Әдіснама туралы түсінік



Дата24.02.2020
өлшемі299,09 Kb.
#58938
Байланысты:
2 лекция
Документ Microsoft Office Word (3), 1235, слайд топырақ, 2 ші рубежка, критерии акт, Дәріс1 бейінді, 2, Документ Microsoft Office Word (2), 2 лекция, 2 лекция, 2

Дәріс тақырыбы: Ғылыми – педагогикалық зерттеудің әдіснамасы

Әдіснама туралы түсінік

  • Әдіснама – гректің әдіс және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған.
  • Мағынасы – әдіс туралы ілім. Әдіснама – теориялық ойлаудың философиялық негізі.

Әдіснама – зерттелетін нысанды ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдарын, әдістерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы.

  • Әдіснама – зерттелетін нысанды ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдарын, әдістерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы.
  • Әдіснама – іс-әрекеттің құрылымы, қисынды ұйымдастыруы, әдістері мен құралдары туралы ілім.
  • Әдіснама – теориялық және тәжірибелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мен құрудың қағидалары жүйесі мен тәсілдері, сонемен бірге, сол жүйе туралы ілім.
  • Әдіснама – дүниеге көзқарас, өмірдегі алуан түрлі құбылыстарды, болмысты танып- білудің жолы, философиялық ұстанымы.
  • Әдіснама – таным және дүниені өзгертуге бағытталған тәжірибелік іс-әрекеттерді ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдары мен шарттарын зертейтін білімдер саласы.
  • Әдіснама – іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім.
  • Әдіснама – адамның кез-келген іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.

Адамның іс-әрекеті

Репродуктивтік: адам өзінің тәжірибесін немесе басқа адамның іс-әрекетін қайтадан көшіру.

Продуктивтік: зерттеушінің жаңа немесе сбуъективтік жаңа нәтижені алуға бағытталған іс-әрекеті.

Екінші іс-әрекет үшін зерттеуші әдіснаманы қолданады.

Әдіснама іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілімі, ол ғылыми білімге негізделеді.

 

Ғылым – шындық туралы объективтік білімді теориялық жүйелеудегі адамның іс-әрекет саласы.

Ғылым – табиғат, адам, қоғам туралы күмәнсіз (анық) білімдердің жүйесі.

Ғылым мына аспектілерді қамтиды

  • ғылым әлеуметтік институт (ғалымдар қауымдастығы, ғылыми мекемелердің жиынтығы);
  • ғылым нәтиже(ғылыми білім);
  • ғылым үдеріс(ғылыми іс-әрекет).
  • Ғылым саласындағы іс-әрекет – ғылыми зерттеу білімді ұйытқылайтын іс-әрекет, дәлірек айтсақ, ғылыми білім.

Зерттеу – жеке зерттеушілермен жаңа ғылыми білім алу іс-әрекеті немесе субъективтік үдеріс.

Зерттеу – жеке зерттеушілермен жаңа ғылыми білім алу іс-әрекеті немесе субъективтік үдеріс.

Зерттеу іс-әрекетінің негізгі компоненттері:

  • проблеманы анықтау;
  • мақсат пен міндеттерді құру,
  • ақпараттарды талдау;
  • болжамды қою;
  • тәжірибені жоспарлау мен ұйымдастыру;
  • тәжірибе жүргізу;
  • алынған нәтижені талдау мен жалпыламалау;
  • алынған деректер негізінде болжамды тексеру;
  • жаңа деректер мен заңдар құру;
  • ғылыми болжамға түсініктеме беру немесе алу.

Ғылыми білім – оқып үйренетін процестердің, құбылыстардың мәнді белгілерін, қасиеттерін түсіндіретін, айқындайтын білім.

  • Ғылыми білім – оқып үйренетін процестердің, құбылыстардың мәнді белгілерін, қасиеттерін түсіндіретін, айқындайтын білім.
  • Ғылыми білім – дәлелдейтін, деректермен растайтын білім.
  • Шынайы құбылыстар мен процестерден немесе олар туралы ғылыми білімді алу үшін үш міндетті орындау керек:
  • баяндау,
  • түсіндіру,
  • болжау.

Ғылыми білімнің құрылымы

  • Ғылыми білімнің өзекті саласы: жаратылыстану, кибернетика, антропология, қоғамдық ғылымдар, техникалық ғылымдар;
  • Философия: дүниеге көзқарас жүйесі.
  • Математика: құбылыстар мен үдерістердің формальды моделдерін жасау немесе құру.
  • Тәжірибелік ғылымдар: медицина, педагогоика, технологиялық ғылымдар(В.С.Леднев).

Педагогика ғылымының ерекшілігі

  • Барлық ғылым салаларымен білім беру мазмұны, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, кәсіби білім беру, жалпы орта білім беру және т.б. арқылы тікелей байланысы.
  • Гуманитарлық ғылым салаларының жетістіктері негізінде педагогика ғылымының құрылуы.
  • Зерттеу нысанының күрделілігімен ерекшелінеді.
  • Қарапайы тілді және категорияларды(білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту және т.б.) қолдануы.
  • Педагогика ғылымы білім беру үдерісі туралы болашағын қарастырады(2-3 жылда кейбір жетістіктердің ескіруі).
  • Педагогика ғылымының жетістігін тәжірибеде енгізуі педагогтардың кәсіби еңбегі, көзқарасы, ұмтылысына тәуелді болуы.

Ғылыми білімнің критериясы

  • білімнің ақиқаттылығы (шынайлылық, анықтық, күмәнсіздік);
  • интерсубъективтік(ғылыми білімнің жалпыға бірдейлілік, мәнділік, міндеттілік);
  • жүйелілік (бір проблеманы шешуге ғылыми, көркем, тәжірибелік білімдерді сипаттауы).

Ғылыми білімнің жіктелуі

  • білімнің пәндік саласымен топқа бөлінуі: жаратылыстану, математика, гуманитарлық, техникалық;
  • білім мәнінің бейнелену тәсілдері бойынша: баяндаушы (биология, гееография, психология, педагогика және т.б.) және түсіндірмелі (сандық шамаларды немесе құралдарды талдау арқылы құрылатын ғылым салалары);
  • ғылыми білімнің функциясы бойынша: фундаментальды және қолданбалы;
  • ғылыми білімнің ойлау формасы бойынша: эмпирикалық және теориялық.

Ғылыми білімді ұйымдастырудың формалары  

  • дерек(оқиға, нәтиже);
  • ұғым(түсінік);
  • категория(білім беру, оқыту, тәрбие, тұлға, оқушы, дамыту және т.б.);
  • қағида(принцип);
  • заң;
  • теория;
  • парадигма;
  • проблема, болжам.

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің қағидалары

  • әділдігі;
  • жүйелілігі;
  • мәнділігін талдау;
  • гендік;
  • қисындылығы мен тарихылылығы;
  • тұжырымдылық бірлігі;
  • бір тұтастығы.

Ғылыми зерттеудің құралдары

  • материалдық құралдар;
  • ақпараттық құралдар;
  • математикалық құралдар;
  • қисынды құралдар;
  • тілдік құралдар.

Ғылыми зерттеудің әдістері

  • Теориялық: талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру, нақтылау, пайымдау, жалпылау, моделдеу, ұқсастық және т.б.
  • Эмпирикалық: әдебиеттерді, құжаттарды оқып үйрену, бақылу, пікір алыс, интервью, сауалнама, мониторинг, педагогикалық тәжірибені оқып үйрену мен жалпылау, тәжірибе, сараптау, тестілеу және т.б.

Педагогикалық зерттеудің қисынды құрылымы

Бірінші кезең:

  • зерттеудің нысанын анықтау;
  • зерттеудің пәнін анықтау;
  • зерттеудің тақырыбын таңдау мен мазмұнын құру(примерная);
  • ғылыми әдебиеттермен және тәжірибемен танысу;
  • зерттеудің проблемасын айқындау және құру;
  • зерттеудің тақырыбын нақтылау;
  • зерттеудің болжамын құру;
  • зерттеудің тақырыбын негіздеу(зерттеудің өзектілігін жазу);
  • зерттеудің әдістерін таңдау;
  • зерттеудің тиімділігін анықтау критериясын бөлу.

Екінші кезең:

Екінші кезең:

  • ғылым салалары бойынша еңбектерді нақты талдау. Зерттеудің теориялық базасын дайындау;
  • зерттеудің теориялық негізін жазу;
  • әдістемелік әдебиеттер мен педагогикалық тәжірибені оқып үйрену мен талдау;
  • зерттеудің негізгі ой-түйінін бөлу;
  • зерттеудің болжамын нақтылау;
  • педагогикалық тәжірибенің әдістемесін немесе бағдарламасын құру;
  • педагогикалық тәжірибені жүргізу;
  • анықтаушы тәжірибенің нәтижесін талдау және мәтінін жазу;
  • қалыптастырушы эксперимент жүргізу;
  • қалыптастырушы тәжірибенің нәтижесін талдау және мәтінін жазу;
  • Қорытындыны алдын – ала құрау.

Үшінші кезең:

  • тараулар бойынша жұмыстың мәтінін құрастыру;
  • тараулар бойынша қорытынды жазу;
  • жұмыстың жалпы қорытындысын шығару;
  • кіріспені жазу;
  • әдебиеттер тізімін құру;
  • сурет, кесте, диаграмма және т.б. графиканы рәсімдеу;
  • қосымшаларды рәсімдеу;
  • еңбектің мазмұнын құрау;
  • мұқаба бетті рәсімдеу.

Педагогикалық тәжірибенің әдістемесін немесе бағдарламасын құру

  • тәжірибенің мақсаты мен міндеттері;
  • тәжірибені жүргізу орны мен уақтысы, көлемін анықтау;
  • тәжірибеге қатысушылар туралы сипаттама;
  • тәжірибеге қолданатын материалдарды баяндау;
  • тәжірибені жүргізу әдістемесін баяндау;
  • тәжірибені жүргізу кезіндегі бақылау әдістемесі;
  • тәжірибенің нәтижесін өңдеу әдістемесін баяндау,
  • тәжірибе нәтижесін түсіндіру әдістемесі.

Педагогикалық тәжірибенің кезеңдері

  • анықтаушы;
  • қалыптастырушы;
  • бақылаушы;
  • салыстырушы.

Педагогикалық зерттеу нәтижелерін рәсімдеу формалары

  • реферат;
  • ғылыми мақала;
  • ғылыми есеп, баяндама;
  • әдістемелік, оқу(оқулық) құрал;
  • оқу бағдарламасы;
  • монография;
  • баяндама тезисі.
  • Ауызша ғылыми пікір алысу формалары 

  • ғылыми семинар;
  • ғылыми конференция;
  • съезд(педагогтардың);
  • ғылыми конгресс;
  • симпозиум;
  • өзат тәжірибелердің авторлық мектептері;
  • тақырыптық оқулар.

Теориялық зерттеу нәтижесін бағалау критериялары

Теориялық зерттеу нәтижесін бағалау критериялары

 

  • пәнділігі;
  • толықтығы;
  • қайшылықтылықтың болмауы;
  • түсіндірмелілігі;
  • тексерілімділігі;
  • анықтылығы мен күмәнсіздігі.
  •  

    Эмпирикалық зерттеу нәтижесін бағалау критериялары

     

  • әділдігі,
  • сәйкестігі, валидтілігі;
  • бейтараптылығы;
  • толықтығы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет