Құжат деректемесі (реквизиті): Ресми құжатты рәсімдеудегі міндетті элемент;
Құжат формуляры: Белгілі бірізділікте орналасқан ресми жазба құжат реквизиттерінің жинағы;
Құжаттың формуляры-үлгісі: Қолданылу саласын, форматын, өлшемдерін, конструкциялық кестені құру талаптарын және негізгі реквизиттерді белгілейтінқұжат жасау үлгісі;
Құжат бланкісі: Ресми жазба құжат авторының бірдей реквизиттер жинағы;
Құжатты рәсімдеу:Құжаттама жасау ережелерімен белгіленген қажетті реквизиттерді орналастыру;
Қол қою: Уәкілетті лауазымдық тұлғаның немесе құжат авторының қолтаңбасын көрсететін құжат реквизиті;
Келісу грифі:Ұйымның немесе құжат авторы болып табылмайтын оның органының құжат мазмұнымен келісушілігін көрсететін ресми құжат реквизиті;
Бекіту грифі: Құжат мазмұнына нормативті немесе құқықтық сипат беретін ресми құжат реквизиті;