Маңызды мэселелер мен сүраңпшр, тапсырмалар: Интегративті ғылымдар қатарына ономастиканы қосуға бола ма?
Жалқы есімдерді зерттеуде қажетті салаларды ата- цыз.
Жалкы есімдерді зерттеуде қандай лингвистикалык ғылымдарды колдануға болады?
Жалқы есімдерді зерттеуде тіл білімінің эр саласы бойынша деректер кажет пе?
Тілді зерттеудегі ономастиканың маңыздылығы қан- дай?
Топонимдерді талдай отырып, қандай ақпарат алуға болады?
Төмендегіні оқып, оның қаншалықты заңды екендігін анықтаңыз: Хронологиялық, географиялық, лингвистикалык, және мәдени-тарихи анықтамалардың болмауы немесе оларды ескермеу ономастикалық зерттеудің қүндыпыгын жогалтады (А.А. Белецкий).
36
Ономастика: зерттеу мәселелері Э.М. Мурзаевтің “Очерки топонимики” (1974) атты кітабын колдана отырып, белгілі бір территориядағы географиялык атаулар жүйесінің бір тілде және бір уақыт- та қалыптаспағанын дәлелдеңіз.
Тұрған аймақтың, қаланың, ауылдың жаңа атаулар- дың мысалдарын келтіріп, олардың пайда болу себептерін айтыңыз.
I mapay. Ономастика - гылыми пән
Ономастиканың құрылымы мен зерттеу аспектілері
Материал, мақсат және міндеттеріне байланысты ономастика жалпы және жеке ономастика деп бөлінеді.
Жалпы (теорияльщ) ономастика тілге қатысынсыз онимдер жүйесінің дамуы мен қызметінің жалпы заңды- лықтарын зерттейді, сонымен қатар ономастикалық (онимдік) әмбебаптылықты - эр тарихи кезеңдегі, терри- ториядағы тілдегі онимдер жүйесінде кездесетін жекелеген объектілерге атау беру принциптерін, ономастикалық жүйенің көптеген жалкы есімдердің даму бірлігін көрсететін заңдылықтарды, сондай-ақ жалқы есімдерге тән, басқа лексикалық категориялардан жекелейтін ерекше белгілерін анықтайды, көптеген негіздерге сүйеніп, жалқы есімдерді топтастыру принципін нақтылайды.
Теориялық ономастика міндетіне ономастиканың үғым- дық-категориялық аппаратын күру, жалқы есімдердің денотатпен байланысын анықтау, жалқы есімдердің ма- ғынасы мен ақпараттылык мәнін ашу мәселелері, онимдік жүйедегі синтагматикалы-парадигмалық қатынасын және жалқы есімдердің атқаратын қызметін анықтау кіреді. Жалпы ономастика өз кезегінде жеке ономастика деректеріне сүйенеді.
Жеке ономастика бір тілге (тілдер тобына) қатысты- лық түрғысынан жалқы есімдерді (немесе онимдер жүйесін) немесе белгілі бір территорияға, аймаққа қатыс- ты бір разрядтың жалқы есімдерді жинастырып талдай- ды. Жеке ономастиканың міндеті нақты жалқы есімдердің ішкі болмысы мен атқаратын қызметін нақты тіл заңды- лықтарын (мыс., қазақ ономастикасы, түркі ономастикасы, орыс ономастикасы, славян ономастикасы, қазақ топонимдері, нанай антропонимдері, жапон космонимдері т.б.), белгілі бір территориядағы ономастиконның даму- ын (мыс., Уфа жеке есімдерінің дамуы, Солтүстік
38
Ономастика: зерттеу мәселелері Черномор топонимиясы, Шығыс Қазақстан гидронимдері, Таулы Алтайдың түркі топонимиясы т.б.) ескере отырып, анықтау.
Зерттеу нысаны мен нысанасына байланысты жеке ономастикада келесі болімдерді (бағыттарды) көрсетуге болады:
ареалды ономастика
кез келген халықтың географиялық орналасуының, ареалдардың диа- лектілік бөлінуінің қатысынсыз ономастикалык күбы- лыстың таралу ареалы немесе облысын айкындай- ды, дегенмен диалектілік деректерге сүйенігі өткен кезеңдердің тілдік жағдайын бақылауга мүмкіндік береді. Ономастикалык ареалдарды айкындау суб- страттарды анықтаганда, халықтардың орналасу мәселесін шешкенде күнды көмек береді;
регионалды (аймақтық) ономастика белгілі бір территориядағы жалқы есімдерді зерттеумен, жергілікті ономастикалык жүйемен: топонимия, антропонимия, зоонимия, астронимия т.б. байланысты. Регионалды ономастиканың максаты - белгілі бір территориядагы атаулар срекшелігін және басқа көрші немесе алыс жатқан территориядагы атаулармен байланысын, үқсастығын немесе ерекшелігін анықтау. Регионалды ономастика диалектология, жергілікгі халықтың этнографиясы, өлкетану деректерін қолданады;
әлеуметтік ономастика жалқы есімдердің коғаммен байланысын, оның тарихи дамуын, әлеуметтік өзгерістерін, жалқы есімдердің дамуына әлеуметтік, заңгерлік, тарихи заңдылықтардың ыкпалын, соны- мен қатар атауға сәннің, қоғамның идеологиялық және мәденитанымдык бағыттарының ықпалын анықтайды, ягни әр әлеуметтік өзгерістердегі қазіргі және тарихи ономастиканы анықтау, жалқы есімдер мен әр түрлі этнолингвистикалық факторлардың
39
I mapay. Ономастика - гылыми пән өзара тәуелділігін сигіаттау; жалқы есімдердің әр раз- рядтарын зерттсу әр деңгейде жүргізілгендіктен бүл аспект әлі өңделуде: атау иесінің жынысына қарай (гендерлік зерттеу), жас молшері, тілдің әлеуметтік жекеленуі (онимдік кәсіби, аймақтық, жастар жаргоны, қала жаргоны т.б.) жалқы есімдерді анықтауға алгашқы қадамдар жасалуда. Әлеуметтік ономастика тілдік жагдай, тілдік қатынас, бір тілдің екінші тілге эсер етуі (орыс тілінің әсерінен -к(а), мыс., Гулька немесе -ик, мыс., Нурик, Чопик қазақ бейресми кісі аттарында орыс аффикстері қолданылып жүр), сәнге бейімделуі, әдемі, жағымды, үйреніп кеткен есім- дерді колдану (мыс., туған кезінде тағылған есімдер отбасы ішінде еркелету мақсатымен қолданылып, соңынан ресми есім болып бекітілген: Нүрбүбі - Бүбіш, Айымгүл - Айжан) жағдайларын анықтайды; • поэтикалық ономастика (ономатопоэтика) көркем әдеби мәтіндегі белгілі бір авгордың немесе бірнеше авторлар шығармасы, бір немесе бірнеше бағыт (символикалық, романтикалық, сатиралық т.б.), бір немесе бірнеше жанр (поэзия, проза, эпикалық шы- ғарма, тарихи шығарма, халық ауыз әдебиеті т.б.) деңгейінде жалқы есімдердің ерекшелігін зерттейді.
Поэтикалық ономастиканың мақсаты көркем мәтінде поэтонимдердің, әдеби жалқы есімдердін қолданыс ерекшелігі мен зандылықтарын, оларды жасау және шы- ғарма жанрына қарай тандау принциптерін, мәтінді линг- вистикалық интерпретация жасауда поэтонимдердің мүмкіндіктерін, поэтонимдердің қызметін (мәтін жасаушы, ерекшелігін көрсетуші, стилистикалық, идеологиялық, экспрессивтік т.б.) анықтау.
Поэтикалық ономастика әдебиеттанумен тығыз байла- нысты, оның үғымдарын, терминдерін, әдістерін жалқы есімдерді толық және жан-жакты талдау, әдебиеттанудағы