Әділханова жанна сайынқызы


қазақ ауылындағы тап тартысын, жаңа өмірді



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,79 Mb.
#166958
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
annotation15841
Òà?ûðûï ¹ ?ëåóìåòòàíóëû? òåîðèÿëàðäû? äàìó êåçå?äåð³í òàëäàó. Òà, Презентация (1)
1. қазақ ауылындағы тап тартысын, жаңа өмірді
көрсететін шығармалар; 2. өткендегі оқиғалар, халық аузында
ертеден айтып келе жатқан аңыз- әңгімелерге сүйеніп жазылған
поэмалар.
 
Бірінші салаға – С.Мұқановтың “Батырағы”, “Октябрь
өткелдері”, Ә.Тәжібаевтің “Құлғарасы”, Қ.Жұмалиевтің “Егізбай мен
Ерғожасы” кірсе, соңғы салаға И. Байзақовтың “Құралай сұлуы”, 
С.Мұқановтың “Сұлушашы”, Ж.Сыздықовтың “Майкөл тамыры”
поэмаларын жатқызады.
Ғалым осындай саралаулар арқылы көркем әдебиетті талдаудағы
өзіндік қырын байқата отырып, поэма жанрының қалыптасу тарихын дөп
басып, шынайы бағалағанын көреміз. Бұл әдебиеттану ғылымының
дамуына методологиялық тәсілдер арқылы еселі үлес қосқанын
танытады. Ол поэмаларды жан-жақты талдап, тақырыптың ашылуына,
образдардың берілуіне, көркемдік деңгейіне, идеясына қатысты ой-
пікірлерін батыл айта біледі. Сол арқылы біз өз заманындағы халықтың


37 
өмірін көз алдымызға келтіре аламыз. Белгілі әдебиет зерттеушісі,
профессор Ж.Тілепов: «Белгілі бір дәуірдің сөз өнеріндегі көркем
шындықтың тарихи ақиқатқа арақатынасы – әдебиеттану ғылымының
тарихилық сынды келелі проблемасымен тікелей сабақтас»,– деуі [40,3] де
осыдан келіп шығады. Өмір шындығы көркем әдебиетте түрлі
тәсілдермен, жолдармен көрсетіледі. Соны саралау, сұрыптау арқылы
ғылыми талдау жасалады. Талғамы жоғары , әдебиет пен өнерді өміріне 
азық еткен оқырман өз керегін таңдап алады. Уақыт – төреші екенін
кешегі данагөй бабаларымыз айтып кетпеді ме? Бүгін біз де сол уақыт
безбеніне төзіп, тарих таразысынан таза шыққан тағлымды ғалым
С.Сейітов еңбектері арқылы әдебиеттің кешегісі мен бүгінін таразылай
аламыз. Солардың ішінде «Қырық жылда» қазақ даласында төңкерістен
соңғы қиын-қыстау заманмен бірге туып, қалыптасқан әдебиеттану
ғылымының алғашқы аяқ алысын байқататын еңбек болғандығымен
маңызды. 
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ардагер жазушылары С. Мұқанов, 
Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, М. Әуезов сынды алыптардың алғашқы
туындыларынан-ақ өткен дәуір шындығын көреміз. Мысалы, осы
зерттеуінде С. Сейітов қазақ прозасының отызыншы жылдары енді
қалыптаса бастаған көркем проза қатарында Ғ.Мүсіреповтің «Тулаған
толқында», «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Өмір ертегісі», 
С.Мұқановтың «Адасқандар», «Түсімде», Ғ.Мұстафиннің «Қан», «Еңбек
бірлігі», «Қашқын», «Ер Шойын», Ө. Тұрманжановтың «Қошан кедей», 
Ж.Тілепбергеновтың «Жұмағазы хан», «Сәбиланы азат қылған теңдік
заманы», «Таңбалылар» прозалық шығармаларға сын тұрғысынан талдау
жасап, ғылыми пікір білдіреді. Жаңа образдар, сюжеттер, тақырып, 
мазмұндық сапасының ілгерілеуі туралы тарқатып айтады. Ұлы Отан
соғысы кезіндегі қазақ прозасының дамуындағы ерекшеліктерін көрсете
алған. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ батыры» (1945) Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» 
(1945), Ғ.Слановтың «Жанартау»(1945ж), Ә.Әбішевтің «Жас түлектер»
(1945) туындылары соғыс жылдары баспасөз журнал бетінде жарияланып, 
кейін жұртшылыққа мәлім болған шығармалар жеке кітап болып
шыққандығы белгілі. «Бұл кезеңде қазақ әдебиетінің кадрлары
творчестволық жағынан едәуір өсіп, нығайды, әдебиетте өмір талабына
сай , елеулі тәрбиелік маңызы бар шығармалар көрінді. Проза бұл
кезеңде ілгері дамыды. Тарихи оқиғалардың бәрі де әдебиетте көркем
образдар арқылы жан-жақты қамтылып, көрсетіліп отырды» – деп жазған 
ғалым М.Базарбаевтың пікірі осының айғағы [41, 236]. Дей тұрсақ та,
Кеңес кезіндегі әдебиетке бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарағанда көп
жағдайда пікір сәйкестігі бола бермейді. Қандай да болмасын ғылым
саласындағы зерттеу әдісінің орнығуы ұзақ жылдар жемісі екені анық.
Ал әлемдік әдебиеттану тарихындағы белгілі мектептер мен әдеби
ағымдар табиғатын байыптағанда оны ұлттық әдебиеттанумен
сабақтастықта қарау – әдіснамалық ізденістер мен іркілістерді әділ 
бағамдауға мүмкіндік бермек. Өйткені, ғылыми-зерттеушілік,


38 
сыншылдық-эстетикалық, әдеби-теориялық ізденістер бүкіләлемдік іс-
тәжірибеден үйрену, жаңашыл деп танылған зерттеу әдістеріне иек
артпай тұра алмайды. Сол сиқты маркстік-лениндік әдіснама Кеңес
әдебиеттануында түрлі эстетикалық көзқарас, идеологиялық
қайшылықтармен күрес үстінде орныққаны белгілі. Бұл әдіснама Қазан
төңкерісіне дейін әдебиеттануда қалыптасқан, яғни академиялық
мектептер ұстанған әдіс-тәсілдерді терістегенімен, ол мектептерге тән
дәстүр мен үрдісті түгел құрта алмағанын орыс әдебиетшілері мен 
сыншы ғалымдар ашық айтпаса да, тарихи сабақтастық мәселесі
тұрғысынан түсінуге талпынды. Орыс әдебиеті сыны мен тарихы
болсын, әдеби даму үрдісі болсын, бұлардың өзекті мәселелерінде
тарихи сабақтастық үнемі назарда болғанын байқаймыз. Осы бағытта
жазылған А.Бушмин, Г.Поспелов, Г.Фридлендер, М.Храпченко, П.Николаев, 
С.Машинский өзге де орыс ғалымдарының зерттеулері назар аударарлық. 
Мысалы, Г.Фриндлендер: «Ибо наука, отрекаюшаяся от своих
собственных исторических корней, является лженаукой» деп
жазса[42,24], А.Бушмин: «Советское литературоведение , формируясь и
развиваясь на основе научной марксисткой методологии и связи с
конкретным опытом предшествующего и современного литературного
развития, восприняло так же лучшие научные традиции
дореволюционной литературной критики и литературоведения»[43,25],– 
деп өткен дәуір әдебиетіне айрықша мән береді.
Қазақ әдебиеттануның қай салада болмасын, бар жетістігін,
шыққан биігін Кеңес дәуірімен, яки Қазан төңкерісімен тікелей
сабақтастыра қарауымыздың өзі сыңаржақ пікір болып табылады. 
Төңкеріске дейінгі Алаш зиялылары қалдырған рухани мұра мен
әдебиеттану тарихын тек даттаумен болдық. Оған заман кінәлі болды
десек те, бүгінгі күн тұрғысынан, осы 60-90 жылдардағы әдебиеттану
ғылымында аты аталып, нысанаға алынып отырған еңбектердің қайнар
бұлағы халық әдебиетінде екенінде сөз жоқ. С.Сейітов те басқа
әдебиетші ғалымдар тәрізді әдеби-тарихи, әдеби-теориялық, сыншылдық-
эстетикалық сипаттағы ізденістер барысында маркстік-лениндік
әдіснаманы негізге ала отырып, әдеби мұраны зерттеу мен игеруде
әдебиеттің таптығы, әдебиеттің халықтығы, әдебиеттің партиялылығы
сияқты қасаң қағидамен қаруланды.
Дей тұрғанмен, Ұлы Отан соғысына дейінгі және соғыстан кейінгі
шығармалар – әдебиет майданында танылып, ұлттық руханиятымыздың
дамуына зор үлесін тигізді. Бұл кітапта автор сол дәуірдегі қаламымен 
қарымды еңбек еткен қаламгерлердің туындыларына тоқталады. 
Әдебиеттің бар жанрында да айтулы еңбектерге ғылыми сараптама
жасайды. Коммунистік идеяның шынайы зор күші әдебиетте әсіресе,
соғыс жылдарында елді рухтандыруға, жалынды жырларымен күш
біріктіруге, халықтардың бір тудың асына бірігіп, ынтымақтасу жолында
ерекше роль атқарғаны белгілі. «Майданда да, тылда да барлық қуат-
қайрат пен күш-жігер жеңіс үшін, дұшпанды талқандау үшін


39 
жұмсалды»– дейді автор. Осы кездегі Ж. Жабаев, Ә.Сәрсенбаев,
Д.Әбілов, Ж. Саин, Қ. Аманжолов, Қ. Әбдіқадыров, С. Омаров т.б. 
ақындарымыздың поэзиялық шығармаларын, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. 
Әуезов, Ә.Әбішев, М. Ғабдулин, Б. Бұлқышев, т.б. қаламгерлердің прозалық
және публицистикалық шығармаларына тақырыптық-идеялық тұрғыдан
шолу жасайды.
«Өрлеу үстінде» деген соңғы тарауда зерттеуші М. Әуезовтің 
«Абай жолынан» бастап, С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің 
«Шығанақ», Ә.Әбішевтің «Жас түлектер», Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ
солдаты» сияқты шығармаларының өмірге келіп, ұлт әдебиетінің
көркеюіне ат салысқанын атап көрсетеді. Әсіресе, «Қырық жылда»
зерттеуіндегі М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопесы туралы алғашқы
сын тұрғысынан талданған еңбектердің бірі болып табылады. Абай мен
оның әкесі Құнанбай туралы С.Сейітов: «Абай әділетсіздікті сезіне
бастайды. Жуан ата, озбыр күштің әлсіздерге қанды шеңгелін батырып, 
аяусыз бүріп жатқанын көреді. Ол бәленің басы өз әкесінде –
Құнанбайда екенін түсінетін дәрежеге жетеді. Романның бірінші кітабы
Абайдың өз әкесіне наразылығымен, озбыр , қытымыр, әке мен әділет
сүйгіш жас Абайдың арасында алшақтық тууымен аяқталады»,– 
[37,192] деп, ескі мен жаңаның арасындағы тартыс пен күрес деп
көрсетеді. Ғалымның бұл сөздерінен Кеңестік дәуір көзқарасы, сол
дәуірдің шындығы анық байқалады. Дегенмен, бір кезде, қазақ
әдебиетінің алтын көшін бастап берген классикалық туындыларға дер
кезінде ғылыми пікір білдірген санаулы ғалымдарымыз бірі С. Сейітов 
болғанын ескерсек, соның өзі терең білімділік пен биік талғампаздықты
танытады. Ғалымның М. Әуезов туралы, оның шығармасы, стилі,
кейіпкер образдарының ашылуы туралы бағамдары дәл, жинақы. Бүгінгі
күн тұрғысынан бұл қайшылықты пікір туғызуы мүмкін. Құнанбай дана
болмаса, Абайдай ұл дүниеге келер ме? Діндар, қажы, би Құнанбай
үміт күткен перзентіне дүниенің кітабын алғызып оқытпаса, жастайынан
орысша сауат аштырмаса, даналық қайдан келер еді? Бірақ М. Әуезов
сол заманда олай деп қалай айтсын? Ескі мен жаңаның тартысы ретінде
сипаттаудың өзі маңыздылығын бүгінгі күнге дейін жоймаған
құндылығымен ерекше. Сол үшін де ұлы Мұқаңның басына да қара бұлт
үйірілген уақыттар болған. Жазушы Тұрсын Жұртбаевтың
пайымдауынша: «Бұл арадағы тартыс – әке мен баланың, яғни, Құнанбай
мен Абайдың арасындағы, тіпті, адам мен адам арасындағы пендешілік
мүдде қайшылығы емес, қоғамдық коллизия – қоғам мен қоғам
арасындағы жанталасқан шарпысулар. Құнанбай – қартайған ескі қоғам,
көшпелі феодализм, Абай – дүние көшіне бет бұрған заманның
нысанасы ретінде тұспалданады. Шындықтың қыл шылбырын ширата
есіп, нақты адам кейпін аллегориялық астастыруларға, коллизиялық
шыңырауларға, шендестіруге Мұхтар саналы түрде барған»[44,7]. деп
бағамдайды. Көркем әдебиетте өмір шындығы бұрмаланып, әсірелеуге
ұрынып жататын тұстар кеңес дәуірі әдебиетінде жиі кездеседі. Жалпы, 


40 
әдебиетте көркем образ жасауда бұл бұрынан бар, бүгінге дейін де
қолданылып келе жатқан әдіс. Ресейдегі өнер психологиясының атасы
Лев Семенович Выготский : « Көркем дүниеде өмірлік материал мен оны
беру формасының арасы қайшылыққа, іштей сәйкессіздікке құрылады,
бейне ең қиын, икемге көнбейтін, бар болмысымен, автордың айтайын
деген ойына барынша қарсыласып бағатын, оның еркіне бағынбайтын
материалды автор өзі қасақана таңдап алатын сияқты»,– деген пікірі де
осыны ұқтыратын сияқты[45,204]. С. Сейітовтің: «Құнанбай – өз
заманындағы үстем тап өкілдерінің барлық сипатын бойына жиған
жиынтық образ. Жазушы оның образын көркемдік түйіндеу жолымен
жасаған» ,– деген сөзі де ғалымдардың пікірімен сабақтасып жатқанын
байқаймыз. Автор бұл еңбегінде М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын
жазып аяқтағанын, оның «қазақ әдебиеті тарихындағы аса құнды
шығарма» деген баға береді. Сол сияқты басқа шығармаларға да әдеби-
ғылыми талдау жасайды. 
Әдебиеттанудың тағы бір тармағы – драматургия. Қоғам
дамуындағы күрделі оқиғалар мен шытырман тартыстар көптеген
шынайы драмалық шығармалардың көркем идеялық желісі болып
тартылатыны белгілі. Заман болмысына қарай драматургиялық тартыс та
өзгеріске түсіп, құбылып отыратынын нақты шығармалардың көркемдік
сипатынан аңғаруға болады. «Біздің заманымыздан жүз жыл бұрын Гете 
«болмыстың бастамасы іс-әрекетте» деген. Бұдан табиғатты танып-білу,
әлеуметтік жағдайларды өзгерту тек іс-әрекет арқылы ғана мүмкін
болмақ деген қарапайым қорытынды өзінен-өзі келіп шығады. Істі сөзге
айналдырудан гөрі, сөзді іске айналдырудың әлдеқайда қиын екенін
әркім біледі. Жұмыс істеп отырғанда, әдебиетші бір мезгілде істі сөзге,
сөзді іске айналдырады. Мұндағы жазушының жұмысына арқау
болатын негізгі материал – сөз. Күллі әлемдік әдебиетте із қалдырған ұлы
тұлғалардың жөні басқа.»,– деген М.Горькийдің сөзінен драмалық
шығарманың оңай жанр еместігін аңғару қиын емес [37]. Егер әлем
драматургиясы бірнеше ғасырлармен есептелетін үлгілі жолдан өтсе,
қазақ драматургиясының тарихы әлі ғасырға да жеткен жоқ. Соған
қарамастан өз жолын айқындай алды. Р. Нұрғалиевтің пайымдауынша: 
«Қоғамымыздың Октябрьден кейінгі дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық
мыңдаған жылдық дәстүрі бар фольклоры, кәделі өнері, бай әдебиеті,
жаһан мәдениетіндегі, әсіресе, орыс мәдениеті арқылы жеткен озық
дәстүрлермен қауыша келіп, қазақтың жаңа сапалы өнерін – драматургия
мен театрды өмірге әкелді»,–[46]. Қазақ драматургиясы шын мәнінде
ғылыми айналымға, нысанаға алынып зерттеу ісі елуінші жылдардан
басталғанын көруге болады. Осы жылдардан бастап диссертациялар
қорғалып, монаграфиялық еңбектер жарыққа шыға бастады. Атап
айтқанда, С.Ордалиевтің «Соғыстан кейінгі қазақ совет драматургиясы» 
(1956ж.), Ә.Тәжібаевтің «Қазақ драматургиясының очеркі» (1964ж.) және 
«Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» (1970ж.),
Р.Нұрғалиевтің «М.Әуезовтың трагедиялары» (1967ж), «Қазақ-совет


41 
драматургиясының жанр жүйесі» (1983ж.), Р.Рүстембекованың «Б.Майлин
драматургиясы» (1965ж.) және «Қазақ совет комедиясы» (1975ж.), 
М.Дүйсенов «Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселесі» 
(1977ж.).Е.Жақыповтың «Қазақ драматургиясындағы батырлық эпостың 
дәстүрлері» (1975ж.), Т.Есімбековтың «Ә.Әбішевтің драматургиясы» 
(1986ж), «Дастаннан драмаға» (1979ж.), Н.Ғабдуллиннің «Ғ.Мүсірепов – 
драматург» (1982ж.), С.Дәуітованың «Проблема изображения исторической
личности в драматургии М.Ауэзова» (1990ж.) сынды монографиялық 
еңбектер мен диссертацияларлық жұмыстар қорғалып, ғылымға үлкен
серпіліс әкелді. Әсіресе, академик Мұхтар Әуезовтың еңбегін ерекше 
айтқанымыз жөн. Ол драматургияға байланысты көптеген маңызды және
іргелі мәселелерді жазды. Оның қаламынан туған « Драматургия заңы
туралы кейбір ойлар» (1953ж.), «Реалистік драма жолында» (1954ж.) деген
еңбектер осының дәлелі. М. Әуезов қазақ драматургиясын аудармамен
байыту, жақсы классикалық үлгілерін қазақшалаумен – қазақ тілінің
драма жанрындағы ұстанымы мен шеберлігін арттыру, интеллектуалдық
нәзіктігімен дәлдігін айқындай, өткірлей түсуді ұмытқан емес. Ол
сондықтан да Шекспирдің атақты тргедиялары – «Отеллоны» , «Асауға
тұсау», «Ромео мен Джулетта» сияқты әлемдік рухани дүниелерді ұлттық
қазынамызға әкелді.
Осы ретте: «Ұлттық топырақта драматургиялық дәстүрлердің
жоқтығына қарамай , басқы елдер әдебиетінен үйрене отырып, Әуезов
жанр шарттарына толық жауап бере алатын трагедия жасады. Сюжеттік
желінің тартылуы, композициялық құрылыстың архитектоникасы драма
заңдылықтарын жақсы білгендікті көрсетеді»,– деп жазған көнекті ғалым
Р. Нұрғалиевтің пікірі тегін емес [47,29] . Шығармаларға байланысты
көптеген әлеуметтік және табиғи құбылыстарды талдауды тек тілі бай
ғалым ғана жеткізе аша алады. М.Әуезовтің қазақ әдебиетінің алтын
қорына қосқан рухани қазынасы орасан екені белгілі, ол білгір маман
ретінде драманың туып, қалыптасуына тікелей атсалысып, мұрындық
болған. Бұл салада Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, Ә.Тәжібаев, Ә.Әбішев, 
Т.Ахтанов, Қ.Мұхамеджанов, Р.Нұрғалиев сияқты белгілі қаламгерлер
драматанушы ғалымдармен қатар алғашқылардың бірі болып, сыни
пікірлерін, орамды ойларын ортаға сала білген қаламгер – С.Сейітов .
Ғалымның аталған «Қырық жылда» атты еңбегінде және «Өмір
өрнектері» зерттеуінде драмалық шығармаларға арнайы тоқталып, 
орынды да өткір пікірлер білдіріп, әділ бағалаулар жасағанын байқаймыз.
Ғалымның айтуынша: «Соғыстан кейінгі дәуірлердегі қазақ әдебиеті
жиырмасыншы жылдардағы әдебиеттің заңды жалғасы есебінде дамып,
жаңа кезеңде мүлде жаңа сапасымен көрінді. Әдебиеттің мазмұн өрісі
кеңейіп, ұлғайды, тақырыбы салалана түсті, өмір құбылыстары
бұрынғыдан гөрі кеңірек қамтыла бастады, жанрлар, әсіресе, проза мен
драматургия едәуір өзгеріске ұшырады; жазушылардың шеберлігі бірте-
бірте артып келе жатқандығы байқалды » [24190]. Соғыс жылдарында
жарық көріп, сахнаға шығарылған бірқатар драмалық шығармалардың


42 
көркемдік сапасын да сәтті таразылаған. Бұл саласындағы алғашқы еңбек 
– М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” пьесасы. Ол туралы тұщымды ойларын
ортаға сала отырып, пьесаның негізгі тақырыбын ашып, шығарма тілінің
шұрайлылығын баса атап көрсетеді. Қазақ аулындағы ру тартысы
жарқын көсетіледі де, тап қайшылығы көмескі деген сын айтады. 
Сондай-ақ, Р.Малабаевтың «Қатесіз қарғыс» (1922ж.) шығармасы
Гогольдің «Ревизорына» еліктеу түрінде жазылған тұңғыш комедия.
Көлемі – үш перделі пьеса. Қазақ драматургиясының тарихында сол
дәуірдегі алғашқы тәжірибелік туынды болып табылады. Маңызды сонда 
деп пайымдайды зерттеуші. Сол сияқты, Ж.Тілепбергеновтің «Перизат
пен Рамазан» (1928ж.), А.Тоғмағанбетовтың «Екі заң» (1929ж.) драмалық
шығармалары қазақ әйелдерінің бас бостандығы, адамдық құқтарының аяқ
асты еткен сол заманның ең ауыр трагедияларын көрсететін шығармалар. 
Мәселен, М. Әуезовтің «Сын сағатта» (1941ж.), С.Мұқановтың «Жеңіс
жыры» (1942ж.), Ә.Әбішевтің «Қырағылық» (1942ж.), М.Әуезов пен
Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы» (1942ж.) пьесаларының қойылымдары
туралы дер кезінде сыни пікір білдіруі соның айғағы. Бұл турасында
ғалым «Жеңіс жыры» мен «Қырағылықтың» оқиғасында адам образының
жасалуында, тілінде, жалпы құрылыс бітімінде көп кемшіліктер орын
алды. Алғашқысында партизан отрядына қосылған балалардың
жауынгерлік істері көңілге қонымсыз, ойға сыйымсыз болып шықты.
Жау офицерлері шетінен аңғал етіп көрсетіледі. Адамдарымыздың
қырағылығы, оларды әшкерелеуі нанымды, дәлелді, емес. Оқиға
желісінде жасандылық, жалғандық басым»,– деп жазды. Ал «Сын
сағатта» және «Намыс Гвардиясы» туралы: «Майдан мен тылдың бірлігі,
елдегі ерлік еңбек, соғыстағы жауынгерлердің қаһармандығы нақты
көріністер арқылы дәлелденеді. Әсіресе, «Намыс гвардиясының» ұтымды
жағы Пафиловтың қарамағындағы офицерлерді тәрбиелеудегі, әскерлерін
басқару өнерінің көрсетілуін Т.Тоқтаров образымен байланыстырады.
Пьесада кейбір олқылықтары бола тұрса да, өз тұсында тәрбиелік қызмет
атқарғанын баса аңғартады»,– деген пікірлері де барынша орынды 
[24.194-б.]. 
Тарих үшін онша көп уақыт саналмайтын осы уақыттың ішінде
қазақ драматургтері әлемдегі озық, дамыған елдер әдебиетінде бар
негізгі, жетекші, басты жанрлық формаларды ұлт топырағында жаратып,
халқымыздың рухани байлығының қатарына қосты. Әлемдік және Кеңес
дәуіріндегі классикалық шығармалардың ана тілімізге аударылуы қазақ
әдебиетіне игі әсерін тигізді. Драма жанрында жаңа формаларды
тудыруда, реализм принциптерін игеру жолында А.Байтұрсынов, 
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С. Сейфуллин, М.Әуезов, 
І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сияқты дарынды 
қаламгерлер орасан зор қажыр-қайратпен, ерекше ыждағат-шабытпен,
шығармашылықпен еңбек етті. Жазушыларымыз соны көркемдік
ізденістер үстінде әлем әдебиетіндегі жемісті дәстүрлерді зерттеп, озық
үлгілерді игерді. Кеңес дәуіріндегі заман талаптары, жаңа өмір


43 
шындықтары туғызған идеялық нысана, көркемдік талғам шарттары
дәстүр мен жаңашылдықтың үндесіп, қатар жасауына мүмкіндік берді. 
Қазақ драматургиясының үздік шығармаларындағы қаһармандар
өмірдің қат-қабат шытырманында, тағдыр тауқыметі мен арпалысқан 
күрес жағдайларында, күрделі әлеуметтік-саяси тартыстар үстінде,
психологиялық қайшылық пен сезім бұрқағы адам баласының басын
тауға, тасқа соққан тар жол, тайғақ кешулерде көрінеді. 
Әдебиеттанушы академик Р.Нұрғалиевтің: «Дәуір талабына сай
проблемалық драматургияны, өміріміздің көкейтесті тоғыз тарау
сырларын шертетін, жас ұрпақты рухани тәрбиелейтін толғауы тоқсан
сахналық шығармаларды талап етеді»,–деген пікірі осыны мегзейді [46].
С. Сейітов те осы бағыттағы әдеби сыни көзқарасын тасқа басып
қалдырған.
Тұтас алғанда, қазақ драматургиясын зерттеу саласында бірталай
істер атқарылды: жанрдың қалыптасуы, жеке драматургтер
шығармашылықтары ғылыми тұрғыдан тексерілді, алғашқы жанрлық
классификация жасалды

Сондықтан қазақ әдебиеттануының 60-90
жылдардағы деңгейі жанрларының спецификалық ерекшеліктерін, 
поэтикасын айқындауды, олардың әдеби дамуындағы орны мен
маңызын ашып, өрістеу процесін тиянақтап, өзара байланысы мен
баюын көрсетті. Бұл дамуға қазақ әдебиетінің классиктері саналатын
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқановтармен иық тіресе өз үлесін қосқан
әдебиеттанушы-ғалым С.Сейітовтің де аз тер төкпегені анық. Ғалым сол
кезде енді жарық көрген дарынды қазақ қаламгерлерінің туындыларына
тоқталады. Мұнда Ә. Әбішевтің «Достық пен махаббат», Ә. Тәжібаевтың 
«Гүлден, дала!», Ғ.Мүсіреповтың «Амангелді», Ш. Құсайыновтың « Көктем
желі», М. Иманжановтың «Жас өмір», «Менің махаббатым», С. Мұқановтың 
«Шоқан Уәлиханов», М. Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» сынды
драмалық шығамаларының көтерген тақырыптары, сомдалған образдары,
өмір шындығын берудегі көркемдік шешім мен шеберліктері туралы
салмақты ойлар қозғалған. Ғалымның: «Қазақ драматургтерінің алдында
келелі міндеттер тұрғаны анық. Өмір құбылыстарын бейжай, енжар
сезінбей, творчестволық байқағыштықпен, көрегендікпен сезіну қажет.
Өмір шындығын, қайшылықтар мен тартыстарды батыл көрсетіп,
кейіпкерлердің ой-сезімдерін, жан-жүйесі, тебіреніс-толғаныстарын,
әрекет-қимылдарын тереңдікпен суреттеу керек»,–деген батыл пікірінің өз
кезеңі үшін мәні зор болды [37,289-б.]. 
Қазақ әдебиеттану ғылымын сөз еткен уақытта әдеби мұра мен
көрнекті қаламгерлер шығармашылығы туралы ой-пікірлер бірден
қалыптаса қоймағаны белгілі. Сол кездегі бүкіл кеңестік әдебиеттану
ғылымы секілді бізде де әдеби мұраны, классикалық әдебиет өкілдерін
зерттеу мәселелерінде кейбір қайшылықты пікірлер орын алғаны белгілі.
Әдебиетіміздің тарихын әлі толық түсініп бітпеген аса күрделі кезеңде
әдеби мұраны игеру, зерттеу әдебиет тарихын жүйелеу саласындағы
жұмыстардың тез дамып кетуіне кері ықпал етіп, кедергі келтірген екі 


44 
көзқарас болды. Ол – жиырмасыншы жылдардың бас кезінде басталған
пролеткультшылдардың нигилизмі мен «тұрпайы социологизм» әдісі.
Бұл екі теория қазақ әдебиетінде ғана емес, бүкіл одақтық әдебиеттану
ғылымында орын алды. Пролеткультшылдар ғасырлар бойы жасалған
прогрессивті әдеби дәстүрді жоққа шығарса, әдебиет тарихын зерттеуде
дәуір талабы жазушының шыққан таптық тегіне қарап бағалауды
міндеттеді. Бұл жолдан С.Сейітов те айналып өте алмайтыны белгілі
еді. Өз қоғамының перзенті ретінде бейбір өмірде, соғыс
шайқастарында, ауыр сын сағаттарда шыңдалып, өзі көріп куә болған,
көкейге түйген нәрселерін биік өре, терең білім нәтижесінде дүниеге
келген мұралары ұлт руханиятына қосылған сүбелі еңбектер. Жетпіс
жылға созылған кеңес кезеңнің ерекшелігі – қазақ әдебиеті
классиктерінің әлемдік әдебиет төрінен өз орнын еншілеу дәуірі болды. 
Дарынды қаламгерлер әдебиеттанушылардың зерттеу-сын еңбектері
арқылы халыққа танылып, оқулықтарға еніп, әдебиет тарихында өз орнын
белгіледі. Осы бағытта салмақты сын айтып, салиқалы ой түйе білген
Сағынғали Сейітовтің де қазақ әдебиеттану ғылымында өз қолтаңбасы
бар ғалым екенін баса айтқымыз келеді.
Әдебиеттану – ауқымы кең, көтерер жүгі ауыр сала. Оның поэзия,
проза жанрлары әлі де түбегейлі зерттелу үстінде, ұлт барда, заман
өзгерісіне, уақыт талабына сай зерттеле де бермек. Бүгінгі күнге шейін
сан қырлы дамуды бастан өткерген рухани өміріміздің кешегісі мен
бүгінін танып, жетістігі мен кемшілігін сараптауда 60-90 жылдар 
аралығындағы қаламгердің ғылыми еңбектерінің құны жоғары деп
білеміз. Оның қаламынан туған әдеби-зерттеулер қазақ қоғамының
мәдени өсуіне өз ықпалын тигізді. Өзі бел ортасында жүріп, қан
майданда қалай соғысса, рухани өмірімізді гүлдедіру жолында да солай
күресті. Қоғамның нағыз намысшыл азаматы ретінде еліне адал қызмет
ете білді. Өзіне құлақ түрсек: «Мен Қазақстан жазушыларының он
құрылтайына делегат болып сайланып, талай сындарлы оқиғалардың
мәнісін өз көзіммен көрдім. Мәселен, С. Сейфуллин шығармашылығының
20 жылдығын өткізуге атсалыстым. Кейін, 1956 жылы Сәкенді ақтаған
комиссияның бел ортасында жүруге тура келді. Ілияс Жансүгіровтің 5
томдығын да дайындастым. 25 жыл бойы әскери көркем әдебиет
комиссиясының төрағасы қызметін атқардым. Поэзия, көркем аударма
комиссиясының мүшесі ретінде де одақ тапсырған жұмыстарды әркез
тиянақты етіп атқарып отырдық»,– дейді [48]. Осы сөздерден оның халық
игілігі үшін бірталай істің басы-қасында болып, атқарысқанын аңғарамыз.
Артында том-том таудай кітаптар қалдырған қаламгердің ұрпақ игілігі
үшін еткен еңбегінің өрелілігі, негізінен әдеби сын мақалалары мен
зерттеулерінен анық та айқын байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет