Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.
ЕББҚ бар балаларды оқытудың негізгі қағидалары
1.Барлық адамдар құқығының теңдігі;
2. Адамдарды шектеудің болмауы;
3. Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемеге және мектепке қабылдау;
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, мінез- құлықтың коммуникативті моделін игерту,
5. Оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстыру ;
6. Арнаулы білім беру жағдайын жасау ;
7. Пәнаралық бағытты қалыптастыру (педагогтар, ата-ана, логопед, психолог, дефектолог, т.б. мамандықтардың өзара әрекеттестігі
8. Өзгелермен қарым-қатынасқа және өзіне денег сенімділікке үйрету.
Инклюзивтік білім беру ортасы ЕББҚЕ балалардың келесідей білім беру мәселелерін шешуді көздейді:
білім беру кеңістігінің әр баланың қажеттіліктеріне бейімделуі,
білім беру процесін қайта құру,
әдістемелік икемділік және вариативтілік,
қолайлы психологиялық климат,
оқу үй-жайларын қайта жоспарлау: балалардың барлық қажеттіліктеріне жауап беруі және мүмкіндігінше балалардың білім беру процесіне толық қатысуын қамтамасыз ететіндей болуы.
Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың оқу дағдыларын меңгеру ерекшеліктері Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың оқу дағдыларын меңгеру ерекшеліктері
Оқушы оқылатын материалдың сипатына байланысты оқудың қарапайым және жетілдірілген тәсілдерін қолданады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған оқуды меңгеру процесі сапалы бірегейлікпен және белгілі бір қиындықтармен сипатталады
Достарыңызбен бөлісу: |