Кластер әдісі: Қазақ әдебиетіндегі шығармалардың тақырыптары:
- Олардың бірқатары өздері қатысқан соғыстың тауқыметін, бастан кешкен оқиғаларын баяндаса, енді біреулері қарапайым еңбек адамдарының соғыс кезеңіндегі тағдырын сипаттады. Біз талдағалы отырған шығарманың тақырыбы осыған бағытталмақ. Сіздерге танысуға берілген туынды әйгілі қаламгер Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы. Ақын Фариза Оңғарсынованың Тахауи Ахтанов және оның «Шырағың сөнбесін» атты романы туралы айтқан пікірімен танысу .
«Мен бұрын Александр Блокты оқығанда әйел болмысын, әйел сезімін, оның қырық құбылған ішкі жан әлемін қалай білген деп таңданушы едім. Ал Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романында әйел атынан сөйлеуі әбден тәнті етті.
«Шырағың сөнбесін» романы – әйел жанының энциклопедиясы! Әйел жанын, әйел психологиясын жаза білмеген жазушыны суреткер деу қиын. Елдігіміздің, кеңдігіміздің, тапқырлығымыз бен таланттылығымыздың алтын діңгегі іспеттес Тахауи Ахтанов – ұлылар санатына көзі тірісінде іліккен және дау-далабасыз іліккен суреткер. Мен оның қарапайым адамдық, ағалық қасиеттеріне, мінез-болмысына сүйсіне жүріп, суреткерлік дарынына бас иемін».
Шығарманың фабуласы .
Достарыңызбен бөлісу: |