Еңбекші жалпы орта мектебі Сынып сағаты Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі



бет4/6
Дата24.01.2023
өлшемі158,07 Kb.
#166217
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі
Несеп бөлу, оптика лекция 6 апта, D1FB60DE-E1B7-4978-9FB3-4BD8F91E24B7
Медина: Ақерке:
Айнымайды аспаннан Мереке бүгін бақ күні
Біздің тудың бояуы Егеменді елімнің
Оны халық қашанда Желбірейді көк туы
Биікке іліп қояды. Түсіндей боп көгімнің
Ән:Көк тудың желбірегені

 «Алтын дән» тобы еңселі Елтаңбамыз туралы: 
Ал бүгінгі таңба Елтаңбамызда не бейнеленген екен, соған тоқталайық, ол үшін сөзді «Алтын дән» тобының мүшелеріне берейік (Экраннан мемлекеттік елтаңба, оның авторларының суреттерін көрсетіп тұрады)

Біздің Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.


Елтаңбаның авторлары- Ж .Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.
(Экраннан мемлекеттік ту тігілген ғимараттар мен мекемелердің суреттері көрсетіледі)
Ән: Елтаңбасы елімнің
«Қыран» тобы асқақтаған Әнұран.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет