Әбу Насыр Әл-Фараби 1150 жыл Орындаған:Садық А Жаңбырбай А Қабылдаған:Қожақова Б Өмір жолы,жалпы шолу - Туған жылы:870-950 жж
- Туған жері:Отырар қаласы-Сирия Шам қаласы
- Ғылымы:Метофизика,саяси философия,логика,ғылым,этика,эпистемология
- Ғылыми дәрежесі:Екінші ұстаз
- Ғылыми атағы:Түріктанушы,ойшыл философ,математик
- Ғылыми жетекші:Әбу Жүсіп Әл-Кинди,Аристотель,Платон,Порфирий,Клавдий Потолемей
Өмірбаяны - Әбу Насыр Әл-Фараби (араб Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (870 - 950 ж.) Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр.
- Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.
- Қазақстан Республикасының 10 000 теңгесіндегі купюра (2003). Әл-Фараби осындай 1 теңге (1993), 1000 теңге (2000) және 5000 теңге (1998) сияқты Қазақстандық ақша белгілерінде түсірілген.
- Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі
Компиляция Әл-Фарабидің Компиляция кітабы, Kitab Al-majmu (Book of compilation), Bibliotheca Alexandrina, 222 бет. Әл-Фарабидің «Кitab ihsa' al-'ulum» (Қазақша: «Ғылымдар энциклопедиясы», ағылшынша: «An Encyclopedia of the Sciences») кітабының Кремоналық Жерар аударған латынша нұсқасы. Музыканың ұлы кітабы «Китаб әл-mūsīqā әл-Кабир» («Музыканың ұлы кітабы») кітабындағы иллюстрация. "Shahrud" деп аталатын музыкалық құралдың кескіні Ақшаға басылған суреті Қазақстан Республикасының 10 000 теңгесіндегі купюра (2003). Әл-Фараби осындай 1 теңге (1993), 1000 теңге (2000) және 5000 теңге (1998) сияқты Қазақстандық ақша белгілерінде түсірілген. Әл-Фараби суреті Қазақстанның бұрынғы банкнотының оң бетінде бейнеленген Шығармашылық жолы - Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.
- Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
- Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді: - Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады: философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
- оның шыққан қаласы;
- философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
- философиялық ағымды тудырған басты себеп;
- философиялық талдауға түскен мәселелер;
- философияның алға қойған мақсаты туралы;
- философияның практикалық мәні, нәтижесі.
- Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
- Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
- Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
- Бесенші шарт— Философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
- Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
- Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
- Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
- Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Алматы қаласындағы КАЗНУ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды.Университет 2009 жылы 600 орынна төмен болған, ал 2010 жылы 501-550 аралығында болса, 2011 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген. 2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет.Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр. Әл-Фараби дүниенің мәңгілігін мойындап, танымның болмысқа тәуелділігін растап, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Ол “Ғылымдар тізбегі”, “Бесінші трактат”, “Медицина каноны”, “Қайырымды қала”, “Адам ағзасындағы мүшелер”, “Жануарлар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы”, “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу”, “Вакуум туралы”, “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе”, “Болжамдағы геометрияға кіріспе”, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс”, “Ғылымдардың шығуы”, “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме”, “Фусул ал-мадани”, “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” секілді ғылымның барлық саласына арнап еңбектер жазып, көп мұралар қалдырған кемеңгер философ. Дамаск қаласындағы Әл Фараби атындағы музей. Әл-Фараби мұражайы-ойшылдың мәдени мұрасына арналған. Мұражай 2013 жылдың 13 сәуірінде әл-Фараби кітапханасының жаңа ғимаратында өз есігін айқара ашты. Оның диорам кешені мен витриналары тақырыптық бөлімдерді бейнелейді: "Ежелгі Отырар – еске алу қазынасы. Әл-Фарабидің жас жылдары", " Ұлы Жібек жолымен. Жылдарға арналған жетілдіру даналық, дүниетану. Таяу Шығыс елдерінде оқыту", " Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс диалогы", " әл-Фараби еңбектері – адамзаттың алтын мұрасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары", "әлемдік өркениеттегі Ұлы түріктер", "әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан". Мұражай экспозициясы бірегей материалдармен және әлем мұражайлары мен кітапханаларының шынайы экспонаттарының көшірмелерімен ұсынылған. Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |