Еңбекті қорғау



бет28/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83
Байланысты:
treatise36891

Ұнтақты өрт сөндіргіштермен зертхананың сілтілік металдармен, металл органикалық қосылыстарымен, металл гидридтерімен жұмыс істейтін барлық бөлмелері қамтамасыз етілуі тиіс.

Ұнтақты құрамдарды қолданғанда олардың суытқыш қабілетерінің төмендігін ескерген жөн. Егер ұнтақтың себілген қабаты жеткіліксіз болса, оттан қызған заттардың қайта тұтануы мүмкін.

Әр ұнтақты құрамдардың нақтылы қолдану шегін ескеру өте маңызды. Мысалы, натрий бикарбонаты негізіндегі ұнтақтарды сілтілік металдарды сөндіруде пайдалануға болмайды, өйткені бикарбонаттың термиялық ыдырауы кезінде көміртектін қос тотығы мен су бөлінеді:
2NaHCO3 = Na2CO3 + CO2 +H2O
Олардың ыстық металдармен әрекеттесуі жануды жандандырады.

Алюминийорганикалық қосылыстарды өшіруде қолданатын жалғыз құрал СИ-2 сілтілік металдарды сөндіруде қолданбайды, өйткені оның құрамындағы тетрафторбромэтан сілтілік металмен, әсіресе жанып жатқанда қатты реакцияласуға қабілетті болады.

Барлық қызметкерлер зертханадағы өрт сөндіргіштердің қандай құрамдармен зарядталғанын білуге тиіс. Дұрыс қолданбаудың алдын алу үшін өрт сөндіргіштің тікелей сыртына немесе оның үнемі тұратын жеріне, қолдану саласы тізіліп жазылған кестені жапсырып қою қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет