Әдебиет пәнін оқыту өркендікке бағыт алған еліміздің рухани мәдениеттік сұранысына сай мәдени тұлғаны қалыптастыруға қызмет етеді. Көркем шығарманың көңіл-күйін сезіндіру мұғалімнің парызы



Дата25.02.2022
өлшемі17,6 Kb.
#133311
Байланысты:
сауат ашу


Әдебиет пәнін оқыту өркендікке бағыт алған еліміздің рухани – мәдениеттік сұранысына сай мәдени тұлғаны қалыптастыруға қызмет етеді. Көркем шығарманың көңіл-күйін сезіндіру – мұғалімнің парызы. Бала бойына туындының ой-сезімін дамыта отырып, синтездік қабылдаудан аналитикалық оқуға көшеді. Баланың ана тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын қалыптастыру үшін көркем шығарма арқылы балаларды қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, дәстүрі мен салт санасына деген сезімін баулу қажет. Олардың ана тілінде мәнерлеп оқу, жатқа оқу, мәтіннің мазмұнын айту, өз ойын ауызша, жазбаша баяндау дағдыларын, біліктерін дамыту керек. Баланың сөйлеу біліктері мен дағдыларын дамытуда білім, тіл, іскерлік дағдылар, қазақ халқының материалдық және рухани байлығы туралы мәліметтер қажет.
Баланың тілдің қарым-қатынас құралы ретінде мәнін ұғынады, оның ішінде ресми қарым-қатынастарға аса мән беріледі, мәтінмен жұмыс істеудің білік, дағдылары дамиды.
Көркем шығарманы оқыту – халқымыздың көркем тарихын оқыту. Ендеше, адам баласына берілетін рухани байлық әр халықтың ұлттық әдет-салты, дүниетанымы шыққан түп тамырында жататыны белгілі.
Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде көркем шығармадан тәлім алуға, шәкірттің оқырмандық қызығушылығын қалыптастыруға жол салу қажет. Көркем шығарманы оқып үйренуге қызығушылығын қалыптастыра білу – бұл тәрбиеші-мұғалімнің басты міндеті болуы тиіс.
Көркем шығарманы оқытуда ескертетін жайт – көркем шығарманың білім беру заңдылықтарын сақтау міндеті. Әсіресе, әдеби білім тұжырымдамасы, бағдарлама, оқулық, қосымша оқулық шеңберінде болуы тиіс. Белгілі бір әдебиетті оқыған кезінде көркем шығарманымен жұмыс істеу кезеңдері белгілі бір жүйемен жүзеге асырылады.
Әрбір ұстаздың біліктілігі, іс-әрекеті, шеберлігі, амал-тәсілі сабақ арқылы айқындалады. Әдеби шығарманы оқу кезінде баланың жүрегіне жол таба алуы ескеріледі. Соңғы кезде көбірек қолданыста өз жемісін беріп жүрген көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері –кіріспе сабақ, көркем мәтінмен жұмыс, қорытынды сабақ. Міне, осы үш кезеңді сабақ процесінде орынды пайдаланғанда ғана, сабақ өз дәрежесінде өтеді деуге болады.
Кіріспе сабақтарды ұйымдастыруда қойылатын әдістемелік талаптар уақыт мөлшері, көркем шығарманың жанрлық ерекшелігіне қатысты мәселелер ескерілуі тиіс.
Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын, шолу тақырыптарды, монографиялық тақырыптарды өткенде кіріспе сабақтардың өзіндік ерекшелігін ескеріп, белгілі жүйені сақтау қажет. Олай етпейінше, баланың көркем шығарманы оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыра алмаймыз.
Көркем шығарманы талдауда кеңінен қолданылып жүрген тақырыптық талдаудың тиімділігін бүгінгі өмір дәлелдеп отыр. Тақырыптық талдаудан проблемалық талдауға көшу баланы көркем туындының ішкі әлеміне бойлатуға айрықша қызмет етуі даусыз. Шығарманы тұтас талдау – авторлық позицияны көре білуге мүмкіндік береді. Осы талдау түрлерінің сабақтастығы бір-бірімен өзара үйлесін тапқанда ғана тәрбиеші бала назарын өзіне аудара алады.
Көркем шығарманың көркемдік құндылығы оның жан-жақты талдану нәтижесінде ашылатынын байқаймыз. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау, көркем мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмысының түрлері, баланың сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын оятады.
Тәрбиеші көркем шығарманы оқып үйретуде шығарманың тілдік ерекшелігін талдау арқылы ана тілінен білім дағдысы мен тіл мәдениетін, сауаттылығын арттырады. Баланың көркем шығарманы мәнерлеп оқи білуіне, оның тақырыбы мен мазмұнын, идеялық мағынасы мен бейнелерін, көркемдік жақтарын ұғына білуге, өздерінің ойын ауызша, жазбаша баяндап, дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білуіне мүмкіндік тудырады.
Көркем шығарманы оқып үйретуде бейненің де алатын орын ерекше. Ал, бейнелер көркем әдебиетте сөз арқылы жасалады. Сөз – көркем шығарманы жасап шығарудың әрі материалы, әрі құралы болып табылатындықтан, шығарманың идеялық бағытын ашуда, баланың эстетикалық сезімін оятуда үлкен рөл атқарады.
Көркем шығарманы оқып үйретудің бір амалы – көркем шығарманы талдату. Ол белгілі бір жүйе арқылы әдеби шығармаларды оқыту, талдату, өзіндік дербес жұмыстарды жүргізу, ұйымдастыру іс-әрекеттерін дұрыс жүргізу барысында ғана жүзеге аспақ. Өйткені, шығарма құбылысының ішкі сырына терең бойлай отырып, оның қыр-сырын жан-жақты ұғынып, тани біледі.
Көркем шығарманы талдаудың ғылымға негізделген жүйесін қалыптастыру, оны оқу процесінде тиімді пайдалану баланың көркем шығарманы оқып үйренуіне ықпалын тигізері анық.
Көркем шығарманың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, олармен жұмыс жүргізудің түрлерін таңдап алу қажет. Сонан кейін балалардың әдеби шығарманы тыңдау барысында қызығушылығын арттыру үшін тиісті іс-шаралар атқарылуы тиіс. Сондай-ақ іс-әрекеттерінің бірі – балалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Бұл талаптарды орындатуда баланың жас ерекшелігін ескерген жөн.
Көркем шығарманы талдап оқуға және пікір алысуға ұсынылған шығармаларды өзбетінше оқып, тәрбиеші басшылығымен зерделеп меңгеруі және дұрыс түсіне білуі тиіс.
Өлеңдер мен ертегілерді жатқа айта білуі ескеріледі. Шығарманың тегі, жанры әртүрлі туындыларды, оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлерге өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқи білуге үйрету қажет. Өзіне бұрын таныс емес кез келген мәтінді немесе шығарманы дауыстап та, іштей де дұрыс оқуға көңіл бөледі.
Тәрбиеші басшылығымен жылына талдап оқуға және пікір алмасуға ұсынылған ауыз әдебиетінің, ертегілер мен өлеңдердің өзбетінше кемінде онға жуық көркем туындыны оқуын қадағалауы тиіс. Оқып зерделенген туындының тектік, жанрлық сипатын білуге де көңіл бөлінеді. Көркем шығарманы оқытуда әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды, олардың негізгі сипаттарын ұғындыру көзделеді. Қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдері, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі сипаттарын және әдебиеттің тектерін (эпос, драма, лирика) білуін басты назарда ұстау. Оқылған лирикалық туындыларға, олардың көркемдік, поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, өзіндік сезінуі, түйсінуі негізінде баға беріледі. Туындыдағы көркем суреттеу, сипаттаулардың (портрет, пейзаж, интерьер және т.б.) баяндаулардың түрлерін, автор позициясын бейнелеу құралдарын (әжуа, мысқыл, сарказм), юмор менсаира, аллегория түрлерін айыра білуі және оларға қатысты ұғымдарды практикалық қолдану деңгейінде меңгеріледі.
Көркем шығарманың тақырыбы бір-біріне үндес болған жағдайда, шығарма кейіпкерлерін оқиғаларын анықтайтын мәселелермен байланыстыра отырып, салыстырмалы түрде пайымдай алуға үйретеді. Мұғалімнің басшылығымен поэмалық шығармаларды үйреткенде өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын білуі және оларды практикалық қолданыста ажырата алуы сабақ барысында жүзеге асырылатын құбылыс.
Шығарманың мәнерлеп партитурасын, яғни барлық элементтерін (дауыс ырғағы мен екпіні, олардың бірде жоғары, бірде бәсең болуы) білуін практикалық сабақтарды озат тәжірибелі ұстаздардың еңбектерін пайдалана отырып, жаңа технологиялық әдіс үлгілерін басшылыққа алу арқылы үйрету көзделеді. Үйретілген шағын эпикалық туындының мазмұнын, кейбір стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып толық немесе қысқаша және іріктеп мазмұндап айтып беруге дағдыландырамыз.
Көркем шығарманы оқып үйретудің тиімді жолдарының бірі – проблемалық сұрақ қою арқылы ауызша немесе жазбаша жауап беруге үйрету. Әдеби шығарма бойынша (кейіпкерлер мінездемесі, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме) сондай-ақ сол шығармалар бойынша салынған иллютрациялар мен суреттерге негіздеп өз толғамын, көзқарасын білдіре отырып, шығарма жазу арқылы да баланың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға болады.
Шығарманы өтуде қарастырылатын аса маңызды мәселелердің бірі – шығарманың тіл ерекшелігін талдау. Бұл талдаудың күрделі мәселелерінің қатарына жатады. Егер шығарманың тілі деп автордың тілі мен кейіпкердің тілін ұғатын болсақ, бұл образ –мінездерін танытуда, шығарма идеясын ашып түсінуде басты қызмет атқарады. Әрбір ақын, жазушының өзіне тән, даралық сипатты бар стиль, тіл өзгешеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның лексикасынан, қолданған троптары мен фигурасының түрлерінен көрініп тұрады (теңеу, эпитет, метафора, әсірлеу, метонимия, арнау, қайталау, шендестіру, дамыту т.б.). Шығарманың тілін талдағанда, көркемдік өзгешіліктерін әңгімелегенде, осылардың бәрі қарастырылуы керек.
Көркем шығарманың қыр-сырын танытып білдіру үшін әр сынып көлемінде бірізділікпен жүргізілетін жұмыстар арқылы балаларды шығарманы талдаудың қалыптасқан жүйесін меңгеруге алып келеміз. Біріншіден, мазмұндық-тақырыптық талдау, шығарманы тұтастай ала отырып, бөлім бойынша мазмұнын, тақырыбын таныта отырып талдау. Екіншіден, тілдік эстетикалық талдауға көңіл бөлу. Шығарманың тілдік ерекшелігін, сөз өрнегін, суреттемелік шеберлігін, көркемдігін, сөздер табиғатын, стильдік айырмашылықтарын таныту. Үшіншіден, кейіпкерлік-бейнелік талдау. Шығармадағы кейіпкерлерге талдау, олардың өзара сабақтастығын шығарма тақырыбы мен оқиға желісіне қатысатынын айқындата отырып, ажырату әрі салыстыру.
Көркем шығармаларды осылайша жүйелі талдау арқылы балалардың бойындағы танымдық, бағалаушылық, жасампаздық, тілдік қатынастық сананы қалыптастыратын боламыз.
Көркем шығарма мәтінін оқуға машықтандыру жүйесін балаға әдеби шығармалардың табиғатымен, оның болмысымен жүйелі танысуы, тануы, көркемдік тәсілдің әсерін сезінуі, шығарма мәнін ұғынуы, оның адам санасына етер ықпалын, бейнелік күшін танып, байқап тұтына білуі, туындының өмірлік атқарар тәлім-танымдық ықпал әсерінің мәніне көңіл бөлуі орталау мектепте, әдебиет пәнінде, көркем мәтінді жүйелі оқыту барысында әдебиетке деген қызығушылығы қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет