4.5. ШЫНЫЛЫ ЖАБДЫҚТАР ЖИНАУДЫҢ ЖАЛПЫ АМАЛДАРЫ
Шынылы жабдықтардың кез-келген қиын түрлерін қарапайым шынылы детальдардан құрастыруға болады.
Тұтас дәнекерленген шынылы қондырғылар. Ең бастысы мұндай қондырғыларды зерттеу жұмыстарын аса таза заттармен немесе жоғары вакуумда жүргізгенде пайдаланады. Жоғары вакуумға арналған қондырғыларда жұмыс істеу қауіпсіздігі үшін, ең маңыздысы - түтіктер дәнекерлегеннен кейін жүйедегі күштерден арылту болып табылады. Сонымен қатар қондырғыны қаңқа рамасына дұрыс бекітудің де маңыздылығы кем емес. Әдетте шыны қандырғының конструкцтясын тыңғылықты ойластырып және талқылап, құрастыруды ең машықты экспериментаторға, ал дәнекерлеуді жоғары маманданған шыны үрлеушіге тапсырады.
Тұтас дәнекерленген шынылы қондырғыларды пайдалануға жібермес бұрын, бірнеше рет оны бос режимде сынайды.
Достарыңызбен бөлісу: |