Әдеби-теориялық ұғымдар Сөзбен сомдалған тұлға – образ



бет5/6
Дата31.01.2022
өлшемі56,49 Kb.
#116480
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әдеби-теориялық ұғымдар

А) Жарлай арнау. Ақын жырлай арнауда бір адамға не бір нәрсеге емес, көпшілікке қайырыла сөйлейді.Ыбырай Алтынсаринның:

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанда көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар, - 

деген оқуға шақыруы да жарлай арнауға жатады.

Б) Сұрай арнау. Жазушы біреуге не көпшілікке қайырыла сөйлесе және сол сұрағанына жауап күтсе, сұрай арнау дейді. Мысалы:

Желі толған сары түйе,

Ағажан, кімге тапсырдың?

Қора толған ақты қой,

Ай көке, кімге тапсырдың?

Тоғай толған мың жылқы,

Күн көке, кімге тапсырдың?

Тоқсанда әкең Тоқтарбай,

Алпыста шешең Аналық,

Бірге туған мен зарлық,

Ай көке, кімге тапсырдың?

(«Қобыланды» жырынан)

Бұл сұрақтарға Қобыландының өзі жауап қайырады.

______________________________________________________________________

Риторикалық сұрау. Сұрай арнаудың бір түрі - риторик сұрау (грекше - rhetoz - шешен), ойын сұрау, жауап ретінде айтушылық. Риторик сұрау жауапты керек етпейді. Сұрай арнауда да жауап беру міндетті болмаса да, оқушыға бұл сұрауды неге беріп отыр деген ой түсуі мүмкін.

______________________________________________________________________

Зарлай арнау. Көркем шығармаларда қаһармандар басына талай қиын хал, жағдайлар кездеседі. Кейде бас қаһарман жаудың қолына түсіп, туған жер, өскен елін, ата-ана, үй ішін сағынатын кездері болады. Кейде өзіне оқ тиіп, елсіз, сусыз ай далада жалғыз қалады. Кейде сүйген жар жауға кеткен жалғызды жоқтап, зарығатын кездері болады. Қысқасы, осылар тәрізді қаһармандардың ауыр халін мұңды, зар күйде суреттеуде зарлай арнау шығармада ерекше орын алады. Зарлай арнау монолог түрінде кездеседі. Қаһарман көпшілікке не біреуге немесе басқа бір нәрсеге қайырыла сөйлегенде, өз басының ауыр хал, қиын жағдайын өте зарлы, мұңды түрде баяндайды. Әр сөзі жан жарасын сездіргендей болады.

______________________________________________________________________

Қайталау. Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды. Қайталаудың да бірнеше түрі болады.



______________________________________________________________________

Жай қайталау. Төмендегі өлең жолдарында «тап» деген сөзді өлеңнің әр жолдарында қайта-қайта айтады. Қайталағанда назарды сол сөзге тоқтатып, оқушының көңілін сол сөзге аудару үшін қолданады. Мұны жай қайталау дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет