Әдебиеттануға кіріспе



бет21/59
Дата28.01.2022
өлшемі305,44 Kb.
#130038
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

9 Сюжет пен композиция

Композиция – латынша«құрастыра, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл көркем шығарманың құрылысы. Композиция тек формаға ғана байланысты ұғым емес, мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен

жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Композиция шығарманы біртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етеді.

Композиция пішіндік бөлшектерді тұтастырып, идеяға бағындырады. Композиция қағидалары – эстетикалық таным: қорытындысы, олар ақиқаттың тереңде жатқан өзара, байланысын танытады. Композиция өзіндік мазмұнға ие, оның құралдары мен тәсілдері суреттелген құбылысты қайта жаңғыртып, мәнін тереңдетеді.

Бұларды және жеке-жеке емес, бір тұтас композициялық ұстаным негізінде шешуге тура келеді. Кейбір ғалымдар мұндай ұстанымды

«архитектоника» деп атайды. Бұл сөз гректің «архитектура – сәулет өнері» деген сөзінен туындайды. Белгілі бір дәрежеде жазушылар да сәулетшілер сияқты, олар да болашақ туындысының жоба-жоспарын алдын – ала белгілейді. Архитектоника алдын–ала түйсіну арқылы пайда болса, ең жақсы композициялық шешімнің өзі алдын-ала жасалған «есеп қисапқа» көне берместен, шығармашылық үрдісте ғана толық шешімін табады.

Композиция – шығарманың сюжеттік – баяндаушылық жағымен қоса, оның образдық бітімін, характерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби қаһарман белгілі бір дәрежеде өзге кейіпкерлермен композициялық салыстырулар жасау арқылы да ашылады. Әдебиеттің түрлі тектері мен түрлеріне қатысты композициялық заңдарының айырмашылықтары болуы да тосын жәйт емес. Мәселен, поэзиялық шығармаларда композиция бөлшектерінің қатарына өлең, шумақ та жатады. Драматургияда басты рольді диалог атқарады, сипаттау мен мінездеулер қысқа ремарколарға сыйғызылады. Қалай болғанда да, кез келген жанрдағы туынды да шынайы көркемдік тереңдік композиция құрылымына сөз араласқанда ғана игерілмек. Ал, көркем шығармадағы сөз дегеніміз – автордың дара тілі, өзіндік стилі.

Композицияның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз қозғалысын реттеу жатады. Ол үшін композицияның әрбір бөлшегі бір-бірімен тығыз байланыста болуы шарт.

Эпикалық шығармада жиі кездесетін композициялық бөлшектердің бірі – лирикалық шегініс.

Лирикалық шегініс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің шығармада тікелей көрінуі.

Кейде лирикалық шегініс арқылы жазушы кейіпкерлер мен олардың әрекетіндегі өзінің бағалануына ең маңызды деген тұстарға оқырман назарын аударуға, әсерлілігін арттыруға ұмтылады.

Кейде бір кейіпкерлерге бағытталған лирикалық шегініс басқа бір кейіпкердің ой-сезімімен астасып жатуы мүмкін, бірақ оқырман бұл үлгідегі лирикалық шегіністі де автордың ой мен сезімнің көрінісі деп қабылдайтыны белгілі.

Кейде автор лирикалық шегіністі өз шығармасының сипаты мен міндетін хабарлау мақсатында пайдаланады.

Оқшау (кірме) эпизодтар – шығармада баяндалатын негізгі оқиғаға тікелей қатысы жоқ көріністерді атайды. Кейде оқшау эпизодтарда лирикалық шегініс сияқты шығарманың идеясын, пафосын түсіндіру үшін пайдаланылады.

Көркемдік аңдату – жазушы алда болатын оқиғаны барынша терең түсіндіру үшін оны алдын-ала соған ұқсас көріністер арқылы аңғартатын тәсілді айтамыз.

Пейзаж – шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі. Мұнда қандай да бір көркем шығармадағы өзге де көркемдік құралдармен қатар өзіне тән көркемдік- идеялық мән атқаруға тиісті пейзаж туралы. Пейзаж шығарманың тұтас идеялық-көркемдік мәніне қызмет ету үшін де, сондай-ақ шығармадағы жекелеген көріністерге, оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты да қолданылы береді.

Интерьер – шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуі. Интерьер, көбінесе тар ауқымда, яғни жекелеген кейіпкерлерге қатысты ғана қолданылады.

Сонымен қорыта айтар болсақ, композициялық бөлшектер мен сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп тұратын нәрсе – шығарманың композициясы. Ал, композициялық шеберлік - шығармадағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге- негізгі идеяға-бағындыру.

Фабула – бұл латынша-әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру-көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. Біз шығарманы алғаш оқығанда оның жалпы фабулалық желісін тез қабылдаймыз. Ал, сол шығарманы қайтадан оқитын болсақ, шығарамадағы суреттелген әрбір әрекеттің, оқиғаның, құбылыстың мәніне тереңдеп үңіле бастаймыз, соның нәтижесінде санамызда сюжет жайлы түсінік пайда болады.

Фабула (лат. Fabula аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді:


  • оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру (Ш.Айтматов, "Боранды бекет'").

  • болып жатқан окиғаға қатыстылығымен. Мұның бірнеше жолы бар: алғашқысында автордың оқиғаға қатыстылығы сезілмейді ( М.Әуезов, "Қилы заман"), енді бірде айтушы оқиғаның ортасында жүреді ( Ғ.Мүсірепов, "Қазақ солдаты").

  • Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік (Ғ.Мүстафин, "Көз көрген"), күнделік (Ә.Сәрсенбаев, "Офицер күнделігі"), Ф.М.

Достоевский, "Бейшара жандар"), т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады, кейіпкер көңіл-күйінің қалтарыстарын ашып, образды жан-жақты ашады

Сюжет – француз тілінде «зат» деген ұғымды білдіреді. Ол-эпикалық және драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиға барысы, әрекет дамуы. «Сюжет» терминін алғаш рет XVII ғасырда классицистер П.Корнель мен Н.Буало қолданды. Олар сюжет ұғымын Аристотель ізімен ежелгі дүние қаһармандарының өміріндегі оқиғалармен байланыстырды. Көбіне сюжет шығармадағы оқиғалар жүйесі ретінде көрінеді. Оның сыры сюжетті шығарманың басым бөлігі аса маңызды қоғамдық

конфликтілерді көркемдік тұрғыдан қарастырады және оларды қаламгер жасаған біртұтас өмір көрінісінің ішінде бейнелейді.

«Сюжет» нақты бір заттық мәнге ие бола алады. Яғни сюжет – авторлық мақсат та, фабула-сол мақсатқа жетудің құралы. Егер фабуланы әңгімелеп беруге болатын болса, сюжеттің көркемдік мәнін шығармада көрінетін авторлық баяндау ерекшеліктері ғана жеткізе алады. Кейде жазушы пайдаланған даяр фабула сюжетке айналған кезде көркемдік өңдеуге ұшырайды. Біріншіден, мұндай даяр фабулалар өмірдегі, нақты оқиғаларға негізделген шығармаларда жиі кездесуі мүмкін. Екіншіден, бір жазушының жасаған фабуласы екінші жазушының шығармасында мүлде жаңасападағы сюжетке ұласып жатуы да ықтимал. Бір ғана фабула әр жазушының шеберлігіне байланысты әр түрлі сюжеттік сипатқа ие бола береді. Сюжет шығарма стилімен, көркем дүние құрылымның ортақ заңдылықтарымен тығыз байланысты. Демек, шығарманың көркемдік маңызы фабулаға емес, фабуланың шығармашылықпен игерілген көркемдік сипатының сюжетте тереңдетіле бейнеленуіне қатысты.

Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар желі, тартып жату себебі де соған байланысты. Тартыс - (латынша конфликтус) –қақтығыс, айқас деген мағына білдіреді. Ол өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама- қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысында жинақталып, суреттелуі. Өнердегі өмірлік тартыс – көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, арқау, керек десеңіз күллі өнер туындысына тіршілік беріп тұрған жүйке, дейді З.Қабдолов, олай болса, әдеби шығармадағы табиғи тартыс, оның сюжеті мен композиясын өрбітер, қозғаушы күш. Сюжетте қоғамдық тартысты қозғалыс үстінде, яғни дамуы, шешілуі арқылы көрсету қоғамдық даму тенденцияларын, оның заңдылықтарын түсінуге ықпал етеді.

Шығармаларға өзек болған қоғамдық тартыс өткен дәуірлерден де алынуы ықтимал. Алайда, тартыстың түпкі мәні қаламгер өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық талап-тілектермен орайласып жатады. Сонымен бірге қаламгер өз бейнелеп отырған характерлер мен жағдайлар, адамдар арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтардың шынайы сипатын ашып танытуда сюжеттің мүмкіндігіне сүйенеді. Осылардың бәрін бейнелеу шығармада алға тартылған проблемалардың мәнін ашуға, идеяға ықпал етеді. Сюжет желісіндегі образ-характерлер негізгі идеяға, негізгі оқиғаға байланысты бола отырып, өзіндік даралығын да сақтап қалуы да шарт.

Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуатция), шарықтау шегі (кульминация), шешімі (развязка) сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилогта кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет