5. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Қазіргі заманға сай зертханалар әртүрлі электр жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Негізгі қолданылатын жылу көздеріне жататындар – бірнеше ваттан оншақты киловаттқа дейінгі әртүрлі электрмен қыздырылатын приборлар, соның ішінде электр плиталары, кептіргіш шкафтар мен термостаттар, электр пештері, буландыруға, айдауға және кептіруге арналған электрқыздырғыштары бар жабдықтар т.б.. Зертханада қолданылатын электрдвигательдерінің қуаттылығы азынан бастап, мысалы зертханалық араластырғышқа арналған , қуаттылығы күшті – механикалық вакуумды насостарға (1,1кВт дейін), центрифугаға (2,0 кВт дейін) және ультрацентрифугаға (7,5 кВт дейін), компрессорларға арналған әртүрлі түрде болады. Көптеген зертханаларда электр тогының көздері кең қолданылады, соның ішінде гальваникалық элементтер мен батареялар, аккумуляторлар, ток түрленгіштері мен блоктары. Электр энергиясы әртүрлі жарық көздері, оптикалық, спектрлік, ренгенқұрамды, хроматографиялық және де басқа талдау приборлары үшін және механикалық сынақ машиналары үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |