділігі, теңге/адам







4,5











8.5 ІІІ тоқсандағы бір жұмыс істеушінің өндіруі 5000 теңге/адам құрады. ІV тоқсанда 15 млн теңгеге өнімді шығару жоспарланды және бір уақытта жұмыс істеушілер саның 80 адамға азайту мәселесін қойды.

Осы мәліметтерді қолдана отырып анықтау керек:

- ІV тоқсанда бір жұмыс істеушінің өнім өндіруін (теңге/адам);

- Неше % - ға еңбек өнімділігін өсіру жоспарланған.



8.6 Өнімді жасау сиымдылығы 500 адам – сағаттан 400 адам – сағатқа дейін төмендеді. Осының % анықтау керек, сонымен қатар:

1) жұмыс уақытын үнемдеуін есептеу;

2) жұмыс уақытын үнемдеу қорытындысында еңбек өнімділігінің өсуін белгілеу.

8.7 Бір жылда өндірістегі жұмыстың еңбек сиымдылығы 2100 мың теңге мөлшер – сағат болды, жоспар бойынша жылына бір жұмысшының жұмыс уақыт қоры – 1870 сағат, орындалу өнімділік мөлшері – 110 %. Өнім көлеміне қарай жұмысшылардың өндірістегі саның анықтау керек.

8.8 Цехте қызмет ететін 120 станок бар. Қызмет мөлшері – 8 станок, ауысу саны – 2, жылына бір жұмысшының жұмыс уақытының номиналдық қоры – 262 күн, іс жүзінде – 232 күн.

8.9 Кәсіпорын 1 ақпан айынан бастап жұмыс істеді. Ақпан айында ортатізімдегі жұмысшылар саны 820 адам болды, сәуір айында – 880 адам. Кәсіпорын тарқатылды. 1 тоқсанда және жылдық жұмысшылардың ортатізімдегі санын анықтау керек.

8.10 Зауытта 286 жұмысшы істейді. Бір адамға тағайындалған жылдық жұмыс уақыт қоры – 1860 сағат. Жоспарланған жылы 400 мың адам – сағат үнемделуі белгіленген. Зауыт бойынша жоспарланатын еңбек өнімділігінің өсуін, жұмысшылар күнін (абсолюттік және пайыздық бірлікте) анықтау керек.
7. Ұғымдар мен терминдер
Кәсіпорында кадрларды жоспарлау

Әлеуметтік жұмыс кадрлары

Маман кадрлар

Еңбек рыногы

Әкімшілік еңбекгі

Өндірістік еңбек

Қол еңбегі

Еңбек әрекеті

Кәсіпорының еңбек ұжымы

Еңбек резервтері

Еңбек дауы

Кадрларды іріктеу

Кадрларды орналастыру

Кәсіпорынның жауапкершілігі


8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Еңбек ресурстары дегеніміз не?

2. «Еңбек» терминіне анықтама беріңіз?

3. Еңбекті мөлшерлеу тәжірибеде қандай әдістермен іске асырылады?

4. Еңбек өнімділігі дегеніміз не?

5. Еңбек өнімділігін қандай топтарға жіктеуге болады?

6. Кәсіпорында кадр саясатының мақсаты қандай

7. Еңбек сыйымдылығы дегеніміз не?

8. Кадрларды іріктеудегі негізгі әрекеттерін айтыңыз.

9. Еңбекақы төлеу қандай түрлерге бөлінеді?

10. Жұмысшылардың еңбекақысы қалай болып жүйеленеді?

11. Кадрлар құрылымын қалай түсінесіз және оны анықтайтын факторларды атаңыз

12. Кәсіпорында кадрлар жиыны көздерін қалай пайдаланады?
Тақырып 9

ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ


1. Тақырып бойынша қысқаша теория

Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді.

Еңбекақы – еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаналды және шынайы түрлері болады.

Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Шынайы (нақты) жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

Еңбек пен еңбекақы есептеудің негізгі міндеттері:



  • өндірілетін өнімдермен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленілетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау;

  • еңбек өнімділігінің өсімін бақылау;

  • жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау;

  • жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау;

  • жұмысшы және қызметкерлермен нақтылы дұрыс есеп айырысу;

  • өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.

  • еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.

Еңбекақы жүйелері және оның нысандары. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы: негізгі және косымша болып екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатқызылады:

  1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.

  2. Сыйлықтар мен сыйақылар.

  3. Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға - еңбек ету заңдарына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста, қызметте болмаған уақытына төленетін төлемдер жатқызылады. Мұндай төлемдер қатарына:

1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.

4. Жасөспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.

5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.

6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.

7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.

8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.

Әр түрлі меншік нысандағы кәсіпорындарда еңбекақының көп тараған екі нысаны: кесімді және мерзімдік.



Мерзімді еңбекақы - жұмыс істеген уақытта сағаттық немесе күндік еңбекақы мелшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы телеуге негізделген. Өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы төленеді.

Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:



  • Жай мерзімді;

  • Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекақы - жұмысшы-қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшы-қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт ішінде жасап шығарылатын, өндірілетін өнімінің саны және көлемімен анықталады.

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:



  • тікелей кесімді;

  • кесімді сыйлықты;

  • үдемелі кесімді;

  • аккордтық;

  • жанама кесімді.

Еңбекақының тарифтік жүйесі. Еңбек есебінің маңызды элементі болып оның техникалық мөлшерленуі, яғни еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандықтары дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

  • тарифтік кесте;

  • тарифтік еңбекақы мөлшері;

  • тарифтік мамандық анықтамалары.

Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалынады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшы қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әртүрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшы-қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(9.1 және 9.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 9.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Жұмысшы-қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады




2

Жұмыс істеген уақытта сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан жұмыста болған уақытына төленеді




3

Жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру




4

Еңбек ету заңдарына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста, қызметте болмаған уақытына төленетін төлемдер




5

Жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленетін жалақы




6

Еңбекақының тікелей, сыйлықты, үдемелі кесімді, аккордтық, жанама жүйелерін құратын түрі




7

Әр түрлі меншік нысандағы кәсіпорындарда еңбекақының көп тараған екі нысаны




8

өндіріс көлемін арттыруды қамтамасыз ету, олардың қорытындылары мен еңбектің прогресті нормасын белгілеу




9

Жалдамалы еңбектің қызметкерінің өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы




10

Алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны




11

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы мынадай екі түрге бөлінеді




12

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді



Кесте 9.2




Әріптік белгілерлеулер

Сәйкес жауаптар

А

кесімді және мерзімдік

Ә

кесімді жалақы төлеудің мақсаты

Б

кесімді еңбекақы

В

шынайы (нақты) жалақы

Г

кесімді

Ғ

мерзімді еңбекақы

Д

номиналды жалақы

Е

мерзімді сыйлықты

Ж

жай мерзімді

З

негізгі және косымша

И

қосымша еңбекақы

К

негізгі еңбекақы


3. Иә/жоқ

Кесте 9.3





Тұжырым

Иә/жоқ

1

Еңбекақы бұл –еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңызды экономикалық құрал болып табылады




2

Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталмайды және салықтармен реттелмейді




3

Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрамайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етпейді




4

Жалақының номаналды және шынайы түрлері болады




5

Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы.




6

Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болмайтын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны




7

Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болмайды




8

Шынайы жалақы номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады




9

Еңбек пен еңбекақы есептеудің негізгі міндеттерінің бірі - өндірілетін өнімдермен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленілетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау




10

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы: негізгі және қосымша болып екі түрге бөлінеді




11

Негізгі еңбекақы - еңбек ету заңдарына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста, қызметте болмаған уақытына төленетін төлемдер жатқызылады




Кесте 9.3жалғасы

12

Қосымша еңбекақыға - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді.




13

Әр түрлі меншік нысандағы кәсіпорындарда еңбекақының кесімді және мерзімдік деген екі нысаны қолданылады.




14

Мерзімді еңбекақы - жұмысшы-қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады.




15

Кесімді еңбекақы - жұмыс істеген уақытта сағаттық немесе күндік еңбекақы мелшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан жұмыста болған уақытына төленеді




16

Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

1)Жай мерзімді;

2)Мерзімді сыйлықты.





17

Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады.





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
9.1 Қызметтің көлемдік, сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандыратын еңбекақы нысаны:

А) мерзімдік нысаны

В) күрделі нысаны

С) кесімді нысаны

D) қарапайым нысаны

Е) жай нысаны.

9.2 Еңбекақы төлеу мынадай екі түрге бөлінеді:

А) көрсетілген, нақтылы

В) негізгі, қосымша

С) жалпы, жеке

D) жанама, тура

Е) тұрақты, айнымалы

9.3 Номиналды еңбек ақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер:

A) істеген жұмысқа төленетін еңбекақы

В) номиналды еңбекақы

С) нақты еңбекақы

D) уақыт бойынша төленетін еңбекақы

Е) натуралды еңбекақы.

9.4 Кәсіпорынның мәдени- әлеуметтік ортасын анықтайтын:

А) жұмысшылар күшіне сұраныс;

В) тауарға сұраныс;

С) өндірісте энергоресурстарға сұраныс;

D) кәсіпорының орналасқан орны;

Е) негізгі және айналым капиталына сұраныс.

9.5 Жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем:

А) еңбекақы

В) мақтау қағазы

С) сыйақы

D) сертификат

Е) әлеуметтік төлем

9.6 Қызметкерлердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы:

А) атаулы жалақы

В) қосымша жалақы

С) нақты жалақы

D) сыйақы

Е) дұрыс жауабы жок


9.7 Қызметтің көлемдік, сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандыратын еңбекақы нысаны:

А) мерзімдік

В) күрделі

С) кесімді

D) қарапайым

Е) нақты

9.8 Белгіленген тарифтік мөлшерлемеге немесе өндірісте нақты жұмыс істеген уақытындағы қызмет ақысына қарай белгіленетін еңбекақы нысаны:

А) мерзімдік

В) күрделі

С) кесімді

D) қарапайым

Е) нақты

9.9 Еңбек ақының тарифтік жүйесіне төмендегілердің қайсысы кіреді?

А) тарифтік ставкалар, тарифтік торлар;

В) тарифтік ставкалар, тарифтік-біліктілік анықтамалары;

С) тарифтік ставкалар, тарифтік торлар, тарифтік-біліктілік анықтамалары, аудандық коэффициент;

D) тарифтік ставкалар, тарифтік торлар, лауазымдық жалақылар;

Е) лауазымдық жалақылар, сыйақы ережелері, тарифтік-біліктілік анықтамалары.

9.10 Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі

А) еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді

В) зейнетақыға ерте шығуға мүмкіндік береді

С) еңбек демалысына шығуға мүмкіндік береді

D) еңбекақыны өзгерту үшін жасалатын шара;

Е) еңбек нарығының негізгі мақсатымен парапар



5. Шығарылуы келтірілген есептер
9.1 Кәсіпорынның кадрлар мәліметі бойынша құрылымын талдаңыз:

Кәсіпорын кадрлері (100 адам)

Кәсіпорын мекемелерінің өндірісте емес қызметкерлері (20 адам)

Қызметкерлер (80)

Кіші қызмет істеушілер және күзетшілер (22)



Өнеркәсіп – өндірісте қызмет істеушілер (980 адам)


Басшылар және мамандар (80)

Жұмысшылар




Негізі (400)

Негізгі емес (400)



Үйренушілер (8)

Анықтандар:

А)кәсіпорындағы қызмет істеушілердің жалпы санына жұмысшылардың үлес салмағын, %;

Б)Негізгі жұмысшылардың сандық коэффициентін;

В)Бір жұмысшы санына шаққанда өнімді өндіру, егер жалпы өнім көлемі 7056 мың теңге құрағанда.



Шешімі:

А) (420+400) : 1000 = 0,82 немесе 82%

Б) 420 : 820 = 0,51

В) 7056 мың теңге : 980 = 7200 теңге



9.2 Кәсіпорында жыл бойы жұмысшылардың орта тізімдегі саны 600 адам. Жыл бойы өз еркімен 37 адам жұмыстан кетті, еңбек тәртібін бұзғаны үшін 5 адам жұмыстан шығарылды, 11 адам зейнетке шықты, жоғарғы және басқадай оқу орындарына, армия қатарына 13 адам кетті, кәсіпорынның басқа бөлімшелеріне және басқа жұмысқа 30 адамдарды ауыстырды.

Осы мәліметтерді қолдана отырып анықтау керек:

1)Кадрлардың кету коэффициентің (%);

2)Кадрлардың тұрақсыздық коэффициентің (%).



Шешімі:

1. (37+5+11+13):600 = 0.11

2. (37+5):600 = 0,07

9.3 Бір бұйымды жасауға 12 мин. Уақыт мөлшері жұмсалған, еңбектің күрделілігі осы тарифтік ставкада сағатына – 5 теңге болып анықталған, бір айда жұмысшының жұмыс күні 24, ауысымда жұмыс ұзақтығы - 8 сағат, бір айда 1008 бұйым жасалған.

Осы мәліметті қолданып анықтау керек:

1)бір айдағы өнімділік мөлшерін (дана);

2)бұйымдағы кесімді бағалауды (теңге);

3)егер әрбір пайызды артық орындаған үшін 1,5 % кесімді бағалау тағайындалса бір айдағы кесімді еңбек ақы сомасын.

Шешімі:

1)(480 : 12) * 24 = 960 дана;

2) 15 : (60 : 12) = 3 теңге;

3)Артығымен орындау : (1008 : 960) * 100 – 100 = 5%, артығымен орындалғаны үшін қосымша төлеу: 5*1,5 = 7,5%, еңбек ақының сомасы: (3024 * 107,5) : 100 = 3250,8 теңге.


6. Өздігінше орындауға арналған есептер мен жаттығулар
9.4 Машина бөлшектерін дауындау үрдісінің технологиялық еңбек сиымдылығы 240 мөлшер – сағатты құрды, оның ішінде ІІІ – ші разряд бойынша 85 мөлшер – сағат; ІV – разряд бойынша – 140 мөлшер – сағат; Осы жұмыс түрі бойынша орта тарифтік коэффициентің және орта тарифтік ставкасын анықтау керек, егер І разрядтағы сағаттық тарифтік ставка – 0,50 теңге, ІІІ разрядтағы – 1,204; ІV разрядтағы – 1,352, V разрядтағы – 1,537 болған жағдайда.

9.5 Келесі мәліметтер бойынша жұмысшының кесімді сыйлық еңбекақысын есептеу керек: 1 бұйымға еңбек шығын мөлшері – 0,4 адам – сағат; бұйымның бағалануы – 0,3068 теңге; 176 адам – сағат атқарылған; 485 бұйым өндірілген. Сыйақы 100%; әрбір артық орындалған пайызға - 15% кесімді еңбекақы төленеді.

9.6 Есепті жылы өнім шығару көлемі – 750 мың теңге, жоспарланғаны – 900 мың теңге. Есепті жылы еңбекақы төлеу қоры – 150 мың теңге. Тауарлы өнім құрылымының өзгеруіне қарай еңбекақы төлеу мөлшері жоспарлы жылы 50% - ға өсіріледі. Жоспарлы жылындағы еңбекақы төлеу мөлшерін, жоспарлы жылдағы еңбекақы төлеу қорын анықтау керек.

9.7 Келесі мәліметтерді қолдана отырып еңбекақы төлеудің қорын, бір деңгейдегі мөлшері мен өсіңкіреген – мөлшерлер әдісі бойынша есептеу керек. Базистік жылда өнім көлемі – 10 млн. теңге, жоспарланған жылы еңбекақы төлеу қоры – 2 млн. теңге, еңбекақы төлеу қорының өсу мөлшері 1%, өнім көлемінің өсуі – 0,9.

9.8 Келесі мәліметтер бойынша еңбекақы бойынша төлеудің қорын өсу әдісімен есептеу керек: базистік жылда өнім көлемі – 10 млн. теңге, жоспарланған жылы өнім көлемі – 13 млн. теңге. Базистік жылы еңбекақы төлеу қоры – 3 млн. теңге, еңбекақы төлеу қорының өсу мөлшері 1%, өнім көлемінің өсуі – 0,5.

Орындалатын жұмыс құрамының өзгеруіне сәйкес еңбекақы төлеу қорының мөлшері жоспарлы жылы 20% өсуі қаралған.



9.9 Келесі мәліметтер бойынша кесімді - үдемелі жүйеде еңбекақы төлеудің жалақысын есептеу керек: бөлшекке жұмсалған еңбек шығын мөлшері – 2 адам – сағат; әрбір бөлшектің бағалануы 1,537 теңге, 100 бөлшек өндірілген; 22 ауысу болып, әрқайсысы 8 сағат жұмыс істеген. Бөлшекті мөлшерден жоғары өндірілгені үшін бағалану бойынша 1,5 есеге көбейтіліп ақы төлеу қаралған.

9.10 Жоғары квалификацияланған V – разрядты жұмысшы атқарды, жұмыс уақытының ұзақтығы 8 сағат. Белгіленген өндіріс тапсырмасын 105% - ға орындады. V – разрядтың сағаттық тариф ставкасы 1,06 $ тең. Белгілінген салық көлемі: Жоспарды орындағаны үшін – 15%, жоспардың әрбір пайызын артық орындағаны үшін 1,5% тарифтік еңбекақы төленеді. Жұмысшының бір айдағы еңбекақысының жалпы аумағын анықтау керек.
7. Ұғымдар мен терминдер
Еңбекақы төлеу

Еңбекке қосымша ақы төлеу

Ұжымдық еңбекақы

Уақыттық еңбекақы

Кесімді еңбекақы

Орташа еңбекақы

Ішінара төлеу

Жалақы


Көтеріңкі жалақы

Қосымша жалақы

Негізгі жалақы

Мерзімдік жалақы

Нақты жалақы

Кесімді жалақы

Орташа күндік жалақы

Орташа сағаттық жалақы


8. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Еңбекақының принциптік ережесі қалай туындайды?

2. Еңбекақының мазмұнының нысаны және жүйесі, олардың ерешелігін ашып көрсетіңіз

3. Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесі және оның ерекшелігіне тоқталыңыз

4. Атаулы жалақының нақты жалақыға қарағандағы өзгешелігі қандай?

5. Еңбекақының қандай нысаны мен жүйесін білесіз?

6. Қандай жағдайда жалақының ең тиімді жүйесін қолдануға болады?

7. Практикада еңбекақының қандай нысаны мен әдістері жиі қолданылады?

8. Қазақстанда еңбекақыны мемлекет тарапының реттеудің жай-жапсары қалай?
Тақырып 10

КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

1. Тақырып бойынша қысқаша теория
Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Инновацияның екі тұрапты ажыратылады:



  • өнімділік;

  • үдерістік.

Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады. Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту. Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтыу төрт кезеңнен тұрады.Жалпы түрінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік. Негізгі қорға қаржы жұмсау босалқы,қорларға, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады.

Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелілік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны. Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді. Инвестициялық қоржын – бұл капиталға салынатын қаржы құралдары, яғни меншікті компаниялардың және мемлекеттің шығаратын акцияларға, облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы. Құнды қағаздарды инвестициялаудың мақсаты – процент алу, капиталды сақтау және капиталдың өсуін қамтамасыз ету. Қағида бойынша қоржындарды басқару екі тәсілге бөлінеді – активтік және пассивтік.



Қазақстан Респуликасы индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының І және ІІ кезеңдеріндегі инновациялық белсенділіктің негізгі көрсеткіштері.  жылдан бастау алатын Қазақстан Республикасындағы инновациялық даму стратегиясының жүзеге асу барсын нақты көрсеткіштер арқылы талдау үшін төмендегі кестелерге жүгінелік. Мұнда негізінен ннновация саласындағы инновациялық белсенділік, технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындардың шамасы, инновациялық өнімдердің ЖІӨ алар үлесі, ғылым салалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығын мөлшері, облыстар бойынша зерттеулер мен әзірлемелермен айналысатын персонал саны т.б. көрсеткіштер жылдар, өңірлер бойынша кесте түріндег көрсетілген.
Кесте 10.1

Инновация саласындағы инновациялық белсенділік







2004

2005

2006

2007

2008

1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасы

2,3

3,4

4,8

4,8

4

Ақмола

0,2

1,5

2,2

2,1

1,2

Ақтобе

3,2

4,6

6

5,6

4,1

Алматы

1,7

2,2

2,9

2,1

1,9

Атырау

0,5

1

7,8

3,7

2,7

Батыс Қазақстан

2

2,2

2,1

4,9

4,9

Жамбыл

2,7

5,7

6,6

8,8

6

Қарағанды

4,2

4,5

6,4

6,1

6,5

Қостанай

1,2

1,4

1,9

2,5

2

Қызылорда

1,3

1,2

2,4

2,4

3

Маңғыстау

4,5

2,5

3,2

2,3

1,9

Оңтүстік Қазақстан

1,4

2,3

2,5

2,8

2,4

Павлодар

3,4

2,8

7,2

8,1

3,6

Солтүстік Қазақстан

1,4

1,9

2,1

2,2

2,5

Шығыс Қазақстан

2,8

4,1

6,8

5,6

4,3

Астана қаласы

0,4

1,5

2,8

3

1,8

Алматы қаласы

2,6

5,5

6,3

7,2

6,4

Жоғарыдағы кестеде Қазақстан Республикасындағы инновация саласындағы белсенділік деңгейі көрсетілген. Кестеден көріп отырғанымыздай Республика бойынша бұл көрсеткіштің ең жоғарғы деңгейі 2006, 2007 жылдары болған. 2008 жылы 0,8 позицияға (пайызға) төмендеген. Өңірлер бойынша талдау жасайтын болсақ 2006 жылы: Атырау (7,8), Жамбыл (6,6), ) Қарағанды (6,4), Павлодар (7,2), Шығыс Қазақстан (6,8) облыстарының және Алматы қаласының (6,3) көрсеткіштерінде,  жылы:Жамбыл (8,8), Қарағанды (,), Павлодар (,) және Алматы қаласында (,) өсу болғанын байқаймыз. Дегенмен  жылдың көрсеткіші қайтадан төмендеп кеткен, жалпы алғанда өсу үрдісі тек қара Қарағанды облысында (,) сақталған.

Төмендегі 10.2 кестеде меншік нысандар бойынша технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындардың    жылдар аралағындағы шамасы берілген.

Кесте 10.2




Меншік нысандары бойынша технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар
















млн. теңге

 

2004

2005

2006

2007

2008

Қазақстан Республикасы

35 360,3

67 088,9

79 985,9

83523,4

113460,1

соның ішінде:

 

 

 

 

 

мемлекеттік меншік

2 248,8

4072,5

7069,5

4650,7

6572,9

жеке меншік

28 395,1

44056,5

68689,5

48472,1

71469,9

басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігі

4 716,4

18959,9

4226,9

30400,6

35417,3

Технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар шамасы  жылы екі есеге жуық өскен, және дағдарыстың ең шарықтау шегі саналатын  жылыдың өзінде бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда  % өскен. Меншік нысандары бойынша қарастаратын болсақ мемлекеттік меншік өз шығындарын  пайызға, жеке меншік  пайызға сондайақ басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігі  пайызға артқан. Мұның өзі жаңашылдыққа жалпы көзқарастың өзгере бастағанның көрнісі.


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(10.3 және 10.4 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)



Кесте 10.3




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайдан өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру




2

Жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі




3

Жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту




4

Кәсіпорындарда ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы




5

Халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету




6

Жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы




7

Тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді




8

Үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады




9

Ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады




10

Шаруашылық субъектілірінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады




11

Портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі




12

Капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі






Кесте 10.3 жалғасы

13

Капиталға салынатын қаржы құралдары, яғни меншікті компаниялардың және мемлекеттің шығаратын акцияларға, облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы




14

Инвестициялық қоржыннан алынған табыс мөлшерінің мүмкіндігін болжайтындығын сипаттайды




15

Күні бұрын тәуекелдік деңгейі анықталған және қоржынды өзгеріссіз жағдайда ұзаққа ұстап қалатын жақсы әртараптандырылған қоржындарды жасаудан тұрады




Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет