II тарау.^Онолшстишпы^
олардың әрқайсысын ономастикалық қызмет деп қарас- тырады [1983, 21].
А.В. Суперанская, В.Д. Бондалетовтың пікірлері бойынша, әлеуметтік мақсат үшін кісіні және географиялық объектті әлеуметтік тіркеу жалқы есімнің ерекше қызметі болып табылады. Әлеуметтік тіркеу - жалкы есімнің туысқандық қатынас, шығу тегі, объекттің әлеуметтік деңгейі туралы дерек береді. Топонимдер үшін - бүл қоғамдық қолданысы, белгілі бір объект түріне қаты- стылығы, оған сілтеу т.б.
Кейбір зерттеушілер антропонимдерде (кісі аттары) “екі негізгі қызмет - қоғамдық ортада теңестіру үшін қолданылатын әлеуметтік және адамның табиғатпен, ғарыш және жаратылыстан тыс әлеммен қатынасын реттейтін қызметі” [Толстой, Толстая, 2000, 608]. Мифологиялық қызметін сиқырлы деп атауға болады, себебі оның басты бағыты - “адамды қорғайтын және одан қауіпті аластайтын атаудың иесін қатыгез рухтардан, көз тиюден қорғау” [Жанүзақов, 1982; Керімбаев, 1995].
Жалқы есімдердің коммуникативтік қызметке ие тіл бірлігі болғандықтан, жалқы есімдер атау бірлігі болып қана қоймай, катынас қүралы ретінде коммуникацияға қатысты болады.
Зерттеушілердің байқауы бойынша, тіл кызметінің көлемі толық анықталған емес. Дегенмен соңғы он жыл ішінде ғалымдар қосымша атау, экспрессивті, волюн- тативті, кумулятивті, танымдық, эстетикалық, фатикалық, адрестік, сиқыр т.б. қызметтерден түратын коммуника- тивті қызметін интеграциялы қүбылыс ретінде бөліп қара- стырады. Белгілі жағдайларда нақты колем ішінде бүл кызметтерді жалқы есім де атқарады. Көркем мәтіндерде поэтикалык жалқы есімнің атау қызметінен басқа ерекшелігін көрсетуші, идеологиялык, эмотив, экспрессив косымша қызметтерден түратын стилистикалық қызметін де атқарады.
132
Ономастика: зерттеу мәселелері
Достарыңызбен бөлісу: |