) отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына (оларды ауыстыратын тұлғаларына) кеңес беру және оқыту
5) отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына (оларды ауыстыратын тұлғаларына) кеңес беру және оқыту;
5) отбасы жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарына (оларды ауыстыратын тұлғаларына) кеңес беру және оқыту;
Сонымен қатар, ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізіледі. Баламен жасалған жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстырылып отырады. Ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіріліп отырады. Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В.А. Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана – бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден-бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінде ата-аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпараттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ.