Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізудің тарихи маңызы



бет10/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы
essay, Анкета рус, Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, тарих сессия ответы, 1. Этносаралы келісім Р- ауіпсіздігін ныгайту негизи (1), 1. Этносаралы келісім Р- ауіпсіздігін ныгайту негизи (1), 1.1-physical quantities units - cie ial physics-ms
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізудің тарихи маңызы.

Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты. 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. 2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет