Еңбекті қорғау


Қолға ұстайтын ауа-көбікті ОВП-5 және ОВП-10 өрт сөндіргіштері



бет30/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83
Байланысты:
treatise36891

Қолға ұстайтын ауа-көбікті ОВП-5 және ОВП-10 өрт сөндіргіштері. ПО-1 көбік түзушісінің 4-6 % сулы ерітіндісімен зарядталған. Зарядты корпустан шығару, өрт сөндіргіш корпусының ішінде жеке боллонда орналасқан көміртектің қос тотығының қысымымен іске асады. Корпустың жоғарғы жағындағы жіберу рычагын басқанда, көміртектің қос тотығы бар баллонның мембранасы тесіледі. Корпуста пайда болған 1 МПа қысымның әсерінен көбік түзушісінің ерітіндісі сифонды түтікше арқылы кең қонышты сұғындырмаға түсіп, ондағы ауамен араласып ауа-механикалық көбік түзеді. Жұмыс кезінде өрт сөндіргішті бұрмай және көлбейтпей тек тік ұстайды. Жанып жатқан беттікке көбік ағынымен, шетінен бастап ортаға қарай, барлық жану аймағын қамти жабуға тырысу керек.

Ауа-көбікті және химиялық көбікті өрт сөндіргіштердің қолдану салалары сәйкес келеді.

Қолға ұстайтын химиялық ауа-көбікті ОХВП-10 өрт сөндіргіші. Бұл өрт сөндіргіш - химиялық көбіктіден ауа-көбікті сөндіргіштерге көшу моделі болып табылады. Мұндағы көбік зарядтардың негіздік және қышқылдық бөліктерінің әрекеттесуінен пайда болады. Бірақ мұнда көбік ағыны сыртқа шашқыш арқылы емес, ал кең қонышты сұғындырма арқылы шығады. Бұл өрт сөндіргіш іске химиялық көбікті сияқты қосылады, ал тиімділігі жағынан ауа-көбікті сөндіргішке жақын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет