Әділбай Назерке Техникалық физика 159



Дата04.02.2020
өлшемі144,69 Kb.
Әділбай Назерке

Техникалық физика 159

СРС

Политология



«Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау»

Саясат (гр. politika — мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:

  1. өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;

  2. мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;

  3. адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;

  4. әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;

  5. мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.

Мақсаты


Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.[1]

Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй


Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй - адамдар қауымының басым көпшілігін қамтитын психологиялық жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді:

  • біріншіден, жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық деңгейін білдіреді;

  • екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; * үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды өзгертуге ұмтылу.

Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй "саяси сана", "саяси мәдениет", "саяси мінез-құлық", "саяси жүйе" сияқты ұғымдарга қатысты субкатегория болып табылады. Бұқаралық көңіл-күй кеңестік қоғамтанудағы дәстүрлі "қоғамдық көңіл-күймен" сәйкес емес. Олар тек әлеуметтік-ережелік бөліктерден тұрмайды, оған басқа құрамдас бөліктер кіреді.

Бұқаралық көңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда көрінеді - адамдар талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен, екінші жағынан өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін - жеккөруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия. Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі.





Еуропалық парламент

Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептері


Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептерінің негізінде екі фактордың өзара әрекеті жатыр. Бір жағынан, объективті фактор, яғни іс-жүзіндегі шындық. Екінші жағынан, субъективті фактор, яғни адамдардың іс-жүзіндегі шындық туралы түсініктері. Қоғамда бұқаралық көңіл-күйді білдіру оның әлеуметтік-саяси құрылымының біртектілігімен байланысты. Жүйе жіктелген, плюралистік болған сайын онда өзіндік мүдделері мен талаптары бар әртүрлі топтар да көбейеді. Олардың әрқайсысының өз көңіл-күйі болады.



Бұқаралық көңіл-күй нақты бір топтар арасында пайда болып, жылдам тарау арқылы бұқараны өзінің субъектісі ретінде дайындайды. Бір жағдайда жиналған немесе жиналмаған топ болса, екінші бір жағдайда ол бұқаралық әлеуметтік-саяси қозғалысқа айналады. Кей жағдайда бүкіл қоғам немесе қоғамның басым бөлігі бұқаралық көңіл-күйдің субъектісіне айналады.



Ұлыбританиялық парламент

Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері


Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері - саяси-психологиялық дайындықадамдардың үлкен қауымдастығының әлеуметтік-саяси әрекетін қалыптастыру және себебін қамтамасыз ету. Бұқаралық көңіл-күй топты біріктіре отырып бұқаралық әрекетке айналады. Бұқаралық көңіл-күйдің саяси мінез-құлықты реттеу және көрсету қызметтері саяси жүйені модификациялауға әкеледі. Стратегиялық саяси-психологиялық бағалау қызметі саяси шындыққа қатысты, оны түсіну тәсілін, қандай да бір саяси ойды қалыптастырады.

Бұқаралық көңіл-күйдің ықпал ету мүмкіндіктері бар. Олар насихаттық-идеологиялық (талаптарды алдап-арбау) және әлеуметтік-саяси (шынайы өмір деңгейін алдап-арбау). Бұқаралық көңіл-күйді талаптар мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін теңестіру арқылы тұрақтандыруға болады.

Саясаттағы гомеостазис


Саясаттағы гомеостазис – қандай да бір жүйенің қозғалмалы тепе-теңдік жағдайы, ол осы тепе-теңдікті бұзушы ішкі және сыртқы факторларға қарсы әрекет жасау арқылы сақталады. Гомеостазис алғаш физиологияда ағзаның ішкі саласының тұрақтылығы мен оның негізгі физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылған. Бұл идея америкалық физиолог У. Кеннонмен "дене даналығы" туралы ілімінде өзінің тұрақтылығын үздіксіз қолдайтын ашық жүйе ретінде дамытылған. Жүйеге қауіп төндіретін өзгерістер туралы хабарлар алысымен ағза оның тепе-теңдік жағдайын қалыпқа келтіргенше жұмыс жасайтын құрылысты іске қосады. Кейін келе гомеостазис принңипі психологияда, одан кибернетикада, ал 60-шы жылдары саяси және әлеуметтік жүйе теориясында қолданыла бастады.

Саяси ғылымда гомеостазис қағидаты қоғам саяси жүйесінің қызметі мен әлеуметтік-динамикасын талдағанда қолданылады. Сонымен бірге, жүйе бөліктері ретінде қызмет жасаушы кейбір жүйелік ұйымдарды (мемлекетпартиякәсіподақтар) талдағанда қолданылады. Саяси гомеостазис - саяси жүйенің қозғалыстағы тепе-тендік жағдайы, ол оның биліктік құрылымдары мен оған ықпалдасқан саясат субъектілерінің кез келген ішкі және сыртқы факторларға қарсылық әрекеттерімен сақталады.

Саяси гомеостазис негізін функңионалдық тәуелділік құрайды. Қоғамның саяси жүйесіне қатысты оның биліктік қызметтеріне көңіл бөлінеді. Яғни, ол өзінің дамуы үшін және өзін-өзі сақтауы үшін қандай да әрекет жасайды. Кез келген ашық жүйе сияқты қоғамның саяси жүйесі әлеуметтік ортаға кірісе отырып, өзінің сапалық айқындылығын сақтайды. Саяси гомеостазис ашық жүйенің сыртқы әлеммен өзара қатынасы және саяси жүйенің әлеуметтік ортамен өзара қатынасы сыртқы әлемге икемделуіне екіжақты ықпал етеді: бір жағынан, ішкі өзгерістер, екінші жағынан, жүйелік объектінің ортаға белсенді ықпал етуі, оның өзіне қажетті ресурстарды игеру мен тартуға икемделуі. Осы икемделу қоғам саяси жүйесінің өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыру тетігінің негізін құрайды. Бұл күрделі ұйымдасқан объектінің ықпалдасу, мақсатқа жету сияқты функционалдық қасиеттерін анықтайды. Саяси жүйенің саяси гомеостазис белсенді қызметі дау-жанжалдардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Саясаттағы жалғандылық


Саясаттағы жалғандылық - заттардың шынайы жағдайын мақсатты түрде бұрмалауды білдіретін қарым-қатынас құбылысы. Жалғандылық тексеру қиын және мүмкін емес сөздік мәліметтер мазмұнынан көрініс табады. Жалғандылық - сөздік қызметгің саналы нәтижесі, оның мақсаты - аудиторияны адастыру. Жалғандылық өтірік алдаушының жеке, әлеуметтік немесе саяси басымдықтарға қол жеткізуге ұмтылысынан туындайды.

Жалғандылық - алға қойған мақсатты немесе келеңсіз салдарларды болдыртпау үшін шындықты бұрмалаудан көрініс табатын мінез-құлық түрі. Жалғандылық әдетке айналған жағдайда ол жеке тұлғаның қасиетіне айналып бекиді. Саясаткер көп жағдайда шындықты бұрмалауы мүмкін. Жалғандылық себептері ретінде ұят сезімі, яғни саясаткер өзінің қандай да бір әрекетін жасырғысы келеді; жазаланудан қорқу, сталиндік нәубет кезінде құрбандар қорыққандарынан өтірік көрсетулер берген; өзін дәлелдеуге ұмтылудан көңіл аударту, таңқалдыру тілектерінен туын¬дайды.


Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі


Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі - жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М.Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш тү¬рін көрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың маз¬мұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. "Қосымша" сая¬сат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзе¬ге асырылады. Саясатпен "қосымша" айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады.

Саясаттағы интеллигенция


Саясаттағы интеллигенция (лат. intelligenta - «түсіну», лат. intelligens - «ойлаушы») — еңбек бөлінісі мен қоғамдық үйыммен анықталатын орынды алады. Өндірісті қатынастарының дамуына байланысты интеллигенция рөлі де артып отыр, ол саяси өмірдің маңызды факторына айналуда.

Саясаттағы интеллигенцияны екіге бөліп қарастыруға болады: жоғары деңгейде жіктелген жалдамалы жұмысшы күші және "еркін" ойлаушылар. Жалдамалы жұмысшы күш ретінде интеллигенция бүкіл саяси құрылымды қамтиды. Бұл - қызметкерлербюрократиясаяси партиялар мүшесі, идеологтарэлита өкілдерінің бір бөлігі. Сонымен интеллигенцияның бұл бөлігі қарама-қайшылықты жағдайда, себебі олардың сана еркіндігі саяси институттарға енулеріне байланысты корпорация заңдарымен шектеледі.

Интеллигенцияның екінші бөлігі сандық тұрғыдан көп емес, әрі олар идеологиялық міндеттерден еркін. Бұл әлеуметтік топ нақты әлеуметтік-саяси қатынастардан жоғары тұрады. Олардың саяси және әлеуметтік тәжірибені саналы түсінуге толық мүмкіндіктері бар. Өз кезегінде бұл қоғамға өзін ұйымдастыруда, әлеуметтік сілкіністерді азайтуға көмектеседі.

Саясаттағы ислам


Саясаттағы ислам - ислам барлық болмыс пен фәни, адам өміріндегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Ислами ұғымда бұл дін - абсолютті құдірет иесі Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейінгі барлық адамзатқа және заманаға жіберілген дін. Ислам сөзінің түбірі арабшадағы "сәлиме", "силм" етістігі. Бұл сөздер сөздікте бейбітшіліктыныштықамандықтатулықкелісіммойынсынусенімділік дегенді білдіреді. Ислам сөзі сенім мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбітшілік пен татулықты, жүгіну мен тепе-теңдікті, әсілі, тұтастай өмір сүру салтын білдіреді. Ислам - Құран Кәрімде есімдері аталған барлық пайғамбарларга жіберілген иләһи (тәңірлік, құдайы) діндердің ортақ аты.

Құран Кәрім аяттары бойынша мұсылмандар Аллаһ Тағалага, оның елшісі Мүхаммедке (с.а.у.) және мұсылман әміршілерге бағынуга міндетті. Мұсылмандардың істерін реттеуші басшы еркін сайлау арқылы қызметке келеді. Ислам құқығында "бигат" деп аталатын дауыс беру азаматтардың ерікті түрде ризашылық білдіруімен болады. Қоқан-лоқымен, яки күшпен жасалған биғат жарамсыз болып табылады. Басшының міндеті - аяттарда көрсетілген қағидалар негізінде және кеңесе отырып елді басқару. Кеңесе отырып басқару исламдагы мемлекет басқару жүйесінің басым сипаты болып табылады. Ислам діні - барлық қатынастар мен іс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын дін.


Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар


Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар - XX г. екінші жартысында дамыған демократиялық мемлекеттер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу жолында екі төңкерісті бастарынан кешірді, соның нәтижесінде бұқаралық білім мен бұқаралық теледидар пайда болды. Саяси кеңістікті қайта құруда үлкен рөл атқарған ақпараттық саяси нарықты электронды БАҚ пайда болуы, саяси коммуникаңияда сүхбаттық тәсілдің пайда болуы, "электронды қауымдастықтың" қалыптасуы және т.б. Мінеки, осыған байланысты мемлекеттік билік үшін бәсекелестіктің мүмкіндіктері сапалы түрде өзгерді. Жаңа ақпараттық және коммуника-тивтік технологиялар саясат саласындағы көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдар мен қағидаларды өзгертті.

Интернет


Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялардың қатарында - Интернет. Интернет - бұл әлемдік компьютерлік тор, жүз мыңдаған мемлекеттік, корпоративтік, қоғамдық, білім берулік және үй жағдайындағы ақпаратпен алмасу тәсілдері. Ол XX ғ. 60 жж. АҚШ қорғаныс министрлігіндегі информатика мен компьютер саласындағы зерттеулер жобасының шеңберінде жүргізілген ізденістер нәтижесінде пайда болған.

Интернет коммуникаңиясында нәсілдікжастықжыныстық кедергілер жоқ. Интернет соңғы кезеңде сайлау компанияларын жүргізуде кеңінен қолданылуда. Мысалы, сайлау компаниясын ұйымдастырушылар партиялар немесе қозғалыс жетекшісінің веб-парақтарын құру арқылы қосымша өз қолдаушыларын жұмылдыруға мүмкіндік алады.

Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет