Табым десем бұлақтай таудан аққан,
Өн бойымды шымырлап, билейді ағын,
Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,
Табым десем қозады аруағым...
______________________________________________________________________
Анафора. Қайталаудың екінші бір түрі анафора (грекше - anaphora - биіктеу, жоғары шығу) делінеді. Анафора деп өлеңнің әр жолы ылғи бір сөзден басталып отыруын айтады. Мысалы:
Бізде қару, бізде танк,
Бізде ұшқыш, самолет.
Біз - болатпыз, біз - күшпіз.
Бізде қайрат, бізде от,
Бізде план, программ,
Бізде құрал, бізде ұран,
Біздің елге бір елі,
Тұмсығын жау сұға алмас.
Өйткені біз беттесек,
Бұзбайтұғын қамал жоқ!
______________________________________________________________________
Эпифора. Өлең шығармаларда сөйлемнің әсерлілігін күшейту үшін белгілі бір сөз, сөз тіркесі жол (тармақ) аяғында қайталанады. Қайталаудың бұл түрін эпифора (грекше - epiphora; ері - соңғы, phoros - алып жүру). дейді.
Бізді алатын жау жоқ деп,
Бізден мықты жау жоқ деп.
...Ақбөкендей алданып,
Аңдамай келіп түскенсің.
______________________________________________________________________
Инверсия. Поэтикалық сөйлемдерде сөйлем ішіндегі сөздерді жай кездегі реттерінен өзгертіп, сөйлем мүшелерін екінші орынға қоюшылық жиі кездеседі. Осы сықылды, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып қолдануды инверсия (латынша – inversio – орнын өзгерту, төңкеру) дейді. Инверсия – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттігі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
Келдік талай жерге енді,
Кіруге-ақ қалдық көрге енді.
Қызыл тілім буынсыз,
Сөзімде жаз бір шыбынсыз.
Тыңдаушымды ұғымсыз
Қылып тәңірім берген-ді.
(Абай)
Сөз ауыстырудың себебі сөздің әдетте айтылып жүрген қалпынан орны ауыстырылған сөздер оғаш, оқшау тұрады. Көзге түскіш келеді. Ақындар өзінше айтайын дегенін оқушысына тез жеткізу үшін инверсияны өте керекті деп табады.
Инверсияны ірі ақын әр түрлі жолдармен жасайды.
______________________________________________________________________
Антитеза. Мағына жағынан біріне бірі қарсы, аралары алшақ жатқан: екі нәрсені бетпе-бет қоюды шендестіру (антитеза) дейді. Антитезада (грекше antithesis – қарама-қарсылық) бір нәрсені екінші нәрсеге қарсы қоюмен, үшінші нәрсенің қандай екенін анықтайды. Ақ пен қараны қатар қойсақ, арасы алшақ екі түс шендескенде, ақтың ақтығы анық көрінеді. Бұл үшін неғұрлым арасы алшақ жатқан нәрселерді бір-біріне бетпе-бет қойса, солғұрлым анықталатын нәрселер күшті шығады.
Мысалы:
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, бетім көр,
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де,бетім көр.
Бұл үзіндіде қара жер мен қарды қатар қояды да, қардың ақтығына қара да, менің етіме қара; қар мен қанды қатар қояды да, қанды көріп, менің бетімді көр дейді; Ақжүніс етін қарға, бетін қанға баламайды да, теңемейді де, тек арасы алшақ жатқан екі түсті бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы, үшінші түсті көзге елестетеді. Ол - Ақжүністің ақтығы.
_________________________________________________________________________Дамыту__(гадация).'>______________________________________________________________________
Дамыту (гадация). Сөйлегенде алдыңғы ойдан соңғы ойды, соңғы оқиғаны күшейтіп айтуды дамыту – градация дейді. Дамыту жай сөзде де, жазушылардың сөздерінде де жиі кездеседі. Өлеңі тартымды, әсерлі болу үшін ақындар дамыту әдісін көп қолданады. Дамытумен жазылған шығармаларда алдыңғы ойдан соңғы ойды күшті етіп шығару үшін алдыңғы құбылыстан соңғы құбылыс, алдыңғы сөзден соңғы сөз күшті боп үдей береді. Сондықтан ол адамды тартқыш келеді. Оқығанда қызықтырып отырады.
Мысалы:
Қиқу салып құзға ұшқан,
Құздан суық мұзға ұшқан,
Мұздан суық бұлтқа ұшқан,
Бұлттан биік көкке ұшқан
Қарулы қыран кім еді?
______________________________________________________________________
Элипсис. Сөйлем құрастыруда айтылуға тиісті кейбір сөздерді тастап жазуды эллипсис дейді. Бірақ тастап кеткен сөздің мағынасы оқушыға ап-анық тұрады. Эллипсисті жазушылар не сөйлемді қысқартып, оқиғаны тездету үшін не түрлі себептермен айтуға мүмкіндік болмай, бітпей қалған ойды көрсету үшін немесе адамның не қуаныш, не кейістік, не қайғылы қалыптарындағы сөздерін беру үшін қолданады.
Эллипсис болу үшін сөйлемде не бір сөз, не бірнеше сөз жоқ болуы керек. Әйтсе де жоқ сөзді білуге болады.
Мысалы:
Кеп қалды... ойбай, кеп қалды,.. -
дегенде, сөйлемнің ең керекті мүшесі жау деген сөзді тастап кетіп отыр. Мұндағы мақсат - сасқандықты, алас-қапас қимылды көрсету; жау деген сөзді тастап кеткеннен сөйлем әлсіреп тұрған жоқ, қайта жұмбақталып не болар екен, кім кеп қалды екен дегізіп, оқушыны ынтықтырып отыр.
Эллипсистер ылғи көп ноқатпен жазылады. Бірақ көп ноқаттың басқа да келетін жерлері болады. Сондықтан көп ноқат келген жерлердің бәрін эллипсис деп қарауға болмайды. Эллипсис болу үшін сол көп ноқат қойылған жерлерде айтылмай қалған сөз не ой болуы керек. Соның ұшығы көрсетілген болуы керек. Сонда ғана эллипсис болады.
_________________________________________________________________________Көркемдік_қиял'>_________________________________________________________________________Инсценировка'>______________________________________________________________________
Шендестіру. Екі зат не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті,сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады. Мыс, "Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр"(Ер Тарғын)."Қар- аппақ, бүркіт- қара, түлкі- қызыл. Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға"(Абай).
Импровизация - өлең- жырды тұтқиылдан суырыпсалып айту өнері.Ауыз әдебиетінде өлеңді табан астында суырыпсалып айтуға қабілеті жоқ адамды нағыз ақын деп санамаған.
______________________________________________________________________
Инсценировка-прозалық немесе поэзиялық туындыларды сахна, теледидар, радио қойылымдарына лайықтап, шығарма мазмұнын, идеялық мәнін, көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, драмалық формада жазып шығу түрі.
______________________________________________________________________
Көркемдік қиял- көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде,өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді,жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету әдісі, тәсілі.
Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік тұтастығына негізделеді.
Көркем өнерде тақырып таңдау,оның тереңіне бойлау, өмір құбылыстарының ішкі қабаттарына барлау жасау, солардың әлеуметтік-эстетикалық мәнін ұғыну, сан алуан кейіпкерлердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс- тұрысын суреттеу көркемдік қиялға байланысты. Сайып келгенде, "Неғұрлым жазушы қиялға бай болса,пікірге шебер болса,соғұрлым шығарма сөзі пікірлі, әсерлі болып шықпақ" деп көрсетеді А.Байтұрсынов. Бұл жерде ескертетін жайт- көркем әдебиеттегі шындыққа сай келетін өмір көріністері де, сондай-ақ армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын болжам, әдемі елес түріндегі, мыс, қиял ғажайып ертегілерде кездесетін бейнелерді ойдан шығару, көркемдік қиял негізінде туады.
______________________________________________________________________
Пейзаж - әдеби шығармадағы жаратылыстың яқи табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі. Ж.Аймауытовтың "Қартқожа" романында мынадай табиғат суреттері бар:
1."Аспанда ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар".
2."Жаздың бір түні.Көреген аспандағы көп жұлдыз бен көк торғынға шашылған бриллиант тасындай жылт-жылты етеді. Айдын көлге шомылған аққудай көк торғындай көкте сұлу ай жүзеді.
______________________________________________________________________
Портрет. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді. Оқырман өзі оқып отырған шығармадағы кейіпкердің сыртқы түрін көргісі келеді, сөйтіп оның қандай адам екенін көз алдына елестетеді. Мұхтар Әуезов өз шығармасында он үш жасар Абайдың портретін былай берген:
«Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбалалық қалпына бейімделген...»
Медеров Ғалымжан Маратұлы
Достарыңызбен бөлісу: |