Образ түрлері:
Реалистік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі.
Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі.
Эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез- құлқы, іс- әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип.
Драмалық образ – эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахнада көзбе- көз, қолма- қол жасалатын көркем бейне.
Юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор- өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі .
Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс – керексіз, кесір құбылыс.
Фантастикалық образ – қиядан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында бедерленген бейне. Әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.
Трагедиялық образ – әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық құбылыстар өмідірде де , өнерде де юморлық не стиралық құбылыстар қарама- қарсы: юмор мен сатира да күлкілі жайлар ажуә, мысқыл, кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы , қорқыныш, қаза түрінде көрінеді.
Геройлық образ – ұнамды кейіпкер. Адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
Образдың жасалу жолдары сан алуан. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгілері: портрет, мінездеу, адамның күйініш, сүйініштерін суреттеу, қатысушылардың сөздері және жанама мінездеу.
Бұлар бір-бірімен нық байланысты. Шығармалардың құрылысында бірі ол жерде, бірі бұл жерде келсе де, жиынтығында кейіпкерлердің бейнесін айқындап, оларды ерекше көзге түсерлік образ - тип дерлік дәрежеге жеткізу жұмыстарын атқарады.
Образ-тип жасаудағы негізгі бір шарт оны жекелеп, басқалармен салыстырғанда, қарақшылы түйедей, ерекше көзге түсерлік етіп көрсетуіне және оның мінез-құлық, іс-әрекеттерінің өз ортасына тән болуына байланысты.
______________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |