Әдіс тәсілдер. Ыстық орындық



бет7/7
Дата17.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#158667
1   2   3   4   5   6   7

Мақсаты:

  • Мақсаты:
  • Бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын және үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға арналған құрылымдалған жаттығу. Сондай-ақ бақылаушы рөлі арқылы өзін өзі сараптауды дамытуға ықпал етеді.
  • Ұйымдастыру:
  • Оқушылар үшеуден отырады, екеуі бірге, ал біреуі оларға қарсы сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.
  • Жаттығудың сипаттамасы:
  • Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы шешен, тілші және хатшы рөлін атқарады. Шешен бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі жолы рөлдер ауысады.

Мақсаты: Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі.

  • Мақсаты: Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі.
  • Орналастыру: Сыныптағы оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалуы керек.
  • Жұмыс алгоритмі:
  • Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.
  • 1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
  • 2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
  • 3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

Мақсаты:
Талқылауды демеу ге арналған кинестетикалық әдіс.
Ұйымдастыру:
Шеңберде бастап кейін топтарға бөліну – үстелдерді жылжытып, әрекет етуге мүмкіндік болатындай кеңістік қалдырып қойыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылардан тақырыптың , хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы болады (сонымен ол фотографиялық суреттен ерекшеленеді). Топтар суретте не болып жатқанын талқылау үшін, өз стоп-кадрларын сыныпқа көрсетеді.
Мақсаты: Оқушының жауапкершілігін, көшбасшылығын ынталандырып, мұғалімнің материалды қайтадан пайдалануын болдырмауды көздейтін әдіс.
Ұйымдастыру: Топтар немесе барлық сынып, шеңбер, үстел немесе орындықтар.
Жаттығудың сипаттамасы:Бұны шағын топта, сондай-ақ бүкіл сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай әңгіме барысында оқушыларға көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда жүрсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Аталған мәселені шешудің тағы бір жолы: бір оқушыдан көмекші болуды сұрауға болады, бұл техника оқушылар үйлестірушінің өзін қалай ұстауы қажеттігі туралы тәжірибеден өткеннен кейін, олармен осы рөлдің негізгі аспектілерін талқылауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет