Еббқ бағалау кезеңдері және еббқ-пен бірге білім алушыны психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұнын анықтау


Білім алушыны тереңдетіп және бағытталған оқыту (тексеру)



бет2/4
Дата21.12.2022
өлшемі15,28 Kb.
#163650
1   2   3   4
Байланысты:
Еббқ бағалау кезеңдері және еббқ-пен бірге білім алушыны психоло-melimde.com

Білім алушыны тереңдетіп және бағытталған оқыту (тексеру)


  • Әрбір маман қажетті әдістерді, әдістемелерді, тесттер мен тәсілдерді пайдалана отырып психологиялық, логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді, оның нәтижелерін тексеру хаттамаларына енгізеді (Логопед сөйлеу картасын толтырады). Психолог психологиялық тексеру хаттамасы. Арнайы педагог - оқу қызметі компоненттерінің жағдайын бақылау хаттамасын толтырады.

Осылайша, кез келген маманның тексеру мақсатының соңы – бұл баланың барлық психикалық функцияларының, білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының, мінез-құлықтары мен эмоционалдық ерекшеліктерінің формальды сипаттамасы ғана емес, олардың жағымсыз сипаты мен дәрежесін анықтау, сондай-ақ оқудағы табыстылыққа оң әсер етуін айқындау.


Бірлескен оқЫтудың қиындықтарын талқылау


  • Бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерекше білім беру қажеттілігін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау.Қолдау көрсету қызметінің бірлескен отырысында мұғалім және әрбір маман балаға өзінің ұстанымы бойынша мінездеме береді: оқытудың қиындықтарын сипаттайды, олардың пайда болу себептері мен механизмдері туралы өз пікірін білдіреді, баланың мүмкіндіктері мен күшті жақтарын ашады (ата-аналар жеке отырысқа шақырылады).

Оқушыны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын жасау


  • Анықталған білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтитын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасы құрастырылады: қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламалары, арнайы оқыту әдістері, психологпен, логопедпен, арнайы педагогпен жеке-дамыту бағдарламалары, мұғалімге, ата-аналарға берілетін ұсыныстар

Мониторингпен қолдауды іске асыру


  • Мамандар мен мұғалім тарапынан оқушының ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және қанағаттандыру алгоритмі 12 қадаммен жүзеге асырылады, олардың сипаттамасы 4-кестеде келтірілген. Оқушы туралы алынған ақпаратты тіркеу формалары және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламасының формасы А-қосымшада берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет