Әділханова жанна сайынқызы



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,79 Mb.
#166958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
annotation15841

 
 
 
 
 
 
 
 


20 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.1
 
Сағынғали Сейітовтің шығармашылық өмірі
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары қазақ әдебиетінің қарқынды
дамып, қазақ руханиятының жинақталып, зерттелуіне өзіндік үлес қосқан
Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер-журналист, көрнекті ақын,
сыншы, аудармашы, әдебиет зерттеушісі С.Сейітов 1917жылы 20 қарашада
Орал облысы, Ақжайық ауданы «Өлеңті» кеңшарында дүниеге келген. 
1937 жылы Орал су транспорты рабфагінде оқып, білім алады. Кейін
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын 1941
жылы бітіреді. Оқу бітіргеннен кейін 1947 жылға дейін әскер қатарында
болып, Ұлы Отан соғысына қатысады. 1947-1949 жылдар аралығында 
Қазақ ССР ҒА-ң Тіл және Әдебиет институтында, 1949-1951 жылдары 
Қазақ ССР Ком.партиясы Орталық Комитетінің үгіт және насихат
бөлімінде қызмет атқарады. 1951-1952 жылы Қазақ Көркем әдебиет 
баспасына қызметке ауысады. Кейін 1952 жылдан өзінің алғаш қызмет
атқарған М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтында бөлім
меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер болып, қазақ әдебиеті мен 
ғылымының дамуына талмай қызмет етеді. 1961 жылы “Қазақ Совет
әдебиеті өркендеуінің негізгі дәуірлері” деген тақырыпта кандидаттық
диссертация қорғайды. Тырнақалды өлеңі 1936 жылы Оралдың облыстық
газетінде жарияланған. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1951 жылы 
“Большевиктер” деген атпен жарық көреді. Онан кейінгі кітаптары 
“Жолдас жүректен” (1953), “Ортақ ой”(1956) “Бетпе-бет” (1959), “Өрден
өрге” (1963), “Жаңғырық” (1967), “Алуан-алуан” (1971), “Сенем саған” 
(1971),(1976),”Жолдас уақыт”(1977), “Сәулет”(1977), “Серпер” (1994), 
“Сеңгір” (1997) сынды жыр жинақтары бірінен соң бірі жарық көрді. 
Қаламгердің қазақ, орыс, украин, белорусь, татар тілдерінде елуден аса
кітабы жарық көрген. Бірқатар оқулықтар мен «Қырық жылда», (1957), 
«Әдебиеттер достастығы» (1965), «Қазақ поэзиясындағы Маяковский
дәстүрі» (1966) «Тоғысқан толқындар» (1974), «Туысқандық туғызған» 
(1979), «Өлең өлкесінде» (1984), «Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару
дәстүрі» (1985) монографиялар мен әдеби зерттеулердің авторы. Мұның
сыртында жүзден аса республикалық және алыс-жақын шет елдерде
жарық көрген баспасөздегі әдеби-ғылыми мақалалары бар. Өзі қайтыс


21 
болғаннан кейін 90 жылдық мерейтойына орай «Ой керуені» өлеңдер
жинағы мен «Қазақ-түркімен әдебиетінің байланысы» атты ғылыми
монографиясы жарық көрді.
С.Сейітов қазақ әдебиетіне осындай әдеби-ғылыми және көркем 
туындыларымен ұлттық руханиятымызға өз үлесін қосты. Ақындық
талантымен қоса зерттеушілік еңбегі мен талмай ізденушілік қабілетін
танытты. Оны өз сөзінде де айтады: «Алуан-алуан жүйрік бар әліне
қарай шабатын… Сол айтқандай, қолға қалам ұстағаннан бері
республикадағы әдеби қозғалысқа хал-қадарымша қатынасып келемін.
Менің әдебиет сыны саласында әлеумет алдына шығуым – қырқыншы
жылдардың бас кезі. Әдебиеттің әр қилы мәселелеріне жанасты шағын
мақалалар, орта мектептің оныншы класына лайықталған оқулықтың
жеке тараулары – тұңғыш қадам осы бағытта басталған. Соғыс өлеңде
үзіліс жасатпағанмен, сынға тікелей араласуыма мүмкіншілік бермеді.
Дегенмен, мүлде қақас қалмай, майдан газеттерінде М.Горький, 
Т.Шевченко, Д.Фурманов, Абай, Ғ.Тоқай жайында кішігірім дүниелерімді
жарияладым » [24,3].
Ол ақын боп туған жерге, Отанға арнап жыр жазып,
шығармашылық жолын ауылдағы бозбала шағында бастаған. Кейін
Қазан төңкерісі ақын өлеңінің өрнегі болып өрілді. Өзі өмір сүрген
дәуірінің үні болғаны үшін біз оларды кіналай алмаймыз. Заманның
қыспағына қарамай тіл құдіретін қару қылып, төл әдебиетіміздің
гүлденуіне ғұмырларын арнап, кешегі мен бүгінгінің арасына алтын
көпір болған еңбектері үшін де зор құрметке лайық деп ұққанымыз
дұрыс. «Жетпіс жыл дәуірлеген Кеңес Одағын, «бостандық таңын»
атырған Қазан төңкерісін, партия мен Ленинді соқыр сүйіспеншілікпен
жырлаған қазақ ақындарын өзі өмір сүрген кезеңінің идеологиясына
адалдығы үшін айыптау, олардың шығармашылығынан тұтас тарихи
кезеңнің парақтарын жұлып алып тастауға тырысу – тарихи сауаттылық
та, адами әдептілік те емес»,– дейді қаламгердің «Ой керуені» кітабын 
құрастырушылардың бірі, белгілі журналист Г. Серғазы беташар сөзінде 
[25,5]. Адамгершілік тұрғысынан да, мәдениетті ел қатарына талпынған
біздер үшін де негізгі нәрсе – шындық. Қай заманның перзенті болмасын 
ақын туған халқынан адал қызмет етті. Отқа түсіп күйді, ызғарына тоңды. 
Жетістігіне қуанды. Бұл қарапайым пенделік тұрғыдан биік тұратын
парасат пен білімнің ұштасуымен рухани құндылықтарға айналды: өлең
болып өрілді, ғылым болып тасқа басылды. Бұл – тарихи шындық. Кеңес
кезіндегі қаламгерлердің өз Отандарына деген телегей сезімдері туған
жерін, өскен елін, төл ұлтын сүйген махаббат қайнарынан ағындамаған
болса, осынша табиғи нанымдылықпен оқырманын сендіріп, бірнеше
буынды тәрбиелеу кәдесіне аспаған болар еді. 
С.Сейітов әдебиет арыстарымен –- М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, 
Ғ.Мұстафин, С. Мұқанов, Ж. Саин, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Молдағалиев, 
Х.Ерғалиев,С.Омаров, Қ.Жұмалиев, М. Базарбаев, Ә.Әбішев, Ғ.Орманов, т.б.


22 
иықтаса жүріп еңбек етті. Жоғары оқу орындарының оқытушысы да,
партия нұсқаушысы да, ғылыми зерттеуші де, баспагер де болып,
талантының алуан қырын әдебиет пен мәдениеттің сан саласында
сынады. Халық ақыны Шашубай Қошқарбаевтың шығармашылық
мұраларын түгендеді. Ол Қазақ Ғылым академиясының Әдебиет
саласында жемісті еңбек еткен жылдарда “Қазақ кеңес әдебиеті
тарихының очерктері” атты ұжымдық үлкен еңбектің төрт тарауын, өзіне
көркемсөзде ұстаз тұтқан көрнекті қалам қайраткерлері – Ғабит Мүсірепов
пен Тайыр Жароков туралы сыни-ғұмырнамалық очерктер жазып,
Қайнекей Жармағамбетовпен бірге Сәбит Мұқанов шығармашылығын
зерттеді. 1957 жылы “Қырық жылда” деген монографиялық ауқымды
зерттеу еңбегі жарық көрді. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының әдебиеттер байланысы бөлімінде аға ғылыми қызметкер
болып, қазақ поэзиясындағы В.Маяковский, А.Пушкин, М.Лермонтов
дәстүрлерін зерттеп, орыс классиктерімен қатар Гете мен Гейнені, Жәми
мен Науаи, Мұса Жәлел, Расул Ғамзатов, Тоқтоғұл Сатылғанов, Павло
Тычина, Мирза Тұрсын-Заде сияқты неміс, парсы, өзбек, татар, украин, 
қырғыз, дағыстан секілді көптеген ел шайырларын қазақ халқына
таныстырды. Он бес ұлттың баласын алаламай, еларалық достықты
жырларына арқау еткен Сейітовтің төлтумалары да туыстас халықтардың
бірталай тіліне аударылды. Жетпіс жылға жалғасқан шығармашылық
өмірінде оның қаламынан елуге тарта туынды дүниеге келді. Оларды 
қазақ әдебиетіне қосылған рухани құнды көркем дүниелер деп танимыз.
1960-1970 жылдары Сағынғали Сейітов поэзиясы одақтық аренада кең
көсілді. Орталық “Правда”, “Красная звезда”, “Литературная газета”, 
“Октябрь”, “Знамя”, “Советский воин” газет-журналдарында және 
“Советская поэзия за 60 лет” 4 томдық антологиясында, кейінірек 
“Казахстанцы о Москве”(1989ж.), “Казахстанцы защищают Москву” 
(2001ж.) секілді монументтік басылымдарда өлеңдер топтамалары
жарияланды. Ол Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы мен жетекші
республикалық басылымдардың редакциялық алқасына мүше болды.
Қазақстандық және Бүкілодақтық әскери-көркем алқаларының
жұмыстарына белсенді атсалысып, қайраткерлігін де танытты. Қазақ
руханиятына сіңірген еңбегі арқылы қарапайымдылығымен сомдалған
жаратылысының сыртында ақындық тұлғасы мен азаматтық тұлғасы
биіктен көрінеді. Өзі өмірден озғаннан кейін жарық көрген «Ой керуені» 
жинағын қаламгердің 90 жылдық мерейтойына арнап артындағы ұрпағы
мен шәкірттері құрастырып, жарыққа шығарды. Сөзіміздің басында атап
өткеніміздей, алғы сөзінде жас қаламгер Г. Серғазы шығармашылық
өміріне тоқтала отырып, оқырманға ақындық таланты мен кісілік
келбетін танытатын әдемі естелік жазып ұсынады: «Қолына өнердің
тізгінін ұстаған кез-келген талант иесі тармағы мен толғауы тоқсан
тарау өнердің қай топырағына түрен тартсын мейлі, шынайы суреткер
үшін ең үлкен мұрат – алдымен өз ұлтыңа мойындалу, өз жұртыңа
шын жүректен қызмет ету. Елі мен жерін шын қасиеттеген, Отандасын


23 
ойландырған, қауымдасын толғандырған, ой толғаған, өмір бойы бекзат
болмысынан айнымаған, жан жылылығының бай қоры азаймаған, жан
сұлулығы сызатталмаған, өзінің адамдық нәрімен, бойындағы барымен
нар мінезін танытқан Сағынғали ақынның да тұлғасы бүгін бізден
алыстаған сайын биіктей түсуде. Елінің алдында әманда кішік Сағынғали
орынды-орынсыз өрекпіп, өршеленіп, өрленіп сөйлеуден ада болды. Аз
сөзді саз етіп, ой асылын саралап, айтуға тырысқан ақын салмағы
ешкімнен кем түспегені, атаққа құмартпаған, мақтанға жоламаған,
кеудемсоқ қылық көрсетпеген, кісілік келбеті көрнекті ғалымның ерек 
қасиеті» [25,7].
КазПИ-ді аяқтап қалғанда, Ғабдол, Абдолла, Қасым, Қалижандармен
жан жолдас боп бірге жүріп, 1941 жылы майданға да бірге аттанады.
Сағынғали Сейітов Харковьтегі әскери академияда қысқа мерзімдік
дайындықтан өткен соң, 39-шы минометтік гвардиялық жасақ құрамында
соғысады. Қару мен қаламды қатар қолға алған жас талантты жігіт соғыс
даласында жүріп майдан газеттерінің саяси, тілші қызметін атқарады. 
Қып-қызыл өрттің ішінде жүрсе де, елдегі әдебиет мәселесі оны
алаңдататынын Ғ.Мүсіреповке жазған мына хаттан-ақ аңғаруға болатын
шығар: « Ғабе! Майданнан сәлемімді қабыл алыңыз, құрметті Ғабе! 
Амандығымды білдіріп және Сіздің хал-жағдайыңызды білгім келіп, хат
жазуды мақұл көрдім. Теріс демессіз. Майдандамын. Хал-жай жақсы. Бір
қалыпта әзірше. Қазақстан хабарын аздап естіп жатамыз. Мені
ынтықтыратын көбінесе, әдебиет жаңалықтары ғой. «Соц. Қаз-ның»
бірнеше сандары оқыста қолыма тиді де, Сіздің бір публицистикаңызды
оқыдым. Өте жақсы жазылған екен. И.Эренбургтің «Россия»-сын
аударған екенсіз. Оны да оқыдым. Ғабе, Сізге айтар бір тілек: бізге де
аздап мақала, очерк (тыл жайында) жіберіп тұрсаңыз екен. Майдандағы
жауынгерлер Сәбитті, Мұхтарды, Сізді, Асқарды сұрап (қайда, не жазып
жүр деп сұрайды), хат жазады. Сізге айтар зор тілек осы. Хат күтемін.
Інілік сәлеммен, Сағынғали Сейітов. Адресім: 557 (полевая) далалық
почта. Часть 652»[26]. Сағынғали Сейітовтің азаматтық ұстанымының
танылған, қазақ поэзиясына өзіндік үнін қосқан жырлары осы тұста –
сұрапыл соғыс өрті мен жауынгерлердің Отанды қорғаудағы ерен
ерліктері туралы өлеңдерінен айқын танылады. Бұл, әсіресе, “Самғау” 
жинағының “Сұрапыл” тарауындағы жырлардан айқын аңғарылады. 
Мәселен, “Отан мені шақырды”, “Окопта”, “Комиссар”, “Шегінбе!”, 
“Еділдегі ер қала”, “Барлаушы”, “Днепр суы”, “Шабуыл жолы” , “Минскіні
босатқанда”,”Айқас”,”Таң сәріде” т.б. өлеңдерінен ерлікке шақырған
азаматтың ел үшін жанын қиятын патриот ақын бейнесін жазбай тануға
болады. Қаламгердің поэзиялық шығармаларына аз-кем тоқталып
өткеніміз артық болмас деп ойлаймыз.
Тыңдап көрелік: 
Жалтақтама, жасқанба, 
Шегінбе, жолдас шегінбе. 


24 
Қайраттан, бекін, қатулан, 
Басыңды име өлімге”,– деп, қасындағы қарулас
жауынгерлерге рух берсе, енді бір жыр жолдарында ақын асқақ
эпикалық қуатын жарқырата, жауға айбат көрсетеді :
Жиырмадан жаңа асқан жас жігітпін, 
Мұз еріттім деміммен, тас жібіттім. 
Жетпей жатып жеңіске, бел шешпеймін, 
Жетегіне ермеймін басқа үміттің. 
Тағы бір өлеңінде:
Қайраттана ұмтылдым, 
Қатуланып қабағым. 
Тегеуріні темірдей 
Намыстан туған баламын. 
Серттесіп жасыл темірмен, 
Сынамаққа талабым. 
Махаббат, жастық сен үшін 
Ұрысқа кетіп барамын! – деп тебіренеді. 
Көріп отырғанымыздай, С.Сейітов құр қиялдың ақыны емес,
намысын ту қыла білген, айналасындағыларға сұрапыл суық күндерде
отты өлеңдерімен рух бере білген, өмірге деген құштарлығы асқақ ақын
екенін байқаймыз. Көбінесе ақын өлеңдері шымыр, шағын шумақтарға
құрылады. Замандасы Есет Әукебаевтің бір естелігінде С. Сейітов туралы
былай дейді: «Сағынғали қаламын да, қаруын да тең ұстады. Жауған
оқтың астында, дүркіреген зеңбірек даусының, зуылдаған снарядтардың
арасында жүріп, майдан өмірінен солдат ерлігіне толы жырлар жазды. 
Бұған оның «Шегінбе!», «Шабуыл жолы», «Жүрсем де от пен оқтың
арасында» т.б. өлеңдері айғақ. Ақын бұл өлеңдерінде соғыстың не бір
қиян-кескі шайқастарын, сондай қиын тұста туатын ерлік деп аталатын
солдат жанының сұлулығын бейнелі де, шебер де бере білген»[27].
С. Сейітов Соғыста майдан газетінің тілшісі болып, қан майданда
өз көзімен көрген туған елді қас қақпай қорғаған майдангерлер ерлігін
тебірене толғаған-ды. Оны өзі де: «Соғыс уақытында мен «Отан үшін», 
«Майдан ақиқаты», «Жеңіс туы» деген майдан газеттерінде істеген
қазақпын. Соғыстың басынан аяғына дейін, жалпы әскерде алты жыл
жүрдім»,– деп айтқан [28]. Қаламгер сол кезде жазған мақалаларын
жинақтап, Жеңістің жиырма бес жылдығына орай «Сөз сұрайды
солдаттар» деген атпен кітап етіп, жинақтап шығарады. Мұнда автор 
қаһармандардың темірдей төзімі мен қайсар қасиетін, өмірге деген
шексіз сүйіспеншілігін, отаншылдығын, жауға деген өшпенділігін әсерлі
суреттейді. Бұл – ұрыс арасында аз-кем тыныстаған кездерде, қилы-қилы


25 
айқастар мен шабуылдардың алды-артында, түн қатып, түс қашып
жүрген шақтарда қанмен жазылған шынайы жазбалар. Бүгінгі күні тарих
үлесіне еніп, төрден орын алып, атын алтын әріптермен айшықтайтын,
санаулы ардагар қаламгерлердің бірі де осы – Сағынғали Сейітов. Ол : 
«Көз алдымда көп суреттер... Шайқастар мен жорықтар, адамдар мен
оқиғалар. Есімде ел ерлерінің кескін-келбеттері, Ұлы Отан соғысы
майданында көрсеткен қаһармандық қимылдары мен асқан адамгершілік
қасиеттері. 
Қарулас жолдастар менің «Сөз сұрайды солдаттар» деген атпен
шығарылып отырған кітабымның бірін-бірі біле бермейтін, бірақ
мұраттас, тағдырлас жандар. Олар сонау сұрапыл соғыс жылдарының
батырлары болған, адам баласы дүниеде бейбіт өмір сүру үшін
шыбындай жанын да, қасықтай қанын да аямаған ардақты, аяулы
ағаларымыз, құрбыларымыз, інілеріміз... Ешкім де ұмытылмайды.
Ешнәрсе де естен шығарылмайды. Сызды окопта бірге жатқан, қорғау
ұрыстарының қиын-қыстау күндерінде де, Батысқа қарай үдере жөнеп,
жорықтарға жол тартқан шабуыл шақтарында дабілек біріктіре, тізе қоса
қимылдаған қаһарман достар қашан да жадымызда. Біз олардың бірде
бірін ескерусіз қалдырмаймыз: есімін, ерлік ісін елге танытамыз. Мен
майданда болған оқиғаларды өзгертпестен, өңдеместен,сол қалпында
айтып бердім. Жанымнан ештеңе қоспадым. Ештеңені әсерелемедім, 
боямадым. Соның өзінде демұндағы оқиғалардың әр қайсысы қандай
ертегіңнен де сұлу болып көрінетініне күманданбадым. Өйткені мұндағы
айтылғандардың бәрі – соғыс кезінің шындығы»,– дейді [29,3]. Кітапқа
енген әңгімелер, естеліктер, очерктер бірінен-бірі қызықты, бірінен-бірі
әсерлі. С. Сейітовтің журналистік шеберлігін де, проза майталманы
екенін де осы жазбаларынан анық тани аламыз. Сөзбен сомдалған
образдар, сұлу суреттер соғыстың көк түтінге оранған аспанын, от пен
оққа оранған даласын, жан ұшыра атой салып алға ұмтылған хас
батырдың бейнесін тапжылтпай көз алдыңа әкеледі. Бұл жинаққа отыз
төрт шығарма кірген: «Ормандағы шайқас», «Жаралы домбыра», «Польша
жерінде», «Мұқалмайтын қару» т.с.с. Бұлардың барлығы ғасырлар бойы
жасайтын халқымыздың ұлы жеңіс жолындағы жорықтары болып тарих
қойнауына енген. Бар халық бір ананың баласындай болып адамгершілік
қасиеттің биіктігін, достықтың теңдесі жоқ үлгісін танытқан С. 
Сейітовтің жорық жылдарындағы жазбаларының бүгінде адамзат үшін 
құнды кітаптар болып, әр үйдің төрінен орын алды. Оның :«Бұл соғыс
әлемдегі бұрын-соңды болған соғыстардың ішіндегі ең ауыр, ең қатал,
ең қасіретті соғыс болды. Бұл соғыста біз қаншама миллион
боздақтарымыздан айырылдық. Ол дегеніміз соншама миллион арман, 
соншама миллион үміт еді. Ұлы Жеңіске біз адам айтқысыз
құрбандықтармен келдік. Соны жас ұрпақтың санасына құйып, өшпестей
із қалдыра алсақ, одан асқан жақсылықты іс-шара болмас еді. 
Болашағымыз – немере-шөбереміз бейбіт өмір сүрсін. Аспанымыз ашық
болсын»,– деген сөзі, барлық адамзатқа айтылған ақ батасындай [30].


26 
Сондай-ақ, поэзия саласындағы ақынның қаламынан туған жастық,
махаббат туралы, көңіл күй жырлары да ерекше. Құдіреттің кереметімен
келген ақындық кез келген пендеге беріле бермейтін ғаламат сый. 
Көкірегіне бұлбұл ұя салған адам болып туылу қандай бақыт! 
...Мен өлеңмен
Егізбін жаралғалы 
Өзегіме 
Өмірден нәр алғалы. 
Соның күші, 
Жылуы, жарығы да – 
Тамырыма 
Қанымдай таралғаны. 
Ақын Сағынғали осылай дейді.
Және: 
Жан емеспін 
Телмірмеске телмеңдер, 
Жөн-жосықсыз 
Омыраулап өңмендер. 
Жетегіне 
Еріп өсек-аяңның 
Өткенімнен уақ-түйек термеңдер. 
...Жемісімін 
Өзгешелеу уақыттың 
Сендер мені өз ортамнан бөлмеңдер,– 
Ақынның ойы – жүрдек, сезімі – сергек. Оның өмірлік ұстанымы
поэтикасынан анық көрінеді. Өлең боп өрілген ой тұжырымдары өзіндік
өмірлік пәлсапамен қиюласып, қиысып, үндесіп жатады: 
Жүйрік Уақыт, жүгірт мені кідіртпе, 
Кедір-бұдыр кедергіге мүдіртпе. 
Мені нұрлы ертеңдермен қауыштыр, 
Түңілердей тұңғиыққа үңілтпе. 
Қазақ лирикасына өзіндік қолтаңбасын осылай қалдырған С. 
Сейітов махаббат, жастық жалын, сезім иірімдерін жырлауы шығыстық
дәстүрмен келетін мәдениеттілігімен құнды. Оның «Махаббат жырының
антологиясы»
 
деген атпен жарияланған «Ғашықтарды жақтаймын», 
«Сүйдім сені», «Мың шүкіршілік» т.б. өлеңдері сүйгеніне жүрегін айқара
ашқан жан сыры адалдықпен, пәктіктің жылы шуағындай жырланады. 
Зәру емен аруға,


27 
Ажар-көркін тануға. 
Мен әзірмін жаныңда, 
Маздап мәңгі жануға! 
Сүйдім сені, 
Періштедей пәктігіңе сендім де. 
Кете бардым, 
Махаббаттың жетегіне ердім де! – 
Немесе:
Жүрегімнің маржанын 
Ұрлап кеттің дер едім. 
Сонан бері мен өзім 
Сөзден маржан теремін. 
Жалпы адамзатқа тән махаббат пен ғалауат сыры ақын жүрегін
осылайша тербейді. Ақынның өлеңдері көбіне пішіні жағынан қысқа 
алты-жеті буынды шымыр шумақтарға құрылады. Поэзиямыздағы аз
сөзбен көп мағына беруде, шағын сөзге терең түйсік ұялата білу С. 
Сейітов шығармашылығының бір ерекшелігі деп түсінгеніміз дұрыс. 
Әдебиетші Ә. Нілібаевтің сөзімен айтсақ: « Аз жол өлеңмен көркем сурет
жасай алған ақынды өз басым қазақ поэзиясында сирек кездестірдім. 
Шағын да шымыр лирика, оның үстіне пейзаждық лирика С. Сейітовтің
талмай ізденушілігінің, жаңалыққа ынтызарлықтың нәтижесі» [31].
С. Сейітовтің ақындық қыры, өлең өлкесіндегі қалдырған том-том
кітаптары ілгеріде айтқанымыздай, терең пәлсапалық тұжырымдарға
толы, өткір ойлы, батыл көзқарасты танытатын рухани қымбат дүниелер. 
Үш кезеңді – от пен оққа оранған соғысты, соғыстан кейінгі кеңестік
дәуірді, бүгінгі қазақ елінің тәуелсіздігін өз көзімен көрген қаламгер. 
Оның айтары да мол, жазары да жетерлік еді. Қаламгер өмірінің соңына
дейін қолынан қаламын түсірмей, ақындық қабілетін де, зерттеушілік
қызметін де, азаматтық тұлғасын да жоғары қоя білді. Ол әдебиет, тіл,
өнер, уақыт, адам, қоғам, заман, мінез, сезім мәселелерінің бәріне биік
парасат тұрғысынан қарап, ой елегінен өткізіп, өлеңмен өрнектеп,
пікірін мақала етіп жазып отыруды өмірінің мәні еткен адам еді. «Ой
керуені» жинағында қаламгердің барлық жүріп өткен жолы сайрап тұр. 
Адалдық пен мәрттік, биіктік пен білімділік оның әр сөзінен көрініп, 
пенделіктен ада, таза өнер туындысымен қауыштырады. 
Көңілім ояу, 
Санам сау, сезім – сергек, 
Арғыны да, 
Бергіні көзім көрмек. 
Қалам қолда, 
Қашанда қаңтарылмас, 


28 
Қажетсінсем, 
Аламын сермеп, сермеп, – деген сөздері осыны аңғартады.
С. Сейітов поэзиясы туралы сөз қозғағанда шартты түрде өлеңдерін
мынандай топтарға бөлуге болады: туған жер туралы толғаныстар, 
жастық, махаббат жырлары, жорық жырлары, көңіл-күй пернелері, 
азаматтық үн (тіл, әдебит, өнер, ел, жер туралы өлеңдері), тәуелсіздік
жырлары, әдеби портреттер ( «Тұстастар» әдебиет арыстары туралы
өлеңдері), арнау өлеңдер, пәлсапалық ой-маржандары. Абыз ақсақал бар
ғұмырын қалам мен қағазға арнаған соң осы мәселелердің бәрі оның
назарынан тыс қалған емес. Алмастай өткір ойлары оқырманды бей-жай
қалдыра алмайды. Жалтақтау мен жарамсақтанудан ада, Тәңірден берілген
ақындық қасиетін жан сарайының үнін жеткізуге ғана арнаған қаламгер
рухы биік жыр жолдарын ғана жазуға тырысады: 
Ақын:
Менің басым жыр сарайы тәрізді, 
Сарқылмайтын сыр сарайы тәрізді. 
Миым – асыл ақыл-ойдың ордасы
Ең бір қымбат қазыналар қордасы. 
Немесе:
Жадырап бір ашылмай мұз қабағы, 
Жамандар неменеге сызданады? 
Дүниеде жақсылардың жөні бөлек, 
Табаны тиген жерде із қалады. 
Тағы бірде: 
Түзетем деме заманды, 
Өзің түзел одан да. 
Замандас білсін бағаңды, 
Пайдаң тисін қоғамға. 
Қазақ елінің тәуелсіздігін – ұлтымыздың ұлы арманына қол
жеткенін көзімен көріп кеткен санаулы ардагер қарттарымыздың бірі – 
Сағынғали Сейітов. Кешегі қан майданнан аман-есен оралып, өз елінің 
басынан өткізген қиын да қызықты шақтары мен өркендеу дәуірін бірге
көрген, жақсы күндерінің куәсі болған да – бір бақыт. Сол оралмас
күндердің куәсі – ақын жырларын бұл күнде жырсүйер оқырман қызыға 
оқуда. 
Біз бүгінде
Әлемге аян қазақпыз. 
Тәуелсізбіз! 
Дербес елміз! Азатпыз! 
Тәуелсіздік – 


29 
Баға жетпес бағымыз! 
Қымбаттың да 
Ең қымбаты, барымыз!– деп бүгінгі күн мінбесінен де сөз
сөйлейді. Азаматтық үнін арнайды. Тағы бірде:
Қалың қазақ 
Қарағаштай самсаған, 
Азаттықты 
Әуелден-ақ аңсаған. 
Армандаған 
Ел болуды ерікті, 
Армандаған 
Ел болуды көрікті. 
Сондықтан да ақын тұжырымы ел, жер, тәуелсіздік, тағдыр мен
тартыс сырына оттылығымен шабыттана жырлайды. Ақынның
төрттағандары мен толғаулары өмірлік терең ойларымен құнды.
С.Сейітов өлеңдері өз тұстастарына да, кейінгі ұрпаққа да ой
салатын, тағлымы мол пәрменді шығармалар. Сөз зергерінің тіл қуаты, 
тұжырымды ойлары оның рухани бай, ішкі дүниесінің таза екендігін
көрсетеді. Ақын өлеңдері оның мүдделерін жүзеге асыруға мейлінше зор
үлес қосып, ұлттық руханиятымызға қосылған қымбат
қазыналарымыздың біріне айналды. Сезім мен ой бірлігінің тұтастығы
толық сақталған жағдайда тіл мұраты дегеніне жетеді. Ол ақыл мен
ардың ардагері ретінде артына осындай жыр жауһарларын қалдыра
білді. С.Сейітовтың ақындық қыры жалпақ жұртқа бұрыннан таныс. 
Өткен ғасырдың отызыншы жылдардың соңынан тоқсаныншы
жылдардың соңына дейін ел мен жердің қамын жеген қайсар мінездің
иесі болды.
Біздің зерттеу нысанымыз – әдебиетші қауымға ғана мәлім, 
майдангер ақынның былайғы ел көп біле бермейтін қыры– ғалымдық
жолы, ғылыми еңбектері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет