Көркем шығарманы талдау тәсілдері:
Сюжеті мен композициясы
Тақырыбы мен идеясы
Типі мен характері
Көркемдк әдісі
Тілі
____________________________________________________________________
Сюжет. Сюжет пен оқиғалардың дамуын және оқиғалардың өзгеріп, ауысып отыруын айтады.
Сюжеттің белгілі бір құрылымы болады. Оны композиция дейміз. Композиция төмендегідей бөліктерден құралады.
Оқиғаның басталуы.
Оқиғаның дамуы.
Оқиғаның шиеленісуі.
Оқиғаның шарықтау шегі.
Оқиғаның аяқталуы.
_________________________________________________________________________Экспозиция__(латынша_-_exposition'>______________________________________________________________________
Экспозиция (латынша - exposition сол әңгіменің тууына себеп түсіндірме) – көркем әңгіме, роман, поэмаларда негізгі оқиға басталмас бұрын болған жағдайларды түсіндіру, алдыңғы оқиға себебі болса, соңғы әңгімеленіп отырған оқиға оның нәтижесі екендігін көрсетушіліктер болады.
______________________________________________________________________
Сценарий(итал. scenario, лат. scena, scena- "сахна" дегенді білдіреді)- кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық түрі, негізі. Сценарийдің әдеби- драматургиялық шығарма ретіндегі ерекшеліктері кино мен теледидардың синтетикалық сипатынан туындайды. Сценарий- драматургияның да, прозаның да тәсілдерін бойына сіңірген, сондай-ақ болашақ кино н/е телешығарманың дыбыстық, музыкалық әліптелуін де қамтитын өзгеше драматургиялық түр. Сценарийдің өзіндік бітімі бар әдеби, публицистикалық туынды екенін мойындай отырып, оның ең әдемі экрандық қойылым үшін жазылатындығын ескерген жөн.Сценарий образдық жүйе экранда бейнеленгенде ғана тәмамдалған , толыққанды сипатты иеленеді.
______________________________________________________________________'>_________________________________________________________________________Эпиграф'>______________________________________________________________________
Эпиграф кітаптың немесе шығарманың негізгі ой-мақсатын бір немесе бірнеше сөйлемнен түзеледі.
______________________________________________________________________
Аннотация кітап мұқабасының ішкі бетіне орналасады. Онда кітаптың тақырыбы, идеясы және басты мәселелері өте қысқа түрде айтылады.
______________________________________________________________________
Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.
Мейлі шағын, мейлі көлемді, ұзақ шығарма болсын, жазушы-ақындар өмір туралы, адам және олардың араларындағы қарым-қатынастар туралы жұртшылыққа өздерінің ой-пікірлерін, көзқарастарын ұсынады.
Шығарманы жазбас бұрын, қандай мәселені оқушыларының алдына тартпақшы, сол туралы аз ба, көп пе ойлайды. Сан ой, сан алуан пікірлердің ішінен біреуін негізгі ойының қазығы етеді. Сол шығарманың тақырыбы саналады.
______________________________________________________________________
Пафос – өлеңнің жоғары өршіл рухы. Автор ойының аса қуаттылығы, көңіл-күйінің көтеріңкі берілуі. Мысалы, Сырбай Мәуленовтің «Менің Песпубликам» өлеңі жоғары пафоста жазылған. Онда өршіл рух, қуатты ой көтеріңкі леппен оқылуы шарт.
______________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |