Батыстан өзге аймақтағы демографиялық өзгерістер. Батыстан өзге нашар дамыған елдерде XX ғасырдың алғашқы онжылдығына дейін туу және өлім көрсеткіші индустриалдық қоғамға дейінгі деңгейде қалып отырды. Кейінірек Латын Америкасы, Тайвань, Сингапур және Оңтүстік Корея сияқты елдерде экономикалық даму мен өмір сүру деңгейінің жақсаруына байланысты дәл Батыстағыдай туу және өлім көрсеткіштерінің күрт төмендеуіне алып келді.
Ең кедей елдерде жағдай өзгеше болды. Бұл елдерде өлім коэффициент! тек XX ғасырдың екінші жартысында, санитарлық ахуал түзеліп, денсаулық сақтау жетілдірілген (әсіресе балаларға вакцина егіліп, іш өтуді емдеудің жаңа әдістері қолданыла бастағанда) кезде қысқара бастады. Өлім-жітім азайып, туу көрсеткіші тұрақты деңгейде қалғандықтан, алғашқыда халық саны өсіп отырды. Кейіннен туу көрсеткіші де төмендеп, халық санының артуы баяулады. Сонымен қатар Ботсвана, Свазиленд және Лесото сияқты СПИД аса асқынған елдерде өлім-жітім көбейіп, халық саны күрт кеміді (UNAIDS/WHO, 2007).