Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»


Ю.М.Лотман Көркем мәтін құрылымы



бет40/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

Ю.М.Лотман
Көркем мәтін құрылымы

Мәтіндегі оқиға деп – кейіпкердің семантика шеңберін ауыстыруын атаймыз. Егер кейіпкер семантикалық шеңберден, екінші семантикалық шеңберге өтпесе ол оқиға бола алмайды. Бірақ бұл қимыл – қозғалыс оқиғаға айналу үшін өзінің тұрғылықты шеңберіне жетуі тиіс. Оған жетер жолда шағын оқиғалар жүйемен дамыса сюжетке айналады. Алайда, кейіпкердің мағыналық түріне қатысты оқиға сюжетке айналуы да мүмкін. Сюжет болу үшін айталық бір образға бір немесе екі оқиға жетіп жатыр, ал тағы бір образ үшін ол аздық етеді.


Сюжет табиғаты оқиғамен тығыз байланысты. Оқиға өмірлік шындықтардан алынады.
Мысалға: ерлі-зайыпты адамдар дерексіз өнерге баға беруде екіұдай пікірге кеп ұрсысып қалды дейік. Олар ажырасу үшін милицияға келеді. Мұндай пікірді ұстанған ұрыс мәнін неге жатқызарын білмеген милиция қызметкері протокол толтырудан бас тартады. Қылмыстық істер кодексі жөнінен айтылған оқиғаның мәні жоқ. Ал, психолог, моралист, тарихшы үшін ол оқиға бола алады. Дәл сол сияқты сюжетте бір позиция үшін жанды, екіншісі үшін мәні жоқ болса, келесі біреуінде мүлде жоқ деп танылады.
Айталық, оқиға болды, тіпті болмаса да түк етпес еді. Бұл тұрғыда оқиға сюжет үшін пайдалы ма, пайдасыз ба оның өрілуі үшін қаншалықты әсер етті деп есептеуіміз керек.
Қазіргі романда өлтірмеуге де болатын кейіпкер өліп қалады. Ортағасырлық роман авторы барлық адамдардың өлетінін көрсеткісі келеді. Бірақ та біреу ерлік пен өлсе, біреу ездіктен өледі. Сондықтан өлім түп негіз болса, оған жету жолы бар. Осы орайда оқиғаға кірмейтін деталь кіріп кетсе, оқиға шектен шығуы мүмкін.
Ішкі істер қызметкері үшін заңды бұзу оқиға болса, жол жүруді реттеуші үшін, жол ережесінің бұзылуы оқиға болады.
Мәтіндерді сюжетті және сюжетсіз деп екіге бөлуге болады.
Сюжетсіз мәтін жүйеленген характерге ие. Олар кейбір оқиғаны және оның құрылымын белгілейді. Мысалға: календарь, телефон кітапшасы, лирикалық өлеңдерді алайық... Сюжетті шығарманың өзіндік ерекшелігі бар. Оның ішкі әлемін тірілер және өлілер деп екіге бөлуге болады.
Ал, образдарды жылжымалы және қозғалмайтын деп бөлеміз.
Қозғалмайтын образдар сюжетсіз шығарманың қасиетін айқындап, құрылымына негіз болады. Семантика шеңберін өзгерту оларға мүлде жат болса, жылжымалы кейіпкер семантика шеңберін өзгертуге құқылы. Бұл дегеніміз – сюжеттің өрілуі, яғни оқиға – образдың сюжетсіз шығарма шек қойған семантика шеңберінен болып табылады. Ал, оның ішкі дүниесіндегі арпалыс оқиғаға жатпайды.
Сюжетсіз мәтін алғаш қаланып, дербес өмір сүреді десек, сюжетті мәтін сюжетсіз мәтіннен бастау алғанмен, өте ұлғая дамиды. Осыдан кейін бұлардың арасында қарама-қайшылық туады, біріншісі қолданған тәсілді, екіншісі керек ете бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет