Э. Ж. Куандыкова Сананы философиялық ұғыну



Дата12.06.2023
өлшемі21,94 Kb.
#178670
Байланысты:
Философиядағы сана мәселесі–философиядағы негізгі мәселелердің бірі.


Э.Ж.Куандыкова
Сананы философиялық ұғыну
Философиядағы сана мәселесі–философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар:
• физикализм;
• солипсизм;
• объективтік идеализм;
• тұрпайы материализм.
Физикализм –сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана– ми қызметінің жемісі.
Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелерге,соның ішінде мына фактілерге негізделген:
• адамның миы–табиғаттың күрделі "механизмі", материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі;
• ми болмаса әр адамның санасы өмір сүре алмайды,ми-биологический орган;
•адамзат жасанды интеллект жасауға мүмкіндігін алды,ол материалдық объект— машина (ком­пьютер);
• дәрілердің адамның организміне әсері санада бейнеленуіне әкеледі (мысалы, психотроптық заттарды қолдану).Физикалистердің негізгі мәселесі— ол идеалдық сана:
• адам ойындағы образдардың материалдық сипаттамасы жоқ,мысалы - массасы, иісі, өлшемдері, формалары;
•сана образарды өзгерте алады — үлкейту,кішірейту, "өшіру"
• ешбір адам басқа адамның "көрмеген" (миге операция жасаған хирург, , микроскоптан тек затты — нейрондерды көреді, бірақ ол операция жасаған адамның не образдардарын, не ойларын көре алмайды).
Сонда да физикализм (неопозитивизм түрде) кең тараған.Мысалы:
•"теңестіру теориясы" (Д. Амстронг, Дж. Смарт) - тән процесстерін басқа рухани процесстермен теңестіру (қан айналысымен, тыныс алумен, ми процестерімен);
•"элиминация"теориясы (Ф. Фейербенд) —"рухани" ұғымын ескіргенін дәлелдеуге талпынады;
•тұрпайы материализм теориясы (мысалы, Фохтың пайымдауынша ой мидан бөлініп шыққандықтан ойдың өзі ерекше түрдегі зат).Ой мен материя сапалық жағынан өзара тең ұғымдар.Психикалық құбылыстарды физиологиялық құбылыспен, ойды затпен теңестіру арқылы материализмді идеализммен байланыстырды. 
Солипсизм —индивидтың санасы— жалғыз нақты реалдылық, а материалдық дүние — оның туындысы деп есептейтін бағыт(субъективтік идеализм — Беркли, Юм, Фихт).
Философиядағы сана мәселесінде сананың қалыптасуы туралы әр түрлі көзқарастар. Солардың бірі:
• сананың космостан (не құдайдың ақылынан) пайда болды;
• сана барлық тірі организмдерге тән;
• сана — тек адамның қасиеті.
Сана космостан (құдайдың ақылынан) пайда болғаны туралы көзқарас:
• монадалар теориясы (монадология) - Лейб­ниц негізін салды, Даниил Андреев дамытты,дүниеде бөлінбейтін және мәңгілік монадалар бар — алғашқы рухани бастамалар,олар сананың негізі;
•Шарден теориясы, бұл теория бойынша сана— адамнан тыс мән, материяның "ішкі түрі", "миы";
• Толбет теориясы, бұл теория бойынша Әлем— гиганттық ақыл,сана—материяны жасайтын өзара өрістердің нәтижесі;
• Гилозоизм теориясы, бұл теория бойынша барлық материяның (тірі, өлі табиғат) жаны бар, табиғаттың жаны бар болуы — материяның қасиеті.
"Биологиялық" көзқарас: сана -тірі табиғаттан пайда болуы және барлық тірі ор­ганизмдерге тән.
Сана — тек адамның қасиеті туралы көзқарас бойынша сана — тек адам миының жемісі және адамға ғана тән, а жануарларда сана емес, инстинктер бар.
Сана—объективті дүниенің субъективті бейнесі. Ал,бейнелеу- материалдық объектілердің басқа объектілерге өзара қатынастардың арқасында із қалдыру мүмкіндігі.Бейнелеулің қарапайым формалары:
• механикалық;
• физикалық;
• химикалық.
Биологиялық бейнелеу тек тірі организмдерге тән. Биологиялық бейнелеудің арқасында тірі организмдер тірі және өлі табиғатты бейнелеуге мүмкіндігі бар. Биологиялық бейнелеудің түрлері:
•Тітіркену—биологиялық бейнелеудің қарапайым формасы,тірі организмдердің қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға әсері,реакциясы.
• Сезімталдық — тірі организмдердің сезім мүшелері арқылы қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелеу қабілеттілігі.
• Психикалық бейнелеу.Психикалық бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады, сөйтіп адамның жан дүниесінің сырына айналады.Психика – адам миында бейнеленетін таңба, әсер. Адам күнделікті іс-әрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат — мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбекктенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады.
Сана - биологиялық бейнелеудің жоғарғы түрі.Жануарлардың санасынан адамның санасының айырмашылығы ерекшеленеді:
• тереңдігімен;
• еңбекке қабілеттілегі;
• абстракциялау мүмкіндігі;
• сананы жеткізу мүмкіндігі;
Адамның санасының негізгі қасиеттері:
• идеалдық;
• интенционалдық;
• идеаторлық;
Идеалдық —сананың ерекше, материалдық емес мәні. Өзінің табиғаты бойынша идеалдық сана:
• материалдық дүниеге қарама қарсы ;
• материядан тәуелсіз;
•материалдық құралдармен танылмайды;
Интенционалдық - обьектіге деген бағыт.Сана затсыз, обьектісіз болуы мүмкін емес.
Интенционалдық сана:
• сана обьектісі;
• түрлері.
Сананың негізгі түрлері:
•қабылдау;
• түсін;
• бағалау;
• еске ал;
• фантазия;
• өмірлік тәжірибе.
Сананың обьектісі:
•қоршаған дүние, оның заттары,құбылыстары;
• ерекше, тәуелсіз рухани әлем.
Идеаторлық сана — идеяларды жасау және жаңғырту қабілеті — қарапайым бейнелеудің шеңберінен шығатын ішкі өзіндік жұмыс. Абстракциялдық идеяларды дамыту қабілеті — адамның санасының жануарлардың санасынан негізгі айырмашылығы.
Сана рухани таза жанға тән,жалпы алғанда сананы үшке бөлуге болады:
• материалдық болмысқа жататын сыртқы тән сезімі;
• ішкі ой-өріс сезімі;
• рухани болмысқа жататын алғашқы таза сана — рухани сана.
Сана құрылымына эмоциялық, соның ішінде адамның көңіл-күйлері сезімі,сонымен бірге ерік процестері,ол адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады.
Өзіндік сана –адамның өзін тұлғ ретіеде түсіну және бағалау,адамның өзінің іс-әрекеттері мен олардың нәтижелерін, өзінің өзге адамдармен өзара әрекетін және өзіне қатынасын құратын, индивидтің өзі туралы шартты түрде тұрақты, азды-көпті ұғынылған түсініктерінің қайталанбас жүйесі.Л.С.Рубинштейн былай дейді: «өзіндік сананың дамуының нағыз қайнар көзі мен қозғаушы күшін - оның айналасындағылармен өзара қатынасының өзгеруінде көрінетін индивидтің шын мәніндегі дербестігінен іздеу керек». [1].Өзіндік сана тұлғаның әрі қарай дамуына әсер етеді, ал өзіндік сананың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын бұзып, мінезінің бұрыс қалыптасуына алып келеді [2].
Бейсана —адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет.Ол адас өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын әр түрлі күйлердің жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы: бейсананы ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес.Бейсана адамның ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді.
Жеке және қоғамдық санаға тоқталсақ,жеке сана дегеніміз—ол адамның болмысты бір жақты қабылдауы,дүниеге және өзіне деген қатынасы .
Ал,қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамның әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі[3].
Қоғамдық сана  түрлері:
-қарапайым,күнделікті сана, эмпирикалық сана
- ғылыми-теориялық сана;.
- адамгершілік сана;
- діни сана;
-эстетикалық сана;
-ғылыми сана;
-саяси сана;




Пайдаланған әдебиеттер


1.Рубинштейн Л.С. Самосознание личности // Психология личности: тексты / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: Изд-во Моск. Ун-та, 1982.
2.Лисина М.И., Силвестру А.И. Психология самопознания у дошкольников. – Кишинев: «Штиинца», 1983.
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет