Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет66/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

С.Мақпырұлы
Лирикалық жанрлар

Көркем әдебиеттің сыр-сипаты өзгеше жанрының бірі – лирика. Өйткені, кейіпкердің көңіл күйі, жан дүниесі көркем туынды да осы жанр арқылы ашылады. Адамның, кейіпкердің сезім серпілісі, мұң-намысы, қуаныш-қайғысы да осы жанр, лирика арқылы әр қырынан ашылады.


Лирикалық туындының бас кейіпкері – ақынның өзі. Мұны әдетте лирикалық кейіпкер деп атайды. Өлеңнің әсерлілігі мен оқырманның сезім түйсігіне жасайтын ықпалы осы лирикалық кейіпкердің таным-сеніміне, көңіл ауанына байланысты...
Өлеңнің лирикалық кейіпкері – туған жерін, елін сүйген, өзін елінің ажырамас бір бөлшегі санаған жан. Ол өзінің балалық бал дәурені өткен туған жерін аңсайды, оның топырағын анасының аялы алақанына балайды. Ол үшін атамекеннің тасы да қастерлі, алаулаған аспаны да аяулы. Ол туған жеріне “сағынышымды қанат қып саған қарай, балапандай талпынып ұшамын мен” десе, біз бұл сезімнің пәктігіне шынайы сенеміз. Өлеңді оқи отырып, оның сағынышын өз сағынышымыздай қабылдаймыз. Онымен қосыла іштей біз де тебіреніп, толғанып, сағынышын бөлісіп, “Мен ел кезіп кетермін отансыздай, үмітіңді ақтауға жарамасам” деп ел алдындағы жауапкершілікті де бірге бөліскендей күйге түсеміз. Бұл шынайы поэзия құдіреті! Лирикалық өлеңнің күші де осындай әсерлілігінде, сезіміңе от тастап, оятатын сиқырлылығында, шынайылығы мен суреттілігінде.
Лириканың негізгі жанрлары: ода (мадақ өлең), ән өлеңі, арнау, элегия, сонет, сатиралық лирика т.б...
Лирикалық шығармаларды тақырыптық тұрғыдан саралап, жіктеуге де болады. Мәселен, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мазмұндағы өлеңдерді әдетте азаматтық лирика, өмір-болмыс сырлары жайлы толғанысқа құрылғанды пәлсапалық лирика, ғашықтық-сүйіспеншілік немесе жеке бастық сезім күйлерін толғайтын өлеңдерді ғашықтық әйтпесе интимдік лирика, көңіл-күй лирикасы, сондай-ақ табиғат лирикасы деп талдап-таразылау әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар үрдіс.


ӘДЕБИ ПРОЦЕСС
А.Байтұрсынов
Жазу әдебиет

Жазу әдебиет деп жазылған шығармаларды айтамыз. Жазылған шығармалар қазаққа жазу тарай бастағаннан бері қарай шыққан сөздер. Қазаққа жазу дінмен бірге келген. Қазақ ішінде молдалық қылып, дін үйретушілер, бала оқытушы қожалар, ноғай молдалар болған себепті жазба сөзді шығарушылар да бастапқы уақытта солар болған. Қазақ ішінде олар көп тұрып, қазақтың тілін, мінезі жақсы білген. Қазақтың өлеңді, сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған. Басқа мұсылмандардың тіліндегі діндер түрде шығарған. Ертегі өлеңдерді қазақтың ертегі жырларының түріне салып, қазақ тіліне аударулары дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлең арқылы білдіру мақсатпен істелген іс. Бірақ қожалар, ноғай молдалар көбінесе ақын болмағандықтан қазақтың ертегі жырларындай келістіріп, мұңды, зарлы, әдемі қылып шығара алмаған. Шығармаларының сөзімен мәздемей, ертегінің жаңалығымен, әңгімесінің қисынымен қызықтырып, тамұқтың азабымен қорқытып, жұмақтың рақатынан үміттендіріп, дін арқылы тыңдаулы қылған. Қожалардың, молдалардың ісінен Шортанбай, Ақмолда сияқты ақындар шыққаннан кейін жазба сөздер бітегене дәмділенген. Бірақ қайсысында болса белгілі бағыт болмаған. Шығарған сөздері бағыт жағынан қарағанда, адасқан адамның ізі сияқты. Бәрінің де адаспайтын жалғыз жолы: дүниеге қызықпай, ақиретке азық жидеу, ғұшыр, зекет, пітір, садақа беру, жаназаға мал байлау, намаз оқу, ораза ұстау, қажіге бару жағынан ақыл айту бағыттары бәрінің де бірдей, бұл жағынан лақпайды. Басқа жағынан іздері былғалақ-шылғалақ, адам біліп болар емес. Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың үйреншікті зауықтарына дейін күнә деп тыйғысы келген. Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған, шыдатпай үзіп, өз жөнімен жүре берген. Сондықтан жазу әдебиетпен қатар қазақтың ауыз әдебиеті жоғалмастан түгел күйінде сақталған.


Молдалардан шыққан жазу әдебиет дінге қызмет қылса да, тілге қызмет қылмаған. Тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту орнына тілді бұзған, аздырған. Қазақтың тұтынған тілімен жазбай шығарушылар: “Кітаби тіл”, “Әдеби тіл” деп ноғай тілімен, яки сарт тілімен жазған. Қазақтың тілінде басылған бұрынғы шығармаларды алып қарасақ, қазақ тілі болмай, қазақ пен ноғай тілінің араласқан қойыртпағы болып шығады. Ол қойыртпақ тіл қожалар, молдалар шығарған сөздерінде де бар. Бұл кемшілік егерде баспа кітаптар жүзінде ғана болса, бастырған ноғайлар бұзды дер едік. Олай емес, жазу солай екендігін қазақ молдаларының өз қолымен жазған жазуларды көрсетеді. Әдебиетті молдалар дін бесігіне бөлеп, таңып тастаған себепті, әдебиет көпке дейін өңдеп өсе алмай, мешел болып аяғын баса алмай жатқан. Сол күйінде тұрғанда патша үкіметінің саясаты келіп килігеді. Қазақ діні шынығып жетпеген, шала мұсылман халық. Мұны мұсылман дінінен христиан дініне аударып жіберу оңай деген пікірмен, патша үкіметі қазақ пен ноғай арасында жік салып, екеуін айырғысы келеді. Оның үшін қазақ байлары ноғайша оқымай, орысша оқитын боларлық саясат жүргізеді. Қазақ балалары үшін школ ашады, ноғайға қазақтың жазу жағынан сорпасы қосылмас үшін араб әрпін қалдырып, қазақ тіліндегі кітаптарды орыс әрпімен басады. Орыс өзіне тартып, ноғай өзіне тартып, екеуі екі жаққа сүйреп жүргенде, қазақ орыс әдебиеті арқылы Европа жұрттарының әдебиеттерімен танысады.
Бұрын қазақта жоқ сөздердің түрлері шыға бастайды. Дін күшімен емес, тіл күшімен өзін тыңдайтын сөздер шыға бастайды. Бастапқы жазба әдебиеттің бас мақсаты – дінді жаю, дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас мақсаты – тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп жазба әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді: 1. Діндар дәуір.2. Ділмар дәуір. Діндар – діншіл деген мағынада, ділмар – тілшең деген мағынадағы сөздер.
Қазақ әдебиетінің діндар дәуірі де, ділмар дәуірі де халық әдебиетін дамытып, күшейтуден туған дәуірлер емес. Басқа жұрттардың әдебиетінің әсерінен туған дәуірлер. Діндар дәуір әдебиетімізге араб, парсы әдебиетінен үлгі алып, соларды еліктегеннен пайда болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен өнеге көріп, үлгі алып соған еліктеуден пайда болып отыр. Мұндай бір жұрт екінші жұрттан әдебиет жүзінде үлгі алу жалғыз бізде ғана болған іс емес, барша жұрттың басында болған іс. Осы күнгі әдебиеттің түп үлгісі грек жұртынан алынған. Грек әдебиетінен үлгіні Рум алған. Европадағы басқа жұрттар алған. Біздің орыс та әдебиет үлгісін Европадан алып отыр, біз орыстан алып отырмыз.
Жазу әдебиетіне басқа жұрт үдгісі қатысқандықтан бізде жазу әдебиет шығармаларын – діндар дәуірдікі болсын, ділмар дәуірдікі болсын – ауыз әдебиетше тұтыну орнына қарай бөлмей, айтылу орнына қарай бөлеміз. Басқа жұрттардың әдебиеті де солай бөлінетіні “Дарынды сөз түрлері” деген бапта жалпы түрде ғана айтылып өтіп еді. Енді қандай түрге бөлінетінін, қандай сөз қай табына қарайтындығын толығырақ түрде баяндамақпыз.
Жазу әдебиеті негізінде үшке бөлінеді: 1. Ертек (әңгіме). 2. Толғау. 3. Айтыс-тартыс.
Жазу әдебиетінің ертек түріне кіретін сөздері ауыз-ертек, ертек-жыр, тарихи жыр, мысалдар сияқты сөздер. Толғау табына кіретін ауыз толғау, жоқтау сияқты көңіл күйінен шығатын сөздер. Айтыс-тартыс табына кіретін сөздер түрі ауыз әдебиетте жоқ, ашып айтқанда ауыз әдебиетте айтыс-тартыс түріндегі сөздердің ауыз әдебиетте айтысы бар да, тартысы жоқ. Айтыс-тартыс түріндегі шығармалар жалғыз қазақта ғана емес, басқа жұрттардың да ауыз әдебиетінде болмаған. Айтыс-тартыс шығармалар өте шеберлікті керек қылғандықтан, өнер күшейген кезде шыққан...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет