«Ең үздік шығармашыл мұғалім» атты технология пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық байқауының ережесі



Дата01.06.2017
өлшемі56,13 Kb.
#17419
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТІЛДІ

ҚО ББД ОӘО ҚО ББД ОӘО директоры

директорының орынбасары _________ Г.Ш.Кожахметова

________Б.Х.Абдикерова «___»___________2014ж.

«___»___________2014ж.
« Ең үздік шығармашыл мұғалім» атты

технология пәнінің мұғалімдеріне арналған

облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ


  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

-мұғалімнің әдістемелік деңгейін көтеру;

-оқу үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолданатын мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу;

-технология пәні мұғалімдеріне көмек ретінде әдістемелік жұмыстардың электронды базасын құру.

2. Байқауға қатысушылар

2.1.Қарағанды облысының жалпы білім беретін орта мектептерінің технология пәні мұғалімдері қатыса алады.

2.2. Байқауға жеке және ұжыммен орындалған жұмыстар қабылданады.

3. Байқауды өткізу мерзімі

3.1. Байқау жұмыстары және сұраныс электронды (диск) және қағаз түрінде файл бумасында мына мекен жай бойынша қабылданады: Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласы С.Сейфуллин көшесі 8/2, №415 кабинет. (Қосымша 1)

3.2. Жұмыстарды өткізу мерзімі : 2014 жылдың 13 қарашасынан бастап 2015 жылдың 14 ақпанына дейін.

3.3 Байқауға қатысушылардың жұмыстарын қарау мерзімі: 2015 жылдың 15 ақпанынан бастап 2015 жылдың 1 наурызына дейін.

4. Байқауға ұсынылған әдістемелік әзірлемелерінің жалпы талаптары.

4.1. Байқауға ұсынылған жұмыс мазмұны мынадай:

1 Бағыт (номинация). «АКТ - ны қолдана отырып өткізілген сабақ»: АКТ-ны қолдана отырып өткізген сабақтың толық сабақ жоспары, авторлық презентация, флипчарттар, тест жұмыстары және басқа да дидактикалық материалдар электронды түрде тапсырылуы керек, сонымен қатар қолданылған электрондық білім беру ресурстарын көрсету.

2 Бағыт (номинация). «Технологиялық Вернисаж»: Оқушы мен мұғалімнің бірлесе отырып орындаған шығармашылық және зерттеу жұмыстарының презентациясы.

5. Бағалау өлшемдері.

5.1 «АКТ - ны қолдана отырып өткізілген сабақ»( Қосымша 2)

- байқауға ұсынылған жұмыстар келесі өлшемдермен бағаланады:

- сабақ жоспарын құрудағы әдістемелік сауаттылығы;

- сабақтың таңдап алынған түріне қарай мультимедиялық құрылғыларды дұрыс пайдалана білуі;

- оқу бағдарламасына сәйкестігі;

- практикада қолданылу мүмкіндігі;

-ғылымилығы;

-алынған материалды шығармашылық тұрғыдан қолдана білуі;

-жұмысты безендіру сапасы;

- авторлық идеясының ерекшелігі;

-авторлық құқығын сақтауы;

-техникалық талаптардың орындалуы.



5.2. «Технологиялық Вернисаж» ( Қосымша 3)

Дайындалған жобаларды бағалау өлшемдері:

-Жоба тақырыбын таңдаудың дұрыстығы, қажеттілігі және атқарылған жұмыстың маңыздылығы;

-Жоба әзілемесінің (разработка) толықтылығы және көлемі, жоба кезеңдерінің дұрыс орындалуы, жоба қорытындысы, жобаны басқа адамның қабылдай алуы, түсінуі, іске асырылуы.

-Жоба тақырыбының ерекшелігі, шығармашылық деңгейі, жобаны материалдық тұрғыдан безендіру ерекшелігі;

- түсінік хаттың сапалығы: безендірілуі. Стандартық талаптарға сайлығы,текстің құрамдылығы, эскиздері, схемалары, суреттері.

-бұйымның сапасы, стандартқа сайлығы, жаңашылдығы.

6. Байқауға қатысуға рұқсат етілмейді, егер:

- техникалық талаптар орындалмаған болса;

- үшінші адамның авторлық құқығы бұзылған жағдайда.

7. Техникалық талаптар

Презентация құру барысында қолданған мәліметтер, әдебиеттер тізімі міндетті түрде көрсетілуі қажет. Қалған жұмыстарды авторлар өз еркімен, алдарына қойылған міндеттеріне сай қолдана алады.



8. Байқаудың ұйымдастырылуы.

8.1 Байқау жұмыстарын бағалау үшін, жетекші технология пәні мұғалімдерінен әділ қазылар құрылады.

8.2. Байқауға қатысушылар сертификатпен, ал жеңімпаздар дипломдармен, грамоталармен марапатталады.

8.3. Байқау негізінде құрылған жұмыстардың авторлық құқықтары байқауға қатысушылардың атында сақталады.

8.4. Байқаудың қорытындысы 2015 жылдың 9 наурызында ҚО ББД ОӘО сайтында жарияланады.

1 Қосымша
Байқауға қатысушының сұранысы

«Ең үздік шығармашыл мұғалім»



Толығымен автордың аты жөні

Номинация

Қала,

Аудан,


ауыл

Жұмыс орны

Лауазымы

Пед.

өтілі


Сайысқа берген жұмысының

атауы


тел.

ұялы тел.

Е-mail






























2 қосымша

Сабақтың әдістемелік әзірлемесін безендірудің үлгісі

Сайысқа қатысушының фото суреті



  1. Аты жөні

  2. Мектебі

  3. Еңбек өтілі және санаты

  4. Сабақ жоспары

-сабақтың тақырыбы

-сыныбы


-сабақтың мақсаты

-сабақтың міндеті

-түрі

-құрылымы



- сабақтың материалдық-техникалық жағынан жабдықталуы

-сабақ барысы

-библиографиялық тізімі

-әдістемелік ұсыныс

-сабақта пайдаланған қосымша материалдар

-сабақтың өзіндік талдауы.



3 қосымша

«Технологиялық вернисаж» номинациясы бойынша жұмысқа қойылатын талаптары

  1. Жұмыстар жоба түрінде берілуі қажет, яғни проблемалық мәселесі, мақсаты, міндеттері, жоспары, әдіс- тәсілдері, жұмыс нәтижесі көрсетілуі тиіс.

  2. Жұмыс оқушы мен технология пәнінің мұғалімі бірлесіп орындаған шығармашылық іс – әрекеттің көрінісі болуы тиіс.

  3. Жұмыстар электронды (дискіде) және қағаз түрінде (файл папкасында) өткізіледі.

  4. Жұмыс міндетті түрде келесі бөліктерден тұруы қажет:

  • Жобаның титулдық беті;

  • Жобаның тезисі;

  • Жобаның мазмұны;

  • Жобаның нәтижесі (біткен бұйымның фотосы, электронды презентациясы және т.б.)

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет