Әділханова жанна сайынқызы


. 1920 ж. әдебиеті ,  2



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,79 Mb.
#166958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
annotation15841

1
.
1920 ж. әдебиеті

2
.
1930ж. әдебиеті
3
.Ұлы Отан
соғысы кезіндегі әдебиет,
4.
Соғыстан кейінгі дәуір, 
5.
Қазіргі дәуір
деп 
қарастырады. Бұл еңбектер тарихтың ұмыт болған бұрыштарынан
табылған аздаған дүниенің өзі ғылым саласында өзін-өзі толық ақтап,
халқымыздың тарихи, мәдени, әдеби өсу жолындағы сол кезге дейінгі
анықталмай келген жеке бір сатыларын тиісті дәрежеде танып, білуімізге
көп көмегі тигізгені сөзсіз. Коммунистік партия бұрынғыша әдеби
процеске басшылық жасады. Бұл дәуірде өткен ХХІ(1959ж.), ХХІІ(1961ж.), 
ХХІІІ(1966ж.),ХХІҮ(1971ж.),ХХҮ(1976ж.), ХХҮІ(1981ж.), ХХҮІІ (1986ж.) 
съездері әдебиеттің партиялық бағытын жалғастыруды міндет етіп
қойды. Көркем шығармалар үшін жауапкершілікті арттыру, әдеби
шығарманың идеялық дәрежесін көтеру айрықша аталды. 1967 жылы 
КСРО-ң 50-жылдығы аталып өтілгені белгілі. Осы жиналыста
Л.И.Брежнев «кемелденген социалистік қоғам құрылды» деп жариялады. 
2005 жылы жарық көрген “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы
бойынша шығарылған “Қазақ әдебиетінің тарихы” кітабында бұл туралы: 
“Бұл – И.В.Сталиннің құрған социализмнің тігісі сөгіле бастаған тұста,
оның атын өзгертіп сақтаудың амалы еді. “Кеңес халқы” деген ұғым 
кеңестік ұлттардың әрқайсысына тән өзгешеліктерді мойындамау, 
олардың психологиясымен санаспау, бәріне бір көзбен қарау саясатының
көрінісі болды. Осы негізде партия біртұтас мәдениет туралы пікірді
енгізді. Саяси-қоғамдық ғылымдар саласында бұл ұғымдар жиі
қайталанғанмен, көркем әдебиет өзінің ұлттық сипатынан айырылып кете 
алмады.Әдебиет ұлттық болмыстың көрінісі екенін дәлелдеді”,– дейді [16 
,298].


16 
Қазақ халқының ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген
зиялы азаматтар 1960-1970 жылдары халық тарихының оқиғалары
негізінде ұлттық сананы оятып, тәрбиелеуге әдебиет пен ғылымды
пайдалануды мақсат ете білді. 
Алдыңғы кезекте М.Әуезовтің «Әр жылдар ойлары” (1959ж.), 
С.Мұқановтың “Өсу жолдарымыз” (1960ж.),”Жарқын жұлдыздар” (1964ж.),
зерттеу еңбектері жарияланды. Қ.Жұмалиев “Қазақ әдебиеті тарихының
мәселелері және Абай поэзиясының тілі” (1960ж.) зерттеу еңбегімен қоса
орта және жоғарғы оқу орындарына арнап оқулықтар жазды. Сондай-ақ, 
Е.Ысмайловтың “Сын және шығарма”(1960ж.),”Әдебиет жайлы ойлар” 
(1963ж.), “Ақындар және революция” (1964ж.) жарияланды. 
Бұл еңбектерде қазақ әдебиетінің көркем туындыларына жан-жақты
талдаулар жасалып, ұлттық мұра мен оның сөз зергерлеріне тиісті
бағаларын бергенін білеміз. 
Талант сипаты ғалым даралығын айқындайтыны ақиқат. Қазақ
әдебиеттану ғылымы мен сыны қаз тұрып, өсіп-өркендеп, жақсы өріс,
кең жайлауға шығуына қаламгерлер мол еңбек сіңіріп, сол сапарда көп іс
тындырды. Академик М.Қаратаевтың “Шеберлік шыңында” (1963ж.), 
”Эпостан – эпопеяға” (1969ж.), ”Әдебиет және эстетика” (1970ж.), 
«Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы» (1965ж.)
еңбектері өткір сынымен ақын-жазушыладың сапалы шығармалар
жазуына ықпал етті. Ғалым одақ көлемінде аты мәшһүр сыншы атанды.
Оның мақалалары “Литературная газета”, “Вопросы литературы”
басылымдарында басылып, “Мировозрение и мастерство” (1965ж), “От
домбры до книги” (1969ж.),”Вершины впереди”(1972ж.) кітаптары орыс
оқырмандарына қазақ әдебиетінің мәселелерін таратып айтып, қабырғалы
қазақ қаламгерлерінің суреткерлердің шығармаларымен таныстырған
құнды туындылар болды. Бұл еңбектерде сын табиғаты, аударма жайы, 
көрнекті суреткерлер және қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы сөз
болады. Осы ретте әдебиетші, профессор аға буын әдебиет зерттеушілері 
Қ.Жұмалиевтің “Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай
поэзиясының тілі” (1960ж.), Е.Ысмайловтың “Ақындар” (1956ж.),”Ақын
және революция” (1964ж.),”Сын және шығарма” (1960ж.),”Әдебиет жайлы
ойлар” (1963ж.) жарияланды. Б.Кенжебаевтың “ХХғ.басындағы қазақ
әдебиеті”,” Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері”(1973ж.),”Жылдар
жемісі”(1984ж.)”Қазақ әдебиетінің дәуірлеу мәселелері туралы” тәрізді
ойлы еңбектері де қазақ әдебиеті тарихында биік белестерді
бағындырған басылымдар болды.
Қазақ әдебиетінің қалыптасу жолдарын зерттеген Ә.Тәжібаев, 
Х.Сүйіншәлиев, Ә.Марғұлан, Т.Нұртазин, М.Ғабдуллин, Қ.Өмірәлиев, 
Н.Келімбетов,А. Қыраубаева, Ә.Қоңыратбаев т.б. ғалымдар әдебиеттің
даму бағыттарын айқындауда зор еңбек сіңірді. Әдебиеттану ғылымының
теориялық жағы әрине, А.Байтұрсынұлының “Әдебиеттанытқышынан”
бастау аларын жоғарыда айтып өттік. Кеңес дәуір әдебиетінде
арыстардың есімін атау мүмкін болмағандықтан, бұл салада айтулы


17 
еңбек еткен ғалымдарымыз тарихтан тыс қалып жатты. Дегенмен, 
З.Ахметовтың “Өлең сөздің теориясы”(1973ж.), З.Қабдоловтың “Әдебиет
теориясының негіздері”, ”Жанр сыры”, “Жебе”, “Арна”, ”Көзқарас”, т.б
еңбектері әдебиеттің осы саласындағы ірі зерттеулер болды. Еңбектерде
қазақ, орыс, еуропа ғалымдарының бұрын айтылған пікірлерін жаңаша
қорыта отырып, түрлі бейнелеу, көріктеу, суреттеу құралдарына қазақша
анықтама беріп, олар сан-алуан өлең мысалдары арқылы терең
түсіндіріледі. Сөз өнерінің табиғатын, даму заңдылықтарын, негізгі
жанрлар сипатын, образ жасау тәсілдерін, көркемдік құралдарын, әдеби
әдіс, стиль мәселелерін жан-жақты қарастырады. Мұнымен қоса, жеке
ақын шығармашылықтары жөнінде Сұлтанмахмұт, Сәкен, Ілияс, Қасым
өлеңдеріне жасалған талдаулар бір төбе болса, Абайдың тіл ұстарту
өнегесі жеке мәселе ретінде жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ, 
М.Базарбаев, Е.Тұрсынов, Б.Сахариев, О.Нұрмағанбетова, Б.Адамбаев, 
С.Қирабаев, С.Қасқабасов, С.Садырбаев сынды ғалымдар қазақ
фольклорының інжу-маржандарын жинап, шығаруда, терең зерттеуде
ауқымды еңбектер жасады. Олардың негізгілері – “Қазақ тарихи
жырларының мәселелері” (1979ж.), “Қазақ фольклорының типологиясы” 
(1981ж.) “Фольклор шындығы” (1990ж.), т.б. туындылар. 
1960-90 жылдар әдебиеттану ғылымында көркем шығарманы
көркемдік тұрғысынан талдап, сынның дамуы кең өріс алды.
Ғ.Мүсіреповтің “Суреткер парызы” (1970ж.), Ғ.Мұстафиннің “Ой әуендері” 
(1978ж.), Т.Ахтановтың “Әдебиет туралы ойлар”, Н.Ғабдуллиннің “Уақыт
сыры”(1981ж.) 
С.Сейітовтің 
“Қырық 
жылда” 
(1967ж.), 
“Өнер
өрнектері”(1978ж), С.Әшімбаевтің «Сын мұраты» (1974ж), “Талантқа
тағзым”(1982ж.), «Парасатқа құштарлық» (1985ж.),Т. Кәкішевтің «Октябрь
өркені»(1962), «Дәуір суреттері»(1967), «Садақ»(1986)Е. Ысмайылов 
«Ақындар» (1956ж),»Ақын және революция» (1964)Ә. Тәжібаевтің « Өмір
және поэзия» (1960), З.Серікқалиев “Ойлар, толғаныстар” (1967ж.), 
“Жылдар сазы” (1971ж.), “Ақыл таразысы” (1976ж.), Т.Тоқбергеновтың 
“Үш тоғыс” (1977ж.), “Тоғыз тарау” (1994ж.), Ә. Дербісалиннің «Қазақтың
октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті»(1966ж), Ә. Жәмішевтің 
«Биік мәртебе»(1974) т.б қазақ әдебиетінің қорына қосылған бағалы
еңбектер болды. 
Ғылымның дамуы мен әдебиеттің өркендеуіне 1988 жылы 28 
желтоқсанда «А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов жөніндегі істер
тоқтатылып, оларды ақтау туралы» [17] үкімет қаулысы негізінде Алаш
арыстарының әдебиет әлеміне қайта қосылуы үлкен тарихи оқиға болды. 
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі тұтас дәуірдің рухани мұрасы ұзақ уақыт
қозғаусыз жатты. Оған ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы қаһарлы
күндердің жазықсыз қуғын-сүргін, ашаршылық жылдардағы
ауыртпашылықтардың кесірі көп тиді. Ұлттық көркем ойдың қайнар
бұлағынан нәр алған құнды дүниелері тек қазақ халқы Тәуелсіздік
алғаннан кейін ғана түгелдей ұлттық әдебиет қорына қосылды. 


18 
Ұлттық тарихымызда маңызды орын алатын Алаш қозғалысы ірі
саяси-қоғамдық маңызы бар оқиға болумен бірге халқымыздың рухани-
мәдени өрлеуіне айрықша ықпал етті. Осы рухани-мәдени зор қозғалыс
тудырған Алаш қайраткерлері мұрасының алуандығы мен байлығы сан
тараулы ғылымға өрісті жол, өміршең ізденіске айналды. А. 
Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев, 
Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, Е.Омарұлы, т.б. көптеген талантты
қайраткерлердің, Алаш кезеңі қалыптастырған зиялы қауым өкілдерінің
шығармалары ұлттық мұрамызға, төл әдебиетімізге қосылған баға жетпес
асыл қазына болды. Осы ұлт азаматтарының асқан білімпаздығы мен
ізденімпаздығынан туған еңбектер қазақ тіл білімін дүниеге әкелді, 
әдебиеттанудың іргетасын қалады, қазақтың жазба әдебиетін
қалыптастырды. Олардың ғылыми еңбектері, мақалалары, оқу құралдары
арқылы ғылыми стильдің негізі қаланды. Қазақ әдебиетінің ғылым
ретінде қалыптасып, өркендеуіне зор үлес қосты. Бұл туралы : «Біз үшін
қазақ әдебиеттануы кәсіби ғылым ретінде сонау ХХ ғасыр басында
Алаш ғалымдары зерттеулерінде толық қалыптасқан. Оған дәлел – А. 
Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш», Х. Досмұхамедұлының «Аламан», 
«Қазақ халық әдебиеті», М.Әуезовтің ғылыми басылымдары. Ұлттық
әдебиеттанудың негізгі ұстанымдарын дүниежүзілік контексте аталған
ғалымдар сонау ХХ ғасыр басында анықтап беріпті. Олар өздеріне
дейінгі әдебиетке де өз көзқарастарын тура бүгінгідей ғылыми тұрғыда
негіздеген.» – деп зор баға берген «Қазақ әдебиеттану ғылымының
тарихы» атты еңбекте[12,284]. Жалпы аталмыш еңбек қазақ әдебиеттану
ғылымының өзекті мәселелерін толық қамтып, саралайды. Бұл жинақта 
ғалымдарымыз Алаш зиялыларының ой-пікірлері Б.В.Томашевский, 
В.М. Жирмунский, А.И.Белецкий, Г.О.Винокур, Ю.Н. Тынянов, М.М. 
Бахтин, Р. Уэллек, О. Уоррен тұжырымдарымен қатар пайымдалатынын
атап көрсетеді.
Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақып мұрасы ел
ырысына айналған шақта осы алып бәйтеректердің әдебиет тарихындағы 
орны мен рөлін нақты айқындап, әдеби, ғылыми, публистикалық
еңбектерін жариялау, жоғын тауып, барын толықтыру, тиянақты түрде
зерттеу ісін қолға алу көптеп, көмектеп атқарар аса жауапты міндет. 
Белгілі ғалым Б. Омарұлы: «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері қазақ елі
тәуелсіздікке ұмтылып, заманның желі оңынан тұрған жылдарда қалпына
келтіріле бастады. Ұзақ уақыт бойы қоғамға үстемдік еткен
идеологияның ықпалымен шығармалары зиянды деп бағаланып, ел-
жұртынан аулақтатылған арыстарымыздың асыл мұралары арамызға
қайта оралды. Бүгінгі таңда әдебиет тарихындағы, әдеби процестегі өз
орнын тапқан ұлт қайраткерлерінің төл туындылары жан-жақты
зерттеліп-зерделеніп, сүбелі ғылыми еңбектердің нақты нысанасына
айналуда»,–деп атап көрсеткен болатын. [18,5] Бұл тұрғыда А. 
Ісмақованың [19], Р.Нұрғалиевтің [20], Ө.Әбдіманұлының [21], Д. 
Қамзабекұлының [22] арнаулы зерттеулері жарық көрді. Кеңес дәуірі


19 
әдебиеті жеке басқа табыну мен тоқырау жылдарындағы қатыгез
құбылыстардың айқын таңбалануы сол дәуір тарихына соны көзбен
қарап, мұрағаттық жұмыстарды тереңдету, көптеген қалыптасып қалған
принциптер мен әдеби құбылыстарды бүгінгі күн талабына сәйкес
талдау міндеттері орындалуда. Қазақ әдебиеттану ғылымына Р. Бердібаев, 
Ә.Дербісәлин, С.Қасқабасов, Х.Сүйіншәлиев, С.Сейітов, Қ. Өмірәлиев, 
К.Ордалиев, Р.Нұрғалиев, Қ.Сыдиықов, Ж.Жармұхамедов, Т.Кәкішев, 
Ж.Тілепов, Б.Майтанов, Н.Келімбетов, Ж.Дәдебаев, Д.Ысқақов, Қ.Ергөбеков, 
А. Жақсылықов, З.Бисенғалиев, Қ.Алпысбаев, Ө.Әбдіманов,С. Негимов, 
Ш.Ыбраев, С.Мақпырұлы, А. Ісмақова, Қ.Мәдібай, Г.Пірәлиева, Б.Омарұлы, 
Д. Қамзабеков, т.б. сынды ғалымдарымыздың еңбектері рухани сана
мен мәдениет болмысы тұрғысынан жан-жақты дамуына зор үлес
қосуда. Қазақ әдебиеттануын дамыту бағытында ғалымдарымыз ауқымды
да іргелі зерттеулер жасап, ұлттық ғылымымызды өркендету бағытында
еңбек етіп келеді. Мақсат – ұлттық әдебиеттің өркениетті дамуына ықпал
етіп, болашаққа жеткізу. Елдің кешегісі мен бүгінінің алтын арқауы болған 
алтын көпір әдебиет. Әдеби мұралар арқылы ұрпақ рухани азық алып, 
тамырын тереңге тартары белгілі. 
Қазақ әдебиетінің асыл өнеріне бар ғұмырын арнаған, кеңес дәуірі
әдебиетін зерттеп, оған ғылыми жаңалығымен де, ақындық талантымен
де орасан зор үлес қосқан қаламгер Сағынғали Сейітов болды. Сонау
отызыншы жылдың соңында әдебиет майданына келіп қосылған жас
бозбала кезінен тәуелсіз елдің әдебиетінің төрінен абыз ақсақал болып
аттанған ол артына мол мұра қалдырды. Қазақ әдебиеттануында батыл
пікірімен, өткір ойымен келген С. Сейітов өмірінің соңына дейін,
тоқсанға таяп, көз жанары суалғанша халқына адал қызмет етті. 
Ақындық мұрасы өз алдына бір мұра болса, оның кеңестік әдебиет
кезеңіндегі әдеби сын, әдебиет тарихы, халықтар әдебиетінің
байланысы, жекелеген ғұмырнамалық зерттеулері (Т. Жароков, 
Шашубай),сондай-ақ, ұжымдық үлкен еңбектер, оқулықтар жазды. А. 
Байтұрсынұлы: «Асыл сөз адам санасының үш негізіне тіреледі – ақылға, 
қиялға, көңілге. Себебі: ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, 
тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – меңзеу яғни ойдағы нәрселерді
белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, суреттеп ойлау; көңіл
ісі – түю, талғау»,– дейді [23]. Осы тұрғыдан қарағанда С. Сейітов те өз
дәуірінің әдебиетін қиялмен шолып, ақылмен таразылап, көкірекке
түйгенін болашаққа аманаттады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет